Стандарт жаңалықтары

Скачать


Кеңесова Зина Кеңесқызы
Атырау облысы Исатай ауданы Аққыстау селосы Өркен бөбекжай -бақшасы

Тақырыбы: 2016 жылғы Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының құрлымы мен мазмұнын талдау негізінде қандай өзгерістер болғанын көрсетініздер-тәпбиеленушілердің дайындығы деңгейінде; -мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мазмұнында.

12 жылдық білім берудің тұжырымдамалық және нормативтік негіздері. Білім беру реформасы-Қазақстанның бәсекеге қабілетті нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі
Қ.Р Президенті Н.Ә.Назарбаев
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жығы 23 тамыздағы №1080 қаулысымен бекітілген Тиісті білім беру деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы 13.05.2016 жылда Қазақстан Республикасының Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартқа еңгізілген өзгерістерді іске асырудың жаңа тәсілдерін сипаттау. Білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан – 2030 Қазақстан халқына арналған жолдауында Біздің жас мемлекетіміз өсіп, жетіліп, кемелденеді, біздің балаларымыз бен немерелеріміз онымен бірге ер жетеді. Олар өз ұрпағының жауапты да, жігерлі, білім өрісі биік, денсаулықтары мықты өкілдері болады. Олар бабаларының игі дәстүрлерін сақтай отырып, қазіргі заманғы нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуге даяр. Олар қазақ, орыс, ағылшын тілдерін еркін меңгереді, олар бейбіт, абат, жылдам өркендету үстіндегі, күллі әлемге әйгілі, әрі сыйлы өз елінің патриоттары болады деп көрсетілгендей-ақ, ертеңгі келер күннің бүгінгіден гөрі нұрлы болуына ықпал етіп, азамат қоғамын алға жетелейтін құдіретті күш пен білімге тән. Осылардың негізінде әр тәрбиешінің бойында, ойында әдістеменің озық үлгілері жинақталады. Сонымен қатар олар күнделікті жұмыс тәжірибесінде озат тәрбиешілердің шеберліктерінде пайдалана алатын болады. Бұлардың барлығы, сайып келгенде, әдістемедегі белгілі бір жүйелілікті қалыптастырады.

Стандарт жаңалықтары
Балалар жас кезеңдері бойынша бөлінген

Базалық оқу жоспары жеңілдетілген

Оқу-тәрбие процесі тапсырмалары 5 білім саласына бөлініп қарастырылған Денсаулық, Коммуникация, Таным, Шығармашылық, Әлеумет.

Әрбір жас кезеңі құзіреттіліктің белгілі бір дәрежесін меңгерумен сипатталады
Жаңа Стандарт-2009 құру үшін ғалымдар, әдіскерлер, тәрбиешілер, психологтар мен социологтар, Step by Step Халықаралық білім орталығының сарапшылары, САТР орталығының ғалымдары ҚР БҒМ мектепке дейінгі және орта білім департаменті және Мектепке дейінгі балалық шақ Республикалық орталығы департаментінің басшылығымен үш жыл жұмыс жүргізілді.Мемлекеттік қаржы салу, балаларды ерте жастан бастап сапалы білім алуын қамтамасыз ету бойынша үкіметтің ойластырылған жоспарлары, білікті және уәжді мұғалімдер мен тәрбиешілердің болуы – Қазақстан Республикасының білім саясатының маңызды компоненттері болып табылады. Балаларды ерте жастан бастап оқыту және мектепке дейінгі тәрбие берудің стандарты – осы саясатты жүзеге асыру жолындағы қажетті қадамдардың бірі. Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту үздіксіз білім беру жүйесінің алғашқы  деңгейі болып табылады және баланың тұлғасын қалыптастыру және дамытуға жағдай жасайды. 2001 жылы 19 қыркүйекте ҚР БҒМ № 739 бұйрығымен мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға бірдей Стандартының Негізгі ережелерін бекітті. I кезең (2006 ж.):         
- Құндылықтарды айқындау – арналу салалары.   - Жас ерекшеліктері мен шекаралары.       
- Іске асыру жоспарлары. II кезең (2007 ж.):         
- Ел ғалымдары, тәжірибелі жүргізушілерімен, мамандарымен ынтымақтастықтағы пікірсайыстар, ұсыныстар, ойлар.        
III кезең (2008 ж.):         
- ҚР МСТ-ның жұмысын соңына дейін өңдеу және аяқтау.         
- Стандартты бекіту –2008 жылғы 28 қараша.        
  Балаларды ерте жасынан тәрбиелеу мен оқытудың мектепке дейін стандартын жасау және енгізу қажеттілігі мыналармен байланысты:          - сапалы білім беруге қолжетімділікті кеңейтудің қажеттілігі;
- отбасы мен қауымдастықтардың білім беру үрдісіне тартылуы;         
- тәрбие мен оқыту ісіне инновациялық тәсілдерді енгізу.
Осы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (бұдан әрі - стандарт) Білім туралы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңына сәйкес әзірленді ІІ стандарт Қазақстан Республикасы 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты бекітілген.
ҚР Үкіметінің 2016.13.05. № 292 Қаулысымен мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты сәйкес Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (2017.15.08. берілген өзгерістермен).
Білім беру мазмұнына қойылатын талаптар:Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мазмұны мынадай бес білім беру саласын қамтиды: Денсаулық, Қатынас, Таным, Шығармашылық, Әлеуметтік орта.
Білім беру салаларының мазмұны ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті, балалардың өзіндік іс-әрекеті және ересек адам мен баланың бірлескен іс-әрекеті арқылы іске асырылады.
      9. Денсаулық білім беру саласы
      Денсаулық білім беру саласындағы ұйымдастырылған оқу қызметі:
      1) дене шынықтыру;
      2) қауіпсіз мінез-құлық негіздері, валеология.
      10. Коммуникация білім беру саласы
      Коммуникация білім беру саласының ұйымдастырылған оқу қызметі:
      1) тіл дамыту;
      2) көркем әдебиет;
      3) сауат ашу және жазу негіздері;
      4) мемлекеттік, орыс және басқа тілдер.
      11. Таным білім беру саласы
      Таным білім беру саласының ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті:
      1) сенсорика;
      2) қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру;
      3) құрастыру;
      4) экология негіздері;
      5) қоршаған ортамен таныстыру.
      12. Шығармашылық білім беру саласы
      Шығармашылық білім беру саласының ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті:
      1) сурет салу;
      2) мүсіндеу;
      3) жапсыру;
      4) музыка.
      13. Әлеуметтік орта білім беру саласы
      Әлеуметтік орта білім беру саласының ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті:
      1) өзін-өзі тану;
      2) қоршаған ортамен таныстыру;
      3) экология;
      4) көркем әдебиет.
      Мемлекеттік тілде оқытатын мектепке дейінгі білім беру ұйымдары мен топтарында Қазақ тілі пәні ұйымның қалауымен басқа пәндерге ауыстырылған.
2018-2019 оқу жылында мектепке дейінгі ұйымдарда меншік нысанына түрлері мен типтеріне қарамастан білім беру процесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 13 мамырдағы №292 қаулысымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпыға міндетті мемлекеттік стандартына (бұдан әрі – Стандарт), Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) және Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарларына (бұдан әрі – ҮОЖ) сәйкес ұйымдастырылады.
2018 -2019 оқу жылына арналған Әдістемелік-нұсқаулық хаттың құрылымы:
1.Жаңартылған мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұнын іске асырудың негізгі бағыттары
2. Білім беру процесін ұйымдастырудың әдістемелік тәсілдері.
3. Стандарт талаптарына сәйкес балаларды дамыту мен тәрбиелеу үшін жағдайлар жасау
4. Мектепке дейінгі ұйымдар қызметкерлерінің қызметін ұйымдастыру
5. Тәрбиешілердің педагогикалық шеберліктерін арттырудың негізгі тәсілдері
6. Мектепке дейінгі ұйымдардың қызметін реттейтін нормативтік құқықтық құжаттардың тізбесі.
Жаңартылған Стандарт негізінде мектепке дейінгі білім беру саласындағы ғылым мен практиканың жетістіктері, отандық және шетелдік тәжірибелер ескеріліп, Алғашқы қадам, Зерек бала, Біз мектепке барамыз үш білім беру бағдарламаларының орнына Бағдарлама әзірленді. Әдістемелік-нұсқаулық хат жаңартылған мазмұнды іске асырудың негізгі бағыттарын, мектепке дейінгі ұйымдарда білім беру процесін ұйымдастырудың әдістемелік тәсілдерін, Стандарт талаптарына сәйкес балаларды дамыту мен тәрбиелеу үшін жағдайлар жасауды, мектепке дейінгі ұйымдар қызметкерлерінің қызметін ұйымдастыруды, тәрбиешілердің педагогикалық шеберліктерін арттырудың негізгі тәсілдерін қарастырады. Мектепке дейінгі тәрбиеге жаңа талаптар қойып, жалпы білім беру жүйесіне белсенді, жан-жақты дамыған азаматтарды тәрбиелеп, жаңашыл бағытта оқу-әдістемелік кешендер енгізілуде. Бұрын бала тек қана тыңдаушы, орындаушы болып келсе, ал қазіргі бала өздігінен ізденетін, ойлайтын жеке тұлға. Яғни, бұрынғы кезде тәрбиеші мен бала қарым-қатынасы субъект-объект бағытында болса, қазіргі кезде бала тұлғасын дамыту қарым-қатынасында субъект-субъект, тұлға-тұлға бағытын ұстану керек. Өйткені, қазіргі бала бойында төмендегідей қасиеттерді қалыптастыруымыз қажет.
Біздің негізгі мақсатымыз
Қоғам мүддесіне лайықты,жан-жақты жетілген парасатты жас ұрпақты өсіру

Ұлттық құндылықты әлемдік деңгейге шығаруға қабілетті, өзіндік жеке көз қарасы қалыптасқан тұлға тәрбиелеу.

Жаңартылған мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұнын іске асырудың негізгі бағыттары:
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұнын іске асыру Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында, Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпыға міндетті мемлекеттік стандартында айқындалған міндеттерді орындауды талап етеді.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламасы жоғарыда аталған құжаттарда анықталған негізгі міндеттерді тиімді орындауды қамтамасыз етеді.
Бағдарламаның мақсаты: балалардың жас ерекшеліктері мен жеке мүмкіндіктеріне, қабілеттері мен қажеттіліктеріне сәйкес білім, білік және дағдыларын қалыптастыру, рухани-адамгершілік құндылықтарын, Мәңгілік ел жалпыұлттық идеясына негізделген сәйкес жалпыадамзаттық құндылықтарды, патриотизм мен төзімділікті тәрбиелеу.
Міндеттері:
- баланың өмірін қорғау және денсаулығын нығайтуды қамтамасыз ететін заттық-кеңістіктік дамытушы ортаны құру;
- мектепке дейінгі білім берудің сабақтастық және үздіксіз ұстанымдарын қамтамасыз ету;
- балалардың дене, зияткерлік, адамгершілік, эстетикалық, коммуникативтік дамуына бағытталған білім беру салаларын кіріктіру;
- әр жас топтарында бағдарлама материалының мазмұнын игеру бойынша мониторингті ұйымдастыру;
- мектепке дейінгі ұйым мен отбасының өзара ықпалдастығы.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың оқу бағдарламасы:
- мектепке дейінгі жастағы балалардың денесін және психологиялық саулығын нығайтуға, оларды салауатты өмір салтының құндылықтарына баулуға;
- баланы тұлғалық және әлеуметтік, зияткерлік дамытуда тәрбие мен оқытудың инновациялық әдістері мен технологияларын қолдануға;
- балаларды тәрбиелеу мен оқытудың тәрбиелік, дамытушылық, оқыту міндеттерінің бірлігін қамтамасыз етуге;
- мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеуде ата-аналар қауымдастығының қажеттілігін қанағаттандыруға ықпал етеді.
Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында алдағы білім беру әрекетіне табысты дайындықтың негізі ретінде бала дамуының мектепке дейінгі кезеңінің мәні ерекше айқындалған. Осыған байланысты республикада мектепке дейінгі білім беру жүйесін, оның сапалы мазмұнын жаңғырту бойынша мақсатқа бағытталған жұмыстар жүргізілуде. Аталған мемлекеттік бағдарламаның негізгі міндеттерінің бірін жүзеге асыруға сәйкес Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (2016 жылғы 13 мамырдағы №292 ҚРҮҚ) (бұдан әрі – Стандарт) бекітілді, осы Стандарт негізінде балалардың жас ерекшеліктерін ескеріп, мектепке дейінгі ұйымдарда педагогикалық процесті ұйымдастыруды қамтамасыз ететін Үлгілік оқу жоспары (бұдан әрі – ҮОЖ), сондай-ақ, Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы (бұдан әрі – Үлгілік бағдарлама) әзірленді. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жаңартылған мазмұнын енгізу мектепке дейінгі ұйымдарда білім беру процесін жетілдіруге ықпал ететін жаңа тәсілдерді талап етеді. Өтпелі тақырыптар арқылы перспективалық жоспарлау мектепке дейінгі ұйым педагогтарына балалардың мектепке дейінгі ұйымда болатын барлық уақытында білім беру әрекетін жоспарлы және бірізділікпен жүйелі түрде ұйымдастыруына мүмкіндік береді. Осы әдістемелік ұсынымдар Стандарт талаптарына сәйкес әзірленді.
Білім беру салаларын кіріктіру арқылы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы мазмұнын іске асыруда мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жаңартылған мазмұнымен анықталған білім беру міндеттерін табысты іске асыруға ықпал ететін, кіріктіре оқыту идеялары бүгінгі күні өзекті болып табылады. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасын тиімді іске асыру мақсатында мектепке дейінгі ұйымның білім беру процесіне өтпелі тақырыптар арқылы перспективалық жоспарлауды енгізу ұсынылады. Мектепке дейінгі ұйымның алдына қойылған міндет ─ түрлі білім беру салалары біріктірілетін, күні бойы белгілі бір тақырыпта ересек пен баланың өзара әрекеті тұтастай кіріктірілген процесті әзірлеу. Мысалы, балабақша педагогтары ересек топта балалардың табиғат, жануарлар және өсімдіктер туралы түсініктерін кеңейте отырып, төмендегідей мақсаттарды көздейді: -балаларды тіршілік иелеріне қамқорлық жасауға тәрбиелеу (Әлеумет білім беру саласы); -табиғаттың сұлулығымен байланысты эстетикалық сезімдерін ояту (Шығармашылық білім беру саласы); -сөйлеуді дамытудың міндеттерін шешу (Коммуникация білім беру саласы); -өсімдіктер мен жануарларға күтім жасаудың тәжірибелік дағдыларын қалыптастыру (Таным білім беру саласы); -ойын әрекетінде жануарлар мен өсімдіктер туралы білімдерін қимылдарымен көрсете білуге үйрету (Денсаулық білім беру саласы).
Білім беру процесін өтпелі тақырыптар негізінде ұйымдастыру Қазақсан Республикасы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартын іске асыруға бағытталған. Перспективалық жоспарлаудың құрылымы қыркүйектен мамырға дейін барлық оқу жылына көзделген 9 өтпелі тақырыптар бойынша ұйымдастырылған.

Балалардың дамуын бағалау индикаторлары
Пәндік дамытушы ортаның жалпы талаптары берілген

Педагогтарға қойылатын талаптар 5 білім саласы бойынша анықталған

Отбасы тәрбиесі бойынша нұсқаулық анықталып берілген

Жас мемлекетіміздің болашағы – бүгінгі жас бүлдіршіндер. Оларға бірдей талап қойып, олардың табиғи қабілеттерін, нақты мүмкіндіктерін анықтап, соған негіздеп оқыту – бүгінгі күннің мәселесі. Мектепке дейінгі ұйым – мемлекеттің, қоғамның және жеке адамның білім беру саласына сұраныстарын қанағаттандыратын қоғамдық-мемлекеттік жүйе. Өсіп келе жатқан ұрпақтың тәрбиесінің, дене және жан сұлулығының, интеллектуалды әлеуметінің қамын ойлау – тәуелсіз Қазақстанның алдында тұрған ең маңызды мәселенің бірі. Оқыту жүйесінің қандай түрі болмасын, олар белгілі бір әдістемеге негізделеді. Әдістеме жан-жақты және өз орнында дұрыс қолданылса, өтілетін әрбір тақырыптың мазмұны да ойдағыдай ашылып, балалардың меңгеруіне жеңіл тиеді. Әдетте әдістеме өз-өздігінен келе қоймайды. Ол көп жылдар бойғы ұстаз қызметінің іс-тәжірибесімен, күнделікті сабақ беру процесімен тығыз байланысып жатады.


Скачать


zharar.kz