Ы. Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гимназиясы
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Көрнекті ғұламалар
Орындаған: Нұрланова Дария
Қабылдаған: Абенова Гүлзипа
Шымкент қаласы
Омар Һайям
Омар Һайям - парсы математигі, астрономы, ақын, философы (толық аты — Абу-ль-Фатх Омар ибн Ибраһим аль-Һайям) шамамен 1048 жылы Хорасанның Нишапур қаласында дүниеге келген, әрі сонда қайтыс болған. Жас кезінде жақсы отбасының тәрбиесінде болған, әрі өлеңге құмартып өскен, оның кейбір өлеңдері осы күнге дейін жеткен.
Оның ең негізгі еңбегі Алгебра мәселелерінің дәлелі атты кітап. Бұл кітаптың арабша қолжазбасы мен латынша аударма нұсқасы сақталған, әрі қазір көптеген шет тілдеріне аударлып басылды. Осы кітапта алгебраға "теңдеу шешетін ғылым" деген анықтама берген, бұл анықтама 19-ғасырдың соңына дейін сақталып келді. Евклидтің кітабын аударып және оған түініктеме берген. Оның Евклидтің геометрияның бастамалары кітабындағы қиын формулаларға түсініктеме атты кітабы шығыс математикасының дамуына ерекше рөл атқарған.
Әкесі Ибраһим лашық үй жасаумен шұғылданған, “һайям” – осы кәсіпке байланысты туған атау. Ғұмыры Балх, Самарқанд, Мерв, Исфаһан, т.б. қалаларда өткен. Әйгілі ғұламалардан дәріс алып, Аристотель мен ибн Синаның философиялық көзқарастарын қолдаған. Араб, парсы тілдерін қатар меңгерген ол “Болмыс және борыш туралы трактат” (1080), “Үш сауалға жауап”, “Жалпы ғылыми пән туралы ақылдың нұры”, “Өмір сүру туралы трактат” (1980 – 91), “Наурызнама” (1095 – 98), “Өмір сүрудің жалпылық қасиеті туралы трактат” (1105 – 10), т.б. философиялық еңбектер жазды.
“Қатынастарды құру және оларды зерттеу” туралы кітабында шамалардың рационал және иррационал қатынастарына сандық өрнек табу жөніндегі Әбу Наср әл-Фараби идеясын дамытып, сан ұғымын оң нақты сан ұғымына дейін кеңейту қажеттігін дәлелдеді. Омар Һайям еңбектеріндегі жаңалықтарды Әбу Жафар ат-Туси, т.б. математиктер дамытты. “Дене құрамындағы алтын мен күмістің мөлшерін анықтау тәсілі туралы” трактатында Архимед шешкен физикалық есептерді жетілдірді. Омар Һайям медицина, музыкалық т Омар Һайям әлемге аян төрт тағандардың (рубай) авторы. Өлеңдерін парсы тілінде жазды, оның ақындығын алғаш таныған (1176) ғалым Байхаки еді. Ақын өмір мен өлім, жақсы мен жаман, жұмақ пен тозақ, қанағат пен обырлық, жастық пен кәрілік, махаббат пен зұлымдық, құштарлық пен тақуалық парқын төрт жолдан тұратын өлеңге сыйғызды. Оның рубайлары адамгершілік ұстанымдарға негізделген, ол әділетсіздікке қарсылық білдірді, қоршаған ортаға сын көзімен қарап, озық ойларын батыл айта білді. Өз ойын жеткізу үшін белгілі дәрежеде бейнелеу тәсілдерін қолданды, теориясымен де шұғылданды. Омар Һайям өлеңдері аз сөзбен келелі ой айтуымен, қарапайым сөздердің өзара жарасымды үйлесім тауып, әуезді болып келуімен ерекшеленді. Омар Һайямның кесенесі Нишапур қаласында орналасқан.
Нақыл сөздері
Әділетті болу үшін алдымен мейірбан болу керек. Мейірбан болу деген сүрінбейтін тұяқтың болмайтынын түсіну. Адамның бәрі қателеседі.