Ауылшаруашылық жерлер

Скачать

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті

Қаржы-экономикалық институт

Экономика және бизнес кафедрасы

БЕКІТЕМІН
ҚЭИ мүдірі
_________ Құрманбаев С.К.
________________2005 ж.

Мамандығы 050508, 050509, 050507, 050506, 050510 студенттеріне “Табиғатты пайдалану экономикасы” пәні бойынша арналған
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

Семей – 2005

Берілген әдістемелік нұсқауларды “Экономика және бизнес” кафедрасының доценті Сұлтанов О.С. және аға-оқытушы Қалдыбаев М.М. құрастырған

Әдістемелік нұсқаулар Экономика және бизнес кафедрасының мәжілісінде талқыланды.
Хаттама № _____ ______________2005 ж.

Кафедра меңгерушісі,
э.ғ.к.: Жайлаубаева Ш.Д.

Жұмыс бағдарламасы ОӘБ мәжілісінде ұсынылып бекітілді.
Хаттама № _____ ______________2005 ж.

ОӘБ төрайымы: Акимова Б.Ж.

Мазмұны

1. Жалпы ережелер
2. Табиғатты пайдалану экономикасы пәнінің жұмыс жоспары
3. Дәріс тақырыптары және олардың мазмұны.
4. Ұсынылатын оқу-әдістемелік әдебиет тізімі
5. Бақылау жұмысына арналған сұрақтар
6. Бақылау жұмысына арналған есептер және оларды шығару әдістемесі
7. Әдістемелік нұсқауларға енгізілетін өзгертулер мен толықтырулар

1. Жалпы ережелер

1.1. Табиғатты пайдалану экономикасы пәнінің мақсаты мен міндеттері.

Қазіргі кездегі шаруашылық дамуының ерекше белгісі ретінде экономикалық және экологиялық мәселелердің бір-бірімен тығыз байланаста болуын көрсетуге болады.
Қазақстан экономикасының нарықтық қарым-қатынастар негізінде қалыптасуы табиғатты тиімді пайдаланудың және қоршаған ортаны қорғаудың экономикалық механизмін құруға ерекше көңіл бөлуді талап етеді.
Табиғатты пайдалану экономикасы пәнінің басты мақсаты – студенттерге қоғамның экологиялы-экономикалық тұрғыдан тұрақты даму тұжырымдамаларының ғылыми негіздеріне және табиғи қорларды тиімді пайдалану бойынша және адамзаттың қызмет ету ортасын сақтау бойынша нақты шаралар мен ұсыныстарды ғылыми тұрғыдан дәлелдеу дағдыларын үйрету.
Берілген пәннің негізгі міндеттеріне келесіні жатқызуға болады:
табиғатты пайдалану экономикасының ғылыми және экономикалық негіздерін талдау;
табиғатты пайдаланудың экономикалық механизмінің негізгі элементтерін зерттеу және мазмұнын ашу;
Қазақстан Республикасында табиғатты пайдалану және қоршаған ортаны қорғау өрісіндегі басқару жүйесінің даму мәселелерін және болашағын анықтау;
табиғатты қорғау өрісінде халықаралық ынтымақтастықтың негізгі бағыттары жөнінде ақпаратты жүйеге келтіру
табиғи қорларды тиімді пайдалану шараларын экономикалық тұрғыдан дәлелдеу әдістерін зерттеу.

1.2. Курс бойынша бақылау жұмысын орындау реті.
Берілген курс бойынша студенттердің өздік жұмысы ұсынылатын әдебиетті жүйелі түрде зерттеуден, есептерді шешуден және теориялық сұрақтарға жазбаша түрде жауап беруден тұрады. Бақылау жұмысын орындаудың басты мақсаты студенттің берілген пәнді толық меңгеруін қамтамасыз ету және оның білімін тексеріп бағалаудың бір формасы ретінде болады.
Курс тақырыптарын зерттеудің реті келесі:
зерттелетін тақырыпқа байланысты ұсынылған әдебиеттегі мәліметтерді тыңғылықты зерттеу;
оқылған материалды қысқаша түрде конспектілеу;
формулаларды, схемаларды, графиктерді дұрыс меңгеру үшін қайталау және сәйкес жаттығуларды орындау
Әр студентке арнайы жеке тапсырма беріледі. Тапсырманың варианты студенттің сынақ кітапшасы нөмерінің соңғы санына сәйкес болады. Бақылау жұмысын орындағаннан кейін студент оны оқытушыға тексертуге тапсыруға тиіс. Оқытушы өзінің пікірін жазып, оның соңында студентті емтиханға немесе бақылау жұмысын қорғауға жіберілетінін көрсетеді. Егер бақылау жұмысы талаптарға сай орындалмаса, студент қателерін түзетіп, жауаптарын толықтырып, жұмысын қайта тапсырады.
Бақылау жұмысын орындағанда студент үш теориялық сұраққа жауап беруге және екі есепті шығаруға тиіс. Бақылау жұмысы жай дәптерде жазбаша түрде көк немес қара сиямен орындалуға тиіс. Жауаптары әрі толық, әрі нақты болуы қажет.
Бақылау жұмысының соңында студент қолданылған әдебиет тізімін жазады, дәптердің бірінші бетінде тобын, мамандығын, сынақ кітапшасының нөмерін, аты-жөнін жазуға тиіс және сырттай оқыту бөлімінің арнайы мөрі мен жұмысты тіркеу датасы қоюлу керек.
1.3. Бақылау жұмысының варианттары
Бақылау жұмысының варианты студенттің сынақ кітапшасы нөмерінің соңғы санымен сәйкес келеді. Вариант, сұрақ және есеп нөмерлері кесте 1-де көрсетілген.

Кесте 1. Бақылау жұмысының вариант бойынша тапсырмалары
Вариант
Сұрақ №
Есеп №
1
1, 11, 21
1.1. 2.1.
2
2, 12, 22
1.2. 2.2
3
3, 13, 23
1.3. 2.3.
4
4, 14, 24
1.4. 2.4.
5
5, 15, 25
1.5. 2.5.
6
6, 16, 26
1.1. 2.6.
7
7, 17, 27
1.2. 2.7.
8
8, 18, 28
1.3. 2.8.
9
9, 19, 29
1.4. 2.9.
10
10, 20, 30
1.5. 2.0.

2. Табиғатты пайдалану экономикасы пәнінің жұмыс жоспары

Тақырыптардың және бөлімдердің аттары
050509
050506-050510

Дәріс
Прак.
Дәріс
Прак.
А
2
3
4
5
1. Табиғатты пайдалану экономикасы пәнінің зерттеу заты мен міндеттері
2

2

2. Табиғи және қоршаған орта туралы түсінік
2
2
2
2
3. Табиғи қорлар қоғамдық өндірісті дамыту факторы ретінде
2
2
4
2
4. Табиғатты қорғау қызметіне экономикалық баға беру
2
2
2
2
5. Табиғатты қорғау қызметін басқару
2
1
2
1
6. Адамзаттың экологиялық мәселелері
2
1
2
1
Жиыны
12
8
14
8

3. Дәріс тақырыптары және олардың мазмұны

Тақырып 1. Табиғатты пайдалану экономикасы пәнінің зерттеу заты мен міндеттері
Табиғатты пайдалану экономикасы пәнінің мақсаты мен міндеттері, зерттеу объектісі. Курстың басқа пәндермен байланысы. Шаруашылық жүргізетін субъектілердің арасында табиғаттың қорларын қолдануға байланысты ұдайы өндіріс процесінде қалыптасатын өндірістік, экономикалық қарым-қатынастарды ұйымдастыру мәселелері, оларды шешу жолдары.

Тақырып 2. Табиғи және қоршаған орта туралы түсінік
Биосфераға сипаттама беру және оның құрамдас бөліктерін зерттеу. Қоғамдық өндіріс ашық жүйе ретінде. Табиғатты қорғау қызметі табиғатты пайдаланудың құрамдас бөлігі ретінде қарастыру.

Тақырып 3. Табиғи қорлар қоғамдық өндірісті дамыту факторы ретінде
Табиғи қорларының түрлері. Жер қорлары өндіріс құралы ретінде. Оның негізгі белгілері. Құнарлық түрлері. Жер қорларын тиімді пайдалану жолдары. Жер қорларына баға беру әдістемесі. Жер үшін төлеу, оның бағасы. Жер туралы заңдар. Су қорлары, өндірісті дамыту көзі ретінде. Суды ластау көздері. Тазарту жолдары, әдістері. Қазақстанның су қорлары. Су қорларына баға беру, оны ластаудан қорғау жолдары. Қазақстан Республикасының ауа бассейны. Атмосфераны ластау көздері, ауаны ластаудың экономикалық зардабын есептеу әдістемесі. Айыпақыны төлеу реті. Атмосфераны қалпына келтіру жолдары. Ормандар. Орман мониторингы. Ұлттық парктер. Мемлекеттік табиғи заповедниктер. Минеральды қорлар, олардың адамзаттың дамуындағы рөлі. Оларды тиімді пайдалану әдістері. Энергетикалық қорлар. Энергияның баламалы көздерін қолдану мәселесі. Энергияның шығынын азайту жолдары.

Тақырып 4. Табиғатты қорғау қызметіне экономикалық баға беру
Табиғатты қорғаудың таза экономикалық нәтижесін есептеу. Өнеркәсіптің лас суларын, ауа бассейнын тазартудың әртүрлі варианттарын бағалау әдістері. Өнеркәсіптегі қалдықтарды өңдеу жолдары және экономикалық тиімділігі. Энергияны, табиғи қорларды тиімді пайдаланудың экономикалық нәтижелегін анықтау. Жобаларға экологиялық экспертиза жасау.

Тақырып 5. Табиғатты қорғау қызметін басқару
Табиғатты қорғау қызметіне заң тарапынан басқару жүргізу. Қоршаған ортаға әсерді бағалау әдістері. Табиғатты қорғау қызметінің шетелдік тәжірибесін зерттеу.

Тақырып 6. Адамзаттың экологиялық мәселелері
Адам қоғамының болашағы. Климаттың бүкіл әлемдік жылыну мәселесі. Озон қабатының азаюы мәселесі. Тұщы су жеткіліксіздігі. Арал теңізінің болашағы. Радиоактивті ластау мәселесі. Кәсіпорындардың, мемлекеттің экологиялық жауапкершілігі.

4. Ұсынылатын оқу-әдістемелік әдебиет тізімі

1. С.Қаженбаев, С.Махмутов Табиғат қорғау. Алматы. Ана тілі.: 1992.
2. Хачатуров Т.С. Экономика природопользования. М. МГУ.: 1991.
3. П.М. Нестеров, А.П. Нестеров Экономика природопользования и рынок. М. ЮНИТИ.: 1997.
4. Пыльнова Т.Г. Природопользование. М. Финстатинформ.: 1997.
5. Сагимбаев Т.К. Экология и экономика. Алматы. Каржы-каражат.: 1997.
6. Тонкопий М.С. Экономика природопользования. Алматы.: Экономика.: 1998.
7. С.Н. Бобылев, А.Ш. Ходжаев Экономика природопользования. М.: 1997
8. Экономические основы экологии. В.В. Глухов, Т.В. Лисичкина, Т.П. Некрасова, СПб.:1977
9. Қазақстан Республикасында қоршаған ортаны қорғау туралы заң (15.06.1997)
10. М.М. Кринчук Экологическое право. М. Юрист.: 1998
11. Прикладная экология. Бронский В.А. Ростов-на Дону. Феникс.: 1996
12. Экология. И.А. Шилов. М.Высшая школа.: 1998
13. В.И. Кормилицин, М.С. Цицкишвили, Ю.И. Яламов Основы экологии. М. Интерстиль.: 1997
14. Б.Т. Величковский, В.И. Кирпичев, И.Т. Суравегина Здоровье человека и окружающая среда. М. Новая школа.: 1997
15. С.В. Макар Основы экономики природопользования. М.:1998

5. Бақылау жұмысына арналған сұрақтар

1. Табиғатты пайдалану экономикасы пәнінің зерттеу заты мен міндеттері. Теориялық және практикалық мәні.
2. Табиғатты пайдалану экономикасы пәнінің негізгі түсініктері. Табиғи қорлар, Жіктелуі.
3. Экономикалық даму және экологиялық фактор
4. Жер қорлары өндіріс құралы ретінде. Жердің құнарлығы.
5. Жер қорларын тиімді пайдалану жолдары
6. Жер қорларына экономикалық баға беру. Жер үшін төлеу және оның бағасы
7. Гидросфера өндірісті дамыту көзі ретінде. Су объектілері.
8. Суды ластау көздері. Лас суларды тазарту әдістері
9. Қазақстанның су қорлары. Су қорларына экономикалық баға беру. Су қорларын заң негізінде қорғау
10. Атмосфераның құрамы және мәні. Атмосфераны ластау көздері, салдары.
11. Ауаны ластау дәрежесіне экономикалық баға беру. Төлемдер түрлері
12. Орман қорлары: қазіргі жағдайы, орналасуы, мәні. Орман өнеркәсібінің кешені
13. Ұлттық парктер. Мемлекеттік табиғи заповедниктер.
14. Қазақстандағы пайдалы қазбалардың көлемі. Оларды тиімді пайдалану мәселесі.
15. Пайдалы қазбаларға экономикалық баға беру негіздері. Минеральды қорлар үшін төлемақылар
16. Отын-энергетикалық қорларды пайдалану жағдайы және болашағы
17. Энергияның баламалы көздері. Энергия қорларының тарифтері.
18. Өсімдік және жануар әлемін тиімді пайдалану және қорғау
19. Ғылыми-техникалық прогресс және табиғатты тиімді пайдалану
20. Табиғи қорлар потенциалына экологиялы-экономикалық баға беру
21. Жобаларға экологиялық экспертиза жасау
22. Экологиялық лицензия
23. Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты тиімді пайдалану бойынша шараларды жоспарлау және қаржыландыру
24. Табиғатты пайдаланудың әлеуметтік аспектілері
25. Табиғатты қорғау шараларының экономикалық нәтижелігін анықтау
26. Табиғатты пайдалануды басқару және табиғатты заң негізінде қорғау
27. Табиғатты қорғау қызметі бойынша шетелдік тәжірибе
28. Табиғатты қорғау қызметі бойынша халықаралық ынтымақтастық
29. Адамзаттың экологиялық мәселелері
30. Экологиялық жауапкершілік

6. Бақылау жұмысына арналған есептер және оларды шығару әдістемесі

Есеп № 1. Ауылшаруашылық жерлерге экономикалық баға беруді есептеу және талдау
Жерлердің бағасын есептеу үшін өнім шығымының мәні және жер сапасына мен қолданылатын өндіріс технологиясына тәуелді болатын ауылшаруашылықтың негізгі дақылдары бойынша шығындар қолданылады.

Есепті шығару әдістемесі.
Ауылшаруашылық дақылдар өсірілетін, әрқайсысының ауданы 10 Га болатын үш жер учаскелеріне экономикалық баға беру. Есеп шығаруға қажет қосымша мәліметтер кесте 2-де берілген.

Кесте 2, Есеп мәліметтері
Участок сипаттамасы
Өнім шығымы (урожайность) - У
Өзіндік құн, теңгец - С
Күрделі салымдар, теңгега – К
Аяқтағыш
10
70
2500
І участок
20
40
1250
ІІ участок
25
30
1250
ІІІ участок
30
20
1200

Шешуі:
1. Ауылшаруашылық жерлерде шығарылатын өнімнің бір бірлігіне саналған күрделі шығындарды келесі формула бойынша есептейміз:
(1)
мұндағы: Кі – 1 га жерді меңгеруге кеткен күрделі шығындар, теңге
У – 1 га жердің өнім шығымы, центнер

Каяқ. = 2500 10 = 250 тгц
К1= 1250 20 = 60 тгц
К2= 1250 25 = 50 тгц
К3= 1200 30 = 40 тгц

2. Учаскелер бойынша 1 центнер өнім алуға қажет келтірілген шығындарды анықтаймыз:
, (2)
мұндағы: Ен – күрделі шығындардың нормативтік экономикалық тиімділік коэффициенті (Ен – 0,1)
Заяқ = 250*0,1 + 70 = 95 тгц
З1= 60*0,1 + 40 = 46 тгц
З2= 50*0,1 + 30 = 35 тгц
З3 = 40*0,1 + 20 = 24 тгц

3. Өңдірілетін өнімнің 1 центріне саналған дифференциацияланған рентаның шамасын анықтайық:
, (3)
Z1 = 95-46 = 49 тгц
Z2 = 95-35 = 60 тгц
Z3 = 95-24 = 71 тгц

4. Ауылшаруашылық жерлердің 1 га дифференциалды рентасы келесі формула бойынша анықталады:
, (4)
R1 = 49*20 = 980 теңгега
R2 = 60*25 = 1500 теңгега
R3 = 71*30 = 2130 теңгега

5. Ауылшаруашылық жердің 1 га экономикалық бағасы келесі формула бойынша анықталады:
, (5)
Р1 = 980 0,1 = 9800 тгга
Р2 = 1500 0,1 = 15000 тгга
Р3 = 2130 0,1 = 21300 тгга
6. Ауылшаруашылық жерлердің жалпы экономикалық бағасы:
, (6)
Рж1 = 9800 * 10 = 98 м.тг.
Рж2 = 15000 * 10 = 150 м.тг
Рж3 = 21300 * 10 = 213 м.тг.
Экономикалық талдау негізінде қорытынды шығарыңыздар.

Есеп 1.1. Шаруашылықта 5 түрлі дақыл шығаратын жер бар. Оларда келесі көрсеткіштері бар дақылдар өсіріледі:
Кесте 3. Есеп мәліметтері
Көрсеткіштер
Дақыл түрі

бидай
тары
қант қызылшасы
кукуруза
көп жылдық шөптер
1. Жалпы жер ауданындағы үлесі, %
30
20
20
10
20
2. Шығымы, цга
40
30
310
40
120
3. Өнімнің кадастрлық (аяқтағыш) бағасы, тгц
20
20
70
25
3
4. Келтірілген шығындар, теңгега
5
5,5
2
6
1,5
Берілген жер құрылымы негізінде жыл ішінде бүкіл шығарылатын өнімнің 1 га дифференциалды (жер) рентасын және уақыт факторын есебке алып жердің ақшалай бағасын анықтау (Ен – 0,02).

Есеп 1.2. Бидай өсіретін 4 аймақтың жеріне пайда және жер рентасы бойынша бағасын анықтау. Кадастрлық бағасы 20 теңгецентнерге. Мәліметтер кесте 4-те көрсетілген.
Кесте 4. Есеп мәліметтері
Аймақ
Ауданы, га
Шығымы, цн
Өзіндік құны, тгц
Зональды бағалар, тгц
Солтүстік Қазақстан
100
12
180
210
Батыс Қазақстан
100
10
200
230
Шығыс Қазақстан
100
15
150
170
Оңтүстік Қазақстан
100
8
250
270

Қандай көрсеткіш бойынша жер қорларын бағалаған объективті болады? Қандай аймақта бидай өсірген тиімдірек?

Есеп 1.3. Кәсіпорын салу үшін ауылшаруашылық айналымнан 100 га жер алу қажет. Шаруашылықта құндылығы 3 түрлі жер аудандары бар. Кәсіпорын салуға кеткен күрделі шығындар. Пайда, абсолютты нәтижелік және шаруашылыққа жасалынатын экономикалық залал шамаларына қарай қандай учаскені құрылысқа берген жөн?

Кесте 5 Есеп мәліметтері

Ауылшаруашылық жерлер
Ауданы, га
Жер құны, тгга
Кәсіпорынды салу құны, млн.тг
Кәсіпорын пайдасы, мың.теңге
Жайылым жерлер
100
500
2,0
700
Дақылдар өсіру
100
7000
1,8
850
Шөп даярлау
100
1000
1,9
760

Есеп 1.4. Өнеркәсіптік кәсіпорын атмосфераны газды және шаң заттармен ластаудың нәтижесінде қасындағы ауылшаруашылық жерлерге зиянды әсер жасайды. Нәтижесінде жақын орналасқан 100 га жердің дифференциалды рентасы 5 тгга төмендесе, алыс орналасқан 4000 га жердің дифференциалды рентасы 1 тгга төмендеді. Кәсіпорында ластағыш заттардың шығуын болдырмауға арналған арнайы технологияны енгізудің құны 2 млн.теңгеге, эксплуатациялық шығындары жылына 300 мың теңгеге тең болса, газды заттардың құнды қалдықтарын жоюдың экономикалық нәтижелігі жылына 50 мың теңгеге тең.
1. Ауылшаруашылық жерлерді ластаудың нәтижесінде болған экономикалық жоғалтуларды есептеу
2. Ластауды болдырмау технологиясын енгізу тиімділігін дәлелдеу
3. Берілген технологияны енгізу жалпы халық шаруашылығы үшін тиімді ме?

Есеп 1.5. Белгілі бір қала қасында халықшаруашылық объектісін салғанда материалдарды сақтау, құбырларды, кабельдерді іске қосу үшін 5 жыл ішінде ауылшаруашылықтан 100 га жер алынады. Өнім шығымы жоғары болған жылдарда дифференциалды рента 100 теңгега болса, ал шығым аз болған жылдарда 50 теңгега тең болды. Ен – 0,02.
Ауылшаруашылық жерлерді уақытша айналымнан алудың нәтижесінде халықшаруашылығының жоғалтуларын келесі шарттарға байланысты есептеңіз: 1) барлық жылдарда шығым жоғары болса; 2) барлық жылдарда шығым төмен болса; 3) шығым аз жылдар шығым жоғары жылдармен алмасып тұрса.

Есеп 2. Зиянды заттарды шығаратын стационарды қондырғыда осы заттардың шығуын болдырмайтын құралды қоюдың экономикалық тиімділігін есептеу. Шарттары келесі:
1. Атмосфераға шығатын зиянды заттың аты және оның абсолютты шамасы кесте 6-да берілген
2. Зиянды заттардың шығуын болдырмайтын құралдың пайдалы әсер коэффициенті 0,5-0,95 аралығында болуы мүмкін және студент осы аралықтан оны өзі таңдайды.

Есепті шығару әдістемесі.
Ластауға қарсы шаралардың экономикалық тиімділігін анықтау процесі осы шаралардан болған жылдық экономикалық нәтижені және оған қажет күрделі салымдардың экономикалық нәтижелігін есептеуден тұрады.
Ластауға қарсы шаралардың жылдық экономикалық нәтижелігі оларды жүзеге асыруға кеткен келтірілген шығындарды жылдық экономикалық нәтижемен салыстыру арқылы табылады. Барлық есептеулер Халық шаруашылығында жаңа техниканы, оңтайлы ұсыныстарды, шараларды қолданудың экономикалық тиімділігін анықтау әдістемесіне сәйкес жасалынады.
Ластауға қарсы шаралардың халық шаруашылығындағы экономикалық тиімділігі шаралар нәтижесінде болдырылмайтын қоршаған ортаны ластаудың жылдық экономикалық залал көлемімен айқындалады (ΔЗ)
Берілген экономикалық залал көлемі шараларды жүзеге асырмаған жағдайдағы залал мөлшері (У1) мен шараларды іске асырғаннан кейін қалып қоятын залал мөлшері (У2) арасындағы айырмаға тең болады:
, (7)
Атмосфераны ластаудан болатын экономикалық залал құрама шама болады және ластанған зона шеңберінде объектілердің (реципиенттердің) жеке түрлеріне жасалынатын залал сомасы ретінде анықталады.
Реципиент ретінде келесілер болады:
1. Халық
2. Тұрмыс үй және коммуналды шаруашылық
3. Ауылшаруашылық жерлер
4. Орман қорлары
5. Өнеркәсіптің және транспорттың негізгі қорлары
6. Балық шаруашылығы
7. Рекреациялық объектілер

Ластау затын шығарудың нәтижесіндегі жылдық экономикалық залалдың шамалы мөлшері келесі формула бойынша анықталады:
, тгжыл (8)
мұндағы:
У – жылдық экономикалық залал, теңгежыл
А – сомды теңгеге айналдыру коэффициенті, (А- 100)
В – ластағыш заттың атмосферадағы салыстырмалы қауіптілігінің көрсеткіші
М – ластағыш заттың оның шығу көзінен реципиентке жету коэффициенті

Ластағыш заттың атмосферадағы салыстырмалы қауіптілігінің көрсеткіші (В) келесі формула бойынша анықталады:
(9)
мұндағы
а – ластағыш заттың салыстырмалы активтілігі көрсеткіші (келесі формуланы қара);
j – залал құрылымына байланысты түзету коэффициенті
а1 – атмосфераға шығарылған заттардың химиялық өзгерістеріне байланысты пайда болған зиянды өнімдердің химиялық тұрғыдан бейтарап болатын ластағыш заттарға қарағандағы уландырғыш қасиеттерінің жоғары болуын ескеретін түзету коэффициенті (мысалы, газдың қышқылға айналуы);
а2 – шығарылған заттың немесе оның өзгеру өнімдерінің әртүрлі ортадағы қауіптілігін ескеретін түзету коэффициенті (суда, ауылшаруашылық өнімдерінде, т.б.);
β1 – ластағыш заттардың түсуіне, атмосферадан жаңбырмен шығарылуына, химиялық реакцияларына байланысты азаюын есебке алатын түзету коэффициенті;
β2 – атмосфераға екінші рет шығарылуды есебке алатын түзету коэффициенті

(10)
мұндағы а0 – адамдар тыныс алатын аудағы ластағыш заттың салыстырмалы зияндылығын сипаттайтын көрсеткіш.
Барлық тұрақты көрсеткіштердің шамалары кесте 6-да көрсетілген, бастапқы ластағыш заттың аты сынақ кітапшасының соңғы нөмеріне сәйкес таңдалады.

Кесте 6 Есеп мәліметтері
Зиянды зат аты
Форму-ласы
а0
j
a1
a2
β1
β2
M
Күкірт газы
SO2
7,5
2
1,2
1
0,9
1
1000
Күкірт қышқылы
H2SO4
25
2,4
1
1
0,8
1
200
Көміртек оксиды
CO
1
1
1
1
1
1
3000
Күкіртсүтегі
H2S
15
2
1,1
1
0,8
1
500
Ірі, қауіпті емес шаң
Зат қоспасы
2-5
1,2
1
1
0,7
101
5000
Қауіптілігі орташа шаң
Зат қоспасы1,2
5-30
1,2
1
1,1
0,8
101,1
3000
Қауіптілігі жоғары шаң
Зат қоспасы
3-100
1,2
1
1,2
0,8
101,1
500
Атмосфералық свинец
Pb
2000
1
1
4
0,8
101
10
Азот окистері
NO2
10
2
1
1
0,9
1
300
Күкірт көміртегі
CS
13
2
1,1
1,1
0,8
0,9
400

Ластағыш заттың оның шығу көзінен реципиентке жету коэффициенті келесі формула бойынша анықталады:
(11)
мұндағы f – биіктігі Н болатын ластағыш затты шығару көзінің жер деңгейінде ластағыш заттарды жіберу концентрациясының орташа жылдық мәнінен алынған интегралға тең шама (кесте 7-ден алынады);
δ – зонаны ластайтын заттар көзінің қасындағы территорияны сипаттайтын тұрақты шама. Оның шамасы әртүрлі территория түрлеріне кесте 8-де көрсетілген және оны студент өзі дербес таңдай алады.

Кесте 7. Вариант бойынша мәліметтер
Вариант
1
2
3
4
5
6
7
8
9
0
Н
5
10
15
20
30
40
50
60
70
80
F
99
82
68
56
39
29
23
18
15
12

Кесте 8. Қосымша мәліметтер

Аймақты пайдалану сипаттамасы
δ шамасы
1
Халық саны 1 млн.астам қала немесе шығарылатын өнім көлемі 1 млрд теңгеден асатын ірі өнеркәсіптік узел
100
2
Халық саны 300-1000 мың адам қала немесе осы қаланың өнеркәсіптік зонасы
50
3
Халық саны 300 мың адамға дейін болатын қала немесе осы қаланың өнеркәсіптік зонасы, немесе ірі қаланың демалу зонасы
30
4
Бір қабатты үйлер бар зона немесе ірі қаланың қасындағы зона, кен өңдіру кәсіпорындарының өнеркәсіптік зонасы
10
5
Интенсивті ауалшаруашылық жүргізу зонасы немесе орман зонасы, халық тығыздығы 1 адамга төмен болатын зона
2
6
Халық тұру тығыздығы 1 адамга кем болатын басқа территориялар
1
Ластағыш заттарды шығаратын стационарды қондырғының қызметіне байланысты экономикалық залал шамасын анықтағанда ластағыш заттарды шығарудың шараға дейін және кейін көлемі анықталады:
(12)
мұндағы:
Мg – ластағыш затты шараны енгізуге дейін болған шығару көлемі (кесте 6-дан алынады), тоннажылына
Мn - ластағыш затты шараны енгізуден кейін болған шығару көлемі (кесте 6-дан алынады), тоннажылына
(13)
мұндағы:
λ – пайдалы әсер коэффициенті
Барлық коэффициенттерді және қажет шамаларды таңдағаннан кейін ластағыш заттарды шығару қондырғысында ластауды болдырмайтын жабдықты енгізудің нәтижелігі анықталады.

7. Әдістемелік нұсқауларға енгізілетін толықтырулар мен өзгерістер
2004-05 оқу жылына


Скачать


zharar.kz