Ы. Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гимназиясы
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Солтүстік Американың ұлттық саябақтары
Орындаған: Нұрланова Дария
Қабылдаған: Изтілеуова Шолпан
Шымкент қаласы
Йеллоустон ұлттық саябағы
Йеллоустон ұлттық саябағы - дүние жүзіндегі ең алғашқы ұйымдастырылған ұлттық саябақ (1872). АҚШ-тың Солтүстік-батысындағы Вайоминг, Монтана және Айдахо штаттарының жерінде орналасқан. Аумағы 9 мың км2.
Йеллоустон ұттық саябағы Миссури өзенінің оң жақ саласы Йеллоустон өзенінің жоғасыр ағысындағы теңіз деңгейінен 2200 — 2500 м биіктікте жанартаулық үстіртті алқапты алып жатыр. Оның біраз жері жартасты тау жоталарын да қамтиды. Саябаққа қара обсидиан (жанартаулық шыны) тау жыныстарынан құралған тік жартастар мен құздар, Йеллоустон мен Джексон көлдері, саябақтың ең биік шыңы – Электрик (3350 м) ерекше көрік беріп тұрады. Жанартаулық жыныстардың астында тасқа айналған орман – Спесимен тау жотасы да орналасқан. Йеллоустон ұттық саябағының жері қалың қылқан жапырақты орман болып келеді. Оның территориясында сазбалшықты жанартаулар, ыстық қайнарлар, көлдер және 3 мыңнан астам гейзерлер (әрқайсысы әрбір 33 – 93 мин аралығында түрлі биіктікке атқылап тұрады) кездеседі. Олардың ішіндегі ең ірісі – Алып гейзері, ол атқылаған кезде ыстық су 91 м-ге дейін, ал Олд-Фейтфул гейзерінің суы – 50 м биіктікке дейін көтеріледі.
Йеллоустон ұттық саябағының аумағында өте терең Үлкен Каньон деп аталатын – сайлы жыра бар, оның тереңд. 360 м, ал ұызндығы 20 км-ге созылады. Бұл аймақта биіктен құлап ағатын сарқырамалар (биіктігі 94 м-дей) да кездеседі. Саябақ жеріндегі қылқан жапырақты орманда қарағай, самырсын, шырша, қандыағаш, қайың, көктерек, т.б. ағаштар өседі. Ал жануарлардан – бизон, қара аю (барибал), бұғы, қоңыр аю (гризли), бұлан, жуан мүйізді арқар, койот (шалғын қасқыры), ақ бірқазан, түтік тұмсықты аққу, ақбас субүркіт, т.б. бар. Йеллоустон ұттық саябағының әсем көріністерін тамашалап көруге маусым – тамыз айларында туристер көп келеді және олардың демалуына барлық қолайлы жағдайлар жасалған.
Йеллоустон ұттық саябағының негізгі мақсаты – табиғаттың әсем және ғажайып көріністерін сақтап қалу; табиғаттың көрікті орындарын, байлығын қорғау; осы байлықты кейінгі ұрпаққа жеткізу болып саналады.
Паркте өсімдіктердің 1870 түрі бар – олардың 1700 жергілікті, ал 170 басқа жақтан әкеленіп, өсірілді. Ағаштардың 8 түрі қылқан жапырақты. Гүлді өсімдіктердің көбісі мамыр мен қыркүйек айларының арасында гүлдейді. Йеллоустон өзенінің жағасында Аброния гүлі өседі. Жалпы әлемде осы гүлдің саны тек 8000.
Паркте сүтқоректілердің 60 түрі бар. Кейбірлері сирек кездеседі: қасқыр, гризли аюы, сілеусін. Ірі сүтқоректілерден: америкалық бизон, қара аю ( барибал), вапити бұғысы, қарақұйрықты бұғы және пума. Бизондардың саны 4000 ждуық. Бұл әлемдегі ең үлкен көрсеткіштердің бірі. 1926 ж вапити бұғысын сақтау үшін парктегі қасқырлардың барлығы жойылды, сонда паркте вапти бұғысын ау лайтын ең үлкен жануар кайот қалды.