Бағалау

Скачать

Бағалау – объектілері (мүліктер, міндеттемелер, шаруашылық операциялар) есебінің ақшалай көрінісі.бағалау бухалтерлік есеп беруде шығындарды есептеу арқылы жүзеге асырылады.
Бағалаудың түрлері: 1) сатып алынған мүмліктер ұйымның сатып алуға жұмсалған шығындардың қосындысына тең. 2) Тегін берілген мүліктері (сыйлық, спонсорлық көмек) кіріске алынған уақыттағы нарықтық құнына тең. 3) Дайын өнімдер кеткен шығындардың құнына сәйкес бағаланады. Өндіріске кеткен шығындар мүлікті кіріске алғандағы шығын, несие алынса төленетін пайыз саласы, үстеме, делдалға төленетін ақы қызметі үшін, кедендік салықтар, тасымалдау және жеткізу шығындар, материалдар, жанармай, энергия, еңбек ресурстары, т.с.с. шығындар.
Калькуляциялау – белгілі бір орындалған жұмыстар бойынша жұмсалғани шығындарды топтастыру тәсілін және қандай да бір объектінің өзіндік құнын анықтау тәсілін айтады. Ол өнімнің өзіндік құны. Калькуляциялау осындай бір объектіні жасап шығаруға жұмсалған ақша қаражатының көлемі өзіндік құны деп аталады. Ал оның көлемін есептеу мүмкіндігі өзіндік құнның калькуляциясы болып табылады. Калькуляциялау арқылы объектінің өзіндік құны анықталады.
Калькуляциялау к.о. – ды басқаруға, жоспардың орындалуын бақылауға, рентабельділікті арттыру, резервтерді құрууға, шығындардың азайту жолдарын қарастыруға қолданылады. Калькуляциялау бухгалтерлік есептің бағалау әдісінің негізі болып табылады. Калькуляциялау көмегімен алынған мәліметтер к.о. – ғы объектілерді бухалтерлік есепте ақшалай өлшеммен есептеуде негізгі дәлел болатын элемент ретінде қолданылады. Калькуляция түрлері
1. Жоспарлы - өндіріс қаражатының нормасы жоспарланған кезеңге жасалады.
2. Есеп берушілік калькуляция - өнімнің өзіндік құны к.о. тәуелді немесе тәуелді емес болуы себептері бойынша жоспардан ауытқуы мүмкін шығындармен сипатталады.
3. Нормативті калькуляциялар – ағындағы жоспарлы калькуляциялар.
4. Жобалық калькуляциялар – келешекке құрылған жоспарлы калькуляция.
5. Алдын – ала жүргізілген – нақты шығын негізінде болжамдық өнім өндіру негізінде жасалады


Скачать


zharar.kz