Нұсқау — ақпараттық-әдістемелік немесе ұйымдастырушылық сипатқа ие құжат. Нұсқаулар бұйрық, нұсқау, жарлықтардың орындалу тәртібін түсіндіреді. Нұсқауға қол қою құқығына бірінші басшы, бас мамандар ие.
Нұсқаудың мәтіні бұйрықтағыдай белгілеуші және жарлық бөліктерінен тұрады.
Белгілеуші бөлгі: «орындау мақсатымен», «соған сәйкес», «мақсатында» деген сөздермен басталады. Жарлық бөлігі бұйрықтағыдай құрылады.
Жарлық — басқарудың шұғыл мәселелері бойынша шығарылатын құқықтық акт. Оған директордың орынбасарлары, өз өкілеттіліктері шегінде құрылымдық бөлімше басшылары қол қояды. Жарлыктың мәтіні бұйрықташдай құрамды бөліктерден тұрады. Жарлық құжатының сапалы болуы пішімі жағынан дұрыс болуына ғана емес, мазмұны жағынан толық, анық, дәл болуы-на да байланысты. Тәжірибе көрсеткендей, бұйрықты құруда көбінесе мынадай қателер жіберіледі:
— Құжатты шығаруға себеп болған дәлелдерді талдаудың орнына қабылданған шешімге байланысты басшыны ақтау орын алады;
— Жарлық құжаты бір мезгілде бірнеше адамға немесе бірнеше бөлімшелерге қатысты болып келеді де, кімге не істеу қажеттігі нақты айтылмайды;
— Құжат не шамадан тыс нақты болып келеді де, орындаушының бастама көрсетуге ынтасын жояды, не бұйрықты орындаудың оған бұрыннан жақсы таныс жоддары мен әдіс-тәсілдерін көрсетеді;
— Құжатта оны орындауға жауапты адамдар аталмайды,
мерзімі көрсетілмейді;
— Құжатта «деңгейін көтеру керек», «жоғарылату қажет», «төмендету қажет» т.б. осындай жалпылама нұсқаулар болады. Нақты кімге арналғаны, орындалу мерзімі көрсетілмегендіктен, бұндай нұсқаулардың орындалуын тексеру қиын болады. Мұндай «жалпылама басшылық» — жаман әдет, мәнсіз-мағынасыз іс.
— Басқарудың жетілмеген шешімдері - басшысының біліктілігінің төмен екендігінің белгісі.
Қаулылар, шешімдер, хаттамалар
Мұндай құқықтық актілерді алқалық басқару органдары қабылдайды. ҚР Азаматтық Кодексіне, басқа да заң шығару актілеріне сәйкес миемлекеттік басқару органдары мынадай жарлық құжаттар шығарылады: Министрлер Кабинеті-қаулылар; Премьер-Министр және оның орынбасары – жарлықтар; министрліктер - министрлердің бұйрықтарын, алқа шешімдерін; комитеттетер мен комиссиялар - қаулылар, бұйрықтар, нұсқаулар; кооперативтік ұйымдар - шешімдер; қоғамдық ұйымдар – қаулылар, жарлықтар.
Үлгісі жағынан әр түрлі құжаттар шығаруға өкілетті органдардың бірлескен жарлық құжаттары «бірлескен шешім» түрінде шығарылады және ол шешім бұл құжатты қабылдаған ұйымдардың әрқайсысы үшін құқықтық күшке ие болады.
Мәселелерді талқылаудың барысы және алқалық органдар отырысында, кеңестерде, жинлыстарда, мәжілістерде қабылданған шешімдер хаттамаларда белгіленіп отырады.
Хаттамалар мәжіліс барысының жазбасы, стенограммалар, мәжілісті өткізуге дайындалған дыбыстық жазбалар мен материалдар (баяндамалар, сөйлеулер, анықтамалар мәтіндері, қаулы), шешім жобалары (күн тәртібі, тіркелім қағаздары, келісім қағаздары т.б.) негізінде толтырылады.
Егер мәжіліс барысы стенограммаға жазылса, стенограмма мәтіні ашылып, куәландырылады да, хаттамамен бірге сақталады. Кино-, фото-, бейне-, аудио-құжаттарды сақтау бойынша Мемлекеттік архивтің ерекше ережелері бар.
Хаттама. - хиналыстарда, кеңестерде, конференцияларда және алқалық органдардың мәжілістерінде мәселені талқылау мен шешім қабылдаудың барысы туралы мәлімет беретін құжат.
Толтырудың тәсілі мен көлемі жағынан хаттамалар стенография, фонография, конспект түрінде және сөйлеген сөздердің мазмұны жазылған ықшамды түрде болып келуі мүмкін.