Қорытынды бақылауға арнлаған тапсырмалар
1.Ауыл шаруашылық құстарын өңдеудің гигиенасы және технологиясы. Ұша мен ішкі ағзаларын тексеру әдістері. Құс өңдейтін кәсіпорындар. Сойылатын ауыл шаруашылық құстары. Тасымалдау, қабылдау. Союға дайындау. Сояр алдындағы байқау. Әр түрлі құсты өңдеу ерекшеліктері. Ұша мен ішкі ағзаларын тексеру әдістері және оны ұйымдастыру. Құс өнімдерін өңдейтін кәсіпорындарға қойылатын санитарлық талаптар.
2. Құс еті мен құс шаруашылғы өнімдерін мал дәрігерлік санитариялық сараптау.
Құс еті, морфологиясы, химиялық құрамы, тағамдық құндылығы. Құс етінің балаусалылығын анықтау әдістері. Құс етін биохимиялық зерттеу әдістері.
3. Жұмыртқаны және жұмыртқа өнімдерін мал дәрігерлік санитариялық сараптау.
Жұмыртқаның тағамдық маңызы. Құрылысы және химиялық құрамы. Жинау, сақтау кезінде қойылатын ветеринариялық санитариялық талаптар. Жұмыртқа ақаулары және сараптау ережелері. Жұмыртқа өнімдерін өңдеу технологиясы ветеринариялық санитариялық сараптау.
4. Балық шаруашылығы. Балық тұқымдастары. Қазақстандағы кәсіби ауланатын балықтары. Балық анатомиясы, еттің морфологиясы мен химиялық құрамы. Улы балықтар.Балық тұқымдастарына сипаттама. Қазақстанның кәсіби ауланатын балықтар. Балық етінің морфологиясы мен химиялық құрамы, биологиялық, тағамдық құндылығы.
5. Балықтарды тасымалдау, өнімдерін өндірістік өңдеу мен өндіру технологиясы. Балық және балық шаруашылығы өнімдерін ветеринариялық санитариялық сараптау және санитариялық бағалау. Балық аулау және балықты есеңгірету технологиясы, қолданылатын жұмыс құралдары мен жабдықтары. Балық өңдеудің технологиялық негіздері мен тәсілдері – тұздау, қақтау, кептіру, ыстау және консервілеу әдістері. Консервіленген балық өнімдерінің ақаулары. Балық ұны, балық майы. Теңіз жануарларының еті мен майы.
6. Жұқпалы ауруларда балық және балық шаруашылығы өнімдерін ветеринариялық санитариялық сараптау және санитариялық бағалау.
Балықтың жұқпалы ауруларының жіктелуі (вирусты, бактериалы және микоздық) және олардың қысқаша сипаттамасы, осы ауруларда балықты ветеринариялық санитариялық сараптау және бағалау.
7. Инвазиялық ауруларда балық және балық шаруашылығы өнімдерін ветеринариялық санитариялық сараптау және санитариялық бағалау.
Балықтың инвазиялық ауруларының жіктелуі (протозойлық, гельминтоздық, акантоцефалездік, су шаяндарына байланысты және т.б) және олардың қысқаша сипаттамасы, осы ауруларда балықты ветеринариялық санитариялық сараптау және бағалау.
8.Жұқпалы емес ауруларда және улануларда балық және балық шаруашылығы өнімдерін ветеринариялық санитариялық сараптау және санитариялық бағалау. Механикалық зақымданудан, толық құнды емес, теңгерілмеген қоректенуден болатын балық аурулары. Балықтың тұншығып қырылуы. Осы зақымдануларда балық және балық шаруашылығы өнімдерін всс және санитариялық бағалау. Балықтың әртүрлі пестицидтермен, өндіріс қалдықтарымен, ауыр металдардың жоғары концентрациясымен, фенол, мұнай өнімдерімен, синтетикалық қара маймен, химиялық заттармен улануда балық және балық шаруашылығы өнімдерін всс және санитариялық бағалау.
9. Ара шаруашылығы, саланың эканомикалық тиімділігі мен маңызы.
Ара шаруашылығының қысқаша сипаттамасы, бал ара тұқымдары, бал ара үйірі және омарта өнімдері жөнінде мәліметтер. Ара шаруашылығы өнімдерінің түрлері және олардың сипаттамасы. Бал аралары өндіретін және өңдейтін өнімдері.
10. Бал ара аурулары кезінде ара шаруашылығы өнімдерін ветеринариялық санитариялық сараптау және санитариялық бағалау.
Ара шаруашылығы өнімдерін всс және санитариялық бағалау. МЕМСТ мен Республикалық техникалық шарттар мен ережелерге сәйкес балды сезімдік және зертханалық зерттеу әдістері. Балдың бұрмалануы және оларды анықтау тәсілдері.
11. Ұн, крахмал және желатиннің қоспаларын анықтау. Балдың қыздырылғандығын және балдың улылық дәрежесін анықтау.
12. Ара балының және өнімдерінің түрлері. Балды ветсансараптау және санитариялық бағалау. Балды сезімдік және зертханалық зерттеулер. Балдың жұмыстық ерітіндісін дайындау, балдың ылғалдылығын, тұтқырлығын анықтау. Балдың бұрмалануын зерттеу, борық қамыс немесе қызылша қантының, қантты шырынды ертіндісініңқоспаларын анықтау. Инверттелген қанттың диастаза санына қарай қоспаларын анықтау.
13. Шіре балын зерттеу – спиртпен, әк суымен және сірке қышқылды қорғасын ерітінділерімен реакциялар жүргізу.
11. Тағамдық өсімдік өнімдерін сараптау және санитариялық бағалау.
Тағамдық өсімдік өнімдерінің жіктелуі. Базарда сатуға рұқсат етлген өсімдік өнімдерін ерекшеліктері. Өсімдік өнімдерінің химиялық құрамына әсер ететін факторлар. Тағамдық өсімдік өнімдерінің қауіпсіздігі мен сапасын анықтау тәртібі мен ветеринариялық санитариялық сараптау.
12.Балауса тамыр-түйнектілер, жемістер, көкөніс, көкөнім, жеміс-жидек, саңырауқұлақ және бақша, жаңғақтарды өнімдерін сараптау. Балуаса және ауру цитрусты жеміс-жидектер, саңырауқұлақтар және бақша көкөністерің сапасын сараптау және санитариялық бағалау.
13. Ашытылған. тұздалған, маринадталған жәнне мұздатылған көкөніс, жеміс-жидектерді сараптау. Ашытылғын қырықабат, тұздалған қияр, қызанақ, қарбыз, маринадталған көкөністердің сапасын сараптау және санитариялық бағалау.
14. Ұн, жарма,крахмал, астық және бұршақ өнімдерін сараптау. Әр түрлі ұн мен жарма сапасын сараптау және санитариялық бағалау. Астық бұршақ пен бұршақ тұқымдастарының сапасын сараптау және санитариялық бағалау.
15. Тағамдық өсімдік майларын сараптау. Күнбағыс, зығыр, кендір, мақта жүгері, қыша, жержаңғақ, күнжіт майлары сапасын сараптау және санитариялық бағалау.