Аралдарымен бірге Азияның территориясынан ағатын жылдық ағын 16 мың км шамасында, яғни Жердегі барлық өзендердің жылдық жиынтық ағынының жартысынан сәл азырақ. Ағынды қабатқа айналдырғанда ол 300 мм-ге тең.
Азияда ұзына бойы созылып жатқан таулар көп. Осы таулардан Азияның ең ірі өзендері ағып келіп мұхиттарға құяды. Осы ең ірі өзендердің бастауы мына таулардан ағып шығады. Мысалы, Кавказ, Тянь – Шань, Гималай, Памир, Тибет, Қарақорым, Гиндукуш және тағы басқа таулар. Осытауларда мұздықтар көп таралған. Мұздықтар өзеннің толығуында аса маңызды орын алады. Құрлықтың ішкі суларының 60% ─ і сыртқы, 40%─і ішкі тұйық алапқа орналасқан.
Азия өзендерге өте бай. Мұнда Жер шарындағы көптеген ірі өзендері, көлемді және терең көлдері, жер асты суының мол қоры бар. Кең алқапты батпақтар мен мұздықтар алып жатыр. Бұл өзендердің орналасуы мен таралуы жер бедері мен климатқа тікелей байланысты келеді.
Өзен торы материктің ішкі аудандары мен оңтүстік – батысында өте сирек, тек жағалық бөліктеріне қарай жиілейді. Материктің 1/3 бөлігін ішкі тұйық алап құрайды. Солтүстік Мұзды мұхит алабына материктің Ресей жері арқылы ағып өтетін ең ірі өзендері мен Скандинавия түбегінің қысқа өзендері жатады.
Су ағынының жылдық орта мөлшері жөнінде Азия жер шарында бірінші орын алады. Оның өзендерінің барлығы жыл сайын мұхитқа 12 850 км2 су әкеліп құяды. Шетке ағып шығатын ең ірі өзендері Азияның ішкі аймақтарының тау жоталары мен таулы қырыттарынан басталып, жан – жаққа тарайды.
Азияның континенттегі ішкі сулардың таралып орналасуы тіпті әркелгі. Құрылымы мен рельефіндегі бірқатар айырмашылықтар, климаттық контрастар және соған сәйкес жауын – шашынның әркелкі жаууы материктің шегіндегі жер беті, сондай – ақ жерасты суларын таралуындағы үлкен айырмашылықтарды тудырады. Бұл өзендердің қабаттық миллиметрмен алынған жылдық ағыны таралуының каратасында жақсы көрінген: ағынның максималдық жиынтығы ( 1500 мм ден артық) субэкваторлық және экваторлық белдеулерге, әсіресе Зонд архипелагы аралдарына, одан кейін Үндіқытай мен Үндістанның батысында және Гималайдың орталық бөлігіне тән. Басқа белдеулерде ағынның мұндай жоғары жиынтығы Жапон аралдарының, Альпінің, Скандинавия таулы қыратының аздаған региондарына ғана тән. Осы региондардың айтарлықтай үлкен бөлігінде жылдық ағын 1500 мм – ден аз, бірақ 600 мм – ден артық болады. Солтүстік және Шығыс Азияда жылдық ағын мөлшерлері 200 – ден 600 мм – ге дейін жетеді. Орта және Орталық Азияның орасан зор территориясының, Үні бассейінің, Иран таулы қыратының және Аравия түбегінің жылдық ағын мөлшері 50 мм – ден аз, сол сияқты көптеген аудандарындағы қабаттың қалыңдығы 15 мм ден аспайды. Осы сандар материктің алуан түрлі бөліктеріндегі – жер бетіндегі су торларының жиілігі мен сипатындағы айырмашылықтарды белгілі дәрежеде көрсете алады.
Ішкі тұйық алаптардың биік тауларындағы қар мен мұздықтардан басталатын өзендер жазда қатты тасиды, суы мол болады. Мұндай өзендер шөлдер арқылы ағып өтіп, алысқа барады ( мысалы, Амудария мен Сырдария). Тау баурайларынан басталатын, қар және жаңбыр суымен қоректенетін ұсақ өзендердің су шығыны тұрақты емес. Олар нөсерлерден кейін ғана қысқа мерзімге тасиды да, қалған уақытта тартылып қалады. Солтүстік Азия өзендері негізінен қар суымен қоректенеді. Бұл өзендер көктемде, қар ерігенде, өте қатты тасиды, қыста ұзақ уақыт бойы қатып жатады. Азияның суы мол ірі өзендері жол қатынасына және жер суаруға көне заманнан бері пайдаланылып келеді. Орта Азияда Месопатамия, Ұлы Қытай жазығы, Үнді – Ганг ойпаты сияқты суармалы егіншіліктің ежелгі орталықтары бар. Тау өзендері су энергиясының қорына мейлінше бай, бірақ энергия қоры барлық жерде бірдей игеріледі.
Азияның беті Солтүстік Мұзды, Тынық, Үнді мұхиттарының бассейндеріне жатады. Материктің шеткі бөлікте әсіресе батыс, шығыс, және оңтүстік – шығысында жиі су торлары бар, оған аса ірі өзен жүйелері енеді.
Ішкі және оңтүстік – батыс аудандарда жер бетіндегі сулар мүлдем болиайды, сондықтан мұхитқа қарай ағын жетпейді. Азияның жалпы ауданының 30% - тен артығы (Каспий теңізі бассейнін қосқанда) ішкі ағын территориясына тиеді.
Жерорта теңізі мен Қара теңізге құятын бірнеше кіші – гірім өзендер Атлант мұхиты алабына жатады. Ішкі тұйық алаптардың өзендері шағын, ағыны тұрақсыз келеді, олардың ірілері: Орта азияда Амудария, Сырдария, Іле, Теджен, Мұрғап, Ауғанстандағы Гильменд, Орталық Азияда Тамир тағы басқа. Бұл өзендердің бір қатары көлге Арал, Балқаш құяды да біразы құмға немесе сорға сіңіп кетеді. Араб түбегінің ішкі алабында су уақытша ағатытын құр өзектер – уәдилер өте көп. Өзендердің су қоры мен жеке аймақтардың ерекшеліктеріне байланысты. Ал экваторлық белдеудің өзендері біріңғай жаңбыр суымен қоректенеді де, жыл бойы суы мол болады. Шығыс және Оңтүстік Азия өзендері муссондық режимге жатады.
Азияның солтүстігінде өзен мен көл торының қалыптасуында тектоникалық процестер мен төрттік мұз басуы үлкен роль атқарады. Өйткені территория геологиялық тұрғыдан қарағанда мұз жамылғысынан жақында ғана босағандықтан су торабының басты ерекшелігі морфологиялық жастағы болып табылады. Азияның солтүстігіндегі өзен аңғарлары мен көл қазаншұңқырлары көпшілік жағдайда мұзбен өңделген тектоникалық жарықтар болып саналады. Олардың көлемдері алуан түрлі, кескіндері ғажайып. Өзендер әдетте қысқа және көбіне көлдер аралығын жалғастыратын жол қызметін атқарады. Аса ірі өзендердің аңғарларында көптеген көл тәрізді кеңіген жерлер бар және ұзына бойғы профильдері жетілмеген. Олар қатты тау жыныстарының шығыңқы жерлерін кесіп өткен кезде көптеген шоңғалдар жасайды.
Жауын – шашын мөлшері көп болғанымен, өзендердің көпшілігі бүкіл жыл бойы мол сулы болады. Бұл суық климат жағдайларында нашар булануымен, сондай – ақ өзендердің көлдерден, батпақтардан және жер асты суларының есебінен қосымша су алуымен түсіндіріледі.
Азияның солтүстігіндегі өзендерде пайдаланатын су энергиясының мол қоры бар. Азияның орта бөлігінде рельеф күшті тілімденген. Өзендердің барлығы дерлік аласа таулардан басталып, жазықтармен ағып, Азияның ішкі бөліктерін теңіз бассейндерімен байланстрады.
Батыстан шығысқа қарай климаттың континенттігінің артуы өзендердің режимінен де көрінеді. Өзендердің барлығы қыста 2 – 3 жетіден үш айға дейін қатып жатады. Таудағы қардың еріуіне байланысты болғандықтан судың мол жұмсалуы және тасуы көктемге келеді. Жаздың соңында күшті буланумен байланысты өзендердегі су деңгейі едәуір төмендейтін кезеңі болады.
Азия негізі дүние жүзіндегі үш мұхит алабында жатыр.
Тынық мұхит алабына енетін өзендер биік таулардан басталады, жоғарғы ағысында таулық сиппатта болады. Ағыны қатты болғандықтан тау жыныстарын тез бұзады және жылдам ағызып тасымалдайды. Ірі өзендеріне Амур, Хуанхэ, Янцзы, Меконг жатады. Муссондық климат жағдайында өзендердің деңгейі жыл мезгілдеріне қарай өзгереді, қыста географиялық ендікке байланысты кейбіреуі қатады. Солтүстіктегі ұсақ өзендерді қоспағанда барлығы дерлік жаңбыр суымен қоректенеді.
Алаптың ең ірі өзені Хуанхэ сары түсті , сазды шөгінді жыныс – лесстен түзілген жазықпен ағатындықтан, суы лайлы және сары болады. «Хуанхэ» қытай тілінен аударғанда « сары өзен» деген мағынаны білдіреді. Ағызып әкелген жыныстардың жиналуы өзен арнасын биіктетеді. Сондықтан күшті муссондық жаңбырлар кезінде су деңгейі шұғыл көтеріледі. Өзендегі аппаты тасқындар дамбалар мен бөгеттерді бұзып, жолындағы егістік пен елді мекендерді басуы нәтижесінде миллиондаған адамдардың қаза табуына себепші болды. Қазіргі кезде Хуанхэ өзеннінде күшті су тасқындарына төтеп беретін, бетондалған мықты бөгет салынуда. Өзен сары теңізге жыл сайын көлемін ұлғайтып отыратын кең атырау жасап құяды. Кеме қатынасына көп пайдаланылмайды. Хуанхэ ұзындығы жағынан Азияның екінші өзені болып есептеледі. Оның ұзындығы – 4845 км, бассейнінің ауданы – 745 мың км , орташа жылдық шығыны 4500 м 3 с – қа тең. Батыс Европадағы Дунай өзенінің ұзындығы жағынан едәуір артық болғанымен бассейнінің ауданы және тасымалдайтын суының мөлшері жөнінен Хуанхэ одан қалып қояды. Бұл, Хуанхэнің жауын – шашыны аз облыстарды басып өтетіндігіне, салалардың аздығына байланысты. Өзен Кунь – Лунь тауынан басталады да жоғарғы ағысының екпіні қатты болады. Хуанхэ ежелгі массив Ордосты айналып өтіп, орта ағысында орасан зор тік бұрышты бұрылыс жасайды. Лесс үстіртін кесіп өткенде өзен суы көптеген нәрселерді ағызып ала кетеді де жазықтыққа жеткенде оларды жағалыққа ығыстырып шығарады. Тасқындар кезінде Хуанхэ алып келетін қалқып жүретін материялдардың көлемі су массасының 40% - іне жетеді.Жоғарғы және ағысында Хуанхэ көп жерлерде тар шатқалдармен ағады және оның көптеген шоңғалды учаскелері болады. Өзен жоғарғы ағысында өзінің аса ірі салаларын таудан алады да, ортаңғы және төменгі ағысында ондай салалар мүлде болмайды. Хуанхэ төменгі ағысында, жоғарыда айтылғандай тасып, үлкен территорияға жайылған кезінде өзендер алып келген салындылардан құрылған кең аллювиальдық жазықтың шегінде ағады. Біздің заманымыздан 600 жыл бұрын Хуанхэ арнасының Тяньцзиннен солтүстікке таман, ал оңтүстікте Сюйчжой ендігінде болғанын айтсақ та жеткілікті. Өзеннің төменгі ағысы мен сағасы тарихи кезең ішінде кем дегенде алты рет айтарлықтай өзгеріп миллиондаған адамның үлкен апатқа ұшырауына себепші болады.
Хуанхэнің үнемі орын ауыстыруы және оның бассейніндегі су тасқынының жиі болуы өзеннің тұнба үстімен қоршаған ортадан жоғары көтеріліп ағатындығынан, сондықтан суының деңгейі аздап көтерілсе арнадан шығып ұзаққа жайылып кетеді.Су тасқындары жаз кезіндегі күшті муссондық жаңбырлардан кейін болып тұрады. Шілде мен қыркүйекте оларды көбіне тайфундар туғызады. Көктемде және жаздың басында су тасқынына жоғарғы ағыс тұсында және тауда еріген қар себепші болады. Өзеннің бүкіл бассейніндегі ормандардың толық дерліктей жойылуы, сонымен қатар мұз кептелулерінің өзеннің жоғарғы жоғарғы ағысында төменгі ағысқа қарағанда әлдеқайда ерте ашылатындығы су тасқынын күшейте түседі. Қазіргі кезде Хуанхэде су тасуына қарсы күрес жұмыстары жүргізіліп, электр станциялары солынуда және кеме катынасы жағдайлары жақсартылуда.
Меконг өзені – Үнді Қытай түбегіндегі және Оңтүстік – Шығыс Азиядағы ( Қытай, Лаос, Камбоджа, Вьетнамда ) ең ірі өзен. Оның ұзындығы – 4500 км, бассейнінің ауданы – 810 мың км2, яғни Дунай бассейнінің ауданыны тең дерліктей. Көп жылдық орташа шығыны – 12 мың м3 с, яғни Дунай шығынынан екі еседей артық. Меконг Тибеттің оңтүстік шығысынан шамамен 5000 м биіктіктен басталады, сарқырамалар жасап ағады. Төменгі ағысында, ойпатта Меконг ирелеңдей ағады және тарамдарға бөлініп кетеді. Өзен өзінің бір саласы арқылы үлкен Сап көлімен жағасады да тасыған кезде су Меконгтан көлге құйылып, тартылғанда кері бағытта ағады. Сөйтіп, көл – табиғи су қоймасы және төменгі Меконгтың ағынын реттеуші. Оңтүстік Қытай теңізіне құятын жерінде Меконг орасан зор атырау құрайды. Меконгтың режимі – деңгейі кенет өзгеріп тұратын, жазда максимумы және сәуірде минимумы айқын байқалатын нағыз муссондық. Су тасыған кезде өзен сағасынан 1600 км – ге дейін, ал тартылғанда жеке учаскелерінде ғана кеме жүре алады. Меконг су тасыған кезде егістіктерді суаруға пайдаланылыды.
Тибет таулы үстіртінің Тангла жотасынан басталады және Қытай теңізіне келіп құяды. Өзеннің негізгі салалары – Мун, Тонлесап, Сан, Тхен жоғары және орта ағысы терең, түбі бар, шоңғалды шатқалмен төменгі ағысы кең аллювилді жазықпен өтеді. Жаңбыр, мұз және қар суымен қоректенеді. Су шығыны төменгі ағысында шілдеде – 30 мың м/сек, сәуірде 1500 м3/сек, су деңгейінің жылдық ауытқуы 1015м. Өзен өте көп мөлшерде ерітінді тасқындар (жылына 1,5 км) алып келуіне байланысты атырауы үнемі өсіп отырады (жылына 80 – 100 м) 700 км – ге тұрақты су тасығанда 1600 км – ге кеме жүзеді. Теңіз кемелері Пномпеньге (350 км) дейін келеді. Меконг аңғарын бойлай кең көлемде күріш егісі алып жатыр. Жағасында – Луангграбанг, Вьентян (Лаос), Пномпень (Камбоджда) қалалары орналасқан.