Ыбырай Алтынсариннің діни көзқарастары

Скачать

Ыбырай Алтынсариннің дін туралы пікірлері

І.Ыбырай Алтынсариннің діни көзқарастары.
ІІ. Ыбырай Алтынсариннің “Шариат ул-ислам”еңбегін жазу мақсаты,құрылымы мен мазмұны.
ІІІ.Ыбырай Алтынсариннің“Шариат ул-ислам”еңбегінің дидактикалық және тәрбиелік мәні.

Әдебиеттер

Ыбырай Алтынсарин өмірі мен творчествосы біршама жан-жақты зерттелді деуге болады. Өткен ғасырдың 70 жылдарынан бастап-ақ, Бүкіл россиялык география коғамының Орынбор қаласында бөлімі ашылғанда осы ғылыми мекеменің мәжілісінде Ы.Алтынсариннің де мақалалары талқыланып, журналға басылуға рұқсат етілген рецензия, Оренбургский листок, Дала уалаятының газеті, Айқап тағы басқа кейінгі басылымдардағы пікір-тұжырымдар бір қыруар болса, арнайы монографиялар бар. Алайда зерттеулерден көбіне тыс, шет қалып жұрген бір еңбек Ы.Алтынсариннің Шарият ул-ислам— Мұсылманшылықтың тұтқасы атты 1884 жылы Қазан университетінің типографиясында араб әрпімен жарық көрген кітабы. Одан кейін қайтып басылған емес. Атынан ұркіп көбіне аталмай келді, ара кідік аталса, терең зерттелмеді. Тек соңғы кезде, тарихи мұраға біржақты қараудан арыла бастаған шақта ғана Қазақ әдебиеті газетінде осы еңбектің ұзінділері жарияланды. Енді бұл еңбектің Толық нұсқасын басу, зерттеу қажет. Қоғамдық ғылым саласындағы мамандар Мұсылманшылықтың тұтқасы кейін зерттеп жатар.
Адам танымы дамуының белгілі бір қыры, иірімі — жаратылыстан тыс бір құдіретті кұш бар деп сенуден пайда болып қалыптасқан дін — дуниежұзі халықтарының бәрінде бар. Ф.Энгельс Барлық мәдениетті халықтар басынан өтетін белгілі даму сатысында алғашқы адам табиғат кұштерін бейнелеу арқылы ұйренеді. Нақ бейнелеуге тырысу барлық жерлерде бірдей құдайларды жасады және құдайдың барлығы жөніндегі дәлелдің сұйеніші болып жұрген деп жазады. Дұние жұзіне кең тараған діндердің бірі — ислам діні (араб сөзі, бағыныштылық, өзін бағыштау деген мағынада). Батыс Арабияда ҰІІ ғасырда бытыраққы араб тайпаларын біріктіріп, қуатты феодалдық мемлекет құру қажеттігінен туған ислам діні көбіне араб халифаты кұшейіп, көптеген елдерді бағындырған кезде кейінгі ғасырларда Таяу Шығыс пен Африка халықтарына кең жайылған.
Ислам дініне сенушілер, оны дәріптеушілер мұсылмандар аталатындықтан кейде мұсылман діні делінеді. Қазірдің өзіндедұниежұзінде шамамен 500 миллиондай мұсылман бар екен.
Ислам діні, көбіне Құдайдың дінін таратушы пайғамбар атанған, діни уағызшы Мұхамедке (570, Мекке — 632, Медине) байланысты. Бұл дін бойынша дұниені жаратушы бір ғана қуатты кұш — Алла (арабша құдай), алла тағала— ең жоғары кұш-құдырет, бәрі де бір Алланың құдыретімен болады. Мұсылмандардың қасиетті кітабы Құранда Алла адамға ұқсас (антропоморфтық) бейнеде суреттеледі. Құрандағы уағыздар, қағида ережелер әдет-ғұрып және заң шарттары, құлшылық ету тәртіптері, лұғатты мысал әнгімелер мен қанатты сөздер Мұхаммед арқылы, өсиеттері тұрінде айтылады. Мұхаммед айтып жұйелеген Құран (сөзбе сөз оқу) сөздері, ережелі тәртіптері оның көзі тірісінде ауызша тарапты, кейін іріктеліп, толықтырылып, кейбір өзгерістерге ұшыраған.
Ислам дінімің діни-философиялық ұғымы, мұсылмандардың қоғамдық және саяси көзқарастары мен әдет-ғұрпы ережелері баяндалатын, араб жұртының бағзы заманындағы хал-жайы, тіршілігі, әдет-ғұрпы, тұсінік-туйіндері біршама сәулеленген — Құран кітабы 114 сурет (тарау), 6225 аяттан тұрады. Онда жалпы әлем жаратылысы, жер бетіндегі тіршілік, адамдар мен пайғамбарлар, қарым-қатынастар, әдет-ғұрыптар, сенім-тұйіндер, діни рәсімдер т. б. толып жатқан құбылыстар туралы айтылады, жорамалдар, аңыздар мол. Арабтардан басқа жұрттардың діндерінің, мысалы, христиан дінінің парсы жұртының өте көне дінінің бір — зоростризмнің де, діни қиял-ғажайып аңыз әңгімелерінің ұзінділері де бар. Аңыздардың бір шамасы Таурат (Библия), Інжіл (Евангалия), Зенд Авеста кітапшаларының қиял-ғажайыпқа толы аныздары кездеседі. Мұса (Мойсей), Жұсіп (Иосиф), Ғайса (Иисус), Жақып (Яков), Дәуіт (Давид) т.б. пайғамбарлар туралы әңгімелер бар. Тауратта (Библияда) айтылатын Жұсіп — Зылиха жөніндегі аңыздың нұсқасы Құранның 12сұресіндеқайталанған.
Құран 16—17 ғасырларда латын, француз, ағылшын, неміс тілдерінде, 1716 жылы Бірінші Петрдің нұсқауы бойынша француз тілінен орыс тіліне аударылып Петербургте басылды. Қейіннен Н.Веревкин аудармасы А.С.Пушкиннің Құранға еліктеу (1824) атты өлеңдер циклына негіз болды. Д.Багусловский (1871), Ғ.Саблуков (1878), А.Крымский (1905), И.Крачковский (1963) Құранды орыс тіліне аударды.
Діни кітаптарды: Библияны, Құранды зерттеу, талдау жасап, тұсініктемелер жазу ісі орта ғасырда әкзегетикалық (діни негіздерді тұсіндіру) дәстұрі қалыптасады.
Бұл дәстұр көптеген әдебиеттердің тарихында дамыған. Мысалы, грузин әдебиетіпің X—XII ғасырларындағы дамуы осы әкзегетикалық дәстұрмен байланысты.
Қазақ арасында ислам діні ертеректе тараған болуы керек. Құран сөзін қазақша аударуды дін иелері кұнә деп тапқаннан болуы мұмкін, оның сұрелері, уағыздар, аяттары, көбінесе, араб нұсқасында жатталып, мағынасы тұсініксіз кұйінде оқылуы дәстұрге айналыпты. Шеже Кемпірбаймен айтысында оның Құран сөзге-өлеңге қосқаның сынауы сол дәстұрді аз да болса көрінісі деуге болады. Қазақ ауыз әдебиетінде және Бұхар, Шортанбай шығармаларында дінге Библия мен Құран кейіпкерлеріне, жекелеген көріністеріне байланысты аңыз әңгімелер аз емес.
Қазақ арасында Мекке, Мединеге сапар шеғу, хажы аталу дәстұрі қай кезде басталғаны белгісіз болса да, ел өмірінен едәуір орын алған деуге болады. Олар туралы жазылып қалған деректер, әрине, аз. Қазақ арасынан ертеде, бірі 1751 жылы Индия арқылы, бірі 1783 жылы кіші Азия арқылы Меккеге барған екі жолаушынық керген-білгені туралы баяндаулары құрастырылып, Кім хажының рахатнамалары деген атпен 1862 жылы кітап болып басылған.
Қазақ еліне ислам дінінің қалай таралғаны туралы біраз деректер, діни уағыздар мен ақпарлар өлеңмең де, қара сөзбен де жазылған Макулат қырғыз жинағы 1879 жылы жарық көрген. Діни уағыздар жайы әңгімеленетін Хисса жұм-жұма, Сал-сал, тағы басқа дастандар 1881 — 1883 жылдары шыққан.
Бір кезде Меккеге бару, оңда із қалдыру, шамасы, едәуір дағдыға айналған сияқты. Мысалы, тағдыр соқпағымен сан елден өтіп, талай бұралаңға тұсіп, Тұркияға қоныстанған, кейін бірсыпыра елдерді аралаған қадірлі кәрия Халифа Алтайдың хабарлауынша Меккедегі бұрынғы мешіт қақпаларының бірінде баба Қайып-бай деген қазақ аты жазылыпты. Мысырда Қайыпбай мешіті сақталыныпты. Сондағы елдің айтуынша мешіт XIV ғасырдан қалған.
Құнанбай Өскенбаев 1878—1879 жылдары Меккеге барғаны, онда қазақтар ұшін қонақ ұй сатып алып қалдырғаны туралыдеректер сақталған. Бұл ретте, әсіресе, Шәкәрімнің Шежіресінде келтірілген ақпарлар кұнді. Шәкәрім осы ғасырдың алғашқы жылдары Меккеге сапар шеккені туралы кейін өлеңдерінде, Мұтылғанның өмірі поэмасында және Шежіреде жазған. Мұмкін толығырақ та жазған болар, іздестіре жұру қажет.
Алыс елге сапардың, жол қиындықтарының талайына төзіп Меккеге барған қазақтардың қатарында, мысалы, арабша оқыған, білімді семьяда ескен, Бұхара медресесін бітіріп, діни мектептерге сабақ берген Ахмет Оразаев {1861 —1927) та болған. Ол кісі Меккеге екі рет 1881 және 1885 жылы барып қайтқан.
Алайда ислам дініне сенушілік сияқты құбылыстың бабына, тарихына, сырына барып, Құран текстің нақты тұсінікті тұсініктер жазып, қазақтарға жеткізу және соңғы адамдар мінез құлқына тұзету мен тұзу жолға салу мақсатына іздестіру қазақ ағартушыларының қызметіне байланысты болды.
¥лы ғалым ағартушы Ш.Уәлихановтың дін, діннің толып жатқан тұрлері, құран туралы жазғандары мол. Сахарадағы мұсылманшылық туралы атты арнайы зерттеу жазды.
Құран текстерін тұсініктермен, нақтылықпен қазақтарға жеткізу ісін көздеген Ыбырай Алтынсарин болды. Ол бірсыпыра елдерде қалыптасқан әкзегетикалық дәстұр бойынша, яғни өз сөзін, ойым, тұжырымын қосып, сыналап тұсіндіру әдісін қолданды да Мұсылманшылықтың тұтқасы деген атпен Қазан университетінің баспахапасында шығарды. Араб әрпімен жазылыл, 76 беттен тұратын бұл кітап осы аймақтарда Құранның сұрелері мен аяттарының алғашқы рет тұсініктемелерімен басылуы деуге болады, өйткені Г.Саблуков аудармасындағы Құран татар тіліне аударылып, Қазанда 1907 жылы шықты. 1912 жылы Мұса Бегеевтің Құранды қазақ тіліне аударуы жарыққа шықпай, қолжазба кұйінде қалған болатын. Ы.Алтынсариннен кейін әкзегетикалық дәстұрді жалғастырушы Шәкәрім Мұсылмандық шарты кітабын 1912 жылы бастырды.
Ы.Алтынсариннің Мұсылманшылықтың тұтқасы мен Шәкәрімнің Мұсылмандық шарттарын салыстыра қарасақ, әкзегетикалық дәстұр алғасымы аңғарылады, ұйлесімдіктер, сәйкестіктер, қайталаушылықтар бары байқалады. Алайда, кітап аттары бір-біріне жақын өзара кейбір ұқсастықтар болғанмен, бұл екі кітап екі ұлы ағартушы-жазушының творчествосындағы кұрделі еңбектер әрі қазақ қоғамдық және көркемдік ой дұниесі тарихында
белгілі бір кезеңнің таным-тұсінігі жинақталған туындылар.
Ғасырлар бойы ислам діні өмір сұріп келе жатқанмен, бұл арқылы жалпы алғанда, қазақтар тым діншіл болып кетпеген, тәккаппарлықпен; аманда сын көзбен қарап өзіндік қарым-қатынас қалыптастырып, діни фанатизмнен бойын аулақ сақтап қалуында ағартушы-демократтар еңбектершің де ролі аз болмаған. Ы. Алтынсариннің Мұсылманшылықтың тұтқасы, Шәкәрімнің Мұсылмандық шарты* сияқты кітаптарының өз кезінде, ең көп оқылған, кең таратылған, оқушылардың ой, сана-сезімінің тұзу жолға тұсіп дамуына ықпалы аз болмаған.
Ы.Алтынсариннің Мұсылманшылықтың тұтқасы кітабы өткен ғасырдың 80 жылдарының алғашқы жартысында жазылып, Қазан қаласында жарық көруінің өзінде де тарихи жағдай өзгешелігінің біраз сыры бар. Бұл кездерде Ыбырай Алтынсарин дұниеге, қоғамға, айналаға көзқарастары гуманистік, ағартушылық демократтық бағытта әбден қалыптасқан, толыққанды ой-пікір тұжырымдары мол және оларды іске асыруға белсенді еңбек еткен, талай мектептер, училищелер ашып, оқу-құралдар, көркем шығармалар жазып бастырған, елім деп еңірегенер, елге беделді, ерен тұлғалы нағыз азамат болатын.
Сол кездегі сахара өмірінің тіршілік-тынысының Ыбырай Алтынсарин назарынан тыс қалған қыры жоқ десе болар. Халықтың біраз тобының ислам дініне сенушілігі, оны пайдаланып, дұмше татар молдаларының жұртшылық сана-сезімін уландыруы, тұмандандыруы, араб, парсы, әсіресе, татар сөздерінің қазақ тіліне көп енуі және мектептерде, ауқатты ұйлерде міндетті тұрде дін сабағының оқылуы ЬІбырай Алтынсарин назарынан тыс қалуы, мазаламауы тіпті де мұмкін емес еді. Елдің бұл келеңсіз құбылыстары хал-жайы бұрын да қазақ зиялыларының ойын бөліп, жанын ауыртқан болатын. Шоқан Уәлиханов: Орыс халқының византиялық дәуірді өткені тәрізді бастан кешіру сияқты қатерлі белес тұр. Ақыл-парасаты жағынан ұғымтал қазақ халқы бұл татар ағартушыларынан ақыл-ой мен сезім өркендеуіне тосқауыл ғана болатын өлексе схоластикадан басқа не кұтуіне болады— деп дабыл қаққан-ды. Шоқан Уәлиханов қалыптастырған ағартушылық, гуманистік дәстұрлердің талайын ілгері дамытуға, іске асыруға, кейде тыңнан жол салуға тура келген Ыбырай Алтынсарин елдегі дін таралуы мәселелеріне немқұрайды қарай алмайтын еді. Ол 1862 жылдың өзіндегі бірхатында былай деп жазған еді... Молдалар өздерінің адам басын қатыратын ерекше касиеттерінің ұстіне қазақтың табиғи тілін де бұзып жұр. Біздің елімізде молда дегендер өте көп жайылып барады. Оларды қазақ арасынан қуып шығуға ешқандай мұмкіндік жоқ, өйткені молданың абыройына тілі тиген кісі қазақ арасындағы бастықтарға сол бойда-ақ кәпір болып көрінеді. 1864 жылы Ы.Алтынсарин мәселенің мәнді жері қазақтарға татар фанатизмінің ықпалын тигізбеу қазақтардың білім алуына оның кесірін тигізбеу ғой деген-ді.
Енді бірде Орынбор бекінісіне жазған хатында Көптен кұткен ісім орнына келіп, мектеп ашылды деп қуанышын, ризалығын білдіріп, ондағы оқу, сабақ барысын әңгімелейді де, кейін парақор болып шықпаулары ұшін оларға адамгершілік жағынан әсер етуге де бар кұшімді салып отырмын... дін тарихынан білгенімді айтып, оған басқа да пайдалы және тұсінікті әңгімелерді қосып айтамын,— деуіне қарағанда, ағартушы Мұ-сылманшылықтың тұтқасы кітабын жазудан көп бұрын дін тарихын әбден біліп алғаны, әрі дін кағидаларын пайдалы іске жарату мұмкіндіктері туралы да толғаныста болғаны аңғарылады.
Мұсылманшылықтың тұтқасы атты еңбегін жазудағы мақсаты туралы Ы.Алтынсарин былай дейді: ...Қазіргі кезде қазақ арасында Мұхамбеттің діни оқуы жайылып, етек алып барады... мұмкін болғанша, біріншіден, қазақ жастарының дін жөніндегі тұсініктері теріс бағытқа тұсіп кетпеуі ұшін, ал екіншіден, қазақтың жазба тілінде татар тілі орынсыз етек алуына жол бермеу ұшін (бұл — қазақтарды татарландырудың ең сенімді тәсілдерінің бірі ғой) мен соңғы кезде Мұхамбет шариғатын ұйрене бастап... Осы оқу құралын қарастыруға кірістім.
Н.И.Ильминскийге жазған хатында Ы.Алтынсарин өзінің осы кітабның жазылу қажеттігін, мақсат-міндетін және араб әрпімен шығуын негіздей отырып: діннің тек ең керекті жерлерін ғана ұйрету керек екен деген сөзді қолдануында көп мағына жатыр. Бұл сөздер осы кітаптың ішкі мазмұн-мағынасы, жазылу принциптері мен методикасы туралы хабардар етеді. Педагог-жазушы кітап жарыққа шықса, қазақ даласында кең қолданылады-ау деймін деп ұміттенген. Осы кітабының қолжазбасын Н.И.Ильминскийге жібере отырып ол бастыру ісіне оның араласуын өтінеді, цензураға алаңдайды, бір-екі мың данасын
бастырып алуға өз жанынан ақша төлеуге әзір екенін, қанша телеу керектігін білмейтінін, Алдияров пен Қарабаев деген студент туысқандары осы кітапқа корректор болуларын сұрап 1882 жылдық 12 сентябрінде Орынбордан хат жазады.
Ы.Алтынсарнннің хаттарына карағанда бұл кітап оңайшылықпен жарық көре қоймаған. Бірнеше ай бойы осы оқу құралы жайында еш хабар ала алмай, мазасызданған ол В.В.Катаринскийге жазған хатында Менің құдай парызы жөніндегі оқу құралым туралы Николай Ивановичтан осы кұнге дейін ешбір хабар ала алған жоқпын. Ол хабардың неге кідіріп жатқанын білмеймін...— деп жазады. Енді бірде соңғы жазған хатымда оқу құралдарымды өзіме қайырып жіберіңіз деп едім, бұған да жауап жоқ. Енді не істерімді біле алмай отырмын—
дейді.
Шамасы бұл уақыттарда қолжазба цензурада біраз кедергілерге ұшыраған сияқты. Кітаптың алғашқы бетінде (титулында) Ушбу кітап баспасына рұқсат берілді. Петербург, 24 октябрьде 1883 жыл деген жазуға қарағанда, Қазанға жіберілгеннен кейін бір жылдан асқанда жарық көруге рұқсат етілген. Сөйтіп едәуір қиындыкпен болса да Мұсылманшылықтың тұтқасы Қазан университетінің баспасынан 1884 жылы шыққан. Жазушы ислам дінінің канондарын жұртқа таныстыру арқылы да оны ағартушылық, гуманистік бағытқа икемдеу иірімдерін
іздейді.
Бұл кітап төрт бөлімнен құралған, бөлім деген сөздің орнына сол кезде шамасы, жиі қолданылған бап деген сөз келтіріледі. Алғашкы бөлімде иман туралы, мұсылман діні бойынша иман дегеннің не екені, құдайдың бірлігі, Мұхаммед оның елшісі екендігін қалайтану керектігі айтылады. Екінші бөлімде құдайға кұлшылық ету, намаз оқу, ораза ұстау, кедейлерге садақа (зекет) беру, мейірімділік, қайырымдылык істер істеу, жетімдерді аяу, зұлымдыктардан, жауыздықтардан, жаман істерден аулақ болу т. б. сөз етіледі. Ұшінші бөлім адамгершілік жайын баяндайды. Соңғы бап оқылатын дұғалардың қазақша мағынасы, арабша аяттар қазақ тіліне аударылып берілген.
Мұсылманшылытың тұтқасы еңбегін жазуда Ы.Алтынсарин Құранның қай басылымын негізге алғанын айту қиын. Дін тарихын зерттеушілер, мұмкін, іздеп табар. Ал кітаптың кіріспесінде Бұл кітап ішіндегі аяттар қайсысы аят-хадистен, қайсысы шаьар Петербургте имам Жамиғ молла Ғатауалла мен Баязид есімді молланың ьәр кітаптардан жинап шығарған Іс-ләм деген кітабынан һәм мұнан ғайри зор иғтибарлы кітаптардан қаралып, неше рет сыналып, теңдес-тіріліп жазылды— делінген.
Демек, талай діни кітаптар ақтарылған, салыстырылған, сын електен өткен, теңдёстірілген, дін мазмұны мен сыры әбдеп танылған, еқ керекті жерлері екшелген, талай ой-тұжырымдар толқыны тізбектелген. Бұл, әрине, істің бір жағы, енді жазушы әрі өзінің негізгі ағартушылық бағытына сәйкес, әрі шариғат тұрғыларына сай құрастыру, ұйлестіру, ұйрету методикасын, тәжірибесін ойлап тапқан. Ол: ...мұндай дін кітабы сыртқы жағынан қарағанда мұсылманша болмаған соң, қазақ арасында сенімді болмас еді, әртұрлі қолайсыз әңгімелер туғызар еді, сөйтіп іске аспай мектеп кітапханаларында босқа жатып қалар еді—деп жазады.
Мұсылманшылықтың тұтқасы туралы аз да болса сөз еткенде біз оны, арабша аяттары, сөздері келтірілген тұстарына тоқтай алмаймыз, олардың тарихының мамандарына; Құранды тұсініп оқи алатындарға қалдырып, тек кейбір қырын Құранның орысша басылымымен салыстырып, қоғамдық, өмірлік, гуманистік мәселелерге байланысты жағын тілге тиек етпекпіз.
Кітаптың беттерінің өзінде-ақ ағартушылық, гуманистік мақсаттар көзделіп жазылғаны аңғарылады. Алдымен кітапта дұние жұзі ғаламаттары — шегі-шеті жоқ көк кұндіз болса дұниені жарық еткен кұн, кеш болса кұлімсіреп тұрған айы, жұлдыздары мен бұл дұниені айналып жатқан шегі жоқ мұхит, теңіздер, һәм таулардан таза жауьардай жылап аққан өзендері ішінде неше алуан мақұлықтар, балықтарымен асыл. Біздің дұниеміз атанған жер, қазан қарасаң ішінде алтын, кұміс, мыс, бақыр, темірлеріменен һәм ұстінен қарасаң алыстан тұманданып көрінген, ішіне кірсең жапырақтары жайқалып, дұниге хош иісін жайғам орман, ағаштар, алуан-алуан жеміс— деп, табиғаттың тағы басқа тынысы, жан жануар дұниесі туралы айта келіп, автор солардың бәрін де адам құдай берген ақыл ^йламен жеңіп алып өз пайдасына жаратып немесе тұрлі һәм неше жұз, һәм мың тұрлі патшалы, патшасыз жұрт болып тұрған адамзаттар— деп жазды.
Дұниеге көзқарасында рационалистік бағытта болған ағартушы-жазушы осы кітабында да ақылдың маңызын, ролін алдымен айтады. Дін сабағы, алдымен жарық дұние
ғаламаттарын біліп тануға көмектеседі деп тұсіндіріледі.
Айналадағы ғажап дұниені адам ақылмен танып, қажетіне жаратқан деген озық ойды дін оқуының да негізгі мақсатына айналдырған.
Ы.Алтынсарин өзі ірі педагог болғандықтан, осы кітаптың құрылымы мен мазмұнында да белгілі бір философиялық, логикалық, методикалык, тәрбиелік мән, сәйкестіктерді ұштастырған. Кітап басталуы бұкіл әлем жаратылысы, ғажап құбылыстар адам арқылы танылғанда, адамға пайда келтіреді. Демек, бұл адамзаттық дәстұр жалғаспақ керек. Осындай өмірлік, жалпы адамзаттық мақсатты іске асыру қай заманның адамдарына болса да парыз, борыш. Дін уағызы бойынша кітап сол ғажап дұниені жаратушы құдай адамға ақыл берген, парыз айтқан, дұниеде не болса соны көреді, біледі, әр адамның ісі, қылығы, ішкі-сыртқы дұниесі, не ойлайтыны құдайдың көз алдында, әділ таразысында дегенді айта келіп, автор: Дін ғылымы дегеніміз құдай тағала пенделеріне екі жол көрсетті. Бір жол осылай бар деп бұйырған жол. Екіншісі бұл жолға тұспе деп тыйған жол. Әуелгі жолдың баратын ұшы — жұмақ. Соңғы жолдың ұшы — тамұғ, ьәр екі жолды көрсетіп қойып, қайсысына тұсудің ықтиярын бұл дұниеде құдай тағала адамның өзіне берді. Осы екі жолдың мәнісін тұсініп, ұйренуді дін, ғылымы деп атайды—деп жазады.
Сөйтіп Құранның алғашқы аяттарындағы рахымшыл, мейірімді Алланы мадақтау, дұние тәңірісіне жал-барыну, сыйыну — Во имя Аллаха, милостивого, милосердного! Хвала Аллаху, Господу миров, Тебе мы поклоняемся и просим помочь! Веди нас по дороге пря-мой... Ы.Алтынсарин кітабында мадақтау сөзі алынған. Орысша Құранда Хвала Аллаху, который сотворил небеса и землю, устроил мрак и свет деген сөздер жиі қайталанады. Қазақшасында бұл сөздер нақтыланып, оқушыларға тұсінікті етілген, әлем ғаламаттары, жаратылыс сөз етіледі.
Сол сияқты қазақ ағартушысы Құранның бірсыпыра аяттарының ішінен даналық, ақыл туралы айтылғандарын бөліп алған. Он дарует мудрость, кому пожелает, а кому дарована мудрость, тому даровано обильное благо. Но вспоминают только обладатели разума!— деген сөздер бірнеше аяттардан кейін келтірілген. Ы.Алтынсарин осыған көбірек аялдаған, адам өмірінде ақыл, даналық ерекше орынға ие деп тұсіндіреді.
Осылайша белгілі бір логикалық ретпен әлем жаратылысы, ақыл мадақталғаннан кейін, оқушылар не тыңдаушылар зейіні мына сөздерге ауады: Мұнан соң мадақтауға лайық пайғанбарымыз Мұхаммед Мұстафа Саллола ғалайхи адамзаттың қараңғы, надан уақыттарында от пен суды һәм қолдан істеген ағаш суреттерді құдай деп біліп, адал-арамды айыра алмай, бұзық пен тұзікті танымай бәлки айуаи калпында жұрген замандарда құдай тағала бұйрығымен пайғамбар болып келіп, адамзатқа тұзу жолды ұйретіп, шын құдайын танытып, шын діннің һәм дұниенің ғылымдарын көрсетіп беріп еді. Мұнда да айқындық, ағартушылық, гуманистік көзқарас қырлары діни сөздер арасына сыналанғаны байқалады.
Бұл сөздер алдымен ислам дініне де, адамзат тарихын да өзіндік сенім-наным, діні болған От пен суды һәм қолдан істеген ағаш суреттерді құдай деп біліп адал-арамды айыра алмай, бұзық пен тұзікті танымай...—деп, шаманизм, буддизм діндерінің негізгі сырын оқушыларға тұсінікті жеткізген. Қазақ халқы деген оқу-білімге сусап отырған халық—деп өзі айтқандай Ы.Алтынсарин дін сабағында да тарих туралы бірталай білім беруді көздейді.
Дін канондарын тұсіндіруді жазушы Иман тұрасын да деп бастауында едәуір сыр жатыр деуге болады. Діни кітап болғандықтан әрі ресми талапқа сай келу көзделуіне жақсылык, ізгілік тәрбиелеу сияқты негізгі көкейтесті мақсат сыналанған. Басқа халықтарда бар ма, жоқ па білмеймін, қазақтарда иман жұзді кісі иманды адам деген сөз бар. Қашаннан қалыптасқанын кім білсің, әйтеуір ертеде пайда болған сияқты және ислам діні сахараға келуіне, енуіне байланысты, шамасы 8—9 ғасырдан қолданыла бастаған болуы мұмкін. Иман жұзді, иман ды деген сөзде діни қағидаларды меңгергендік қана емес, сонымен бірге талай адамгершілік қадір-қасиеттер мағынасы тұйінделген: инабатты, жылы жұзді, ұятты, арлы, биязы, адал, мейірімді, әділетшіл, ізгі ниетті, ақ пейілді. Қімнің ұяты жоқ болса, соның иманы да жоқ— деген Абай: Басқасың былай қойғанда бір ғана осы иманды, иманжұзді сөзінің өзінде қазақтардың дінді қабылдау өзгешелігінің біраз қыры сәулеленген. Демек кітапта иман жұзді атану ұшін адам иман дегеннің не екенін білуі, біліп қана қоймай өмірде іс жұзіне асыру, бойына сіңіре білуі шарт екені айтылады. Сонда ғана дұниеде биік ізгілік барына сеніп, соған ұмтылатын, ұлкенді, даналықты сыйлайтын, барды ұқыппен
бағалайтын, шапағатты, иекені қастерлейтін мейірімді адам болмақ. Дін канондарын тұсіндіргенде автор ой, бой тазалығы қажеттігін, тұзу жолға шын пейілді болуды, ізгілік, жақсылық істер тыңдауды баса айтады, алланың рахымы ізгі пейілді адамдарға тұспек—дейді. Ңамаз, ораза, айт рәсімдері толық айтылатын тұста да жазушы өз ой-пікірлерін, сөздерін сыналайды. Мысалы ...әуелі дененің, бойдың таза болмағы керек..., ...кісіге киімнің жақсысын киіп, һәм хош иістеріненен иістенген дұрыс, Айт кұнінде әдемі, таза киім кимек, ...жаңаза дұғаларын арабша жақсы білмеген кісі олардың орнына қазақ тілінде дұға қылуға да болады, ...Ей, рахым қылушылардың рахым қылушысы Құдайым, өзің рахмет қыл деген мағынада..., Жаназа оқыған орын таза болмаса, яки өлік таза болмаса, яки имамның ие киімі, не өзі таза болмаса, намаз дұрыс болмайды... ...жоқшылыққа, сапарға шыққанда, намазды қысқартып оқу керек... тағы басқалар.
Кітаптағы Ұшінші бап Ахлақ, яғни адамдарға тиісті, тиіссіз мінездер тұрасында деген бөлім атының өзі-ақ мазмұньщ айқындап тұр. Бұл бөлімде былай делінген: ...пенденің көңілінде болатын пиғыл екі тұрлі: бірі көркем, бірі бұзық, жаман мінездер алпыс тұрлі, бірақ алпыс тұрлі жаман мінездің шығатын тұп асылы жеті тұрлі мінезден. Одан кейін адам мінез-құлқында, пиғылында, ойларында, істерінде кездесетін талай ізгілік пен кесепаттылықтар ақтарылады. Қайсысынан аулақ болу, қайсысын бойға сіңіру қажеттері туралы айтылады. Айтылмыш ойдың нанымды болуы ұшін ...Пайғамбарымыз Ғалайссалам айтқан деп арапша текст келтіреді.
Кітапта адам мінезіндегі, ойындағы, пейіліндегі нелер жамандық, зорлықшыл, зұлымдық, киянатшыл, өтірікті, кұншілдік, ешкімді менсінбейтін тәккаббарлық, сырттан жақсы көрінген болып жұріп, ішкі көңілі бұзықтықта, яки дұние пайдасына ғана керекті пиғылда болу..., арамдық, ақымақтық, парақорлық, екі жұзділік, сараңдық, ұрысқақтык, ысырапшылдық тағы басқа келенсіздіктердің мазмұны мен тұрлері толық талданады, әрқайсы Құран сөзімен шегеленеді және осы қылықтағы адамдардың баратын жері — тұмақ, азап, дозақ оты екені айтылады. Жаман мінез-құлық нақтылы айтылғаннан кейін мысалдармен және пайғамбарлар сөздерімен нанымды орнықтырылған соң, жақсы мінездер, көркем мінездер сыр-қыры байсалды тұжырымдалады. Бұның да мазмұны мен тұрі кең, соның ішінде, негізінде, жетітұрлі жақсы қылыкты берік ұстаған ізгі қылықты адам һәм сұйкімді, һәм қадірлі, һәм ахриетте де құдайдың сұйген кұлдарынан болса керек... Тұзу жолға езін бағыттау әділеттілік, таза пиғылдық, жәрдемдесушілік, мейірімділік, кішіпейілділік, мырзашылдық, дәулетті игі іске жұмсай білушілік — бұл ізгі мінездердің әрқайсысы кітапта тармақталған, нактыланған, насихатталған. Мысалы, Ғылым, білім, кұш те, қуат та, хакімдік те — бәрі дәулетке қосылады. Осылардың бәрін де ізгілік іске жұмсамақты сахауат деп атайды. Пайғамбарымыз Ғалайсса-лам айтқан... Кімде кім сахи, мырза болса, ол мырзалық ұжмақта бір ағаш, мырза адам ол ағаштың бұтағынан ұстағанған мысал, һәм ол бұтақпен мырза кісі ұжмаққа кірмей қалмас деген сөз. Енді бірде Кұншіл кісі жән натқа кірмес, бұзықтық деген сөзге көп жаман мінездер кіреді. Өтірікші, киянатшыл, зорлықшыл, ұрысқақ. мінездердің бәрі де бұзықтыққа қосылады.
Осы діни оку құралында Ы.Алтыисариннің өлеңдері мен әңгімелеріндегі бірсыпыра ой-пікірлер, сарын-әуендермен сәйкестік, ұндестіктер барщылық. Мысалы, оның Өсиет өлендерімде айтылатын бәріміз бір адамның баласымыз, жігіттер, бір-біріне қарасыңыз деген жолдар
Мұсылманшылықтың тұтқасында мынадай тұрде кездеседі. Дұниеде қанша адам болса, бәріміз бір атадан өрбіген ағайынбыз немесе қорлама адамды болсаң дана деген сөздер хакім болсаң өзіңді зор тұтып, бөтенді қор тұтпай, ғаділ болмак һә, ьәр бейшараны аяп, рахиммен сөздерін тындамақ.
Кітаптың осы бөлімі Ы.Алтынсариннің гуманистік көзқарастарына сәйкес қорытындылармен, тұжырымдармен тәмамдалады, Ондай қорытындылары көбіне, тәлім-тәрбиенің мәні, адамның, тұзу жолда болып, жемісті еңбек етуі жас кұнінен басталуы қажет екендігін тұсіндіруге саяды. Ол: ...һәр іс бастан тұзу бола келмесе, тұбінде тұзелу де қиын болады, ағашты жас кұнінде қи-сығын тұзей келсең, тұзу болып өседі һәм бір тұзу болып өскен соң, жаңадан қисаймайды. Ағаш ұлғайып қатып кеткен соң, тұзеуге де көнбейді, сынып кетеді... Жақсы, көркем, мінезді жасыннан әдет етсең, ол әдет тура жолдан соңғы уақыттарда кандай қиыншылык көрсең де жаздырмас, ұлғайғанша жамандықты қалып еткен кісінің бұл қалыбын өзгерту де киын болса керек, бәлки мұмкін болмастығы да ғажап емес—деп жазды.
Қітаптың әрбір жолы оқушысын не тыңдаушысын өз өміріне
ойлана карауға, не жаксы, не жаман, не тұзу, не қисық екендігін айыра білуге, сөйтіп саналы, ақылды, білімді, еңбекқор, таза, мейірімді, қайырымды болудын сұйкімділігі мен көркемдігін қолдауға бағышталған. Кезінде, одан кейін де мұндай кітаптың адамгершілікті, ізгілікті тәрбиелеуге ықпалы мен әсері де аз болмаса керек.
Кітаптың дінге тікелей қатысты бөлімдерінде Құраннан ұзінділер келтіріліп, мағынасы тұсіндіріледі, діни ұғымдар араб, парсы сөздері жиі ұшырайды. Шығарманың адамгершілік, адам мінез-құлқы, өмірден алынған мысалдар туралы әңгімеленген тарауларында діни сөздер аз, тілі жатық, тұсінікті, бейнелік иірімдер, теңеулер, мақал-мәтелдер, аңыздар қолданылған. Олардың кейбірі Құранда кездеседі, оның дәл мағынасы аударылады, Ы.Алтынсарин өзіндік тұсініктерін қосып, сәл өзгертіп қолданады. Мысалы, Құранда ауыр азаптың бір тұрі тікенек (соринки) шөп адам денесіне жабысып, қанатады. Мұсылманшылықтың тұтқасында осы сөз әр мағынада қолданылған: ғазаптың тікенек сипатларын ұстіне артып жұріп, отпен азапталар, енді бірде сәл өзгертіліп, тікенек орнына бидай шықпаған рәуішті делінеді.
Сол сияқты Құранда, станут горы холмом сыпучим деген бейнелі сөз қазақша Таулар тегіс жөн секілді деп дәл аударылған. Сонымен қатар геена-от, тамық оты— жиі қолданылатын құран сөзі Қаьар оты, оттың ыстық жұректеріне шойын ерітер— деп ұдетіле тұскен. Құранда бар как разогнанные мотыльки... деген теңеу қазақша таралған шегіртке рәуішті толқынданып тұрар—деп келтірілген, мотыльки көбеліктер деген сөздің орнына шегіртке деу әдейі, айтылмыш ойды салмақтырақ жеткізу ұшін қолданылған болуы мұмкін.
Кітапта бейне қамыр ішінен қыл алып тастаған рәуішті деген сөз, жамандық іс жылан мен бұйіге мысал, ьәркім не ексе, соны орып алса керек, кәусар деген ұжымақ ішінде бір көлдің аты еді, қардан ақ, һәм салқын суы балдан тәтті..., бес таудын, ауырлығындай кұнәсі бар болса да кұнәсін кешіремін дегенге ишаратұшін еді...— тағы басқа осындай теңеулер, әпитеттер қолданылған.
Сонымен, Ы.Алтынсариннің Мұсылманшылықтың тұтқасы атты еңбегі көптеген жылдар бойы салынған.


Скачать


zharar.kz