ШӘКӘРІМ ЛИРИКАСЫ

Скачать

ШӘКӘРІМ ЛИРИКАСЫ

АМАНГЕЛДІ БАЯН САҒЫНТАЙҚЫЗЫ
№35 ЖОББМ 8-сынып оқушысы, Павлодар қ.


Күні бүгінге дейін қазақ лирикасының тарихы мен жанрлық табиғаты турасында сөз қозғағанда, қазақ лирикасын қалыптастырушылардың бірі ретінде Абай дәстүрін жалғастырушы әрі ақындық мектебінің тікелей шәкірті Шәкәрім Құдайбердіұлының есімі ерекше ілтипатпен аталары рас. Оған басты себеп, ақынның поәзиялық шығармалары ұлттық әдебиетіміздегі лирика жанрының көркемдік биіктігін асқақтатып және қазақ лирика жанрын әлемдік үлгідегі туындылармен қатарластыра алған поэзиялық қуаты мен ақындық мұратына қатысты еді.
ХХ ғасыр басындағы қазақ лирикасындағы Шәкәрім Құдайбердіұлының лирикалық өлеңдерінің жанрлық ерекшеліктерін ұлттық және әдеби дамудағы көркемдік дәстүр мен үндестік, сабақтастық жағдайында әдеби тұрғыда кеңінен талдануы зерттеу жұмысының ғылымми жаңалығы болып танылады. Шәкәрім лирикасының жанрлық ерекшеліктері ұлттық әдебиеттану ғылымындағы лирикалық жанрдың дамуымен тұтастықта алынып қарастырылды. ХХ ғасыр басында қазақ лирикасын жанрлық жағынан байытқан ақын мұраларының ғылыми айналымға енуі жұмыстың жалпы ғылыми мәнін айқындайды.
Жұмыста Шәкәрім лирикасының ауыз әдебиетімен байланысты, ақынның стильдік ерекшеліктері, лирикалық әсемдік сипаты, ақын поэзиясындағы идея мен тақырып бірлігі, композициялық шешім сынды лирикалық құбылыстар жанрлық жақтан күрделендірген алғы шарт ретінде қарастырылды. Шәкәрімнің лирикалық туындылырындағы тақырыптық-мазмұндық сипаты жанрдың бітімін айқындар ерекшеліктер ретінде теориялық тұрғыдан қарастырылды.
ХХ ғасыр басындағы ұлттық әдебиетіміз ұзақ уақыт бойы зерттеліп, зерделеніп келсе де, саяси идеологияның құрбаны болғаны ешкімге жасырын емес. Көрнекті зерттеуші, әдебиеттанушы ғалым С. Қирабаев: «Қазақ халқының әдебиеті мен мәдениетінде ақтаңдақ тұстар өте көп... «Ақтаңдақтар» қазақ әдебиетін зерттеудің жеке бір проблемасы емес, оның бүкіл даму жолын түгел қамтитын күрделі мәселе»-деп халық жадында жүрген ақтаңдақ тұстардың бірі-ХХ ғасыр басындағы қазақ лирикасы мен оның дамуына үлкен үлес қосқан Ш. Құдайбердиев, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев сынды қаламгерлер туындылары бұл кезең әдебиеті мен мәдениетінен аяусыз шектетіліп, тыс қалғандығы еді.
Халық мұнын жырлау, адамзаттың әлеуметтік мұратын таңбалау, адамзат бойындағы әр алуан қасиеттерді таразылау ХХ ғасыр басындағы ақындардың лирикалық шығармаларының негізгі сарыны болып, тақырыптың аясында айқындалды. Халық өмірінің әрбір тарихи сәтін мүлт жібермеуге ұмтылған Шәкәрім лирикасының жанрлық маңызы ерекше артты. «ХІХ ғасырдың ІІ жартысында қазақ әдебиетіндегі азаматтық лириканың дамуы, оның үстінде орыс қоғамындағы ағартушылық-демократтық ой-санасының өрістеуі бұл кезде Абай арқылы қазақ поэзиясына жаңа леп әкелген болатын.Осы реалистік дәстүр, шынайы халықтық арна ХХ ғасыр басындағы ақындар шығармашылығының да негізгі идеялық-көркемдік нысанасына айналды.» деген әдебиетші ғалым Б.Әбдіғазиев пікірінің шындығы Шәкәрім лирикалық мұраларына, оның лирикалық жанр ерекшелігіне тікелей қатысты.
Ұлттық әдебиетіміздегі лирикалық жанрдың көрнекті өкілі Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармашылық мұрасы-қазыналы қазақ әдебиетінде ұлы кемеңгер Абайдан кейінгі ірі құбылыс болды. Шәкәрім - әдебиеттің әр алуан жанрларына қалам тербеген қаламгер. Ақын шығармашылығына тақырыптық арқау болған дүние-сол кездегі қазақ қоғамының жай-күйі. Ақын Абайдың тікелей шәкірті болғандықтан Шәкәрім ұлы кемеңгердің ақындық дәстүрін жалғастыруда, насихаттауда, үлгі етуде елеулі еңбек етті. «Сондықтан Абай дәстүріндегі көркемдігі жоғары, мазмұн, түр жағынан сонылығы басым, үлкен қоғамдық-әлеуметтік мәні бар лирикалар туғызды. Абай ұсынған ағартушылық, гуманистік көзқарасты қатты қолдады.»
Шәкәрім өлеңдері ұлт мүддесін қорғауда биік дәрежелі екендігін ешкім де жоққа шығара алмайды. Заман адамының шынайы бейнесін сомдаудағы біршама әдеби барлаулар жасаған ақын ұлтымыздың аңғал да адал шынайы мінезінен қор болып отырғанын ашына жырлайды. Сол тұстағы әкім, ел ағасының әбден азғындаған, ұсақталған, құнсызданған кері әсерлі қылықтарын аяусыз әшкерлеуде қазақ әдебиетіндегі сыншыл реализм әдісін кеңінен қолданған. Ақынның лирикалық өлеңдерінен қоғамды қанаушыларды сынаған көзқарас – мұраттарынан сыншыл реализм бағытындағы үлгі мен өрнек айқын аңғарылады.
Ғылыми жобаның негізгі мақсаты-ХХ ғасыр басындағы қазақ сөз өнеріндегі лирика жанрының дамуы және оның ірі өкілі Шәкәрім Құдайбердіұлының лирикалық шығармаларының жанрлық ерекшеліктерін қарастыру. Осы орайда, біз өз тарапымыздан Шәкәрім лирикасының жанрлық ерекшеліктерін әрі олардың негізгі түп-тамырын қарастыруды мақсат еттік.
Ақын мұраларының көркемдік дәстүрлермен сабақтастығы, өзіндік болмысы мен бітімі, лирикалық әсемдік өрнегі, идеялық – тақырыптық мазмұн тереңдігі лирикалық жанрдың сипатын ашар құрамды-бөліктер ретінде қарастырылды. Көздеген басты мақсатқа жету үшін ХХ ғасыр басындағы қоғамдық-әлеуметтік жағдай мен әдеби даму сабақтастығы, қазақ лирикасындағы әдеби ағымдар мен көркемдік әдістер, лирикалық кейіпкер туралы тұжырым-түйіндер, лирикалық өлеңдеріндегі фольклорлық дәстүрлер мен философиялық толғаныстар, азаматтық-ағартушылық әуендер тұтастықта қарастырылды.
Ақынның философиялық толғаныстарға құрылған лирикалық тындыларында ұлттық поэзия ерекшеліктері көрініс табады. Ақын шығармаларында философиялық сарындағы лирикалық өлеңдер үлкен мәнге ие.
Ақынның философиялық мазмұндағы лирикалық өлеңдерінде жырланған ең басты мәселе-адамның және оның жан дүниесінің мәніфәнилік және бақилық болуы, қалыптасуы және тұңғыш жаратушы идеалға, жасаушы туралы бағалау сипаты Шәкәрім философиясының лирикалық келбетін танытады.
Шәкәрімнің философиялық өлеңдеріндегі ең басты өзекті мәселе-дін туралы көзқарас болып табылмақ. Ақын «Таза дін» - «Шатақ дін» тұрғысындағы сыншылдық ойларын желілей отырып, адамгершілік ар-ұжданды сақтауын негіздейді. Дін-бірлік, береке, татулық үлгісі ретінде ұсынылып, ақынның лирикалық өлеңдерінің мазмұндық сипатын тереңдетіп, көркемдік ерекшеліктерін ажарландыра түскен.
Табиғат-адамзатты қоршаған тіршілік ортасының - әсемдік, қимыл-қозғалыс тұнған ортасы. Шәкәрімнің табиғатты жырлауынан табиғаттағы жыл мезгілін даралау, жаз маусымының өзіндік ажарын кестелеуі, табиғи бояулармен , реалистік, рамантикалық әуендермен жырлау, қазақ даласындағы мекендер сипатын, ата-баба мекенімен байланыстыра суреттеу, табиғат құбылыстарын адамша бейнелеу, табиғатпен адамдық тіршілікті тығыз бірлікте алу арқылы лирикалық жанр ерекшелігін барлық қырынан аша түскен.
Ақынның табиғат сырларын жыр еткен лирикалық өлеңінде адам сезімі, көңіл-күйдегі сыршылдық , табиғат болмысы әр қырынан сөз етіледі.
Ақын мұраларында фольклорлық жанр үлгілері де кеңінен қолданылады. Атап айтсақ, шағын жанр үлгісіне жататын жұмбақ, мысалдар түрінде шығармалар жазды. Ақын өз шығармаларында шешендік сөздер, мақал-мәтелдердікеңінен қолданды. Шәкәрім өлеңдерінде халық ауыз әдебиетінің көрнекті үлгісі болған батырлар жырымен де үндестік айқын аңғарылады. Ақынның жастайынан фольклорлық дәстүрді үлгі тұтуы, өнеге алуы, сөз маржанын теруі, асыл ойлар кенін ұғынуы кездейсоқ құбылыс емес. Өйткені «...әдебиет пен өнердің туындылары көбіне-көп фольклордағы эпикалық аңыздардан нәр алды. Сол арқылы әрбір дәуірдің күрделі шындығын бейнеледі. Шәкәрім де осы ықпалдың күшінен алшақ болған жоқ. Эпикалық мұралар, ауызша тарап келген аңыз-әпсаналар оның табиғатына жақын еді. Соның нәтижесінде ақын өзінің төл туындыларын сомдаған сәттерде фольклордағы көркемдеу жүйелері мен бейнелеу құралдарына , өлең өрнегіне , сюжеттік – композициялық элементтерге көбірек назар аударды.
Шәкәрім лирикасындағы берік дәстүр алғандығы ақын туындыларынан анық танылады. Шығыс әдебиеті ақынның кезеңдік өсу жолындағы өлеңдерінің ғибрат алған жолы екендігін ешкімде жоққа шығара алмайды. «Ғылымды іздеп, дүниені көздеп, екі жаққа үңілдім», деген Абайдың тағылымын берік ұстанған Шәкәрім де Батыс пен Шығыс сөз өнеріне ерекше ден қояды. «Оятқан ерте мені Шығыс жыры» деп өзінің ақындық дәстүр алған мектебін баса көрсетеді. Ақын классиклық тәжік-парсы поэзиясынан, түркі елдері әдебиетінен де ақындық дәстүр мен поэтикалық өрнекті алып өсті. Оның қадір тұтқан ақындары Хожа Хафиз, Фзули, Науаи болды.
Шәкәрім лирикасындағы және бір озық дәстүр Батыс әдебиетінен. Ақын қаламы арқылы Батыстың бірқатар туындылары қазақ еліне танылды. Шәкәрім орыс мәдениетін, әдебиетін игеру жолында ұлы ұстазы Абай үлгісіне берік болды. Шәкәрім Гоголь, Пушкин, Лермонтов, Тургенеов, Толстой, Некрасов, Солтыков-Шедрин т.б. орыс классиктерінің маңдай алды озықтарымен таныс болды. Ақын орыс ғалымдарының еңбектерін өзінің тарихи-философиялық, эстетикалық ой-тұжырымдарын қалыптастыруда сәтті қолдана білді. Ақын Абайдың тікелей шәкірті болғандықтан Шәкәрім ұлы кемеңгердің ақындық дәтүр


Скачать


zharar.kz