“Қазатомөнеркәсіп” Ұлттық атом Компаниясы, өзінің өндірістік қызметін жүзеге асыруда, қоршаған ортаның қолайлығын сақтау және табиғи қорларды тиімді пайдалану бойынша қоғам алдындағы өз жауапкершілігін сезінеді.
Жұмысшылар еңбегінің қауіпсіздік жағдайларын қамтамасыз ету, компания қызметкерлері мен компания қызметі аудандарында тұратын халықтың денсаулығын қорғау, сонымен бірге қоршаған табиғи ортаның қолайлығын сақтау “Қазатомөнеркәсіптің” ең басты мәселелері болып табылады.
Еңбекті және қоршаған ортаны қорғау саласында “Қазатомөнеркәсіп” қызметі мына мақсаттарды қояды:
өндірістік жұмысты Қазақстан Республикасында қолданыстағы табиғатты қорғау
заңнамасына және басқа нормативті талаптарға сәйкес жүргізу;
өндірістік жұмыс әсерінің кәсіпорындар жұмыскерлері мен қоршаған ортаға азаюы;
еңбек жағдайы мен қоршаған ортаның жай-күйінің үнемі жақсаруы;
өндірістік және экологиялық апаттардың алдын алу;
ресурстарды тиімді пайдалану;
техникалық және экологиялық қауіпсіздік есебімен барды тұрақты жетілдіру және
жаңа технологияларды ендіру;
еңбекті және қоршаған ортаны қорғау саласында Мемлекеттік және халықаралық қоғамдармен тұрақты бірлесіп әрекет қылу.
Осы мақсаттарға жету үшін Компания еңбекті қорғау, ядролық, радиациялық, техникалық қауіпсіздік және Компания кәсіпорындарында қоршаған ортанының жағдайына тұрақты әдістемелік басшылық, бақылау және талдау жүргізіп отырады.
“Қазатомөнеркәсіп” барлық кәсіпорындарында қоршаған ортаның, радиациялық, техникалық және ядролық қауіпсіздік жағдайына өндірістік бақылау жүргізетін еңбек пен қоршаған ортаны қорғау қызметтері бар. Бұл қызметтер зиянды заттардың шығуы мен тасталуына, қалдықтардың түзілуіне, тазалануына және көмілуіне тұрақты бақылау жүргізеді. Апаттардың алдын алу мақсатымен радиоактивті заттар мен басқа қауіпті жүктердің тасымылдануына бақылау жасайды. Қауіпті жүктерді тасымылдауға байланысты соңғы үш жылда бірде-бір апат болған жоқ.
Кәсіпорындар жыл сайын қоршаған табиғи ортаға әсерді азайту бойынша шаралар әзірлейді және қоршаған ортаны қорғайтын мемлекеттік органдармен келіседі. “Қазатомөнеркәсіп” кәсіпорындарында ластайтын заттардың шығуы мен тасталу мөлшерінен асып кеткен жағдайлар кездескен жоқ. Барлық кәсіпорындардағы өндіріс нысандарына аттетация уақытында жүргізіледі.
Экологиялық қауіпсіздікті қалыпта ұстау үшін, қоршаған ортаны қорғау бойынша жалпы бақылаудың құрамдас бөлігі болып табылатын, радиоэкологиялық бақылау жүргізіледі. Бұл жұмысты, мемлекеттік санитарлық бақылау органдарымен келісіліп, радиациялық бақылау номенклатурасы белгілеуіне сәйкес шама-шарықпен білікті өлшемдер жүргізу үшін дозиметрлік және радиометрлік аппартурамен жабдықталған, дозиметрлік қызметтер жүргізеді.
“Қазатомөнеркәсіп”-тің барлық кәсіпорындары белгіленген тәртіпте өнеркәсіп кәсіпорындарының қауіпсіздік Декларациясын әзірлеп және бекітіп ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі мен облыстық басқару органдарына тапсырды. Мүмкін болатын апаттар залалдарын жою үшін барлық кәсіпорындарда Төтенше жағдайлар министрлігі аттестациялаған арнайы бөлімшелер құрылған. Апат жағдайларында, шұғыл қимылдар мен кәсіпорындар бөлімшелерімен, Компанияның бас кеңсесімен және төтенше жағдайлар мен азаматтық қорғаныс органдарымен жедел байланыс үшін іс-әрекетке дайын диспетчерлік қызмет құрылған.
Үлбі металлургия зауытында (ҮМЗ) 2003 жылдың ақпанның 24-28 күндері зауытта қолданылатын қоршаған орта менеджменті жүйесінің ISO 14001:1996 халықаралық стандартының талаптарына сай сертификациялық экологиялық аудит жүргізілді. Сертификациялық орган құқықтарын иеленуші Dureau Veritas Quality International халықаралық ұйымының аудиторлар тобы аудит аяқталғанда Үлбі металлургия зауытының экологиялық менеджменті жүйесін жоғары бағалады. Ол жүйенің барлық элементтері бойынша процедураларды жіктеп әзірлегенде және экологиялық жәйттарды басқаруда қызметкерлердің өте жақсы дайындалғанын ерекше атады.
Кәсіпорынның экологиялық менеджмент жүйесінің бағалануын және қоршаған ортаны қорғау бойынша ISO 14001:1996 халықаралық стандартының талаптарына сәйкестігін 2003 жылы 24 наурызда Үлбі металлургия зауытының Dureau Veritas-тан алған Сертификаты дәлелдейді. Сертификат әрекеті бериллийді, танталды, ниобийді, олардың қосындылары мен бұйымдарын шығаруға, уран қосындыларын және олардың заттарын өндіруге, плавик қышқылдарын шығаруға, тасымалдауға, өндіріс қалдықтарын сақтауға және көмуге ықпалын таратады. 2004 жылы маусымда Dureau Veritas ISO 14001:96 – ға сәйкестіктің қайталанған аудитін өткізді. Үлбі металлургия зауытының жұмыс кезінде кәсіпорын қызметінің ISO 14001:96 бойынша халықаралық стандарттармен дәлелденуі Dureau Veritas-тың арнайы есеп беруінде орын алған.
Тау-кен компаниясы (ТКК) уран өндіруді ең жаңашыл тәсілмен – уранды құмдақ түрдегі кен орындарының кедей кенінен алуға мүмкіндік беретін, жерасты ұңғылап сілтілендірумен (ЖС) өндіреді. Сонымен ландшафт пен жер қойнауына экологиялық зардап аз келеді.
Өндіріс қалдықтарын тазалау мен көму бойынша жұмыстар істелінуде. Кен орындарының аршылған блоктарын орнына келтіру жоспарлануда. Бұл жұмыстарды қаржыландыру бұрынғы құрылған тарату қорларынан жүзеге асырылады. Алынған уран химконцентраты қайта өңдеу үшін гидрометаллургиялық зауыттарға жіберіледі. Тау-кен компаниясының ҚР Мемстандартында аккредитациядан өткен қазіргі радиоэкологиялық зертханалары бар. 1999-2003 жылдардан басталған кезеңдерде, өзінің жерасты ұңғылап сілтілендірумен өндіру тәсілінің қоршаған ортаға және халыққа әсерін кешенді зерттеуді енгізу, қолданыстағы уран кен орындарының қоршаған ортаға ықпалын бағалау жөнінде жұмыстар жүргізілді. Қоршаған ортаға ықпалды бағалау нәтижесі Мемлекеттік экологиялық сараптаудан өтті және осы өндіру әдісінің қоршаған ортаға шамалы әсері туралы қортынды алынды.
“МАЭК-Қазатомөнеркәсіп”, ҚР Энергетика және минералды ресурстар министрлігнің бұрынғы бекіткен жоспарына сәйкес, жылдам нейтрондардағы БН-350 атом реакторын пайдаланудан шығару және консервацияға әзірлеуді іске асыруда. БН-350 атом реакторын пайдаланудан шығару бойынша жұмыстар қолданыстағы табиғат қорғау заңнамасына, санитарлық нормаларға және МАГАТЭ ұсыныстанына сәйкес жүргізілуде.
“Қазатомөнеркәсіп”-тің сенімді басқаруындағы Степногорск таукен-химиялық комбинатында (СТХК) 2004 жылдың қазанында 2004-2005 жылдарға қоршаған ортаны қорғау және радиациялық қауіпсіздік жөнінде алғашқы шаралар жоспары дайындалды және қазірде іске асырылуда.
“Қазатомөнеркәсіп” кәсіпорындарында еңбек және қоршаған ортаны қорғауды басқару жүйесін тұрақты жетілдіру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Болашақта “Қазатомөнеркәсіп” компаниясының кәсіпорындары бойынша SO 14000 халықаралық экологиялық стандарт талаптарына сай сертификат алу жоспарлануда. Табиғат пен адамдарға ұқыпты қарау “Қазатомөнеркәсіп” қызметі табысының кепілі.