Неке шартының заңды нысаны

Скачать

Неке және отбасы құқығы бойынша тест сұрақтары ҚР неке және отбасы кодексі қандай қатынастарды реттемейді?
A. ҚР азаматтарының мүліктік және мүліктік емес қатынастарын
B.неке-отбасы (ерлі-зайыптылық-отбасы) қатынастарын реттеудің мақсаттарын, міндеттерін айқындайды
C.неке-отбасы (ерлі-зайыптылық-отбасы) қатынастарын реттеудің құқықтық негіздерін айқындайды
D.отбасының дамуын Қазақстан Республикасының мемлекеттік әлеуметтік саясатының басым бағыты ретінде айқындайды
E.отбасы мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз етеді.

адамды дараландыратын және оның құқықтары мен міндеттерінің туындауымен, болуымен және тоқтатылуымен байланысты болатын заңдық тұрғыдан ресімделген мән-жайлар қалай аталады
A.Азаматтық хал актілері
B.Азаматтық хал сипаттамалары
C.Азаматтық хал жағдайлары
D.Азаматтық хал ақуалдары
E.Азаматтың психологиялық жай-күйі
Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органының бала асырап алу жөніндегі агенттіктердің өз қызметін жүзеге асыру құқығын ресми тануы қалай деп аталады
A.Аккредиттеу
B.Аттестациялау
C.Депозитарий
D.Санкциялау
E.шешім
бір адам оны алуға құқығы бар екінші адамға беруге міндетті ақшалай немесе материалдық қаражат қалай аталады
A.Алимент
B.Компенсация
C.Моральдық өтемақы
D.Сақтандыру төлемі
E.материалдық көмек
ата-ана құқықтарының шектелуiне немесе олардан айрылуына, хабарсыз кеткен деп танылуына, қайтыс болған деп жариялануына, әрекетке қабiлетсiз немесе әрекет қабiлетi шектелген деп танылуына, бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеуiне, бала тәрбиелеуден немесе оның құқықтары мен мүдделерiн қорғаудан жалтаруына, оның ішінде баланы тәрбиелеу немесе медициналық ұйымнан алудан бас тартуына байланысты, сондай-ақ ата-ана қамқоршылығы болмаған және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өз құқықтары мен мүдделерінің қажетті қорғалуын қамтамасыз етуге мұқтаж болған өзге де жағдайларда жалғыз ата-анасының немесе екеуінің де қамқорлығынан айрылған бала (балалар) қалай аталады
A.ата-аналарының (ата-анасының) қамқорлығынсыз қалған бала (балалар)
B.Ата-анаға мұқтаж балалар
C.Асырап алынған балалар
D.Жетім балалар
Е.Тастанды балалар
бала (балалар) дегеніміз кім
A.он сегіз жасқа (кәмелетке) толмаған адам
B.он алты жасқа (кәмелетке) толмаған адам
C.он төрт жасқа (кәмелетке) толмаған адам
D.жиырма бір жасқа толмаған адам
Е.жиырмаға жетпеген адам
нәтижесінде шығу тегі бойынша туыстарының құқықтары мен міндеттеріне теңестірілетін жеке мүліктік емес және мүліктік құқықтар мен міндеттер туындайтын сот шешімі негізінде баланы (балаларды) отбасына тәрбиелеуге берудің құқықтық нысанының дұрыс атауын көрсетіңіз
A.бала асырап алу
B.бала бағып алу
C.баланы қамқорлыққа алу
D.баланы қорғаншылыққа алу
Е.баланы патронаттық қамқорлыққа алу
ата-аналар (ата-ана), балалар, асырап алушылар, асырап алынғандар, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек ағалы-інілер мен апалы-сіңлілер (аға-қарындастар), ата, әже, немерелер неке және отбасы заңнамасына сәйкес қалай аталады
A.жақын туыстар
B.туған-туыстар
C.құда-жекжаттар
D.ағайындылар
Е. қандастар
ерлі-зайыптылардың немесе олардың біреуінің отбасын құру ниетінсіз, Қазақстан Республикасының заңында белгіленген тәртіппен қиылған неке (ерлі-зайыптылық) қалай аталады
A. заңсыз неке (ерлі-зайыптылық)
B. еріксіз неке (ерлі-зайыптылық)
C.жалған неке (ерлі-зайыптылық)
D.азаматтық неке (ерлі-зайыптылық)
Е.есепте жоқ неке (ерлі-зайыптылық)
он төрт жасқа толмаған балалардың және сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адамдардың құқықтары мен мүдделерін қорғаудың құқықтық нысаны қалай аталады
A.қорғаншылық
B.қамқоршылық
C.патронаттық
D.бала асырап алу
Е.баланы бауырына салып алу
он төрттен он сегіз жасқа дейінгі баланың (балалардың), сондай-ақ спирттік ішімдіктерге немесе есірткі заттарына салыну салдарынан сот әрекет қабілетін шектеген кәмелетке толған адамдардың құқықтары мен мүдделерін қорғаудың құқықтық нысаны қалай аталады
A.қамқоршылық
B.патронаттық
C.бала асырап алу
D.қорғаншылық
Е.қайырымдылық
азаматтардың репродуктивтік қызметiн түзеуге бағытталған диагностика, емдеу және оңалту жөнiндегi медициналық іс-шаралар кешенi қалай аталады
A.қосалқы репродуктивтік әдістер мен технологиялар
B.қосалқы продуктивтік әдістер мен технологиялар
C.қосалқы медициналық әдістер мен технологиялар
D.қосалқы гигиеналық-санитарлық әдістер мен технологиялар
Е.қосалқы педогогикалық-әлеуметтік әдістер мен технологиялар
ерлі-зайыптылар арасындағы мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтар мен міндеттерді туғызатын, отбасын құру мақсатында Қазақстан Республикасының заңында белгіленген тәртіппен тараптардың ерікті және толық келісімімен жасалған еркек пен әйел арасындағы тең құқықты одақ қалай аталады
A.неке
B.отбасы
C.жанұя
D.мемлекет
Е.шағын орта
жетім балалар, ата-аналарының (ата-анасының) қамқорлығынсыз қалған балалар қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган мен баланы (балаларды) тәрбиеге алуға тілек бiлдiрген адам жасайтын шарт бойынша отбасыларға патронаттық тәрбиеге берілетін тәрбие нысаны қалай аталады
A.патронат
B.приют
C.жанұялық отбасы
D.балалар үйі
Е.сәбилер үйі
шартқа сәйкес тапсырыс берушілер үшін қосалқы репродуктивтік әдістер мен технологиялар қолданылғаннан кейін құрсақ көтеретін және бала (балалар) A. суррогат ана
B. жүкті ана
C.қамқор ана
D.патронат ана
E.тәрбиеші ана
Қазақстан Республикасының неке-отбасы заңнамасының қағидаты болып табылмайды
A. гуманизм
B.отбасындағы ерлі-зайыптылар құқықтарының теңдігі
C.отбасының ісіне кімнің болса да өз бетінше араласуына жол берілмеушілік
D.отбасы мәселелерін бірлесіп шешу
Е. еркек пен әйелдің некелік (ерлі-зайыптылық) одағының еріктілігі
Неке-отбасы (ерлі-зайыптылық-отбасы) қатынастарынан туындайтын дауларды қараған кезде, талап арыздың ескіруін белгілейтін нормаларды қолдану кезінде сот Қазақстан Республикасы қай кодекстің нормаларын басшылыққа алады
A.Азаматтық кодексінің
B.Әкімшілік кодексінің
C.Қылмыстық кодексінің
D.Еңбек кодексінің
Е.Қаржы кодексінің
Неке (ерлі-зайыптылық) жасы еркектер мен әйелдер үшін ... болып белгіленеді.
A.он сегіз жас
B.Он алты жас
C.Жиырма жас
D.Он жеті жас
Е.он төрт жас
Дәлелді себептер болған жағдайда неке жасы төмендетілуі мүмкін
A.16 жасқа
B.14 жасқа
C.15 жасқа
D.17 жасқа
Е.13 жасқа
Неке қию (ерлі-зайыпты болу) некеге отыруға (ерлі-зайыпты болуға) тілек білдірушілер тіркеуші органға өтініш берген күннен бастап қанша мерзім өткен соң жүргізіледі.
A.бір ай мерзім
B.екі ай мерзім
C.он күн мерзім
D.он бес күн мерзім
Е.жиырма күн мерзім
некені бұзу туралы өтініш түскен сәттен бастап неше айдан кейін бұзылады
A.1 ай
B.2 ай
C.3 ай
D.4 ай
Е.6 ай
Сот тараптарға татуласу үшін қанша айға дейін мерзім бере отырып, істі қарауды кейінге қалдыруы мүмкін
A.6 ай
B.5 ай
C.2 ай
D.4 ай
Е.3 ай
Соттың некені (ерлі-зайыптылықты) жарамсыз деп тануына жатпайтын мән жайды көрсетіңіз
A.Бір жыныстылар арасында қиылған неке
B. жалған неке (ерлі-зайыптылық) қиылған кезде;
C. мәжбүрлеп неке (ерлі-зайыптылық) қиылған кезде;
D.егер некеге отырған (ерлі-зайыпты болған) адамдардың біреуі екіншісінен құрылған отбасы мүшелеріне, жеке басының және қоғамның қауіпсіздігіне нақты қауіп төндіретін ауруы бар екенін жасырса
Е.хабар-ошарсыз кеткен жұбайының бар екендігін біле тұра жаңа некеге отырған кезде
Некені (ерлі-зайыптылықты) жарамсыз деп тануды талап етуге құқығы бар адамдарға жатпайды
A.Учаскелік полиция инспекторы
B.Жұбайлардың біреуі
C.Кәмелетке толмаған жұбайдың ата-анасы
D.прокурор
Е.Кәмелетке толмаған жұбайдың қамқоршысы не қорғаншысы

жарамсыз деп танылған некеден туындаған мүліктік мәселелер қай заңнамаға сәйкес сотта қаралады
A.ҚР азаматтық кодексімен
B.ҚР неке және отбасы кодексімен
C.ҚР жеке және заңды тұлғаларлдың өтініштерін қарау туралы заңға сәйкес
D.ҚР Әкімшілік кодексімен
Е.ҚР Конституциясымен
Некені (ерлі-зайыптылықты) жарамсыз деп тану мұндай некеден (ерлі-зайыптылықтан) туған немесе неке (ерлі-зайыптылық) жарамсыз деп танылған күннен бастап қанша күн ішінде туған балалардың құқығына нұқсан келтірмейді
A.екі жүз сексен күн
B.екі жүз тоқсан күн
C.екі жүз күн
D.екі жүз елу үш күн
Е.жүз жетпіс бес күн
Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттері қай кезден бастап туындайды
A.неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркелген күннен бастап
B.бірге тұрған сәттен бастап
C.өтініш жазған күннен бастап
D.балалары дүниеге келген сәттен бастап
Е.олар танысып отбасын құруға шешім қабылдаған сәттен бастап
Неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу кезінде тегі өзгерген жағдайда, азамат қанша мерзімде жеке басын куәландыратын құжаттарды ауыстыруға міндетті
A.1 ай
B.2 ай
C.10 күн
D.2 апта
Е.15 күн
Егер неке шартында өзгеше белгiленбесе, ерлi-зайыптылардың бiрлескен ортақ меншiгiнiң режимi олардың мүлкiнiң ... ...режимi болып табылады
A.Заңды режимі
B.Шарттық режимі
C.Ортақ режимі
D.Үлестік режимі
Е.Салыстырмалы режимі
Ерлі- зайыптылардың бірлескен ортақ меншігі дегеніміз
A.Ерлi-зайыптылар некеде тұрған (ерлі-зайыпты болған) кезінде жинаған мүлiктері
B.Ерлi-зайыптылар некеге тұрғанға (ерлі-зайыпты болған) дейінгі жинаған мүлiктері
C.Ерлі-зайыптылардың әрқайсысының өз қаражатына жеке сатып алған мүліктері
D.Ерлі-зайыптылардың отбасына кіргізген пайдасына қарай есептелетін мүліктері
Е. Ерлі-зайыптылардың отбасына кіргізген үлесіне қарай есептелетін мүліктері
Некеге отыратын (ерлі-зайыпты болатын) адамдардың келiсiмi немесе ерлi-зайыптылардың некедегi (ерлі-зайыптылықтағы) және (немесе) ол бұзылған жағдайдағы мүлiктiк құқықтары мен мiндеттерiн айқындайтын келiсiм қалай аталады
A.неке шарты
B.келісім шарт
C.сыйға тарту шарты
D.өтемақы шарты
Е.Еңбек шарты
Неке шартының заңды нысаны
A.Жазбаша
B.Жазбаша немесе ауызша
C.Ауызша
D.Мәмілеге келу жолымен
Е.Ешқандай заңды нысан заңда қарастырылмаған
Неке шарты нотариалды түрде куәландыруға жатады ма
A.Міндетті түрде
B.Міндетті емес
C.Егер жұбайлар қажет деп тапса
D.Тек АХАТ органына тіркесе жеткілікті
Е.Бұл мәселе заңда қарастырылмаған
Суррогат ана шарты қандай нысанда жасалуы керек
A.Жазбаша
B.Ауызша
C.Жазбашада ауызшада
D.Өзара келісім болса шарт жасау міндетті емес
Е.Мәмілеге келу жолымен
Суррогат ана шарты кіммен куәландырылуы тиіс
A.Нотариуспен
B.АХАТ органымен
C.Қомқоршылық және қорғаншылық органымен
D.Әкімшілікпен
Е.Адвокаттар алқасымен
Суррогат ана болуға тілек білдірген әйел адамның жас мөлщері қандай болуы керек
A.жиырмадан отыз беске дейінгі жаста
B.отыздан отыз беске дейінгі жаста
C.жиырма бестен отызға дейінгі жаста
D.он сегізден жиырма беске дейіенгі жаста
Е.он алтыдан жиырма төртке дейін
некеде тұратын әйел адам суррогат ана бола алады ма
A.ия, тек жұбайының келісімі қажет
B.бола алмайды
C.бола алады, жұбайының келісіімі қажет емес
D.болуы мүмкін
Е.кез-келген әйел адам бола алады
Некеде тұратын әйел адам суррогат ана болған жағдайда оның күйеуінің келісімі нотариалды түрде куәландырылуы қажет пе
A.Міндетті түрде
B.Қажет емес
C.Егер тапсырыс беруші жұбайлар қажет деп тапса
D.Егер суррогат ана қажет деп тапса
Е.Егер АХАТ органы қажет деп тапса
балалық шақ дегеніміз
A.кәмелетке толмаған адамдардың құқықтық жай-күйі
B.кәмелетке толмаған адамдардың моральдық жай-күйі
C.кәмелетке толмаған адамдардың писхологиялық жай-күйі
D.кәмелетке толмаған адамдардың психиатриялық жай-күйі
E.кәмелетке толмаған адамдардың әлеуметтік жай-күйі
жақын туыстар дегеніміз
A.ата-аналар (ата-ана), балалар, асырап алушылар, асырап алынғандар, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек ағалы-інілер мен апалы-сіңлілер (аға-қарындастар), ата, әже, немерелер
B.ата-аналар (ата-ана), балалар, асырап алушылар, асырап алынғандар, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек ағалы-інілер мен апалы-сіңлілер (аға-қарындастар), ата, әже, немерелер, құдалар
C.ата-аналар (ата-ана), балалар, асырап алушылар, асырап алынғандар, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек ағалы-інілер мен апалы-сіңлілер (аға-қарындастар), ата, әже, бөлелер
D.ата-аналар (ата-ана), балалар, асырап алушылар, асырап алынғандар, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек ағалы-інілер мен апалы-сіңлілер (аға-қарындастар), ата, әже, құда-жекжаттар
Е.барлық жеті атаға дейінгі туыстар
жеке басты куәландыратын құжат дегеніміз
A.жеке басты сәйкестендіру мақсатында оның иесінің жеке басын және құқықтық мәртебесін анықтауға мүмкіндік беретін, жеке тұлғаның дербес деректері туралы тіркелген ақпараты бар белгіленген үлгідегі материалдық объект.
B.жеке басты сәйкестендіру мақсатында оның иесінің жеке басын және құқықтық мәртебесін анықтауға мүмкіндік беретін, жеке тұлғаның дербес деректері туралы тіркелген ақпараты бар белгіленген үлгідегі моральдық объект.
C.жеке басты сәйкестендіру мақсатында оның иесінің жеке басын және құқықтық мәртебесін анықтауға мүмкіндік беретін, жеке тұлғаның дербес деректері туралы тіркелген ақпараты бар белгіленген үлгідегі жылжымалы объект.
D.жеке басты сәйкестендіру мақсатында оның иесінің жеке басын және құқықтық мәртебесін анықтауға мүмкіндік беретін, жеке тұлғаның дербес деректері туралы тіркелген ақпараты бар белгіленген үлгідегі жылжымайтын объект.
E.жеке басты сәйкестендіру мақсатында оның иесінің жеке басын және құқықтық мәртебесін анықтауға мүмкіндік беретін, жеке тұлғаның дербес деректері туралы тіркелген ақпараты бар белгіленген үлгідегі материалдық құжат
мүліктің шарттық режимі дегеніміз
A.ерлі-зайыптылардың неке шартымен белгіленген меншік режимі;
B.ерлі-зайыптылардың неке шартымен белгіленген мүлік режимі;
C.ерлі-зайыптылардың неке шартымен белгіленген ортақ меншік режимі;
D.ерлі-зайыптылардың неке шартымен белгіленген үлестік меншік режимі;
E.ерлі-зайыптылардың неке шартымен белгіленген құндылықтарының режимі;
неке (ерлі-зайыптылық) жасы дегеніміз
A.адамның некеге отыру (ерлі-зайыпты болу) құқығына жеткендегі жасы
B.адамның өз бетінше әрекет ету құқығына жеткендегі жасы
C.адамның өз ісіне жауап бере алу құқығына жеткендегі жасы
D.адамның меншік иелену құқығына қол жеткізу жасы
E.адамның саналы түрде шешім қабылдау құқығына жеткендегі жасы
отбасы дегеніміз
A.некеден (ерлі-зайыптылықтан), туыстықтан, жекжаттықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиеге алудың өзге де нысандарынан туындайтын және отбасы қатынастарын нығайтып, дамытуға септігін тигізуге арналған мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтар мен міндеттерге байланысты адамдар тобы
B.некеден (ерлі-зайыптылықтан), туыстықтан, жекжаттықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиеге алудың өзге де нысандарынан туындайтын және отбасы қатынастарын нығайтып, дамытуға септігін тигізуге арналған мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтар мен міндеттерге байланысты адамдар тобыры
C.некеден (ерлі-зайыптылықтан), туыстықтан, жекжаттықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиеге алудың өзге де нысандарынан туындайтын және отбасы қатынастарын нығайтып, дамытуға септігін тигізуге арналған мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтар мен міндеттерге байланысты туыстар тобы
D.некеден (ерлі-зайыптылықтан), туыстықтан, жекжаттықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиеге алудың өзге де нысандарынан туындайтын және отбасы қатынастарын нығайтып, дамытуға септігін тигізуге арналған мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтар мен міндеттерге байланысты қоғамның бір бөлшегі
E.некеден (ерлі-зайыптылықтан), туыстықтан, жекжаттықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиеге алудың өзге де нысандарынан туындайтын және отбасы қатынастарын нығайтып, дамытуға септігін тигізуге арналған мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтар мен міндеттерге байланысты ерлі-зайыптылар тобы
Діни жоралар мен рәсімдер бойынша қиылған неке (ерлі-зайыптылық)
A.тіркеуші органдарда тіркелген некеге (ерлі-зайыптылыққа) теңестірілмейді және тиісті құқықтық салдарлар тудырмайды
B.тіркеуші органдарда тіркелген некеге (ерлі-зайыптылыққа) теңестіріледі және тиісті құқықтық салдарлар тудырады
C.тіркеуші органдарда тіркелген некеге (ерлі-зайыптылыққа) қажет болса теңестіріледі және тиісті құқықтық салдарлар тудырады
D.тіркеуші органдарда тіркелген некеге (ерлі-зайыптылыққа) егер тараптар өиініш білдірсе теңестіріледі және тиісті құқықтық салдарлар тудырады
E.тіркеуші органдарда тіркелген некеге (ерлі-зайыптылыққа) егер ата-аналары келісім берсе теңестіріледі және тиісті құқықтық салдарлар тудырады
ҚР шығу тегі, ұлтына және азаматтығына қарай некеге тұруға
A.Тиым салынбайды
B.Тиым салынады
C.ҚР азаматтарына шетел азаматтарымен некеге тұруға тиым салынады
D.Егер халықаралық шартта рұқсат етілмесе шетел азаматымен ҚР азаматына некеге тұруға тиым салынады
E.Егер ата-аналары,қамқоршы немесе қорғаншылары келісім бермесе шетелдік азаматпен ҚР азаматтарына некеге тұруға тиым салынады
Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта неке және отбасы Кодексінен өзгеше қағидалар белгiленген болса, онда
A.халықаралық шарттың қағидалары қолданылады
B.неке және отбасы кодексінің қағидалары қолданылады
C.Қай норманың қағидалары көңілге ұнамды болса сол қолданылады
D.Президент шешеді
E.Парламент отырысында шешіледі
Егер тараптардың біреуі жүкті болған жағдайда неке жасы 2 жасқа төмендетілуге рұқсат етіледі ме
A.Ия
B.Жоқ
C.Ол тараптың неке жасына толуын тосады
D.Егер АХАТ қызметкері қажет деп тапса рұқсат етіледі
E.Ондай себеп кодексте қарастырылмаған
бір жынысты адамдардың арасында некеге отыруға рұқсат етіледі ме?
A.Жоқ
B.Ия
C.Заң тиым салмаған
D.Заң ол мәселені қарастырмаған
E.Тараптарға таңдау еркі берілген
Некеге отыруға (ерлі-зайыпты болуға) тілек білдірушілерге медициналық, сондай-ақ медициналық-генетикалық тексеруден өту міндетті ме?
A.Жоқ
B.Міндетті
C.Егер АХАТ органы қажет деп тапса міндетті
D.Егер, ата-аналары қажет деп тапса міндетті
E.Егер екі тараптың біреуі қажет деп тапса міндетті
Некеге отыратын (ерлі-зайыпты болатын) адамдарды зерттеп қараудың нәтижелері
A. Медициналық құпия болып табылады
B.Медициналық құпия болып табылмайды
C.Бәріне қолжетімді ақпарат болып саналады
D.Мемлекеттік құпия болып саналады
E.Мемлекеттік құпия болып саналмайды
Некені тоқтатуға негіз болып танылмайды
A.Соттың азаматты хабар ошарсыз кетті деп тануы
B.Соттың азаматты қайтыс болды деп жариялауы
C.Ерлі-зайыптылардың біреуінің қайтыс болуы
D.Азаматтың ұзақ уақыт бойы ауруханада емделуі
Е.Азаматтың үйге бір апта
Егер қайтыс болды деп немесе хабар ошарсыз кетті деп сот таныған азамат қайтып келетін болса ал, екінші тарап жаңа некеге отырса
A.некенің (ерлі-зайыптылықтың) қалпына келтірілуі мүмкін емес.
B.некенің (ерлі-зайыптылықтың) қалпына келтірілуі мүмкін
C.өте даулы мәселе
D.Заңда бұл сұрақ қарастырылмаған
E.Егер тараптар қалап жатса қалпына келтірілуі мүмкін
Некені (ерлі-зайыптылықты) зайыбының жүктілігі кезеңінде және бала туғаннан кейінгі неше жыл ішінде оның келісімінсіз бұзуға болмайды
A.1
B.2
C.3
D.Бала кәмелет жасқа толмайынша
E.Бала үш жасқа толмайынша
Төмендегілердің қайсысы неке (ерлі-зайыптылық) ерлі-зайыптылардың кәмелетке толмаған ортақ балаларының болуына қарамастан, ерлі-зайыптылардың біреуінің өтініші бойынша тіркеуші органдарда бұзылатын жағдайға жатпайды
A.Сот құқыққабылеттілігі жоқ деп таныса
B.сот хабар-ошарсыз кеткен деп таныса;
C.сот әрекетке қабілетсіз деп таныса;
D.сот әрекет қабілеті шектеулі деп таныса;
E.қылмыс жасағаны үшін кемінде үш жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға соттаса
Қандай заттар неке бұзылған жағдайда бөлінуге жатпайды?
A.кәмелетке толмаған балалардың қажеттерiн қанағаттандыру үшiн сатып алынған заттар (киiм-кешек, аяқкиiм, мектеп және спорт керек-жарағы, музыкалық аспаптар, балалар кiтапханасы және басқалары) бөлуге жатпайды
B.барлық заттар бөлінуге жатады
C.тұрмыстық техника
D.бағалы қағаздар
E.банктегі әр жұбайдың өз салымы мен есеп шоттағы жинақтары
Егер ата-ана ата-аналық мiндеттерiн орындаудан жалтарса, оның iшiнде алимент төлеуден қасақана жалтарса қандай шара қолданылады?
A.Ата-аналық құқығынан айрыладыата-аналық құқығынан шектеледі
B.Қамауға алынады
C.Түзеу жұмыстарына тартылады
D.Бас бостандығынан айрылады
Ата-ана құқықтарынан айыруды кім шешеді?
A.Сот
B.Ата-аналар кеңесі
C.АХАТ органы
D.Нотариус
E.Прокурор
Ата-ана құқықтарынан айыру ата-аналарды өз баласын күтіп-бағу мiндетiнен босатады ма?
A.босатпайды
B.босатады
C.ішінара босатады
D.толықтай босатады
E.ондай мәселе заңда қарастырылмаған
Ата-ана құқықтарынан айыру ата-аналарды өз баласын күтіп-бағу мiндетiнен қай кезде толықтай босатады?
A.Баланы өзге адамдар асырап алған жағдайда
B.Бала кәмелеттік жасқа толғанда ғана
C.Бала өзі өтініш берген кезде ғана
D.Бала мемлекеттің қамқорлығына өткен кезде ғана
E.Ешқашан босатылмайды
Бала мен ата-ана құқықтарынан айырылған ата-ананың одан әрi бiрге тұруы туралы мәселе қалай шешiледi?
A.сот тәртiбiмен
B.баланың өзі шешеді
C.АХАТ органы қызметкерлері шешеді
D.Прокурор шешімімен
E.Ата-ананың өз шешімімен
ата-ана құқығынан айрылған ата-ананың оны қалпына келтіру өтініші бойынша іске қай лауазымды тұлғаның қатысуы міндетті
A.Прокурор
B.Тергеуші
C.Анықтаушы
D.Қорғаушы
E.АХАТ бөлімінің бастығы
Ата-аналық құқықты қалпына келтіру мүскін емес
A.Егер бала асыралып алынса
B.Бала қаламаса
C.Сот мүмкін емес деп шешсе
D.АХАт органы басшысы қарсы болса
E.Бұл мәселе заңда мүлде қарастырылмаған
бір адам оны алуға құқығы бар екінші адамға беруге міндетті ақшалай немесе материалдық қаражат қалай аталады?
A.Алимент
B.Өтем
C.Шығынды қалпына келтіру
D.Төлем
E.Қарыз
Адамның бала асырап алуы, оны қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа, патронатқа қабылдап алуы мүмкін болмайтын аурулар болған кезде, олардың тiзбесiн қай мемлекеттік орган  белгiлейдi
A.Қазақстан Республикасының Үкiметi
B.Қазақстан Республикасының Парламенті
C.Қазақстан Республикасының Президенті
D.Қазақстан Республикасының Прокуратурасы
E.Қазақстан Республикасының АХАТ органы
Бала асырап алушы мен асырап алынушы баланың жас айырмасы кем дегенде неше жас болуға тиіс?
A.он алты
B.он жеті
C.он сегіз
D.он бес
E.он төрт
Бала асырап алушы мен асырап алынушы баланың жас айырмасы қанша жастан аспауға тиіс
A.қырық бес
B.елу бес
C.елу
D.қырық
Е. отыз
қай уақытқы дейін ата-аналар бала асырап алуға өздерi берген келiсiмiнiң күшiн жоюға құқылы.
A.Бала асырап алу туралы сот шешiмi шығарылғанға дейiн
B.Кез-келген уақытта
C.Ондай құқықтары жоқ
D.1-жыл ішінде
E.1-ай ішінде
төмендегі жағдайлардың қайсысында ата-ананың баланы асырап алуға келісімі талап етілмеуге жатпайды
A.Ата-ананың біреуі баладан бас тартса
B.белгiсiз болған немесе сот оларды қайтыс болған деп жариялаған, хабар-ошарсыз кеткен деп таныған;
C.сот оларды әрекетке қабiлетсiз деп таныған;
D.сот оларды ата-ана құқықтарынан айырған;
E.баламен бiрге тұрмаған және сот дәлелсiз деп таныған себептер бойынша алты айдан астам уақыт бойы оны тәрбиелеу мен күтіп-бағудан жалтарған жағдайларда
Неше жастан бастап баланы асырап алу үшін оның келісімі қажет
A.10
B.12
C.13
D.14
E.16
неше жасқа толған асырап алынған баланың аты, әкесiнiң аты және тегi оның келiсiмiмен ғана өзгертiлуi мүмкiн
A.он жасқа
B.он екі жас
C.он төрт жас
D.он алты жас
E.он бес жас
Жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды анықтауды ата-ананың қамқорлығының болмауы өздеріне белгілі болған ... .жүзеге асырады
A.барлық жеке және заңды тұлғалар
B.мемлекеттік органдар ғана
C.заңды тұлғалар
D.көршілер
E.учаскелік полиция инспекторы
Аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органы жетім балалардың, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұратын жері бойынша олар туралы мәліметтер түскен күннен бастап баланы орналастыруды қанша уақыт ішінде қамтамасыз етеді
A.бір ай ішінде
B.Екі ай ішінде
C.Үш ай ішіндетөрт ай ішінде
D.Бір апта ішінде
Е.үш ай ішінде
Жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған және асырап алуға жататын балаларды есепке алуды ұйымдастыру және олар туралы ақпаратқа қол жеткізу тәртібін қай мемлекеттік орган айқындайды
A.Қазақстан Республикасының Үкіметі 
B.Қазақстан Республикасының Парламенті 
C.Қазақстан Республикасының Президенті 
D.Қазақстан Республикасының Бас Прокуратурасы
E.Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Бұл мән-жайлар балалардың мүдделеріне сай келетін жағдайларды қоспағанда, кімдерді әртүрлі адамдардың қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа алуына жол берілмейді 
A.бір отбасында тәрбиеленген бірге туған ағалы-інілер мен апалы-сіңлілерді
B.бір отбасында тумаған балаларды
C.әртүрлі некеден туылған балаларды
D.әр жыныстағы балаларды
E.бір жыныстағы екі баланы
Қорғаншыларға немесе қамқоршыларға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) күтіп-бағуға жәрдемақы тағайындау тәртібін және төлеу мөлшерін қай мемлекеттік орган  айқындайды
A.Қазақстан Республикасының Үкіметі
B.Қазақстан Республикасының Парламенті
C.Қазақстан Республикасының Прокуратурасы
D.Қазақстан Республикасының Салық комитеті
E.Қазақстан Республикасының Кеден комитеті
Қорғаншы кемiнде қанша уақыт қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органға қамқорлыққа алынушының денсаулық жағдайы туралы және оны тәрбиелеу жөнiндегi, сондай-ақ оның мүлкiн басқару жөнiндегi жұмыс туралы есептер беруге мiндеттi
A.алты айда бiр рет
B.бес айда бiр рет
C.төрт айда бiр рет
D.үш айда бiр рет
E.бір айда бiр рет
Патронаттық тәрбие туралы ережені қай мемлекеттік орган бекітеді
A.Қазақстан Республикасының Үкіметі 
B.Қазақстан Республикасының Парламенті
C.Қазақстан Республикасының Соты
D.Қазақстан Республикасының Президенті
E.Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы
Баланы патронаттық тәрбиелеуге беру қандай құжат негізінде жүзеге асырылады?
A.Шарт
B.Келісім
C.Мәміле
D.Анықтама
E.Ауызша келісім
Алимент төлеу туралы келісім болмаған кезде сот кәмелетке толмаған балаларға олардың ата-аналарынан алиментті ай сайын бір балаға мынадай мөлшерде
A.бір балаға - ата-анасы табысының және (немесе) өзге де кірісінің - төрттен бір бөлігін
B.бір балаға - ата-анасы табысының және (немесе) өзге де кірісінің – үштен бір бөлігін
C.бір балаға - ата-анасы табысының және (немесе) өзге де кірісінің – екіден бір бөлігін
D.бір балаға - ата-анасы табысының және (немесе) өзге де кірісінің – бестен бір бөлігін
E.Бір балаға - ата-анасы табысының және (немесе) өзге де кірісінің – алтыдан бір бөлігін
Бұл үлестердің мөлшерін сот тараптардың қандай жағдайын ескере отырып, кемітуі немесе көбейтуі мүмкін
A.материалдық немесе отбасылық жағдайларын және назар аударарлық өзге де мән-жайларды
B.әлеуметтік –психологиялық
C.психологиялық-психиатриялық
D.моральдық
E.Тұрмыстық
Еңбекке жарамды ата-аналар өздерінің көмекке мұқтаж, еңбекке жарамсыз кәмелетке толған балаларын күтіп-бағуға
A.Міндетті
B.Міндетті емес
C.Керек деп тапса көмектесуге болады
D.Ешқашан көмектеспейді
E.Сот шешімімен ғана міндеттелуі мүмкін
Егер өгей әке мен өгей шеше өгей балалары мен өгей қыздарын қанша жылдан аз уақыт тәрбиелесе сот өгей ұлдар мен өгей қыздарды өгей әкесін немесе өгей шешесін күтіп-бағу міндеттерінен босатуға құқылы
A.бес жылдан аз уақыт
B.төрт жылдан аз уақыт
C.үш жылдан аз уақыт
D.екі жылдан аз уақыт
E.бір жылдан аз уақыт
Егер сотқа өтініш беруден бұрын күтіп-бағуға қаражат алу шаралары қолданылғанын, бірақ алиментті төлеуге міндетті адамның оны төлеуден жалтаруы салдарынан алимент алынбағанын сот анықтаған болса, сотқа өтініш жасалған кезден қанша мерзім шегінде алимент өндіріп алынуы мүмкін
A.Өтініш түскеннен бастап үш жыл мерзім шегінде
B.Өтініш түскеннен бастап екі жыл мерзім шегінде
C.Өтініш түскеннен бастап бір жыл мерзім шегінде
D.Өтініш түскеннен бастап төрт жыл мерзім шегінде
E.Өтініш түскеннен бастап бес жыл мерзім шегінде
Сот шешімі немесе нотариатта куәландырылған алимент төлеу туралы келісім негізінде алиментті ұстап қалатын ұйымның лауазымды адамы алиментті өндіріп алу туралы шешімнің орындалатын жері бойынша сот орындаушысына және алимент алушы адамға алиментті төлеуге міндетті адамның жұмыстан босағаны туралы, сондай-ақ, егер бұл өзіне белгілі болса, оның жаңа жұмыс орны немесе тұрғылықты жері туралы неше күн мерзімде хабарлауға міндетті
A.үш күн
B.төрт күн
C.бес күн
D.алты күн
E.жеті күн
Бастапқы тіркеу орны бойынша акт кітаптары неше жыл бойы сақталады
A.жетпіс бес
B.сексен бес
C.алпыс бес
D.лу бес
E.отыз бес
Баланың тууы туралы өтінішті оның ата-анасы не басқа да мүдделі адамдар тіркеуші органдарға ол туған күннен бастап неше уақыттан кешіктірмей беруге тиіс
A.екі айдан
B.үш айдан
C.бір айдан
D.төрт айдан
E.алты айдан
Баланың тууы туралы өтінішті бала өлі туған жағдайда, медициналық ұйымның жауапты лауазымды адамы босанған кезден бастап неше тәуліктен кешіктірмей береді.
A.бес тәуліктен
B.Алты тәуліктен
C.төрт тәуліктен
D.үш тәуліктен
E.жеті тәуліктен
Екі ай мерзім өткеннен кейін баланың тууын мемлекеттік тіркеу қай мемлекеттік орган белгілеген нысан бойынша тіркеуші орган жасаған қорытындының негізінде жүргізіледі.
A.Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
B.Қазақстан Республикасы қаржы министрлігі
C.Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігі
D.Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
E.Қазақстан Республикасы сыртқы істер министрлігі
Жеке адамның тегіне тегі, ұрпағы, немересі, шөбересі, келіні деген және басқа да сөздерді қосып жазуға жол беріледі ме?
A.жол берілмейді
B.жол беріледі
C.егер ата-ана шешсе беріледі
D.ол әркімның конституциялық құқығы
E.ол туралы заңда қарастырылмаған
Тауып алынған, тастанды (бас тартылған) баланың тууы ішкі істер органдарының, қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның, білім беру ұйымдары әкімшілігінің немесе бала орналастырылған медициналық ұйымның өтініші бойынша тауып алынған, бас тартылған немесе қалдырылған күннен бастап неше тәуліктен кешіктірілмей тіркелуге тиіс
A.жеті тәуліктен кешіктірілмей
B.алты тәуліктен кешіктірілмей
C.бес тәуліктен кешіктірілмей
D.төрт тәуліктен кешіктірілмей
E.үш тәуліктен кешіктірілмей
Өлі туған баланы және өмірінің алғашқы аптасында шетінеген баланы мемлекеттік тіркеу тіркеуші органда бала туған немесе шетінеген кезден бастап неше тәуліктен кешіктірілмей жүргізіледі
A.бес тәуліктен кешіктірілмей
B.төрт тәуліктен кешіктірілмей
C.үш тәуліктен кешіктірілмей
D.екі тәуліктен кешіктірілмей
E.алты тәуліктен кешіктірілмей
Бала асырап алуды мемлекеттік тіркеу туралы өтініштің нысанын қай мемлекеттік орган белгілейді
A.Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі
B.Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі
C.Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі
D.Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі
E.Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі
жынысын хирургиялық жолмен өзгерткен кезде таңдаған жынысқа сәйкес келетін атты, әкесінің атын, текті ауыстыруға жол беріледі ме?
A.Ия
B.Жоқ
C.Заңда көзделген жағдайларда ғана рұқсат етілуі мүмкін
D.Бұл мәселе заңда қарастырылмаған
E.Жынысты хирургиялық жолмен өзгертуге ҚР тиым салынған
Азаматтың аты, әкесінің аты, тегі ауыстырылған жағдайда, бұл туралы қанша мерзімде азаматтың тұрақты тұрғылықты жері бойынша ішкі істер органдарына, Ұлттық қауіпсіздік комитетіне, прокуратура және қаржы полициясы органдарына, жергілікті әскери басқару органдарына, салық комитетіне, сондай-ақ тууды мемлекеттік тіркеу орны бойынша тіркеуші органға жіберіледі
A.бір апта мерзімде
B.екі апта мерзімде
C.үш апта мерзімде
D.төрт апта мерзімде
E.бес апта мерзімде
апостил дегеніміз не?
A.арнайы мөртаңба
B.арнайы қолтаңба
C.ресми рұқсат
D.шешім
E.халықаралық шарт нысаны
ҚР неке және отбасы кодексі қашан қабылданды?
A.2011 жылғы 26 желтоқсанда
B.2010 жылғы 26 желтоқсанда
C.2012 жылғы 26 желтоқсанда
D.2013 жылғы 26 желтоқсанда
E.2014 жылғы 26 желтоқсанда

zharar.kz