Тұрмыста және өндірісте күйік , электр тоғынан жарақаттану жиі кездеседі, орта есеппен хирургиялық аурулардың екі пайыз шамасында кездеседі, ал барлық жарақаттанғандардың арасында үшінші орында тұрады.
Күйік. Дене ұлпаларының ыстықтан , қызудан химиялық заттардан және сәуле энергиясынан жарақаттануын күйік деп атайды.
Ыстықтан, қызудан сәуле энергиясы мен химиялық энергия әсерінен дене тканьдары жарақаттанады , оны дене бөлігінің күйіп қалуы деп атайды. Кейде ондай жерді күйік деп те атайды. Көлемсіз, кішкене ғана жер күйетін болса, (мысалы бір бармақ) ол күйік деп аталады, ал күйік көлемі 12 проценттен асса, оны күйік ауруы деп атайды.Күйік неғұрлым терең һәм көлемді болса, науқастың жалпы жағдайы соғұрлым нашарлап кетеді. Күйіктің латынша аты-combustio.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ВОЗ) мәліметтеріне қарағанда, қызу, ыстық салдарынан пайда болған күйік ауруы барлық жарақаттанғандардың арасында үшінші орында тұратын көрінеді.
Күйік деңгейіне қарай неміс ғалымы Крейбих 1921жылы барлық күштерді бес дәрежеге бөлді.
Күйік тереңдігін дәрігер мөлшерлеп қана біле алады.Күйген жерді анықтау ушін қолданылатын әртүрлі әдіс бар.Соның бірі дермография әдісі . Компостер-биопсия әдісімен күйген жерден кесіліп ткань алынады да микроскоп арқылы зерттеледі.
Күйіктің көлемі мен тереңдігіне бірдей көңіл бөліп,күйік ауруының ауыртпалық мөлшерін білу үшін медицинаға зақымдалудың ауыртпалық индексі (ИТП-индекс тяжести поражения)атты түсінік енгізілген .
Науқастың келешегін бағалау үшін тағы бір ереже қолдануға болады.Ол-жүздік ережесі.Күйік процентіне науқастыңжасы қосылады.Егерде осы екі сандықосқанда ол сан 60-тан аспаса,науқас адамныңөмірі сақталады ,81-100арасында болса, науқастың өмірі қолайсыз жағдайда,тіпті қауіпті болуы мүмкін деп пайымдалады.
Күйік ауруларының түрлері.
Егерде ересек адамның терісі 12процент,ал балалар терісі 5-6 процент көлемінде кйсе ,оны күйіктің жеңіл түрі дейді .Егерде күйік көлемі осы көрсеткіштерден жоғ арылап кетсе ,оны күйіктің ауыр түрі дейді .
Күйік ауруы бүкіл ағзаға әсер ететіндіктен ,ол 4-кезенге бөлінеді .1-ші кезең-естен тану жағдайы .2-ші кезең –ағзаның улануы .3-ші кезең-микроптар өсіп, септикалық жағдайдың тууы.4-ші кезең реконваесценция(аурудың қайтуы ,денсаулықтың қал пына келуі,сауығу)кезеңі.
Естен тану жағдайы.Күйдіретін зат терідегі нерв жүйелерін қоздырғандықтан ,теріде пайда болған ауру сезімі орталық миға қарай шабады. Орталық мидың қызметі нашарлағандықтан ,қан айналымы бұзылып,тамырдағы қан көлемі азайп кетеді .Себебі қан бауыр ,бұлшық еттер арасына жиналып ,қан айналымына қатыспай тоқтап қалады.
Ағзаның улануы күйік түскен сағаттан басталады .Есеңгіреу жағдайы ұлғайа түседі .Терісі күйгенадамның қан құрамында хлор иондары азаярды, белоктар көлемі де төмендейді ,зат алмасу процесі қалыптан шығады. Мұндай кезде адам шөлдгіш, қарны қампиып,басы айналып,лоқсу пайда болады. Тамыр соғуы жиілеп,қанқысымы төмендеп,жүректе миокардит,өкпеде пневмония және ісіну(отек)жағдайлары пайда болады.
Микроптар өсіп,септикалық жағдайдың тууы.Күйген теріде пайда болған микробтар жараны іріңдетіп жібергендіктен ,денеге сіңген іріңнің улы заттары науқас адамның жағдайын мүшкіл қылады.Ыстығы көтеріліп ,денесін қара тер басады.Ол лоқсып құсады ,бұлшық еттері сіресіп қалады .Тамыр соғуы әлсіз,бояу,қан қысымы төмен.Бауыр мен бүйрек қызметтері нашарлап, асқазан мен ішек қызметтері қалыптан шығарады.
Сауығу кезеңі.Осындай өзгерісттерді басынан кешкен адам бірте-бірте айығып,аурудың төртінші реконвалесценция-сауығу кезеңіне жетіп,аурудан жазыла бастайды.Бұл кзде күйген жердің тыртық болып қалған
ын көруге болады .
Күйікке қолданылатын ем.
Пәлеге ұшырап,денесі күйген адамға алғашқы көмек көрсетілуі керек.Осы көмек үш кезеңнен тұрады. 1-ші кезең –күйікке ұшыраған адамның өзін-өзі амал қолдануы немесе оың төңірегіндегі адамдардың көрсетер көмегі.2-ші кезең-күйікке ұшыраған адамға көрсетілетін медициналық көмек .3-ші кезең-адамды ауруханаға апара жатқан кезде көрсетілетін көмек.
Науқас адамның ауру сезімін азайту үшін дәрігер промедол, анальгин дәрілерін береді,гистаминдерге қарсы димедрол дәрісін ішкізеді .Күйікке ұшыраған жерге таза дәке,бинт салады.Денеге жабысып қалған киім қалдықтарын жұлып алмай, қайшылап, денеден өте ептілікпен алып тастайды.Науқас адамды оператция бөлмесіне апарып ,күйіп қалған теріге хирург алғашқы хирургиялық өңдеу оператциясын жасайды .Ол үшін денеге ауыртпайтын дәрі енгізеді немесе наркоз беріледі.
Күйікті емдеудің бірнеше әдісі бар.Олар;1)ашық әдіс,2)жабық әдіс , 3)қосарлы әдіс, 4)оператция жолымен емд еитн әдіс.
Күйік жарасын ашық түрде емдеу үшін науқас адамды мөлшері23-25градус жылылық беріп тұратын электор шамдарының астына жатқызады .Электор шамдары сырттан ақ жамылғымен жаблғанда адам күрке астында жатқандай болады .Электр жылуы құрғатқандықтан, жара бетінде қабық пайда болады.Сөйтіп,жара қабықастында жазыла бастамақ.Қабыққа микроб түсіп, іріңдесе,қабықты аып тастап,күйік жарасын жабық түрде емдеу жөн.
Күйік жарасын жабық түрде емдеу дегеніміз сол жараға әртүрлі таңғш салу .Ем ретінде ривалон,фурацилин , күміс нитраты немесе Вишневский майы ,5-10 процент синтоминциндік эмульция қолданылады .Осындай сұйыққа не майға малынған дәкемен жараны жауып ,үстінен бинтпен орап,таңып тастайды .Таңғышты әр-бір 2-3күн сайын ауыстырып отырады.
Күйік жарасын қосарлы әдіс бойынша емдеу кезінде ашық және жабық түрлері өзара қосылып,кезектесіп отырмақ.
Күйікті операция жолымен емдеу әдісі.Күйігі терең жалпы жағдайы жақсы,күйік көлемі10 проценттен аспаған науқасқа күйгеннен 4-күн өткен соң некрэктомия оператциясы жасалады .Некрэктомия дегеніміз өлі тканьдарды қандауырмен ,қайшымен қиып алып тастау деген сөз .Сонымен бірге күйік жарасының үстіне пластикалық оператция жасалады.Бұлдененіңсау жерінен алынған теріні күйік үстіне көшіріп жапсыру оператциясы.
Күйік ауруының жалпы емі.Денесі күйіп қалған адамды естен тану неиесе әлсіреу жағдайынан сақтау үшін оған тыныштық ,ерекше күтім керек .Сонымен бірге ,промедол,омнопон дәрілерін тағайындап,новокаин
дәрісін құйып ,жедел қан құю керек .
Химиялық заттардан күйіп қалу.
Денені күйдіріп жіберетін химиялқ заттарға концентратцясы күшті қышқылдар ,сілтілер, ауыр металдардың тұзды ерінділері және фосфор жатаады.
Концентрациясы күшті қышқылдар мен ауыр металдардың тұзды ерітінділері тканьдарға бірдей әсер етеді.Бұл химиялықзаттар ткарьнің белогын бүрістіріп және құрғатып жіберетіндіктен ,оны коагуляциялық өлі ткань(наркоз) дейді .Жансыз тканьдардан қалың қабыршық пайда болады да,жаңадан келген химиялық заттарды тканьның терең қабатына жібермей оған бөгет жасайды.
Химиялық заттың зардабынан күйген адамның жалпы жағдайы айтарлықтай өзгермейді ,естен танып қалу кездеспейді .Улану белгілері де болмайды .Жансыз тканьдардан тазарған жара қатайып ,тыртық болып жазылады .Жараның жазылу процесі ұзаққа созылады.
Емдеу әдістері.Химиялық затпен күйіп қалған жерді сол мезетінде суық сумен жуу қажет .Су химиялық заттың концентрациясын азайтады, химиялық заттардың қалдықтарынан тазартылады да, химиялық заттардың
әрман қарайғы зиянды әсерін тоқтатады .
Электор тоғнан күю туралы.
Электр қуаты біздің күндеікті тұрмыстағы қызметімізбен тағыз байланысты. Өндіріс мекемелерінде элекр тогымен жарақаттанғандардың көрсеткіші2-2,5 процентке дейін жетіп отыр . Сондқтан электр қуаты соққанда ағзада байқалатын өзгерістер туралы хабардар болғанымыз –жарақаттанған адамға көмек көрсету ,өлімнен сақтап қалу үшін қажет.
Электр тогы адамды алыста тұрғанның өзінде соғуы мүмкін .Токпен соғылған адамның ағзасында жалпы өзгерістермен бірге механикалқ зақымдану ,күйік және электролиз жағдайлары да байқалады. Айнмалы ток 120вольт немесе одан жоғары болған жағдайда адам терісі дымқыл болса ,ағзадан өткен электр тогы адамды бірден мерт қылуы мүмкін.
Электр тогы ағзаға тікелей әсер етуіне байланысты орталық нерв жүйесініңқызметі жүрек пен қан тамырына және тыныс жолдарына да залалын тигізбейқоймайды. Электр тогының қызуы яғни джоуль қызуы мен химиялық әсерінен денеге ток кірген жер мен шыққан жерінде дене күйігі-ток белгілері пайда болады.
Электр тоғы аз мөлшерде соқса, ағзадағы өзгерістер аса жоғары болмайды. Мұндай адам тез шаршағыш, әлсіз ұмытшақ келеді, көңіл – күйі төмен және ашуланшақ келеді. Иіс сезуі төмендеп, саңырау сияқты ақырын, баяу айтқан сөздері естілмейді, көздері бұлдырап, анық көре алмайды. Мұндай жағдайлар бірден емес, ток соққан соң бірталай уақыт өткеннен кейін барып пайда болып, көп уақыт өткеннен кейін пайда болып, көп уақытқа дейін созылады. Науқастың қан құрамын зерттегенде өзгерістер табылады: лейкоциттер саны артып, өзгереген лейкоциттер мөлшері де көбйіп кетеді
Электр тогынан күйген адамды емдеу. Электр тогы соққан адамға көмек көрсету сол науқастың жатқан жерінен басталады. Бұл көиек кем дегенгде үш сағат бойына тоқтамайды. Жағдайы өте нашар өлім қаліндегі адамға жедел жәрдем көрсету сол адамның өмірін сақтап қалады. Ең алғашқы әрекет тог ұрған адамды тог әсерінен құтқарудан басталауы (құрғақ резенке қолғаппен ұстап, тог сымын кесіп, электр жолдары тармақтарын бөліп тастау )керек.
Алғашқы көмек жүрекке сылама (массаж ) жасап, танауға, өкпеге ауызбен жел үрлеу мен көрсетіледі. Сонымен қатар естен танып қалу жағдайына қарсы әрекет жасалуы керек. Ол үшін күре қан тамыры арқылы жүрек дәрілерін, лобелин, цититон дәрілерін құйып, науқастын аяқтарын ұқалап, жылытып, оттегін беріп, күре тамыр және артериялар арқылы қан құю керек. Тог соққан жердегі өзгерістерге онша көп көңіл бөлмесе де болады. Тек тогтын белгілері бар жерді таза матамен орағанның өзі жеткілікті.
Науқас адамды аурухананың реанимациялық бөлімшесіне жатқызып, ем беруді, бақылауды одан әрі жүргізген жөн.Ток ұрұан адамды тұрғзбайды,жүргізбеді. Ток соққан жерді емдеудің күйген адамның емінен ешбір айырмашылығы жоқ.