1 аралық бақылау
1. Класта 10 оқу пәні үшін күніне әртүрлі 5 сабақ болуға тиіс. Бір күндік сабақты оқу кестесіне неше түрлі жолмен жазуға болады
2. Бір адам 32 картаның ішінен 4 картаны кездейсоқ суырып алады. Суырып алғанда әртүрлі қанша жағдай болуы мүмкін.
3. Қорапта 20 шар бар, оның 12-і ақ, 8-і қызыл. Қорпатан кездейсоқ бір шар алынды. Алынған шардың ақ шар болу ықтималдығын тап
4. Теңгені үш рет лақтырайық. Елтаңбаның екі рет түсу ықтималдығын тап
5. Ақшалай-заттай лотереяның 1000 билеттен тұратын сериясына 120 ақшалай және 80 заттай ұтыстан келеді. Қолында бір билеті бар адамның заттай не ақшалай ұтыс ұту ықтималдығы неге тең
6. А,В,С және Д оқиғалары толық топ құрайды оқиғалардың ықтималдықтары төмендегідей: P(A)=0.1; P(B)=0.4; P(C)=0.3. Д оқиғасының ықтималдығы неге тең.
7. Егер А оқиғасы 2400 сынақта 1400 рет пайда болса және бұл оқиғаның пайда болу ықтималдығы 0,6 болса, онда функциясы аргументінің мәнін анықта.
8. Егер Z=3х - 2у және М(х)= 5, М(у)=3 болса, онда кездейсоқ шама Z-тің математикалық күтімі М(Z) неге тең
9. Үздіксіз кездейсоқ шаманың ықтмалдығының тығыздығы берілген
Математикалық күтімді тап
10. Х және У кездейсоқ шамасының үлестіру кестесі берілген. Z=3XY шамасының математикалық күтімін табу керек.