Көздің жасым төгілме

Скачать

 І. Кіріспе
Жас ұрпақты отансүйгіштікке ,елжандылыққа баулу адам баласының биік мұраты болса керек.Туып өскен елді,жерді сүю саналы ғұмырды оның көркейіп гүлденуіне жұмсау саналылықтың,көргенділік ,тектіліктің бұлжымас берік нышаны.Ұлт тарихына көз жіберсек,өткен жылдар тізбегінде ата-бабамыз бүгінгі тәуелсіздік таңы атқан бақытты күнге дейін небір зұлымдықты,ауыртпашылықты бастан кешті десеңізші. Әрине,ұлт тәуелсіздігі бізге мүлде оңай келген жоқ.Осы жолдарда кешегі өткен дәуір ұрпақтарының көксеген арман,қиял,мақсат ізгі мүдделері жатыр. Дана халқымыз өткенді танып білмей келешек жоқ деп бекер айтпаған. Аталар салған сара жол , салт-дәстүр,рух адалдығы, имандылық ұрпақтан-ұрпаққа мәңгілік жалғаса беруі керек.Ұлттық ерекшелік-ғасырлар бойы сабақтасқан тектілікті тегеурінді ұстау, бүгінгідей ғаламдану атты аждаһа ауыз ашқан шақта өздігімізді, елдігімізді біртұтас мызғытпай сақтап қалудың бірден-бір сара жолы екендігі айқын.Тәуелсіздік бізге аталар арманымен,аналардың көз жасымен,арулардың тапталған намысымен келді.Жас ұрпақ алдындағы ендігі міндет елбасымыз,Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айтқандай кең байтақ отанымыздың әр жерінде,әр түкпірінде ел мен жердің өткен тарихын зерделеп болашаққа ізгі қадам жасау қажеттілігі тұр.Таланттары қос-қостап шыққан Торғай өңірінде берісін алғанда кешегі алаштың ардақтылары Ахмет пен Міржақыптың орны бөлек екендігі даусыз .
Жұмыстың өзектілігі:Өмірін өлеңмен өрнектеген ақынның еңбектерін,Торғай мәдениетіне қосқан үлесінің зор екендігін бағалай отырып,Бәлдік Байтоғайұлының болашақ ұрпаққа мирас қылып қалдырған ақындық бай1 мұрасы ғасырлар бойы жалғасын табуы тиіс.
Зерттеу жұмысының мақсаты:Азамат болар әрбір өрен алдымен өзінің туған жерін,ата-тегін,атамекенінің өткенін білмейінше тұтас ел тарихын да біле алмайды.Біздің мақсатымыз,бұл ғылыми жоба арқылы жастарға өз заманында елі,жұрты үшін жанын сала еңбек еткен,халқының құрметіне бөленген тұлғалардың бірі- Бәлдік Байтоғайұлын танып біліп,зерттеп лайықты бағасын беру.
Алға қойылған мақсаттардан төмендегідей зерттеу міндеттері туындайды:
. аталар рухы алдындағы адами парызды өтеп,тектіліктің тамырын тірілту;
∙ ақынның болашақ ұрпаққа қалдырған ақындық мол мұрасын насихаттау; ∙ қазіргі жастарға еліне, жеріне деген патриоттық сезімін ояту;
Жеке салым:Бәлдік Байтоғайұлының Арқалық қаласындағы келіні Клара апаймен,жиені Ақмоншақ апаймен,немерелері Марат,Бейбіт,Қанат,Нұрлан,Жанар Батырханқызымен сұқпаттастым.Шәкірттері Аяпов Таймас,жұбайы Махамбетова Клара,Досжанов Хамит,Жиенбаев Қайрден,Бимағанбетов Орманбек ағаймен кездесулерде болып, бейне таспаға түсірдім.Ақынның арабша жазылған өлеңдерін аудардым.
Практикалық жұмыс:Ақынның Арқаның қараша қазына, Бәлдіктің Сарыарқаға шығарған өлеңі, Майдандағы ұлы Жарасханға, Айдарға, Қарт анама,этаппен Қиыр Шығысқа айдалып бара жатқан кездегі Бәлдіктің жүрген жолға арнаған сөзі өлеңдерін мәнерлеп оқып береді.
Ғылыми жаңалығы:1. Ақынның кейінгі ұрпаққа әлі естілмеген өлеңдерін жастар арасында таратып,жеткізу.ХХІ-ғасырдың жастары өз елінің дарынды тұлғаларының оларға арнаған шығармаларын білуі керек.
2.Ата жолын қуған ұрпақтары Отанымыз үшін,маңызы зор игі шараларды жүзеге асыру жолында батыл қадамдар жасаған.
3.Баласы Бәлдікұлы Батырхан Қызылқозы жерінде жаппай сауаттандыру жолында ең алғашқы мектеп ашып,білім берген ұстаз.

ІІ. Негізгі бөлім.
ІІ.1 Әулеттің шығу тарихы.
Біздің бұл ғылыми жұмыс зерттеу еңбегімізде тірілткелі отырған тұлғамыз осы өңірден шыққан аяулы перзенттерінің бірі-Бәлдік Байтоғайұлы .
Ол өз заманында исі қазаққа қадірі бар, көзі ашық азаматтардың бірі болған . Ахмет Байтұрсынұлы , Міржақып Дулатұлымен пікірлес, мақсаттас болған кісі.
Халқы үшін қашанда жанын салып , қазақ аты аталса қасық қанын қиюға әзір тұратын ұлтжандылығы баянды, жоқ-жітікке қайырымы мол азамат атанған . Еліне жақсылық жасау қолынан да, тілінен де келетін Бәлдік Байтоғайұлы азамат болып қалыптасу жолында ғылыми-мәдени тұрғы жағынан қазақтың қос арысы Ахмет пен Міржақыптан көптеген мағұлматтар алып отырған. Яғни, сол кісілердің ізгі ойларын елге, халық арасына таратушылардың бірі болды десек артық айтқандық емес.
Бәлдік -өз елін , жерін шексіз шынайы сезіммен сүйген нағыз хас патриоттың өзі . Арман-қиялы алысқа жетелеген елжанды азаматтың биік парасат ақыл-ойынан өрістеген өлеңдерін туып өскен жерінде көпшілік ұзақ жылдар бойы жатқа айтып санаға сіңіріп келген.
Ақын, көзі ашық сауаты мол Бәлдік өзі туып өскен Қызбел ауылында ең алғаш мектеп ашып, балаларды сауаттандыруға өз үлесін қосқан жан. Ақыл кеңесінің сыртында өз жағдайына, шиеттей бала-шағасына қарамастан қолындағы күш-көлік атан өгізін бір басты үйге айырбастап жаппай сауаттануға жол ашып берген жан.
Сол үй ел аузында Бәлдіктің мектебі ал қағаз жүзінде Міржақыптың мектебі болып қала берген. Әрине,бұл жерде ешқандай Міржақып даналығына шаң келтіру болмаса керек .Тарих тереңінен тартқан ел куә,көп жағдайлардың бірі осы. Демек,Бәлдік Байтоғайұлы Міржақып Дулатұлына да шарапаты тиген досжар таза тұлға.Бәлдік көп жылдар бойы Қызбел колхозында болыс болып жұмыс атқарған.Елдің әңгімесі.Қызбел жерінде болыстыққа ұсыну үшін,сайлауға түскен екі азаматқа екі қапшық берілген.Азаматтардың қайсысының қапшығында тастар көп жиналса,халықтың сол кісіге сенімі мол екендігін анықтаған.Халықтың басым көпшілігінің сеніміне ие болған азамат болып-Байтоғайұлы Бәлдік сайлауда жеңіске жетті..
Өнер білімінің өресінің кеңдігін жетік сезінген Бәлдік бабамыз өзінен тараған балаларын да жақсы оқып жоғары білім алуға тәрбиелейді.Және әкесінің жолын қуып,.балалары үмітін ақтады.
Бәлдік өміріндегі ерекше орын алатын тұлғалар оның балалары,бауырлары. Өзінің тетелес інісі Балқай Байтоғаев көп жылдар бойы елге қызмет жасаған жоғары білімді педагог болатын.Балқай аудандық Нар.Ком.Проста жемісті еңбек етті.Балқай білімді болғандықтан бауырларын да Алматыға жетеледі.Айдарбек, Жарасхан Қайырғали Бәлдікұлдары мұғалім боламыз деп КазГудың тарих және әдебиет факултетіне оқуға түсті. Ал,Бәлдіктің кенже інісі Қартбай Байтоғаев Мәскеудің Ломоносов атындағы университетінің тарих факултетін таңдайды .Бұл 1934 –ші жылдардың жүзі болатын.
Бір әулеттің білім қуған 4 азаматы демалыс уағында арбалап,жаяулап Сарықопаның қырынан көрінгенде жұрт Байтоғайдың арыстары келе жатыр деп шулайтын көрінеді. Құлындарыма көз тиді білемін деп отыратын кейіннен Бәлдіктің жұбайы Бәдиша кейуана тағдырдың тәлкегіне ұшырағанда.Әрине, бұл ел басына күн туған сонау сұрапыл соғыс жылдарының қыршын жастарды жапырақтай солдырған ауыр нәубетінің кеселі еді.Жер бетіне өлім сепкен сұм соғыс жолындағысын өрттей жайпап жалғыз,жайсаң деп қарап жатпады.Сол жолда Отан үшін жанын қиған Байтоғайдың әулеті де бар еді. Ел басына күн туған нәубет жылдарда ер азамат қолына қару алып, Отан қорғауға аттанғанда Бәлдіктің балалары да қарап қалмады. Олар өз еркімен өзге де ер азаматтар сияқты отан қорғауға аттанады. Әттең сұм соғыс болмағанда арманы алысқа жетелеген жастардың үлкен өмірде жетер жемістіктері,шығар биіктері алда еді. Көзі ашық, көкірегі ояу оқыған азаматтар тұтқиылдан елге жау тигенде жігер намыстары жанып, жұдырықтай түйілді.Батырлық қанында бар қайсар ұландар жан бағып елде жүруді өлім санады.
Шіркін,соғыс болмағанда ғой...!Бұл сағыныш кеудесін кернеген әрбір жанның өзек жарған өкініші еді.
Ағалар еске түскенде... Бұл ақындық әкесінен дарыған Ханзипа қыздың ағаларын аңсағанда шер өрілген өлеңі болатын.

Ағалар еске түскенде
Қырық жыл мейлі өтсе де,
Қайғылар ізі өшкен бе?
Қамығып әлі отырам,
Ағалар еске түскенде.

Анық танып жүздерін көрмесем де,
Ағалап соңдарынан ермесем де,
Анам айтқан мұңды әуенмен ұялаған
Отан үшін мерт болған ер есімі.

. Домбырашы біреуі,бірі әнші,
Өрім талдай өсіп ед бәрі сәнді
Сұм соғысқа тап келді,қайтейін-деп
Аһ ұрумен өткерді ана жанды.

Соғыс өрті төнгенде қас-қағымда,
Оқып жүрген кездері ед Алматыда.
Ата-ана, туған елге қайрыла алмай,
Кете барды кек толып жас жанына.

Аттандық төртеуі де қорғауға Отан,
Өздері жоқ,хат жетті жазған жолдан.
Ана өзегін өкініш өртеп кетті ,
Шығарып сала алмаған бірін қолдан.

Төрт өрім сол кеткеннен қайрылмады,
Өсер бас ұрпағынан айрылғаны.
Тым болмаса біреуі келер ме деп,
Ана көңіл үмітінен айрылмады.

Үмітін өшірмеді, жалғап кетті,
Көкейінде Ананың арман кетті.
Боздақтардың аты өшпесін,айта жүр деп,
Аманатын біздерге арнап кетті.

Үлкендер кетіп қалды еске алатын,
Өткендерден естелік біз алатын.
Ер есімі мәңгіге сақталсыншы,
Ұрпақтардан ұрпаққа апаратын.
1985 жыл
ІІ.2 Белгісіз есімдер.
Ақын да,батыр да шыққан киелі Торғай жерінің төл перзенті Байтоғай баба баласы Бәлдіктен Тараған ұрпақ та жастайынан өнер білім қууымен қатар өнерге де тым жақын еді.
Жарасхан оқып жүріп 1937-ші жылы Мәскеудегі домбырашылар сайысына қатысса, Айдарбек үрмелі аспаптар оркестрінде өнер көрсеткен. Екеуі де сұңғақ бойлы, аққұба өңді сымдай тартылған сері мінезді келбеті келіскен кісі болған көрінеді.Ойын той отырыстардың гүлі , елінің үміт артқан еркесі болатын дейді білетіндер.
Болсаңдар Бәлдіктің балаларындай ақылды, Байтоғай әулетіндей оқымысты болыңдар деген сөз ел ішін көп аралаған. Өнер-білімнің арқасында ерте есейген елге кең тараған фамилия- Байтоғаевтар қай заманда болмасын тектілік туын жықпай көргенді тәрбиесімен, өнерімен, мінез-құлықтарымен өз тұрғыластарына үлгі де бола білген.Оған олардың өздері сұранып майданға аттануы, соғыстағы ұлдарын қайрап ата жүрегін аңыратып жыр жазған Бәлдік өлеңдері куә. Маңайына шаң жұқтырмайтын марғасқа ұландарының болғанына Торғайдың паң даласы , бетегелі белдері, боз жусанды шөлдері, қайнар бұлақ көлдері де кепіл бола алады. Бәлдіктің бауырлары сол пед. институтта оқып жүріп 1941-1942 жылдары соғыста хат хабарсыз кетті.
Қартпайдың сүйегі Белорусияда ,Минск қаласында Бауырлар зиратынан табылды.Жарасхан мен Айдарбектен деректер жоқ.Қазақ халқы талай қиын кезеңдерді басынан кешіп,елін,жерін қорғап азаттығы үшін ішкі, сыртқы жаулармен де сұрапыл айқасқа түсті.Ерлік, елдік көрсетті.
Бәлдік Байтоғайұлы қанша Совет үкіметіне адал қызмет етсе де 1937 жылының аяғында нақақтан жалған жаламен ұсталып асыл азаматтарымыздың талайының сүйегі мәңгілікке қалған-Магадан қаласына Қиыр Шығысқа 25 жылға айдап жіберілді.Онда да ұзақ тұрақтандырмай Калымаға жібереді.Мойнына қойған кінәсі барша қазақ зиялылары арқалаған- халық жауы деген сөз.Аманкелді табанынан бұл соңғы ұсталыс болыпты.Бәлдік Байтоғайұлыың артынан ешкім ұсталына қоймапты. Бәкең адал азамат қой,шіркін.Қолын шошайтып ешкімді артынан ілестіріп ала кетпеді.Жарайсың,азаматым!-деп соңынан ел риза болып,көпке дейін айтып жүріпті.Сол жерде жүргенде тұрмысынан ақын болып жаратылған одан бүрсендеп тұтқын болып өлмешінің күнін көріп жүрсе де, оның адамгершілік сезімін ешбір қару мұқатып ,тұтқындай алмады.

ІІІ.Практикалық жұмыс.
ІІІ.1 Өмір поэзиясы.
Күз айының суық күндерінің бірі болатын.Көп тұтқындармен бірге Бәлдік те үстінде жұқа копайкесі бүрсең қағып балшық күреп жатқан.Әлдеқайдан құлаққа таныс жағымды бір дауыс естілгендей болды.Басын көтеріп тыңдап қалды.Қараса кәдімгі Сарыарқаның қараша қазы.Дауысы анық естіле бастады. Мені көрдің бе,естисің бе дгендей төмендей ұшып,қалықтап барады.Бұл оның онсыз да қам көңілін тебірентіп кетті.Бәлдік өзін-өзі тоқтата алмады.Көзінен жас парлап ақты.Күрегіне сүйеніп тұрып,құстар көзінен ғайып болғанша қарап тұрды.Сарыарқаның қараша қазына қолын бұлғап,еліне ыстық сәлемін жолдады.Жазықсыз көрген азабы,шкі ой толғанысы,ел-жұртына сағынышы-бәрі –бәрісі қосылып,сол түні Арқаның қараша қазына деген өлеңі туындаған еді.

Арқаның қараша қазына.
(1940 жыл.Колыма.)
Биік тау айналада тұрған қоршап,
Өң бойы өрім ағаш біткен самсап.
Бұлдырап таудан сулар ағып жатыр,
Көзбенен көргендерге емес жансақ.
Қолында жұмыскердің қайла,күрек,
Ұстаған оны бекем жуан білек.
Забойдан алтын кенін беріп жатыр,
Алдағы ташкесіне салып күреп.

Күз айы сентябрьдің түні ұзарып,
Бұлттанған қара суық күн мұнарып.
Забойда жуатұғын науасына
Төменен машина тұр су шығарып .
Аққан су терең емес, саяз шалшық,
Мендағы суда тұрмын күреп балшық.
Сол күні бригадирдің қосуымен
Тұр едім түстен кейін каналды ашып.
Сары уайым кенеттен төне қалды ,
Көңілімді әлде неме бөле қалды .
Жері алыс сүрегі ұзақ ауып келген
Көңіліме әлде неме келе қалды.
Сүйеніп күрегіме тұрғанымда
Бір дауыс аспан жақтан келе қалды.
Келгенінен жақын келіп жанай қалды,
Қасірет көкіректен тарай қалды .
Сүйенген күрегіме бас көтеріп,
Екі көз жоғарыға қарай қалды.
Көңілді жадыратқан жаз секілді,
Тиеді жылы майда нәз секілді.
Ой бөліп сол арада қарап тұрсам,
Кәдімгі қаңқылдаған қаз секілді.
Жануар келген екен болған соң жаз,
Тұруға мұнан артық уақыт аз.
Терістен Тундраны жайлап қайтқан,
Кәдімгі Сарыарқаның қараша қаз.
Қаңқылдап қанат қағып қалқып барад,
Тілініп қатарымен шалқып барад.
Аспанның адаспайтын жолыменен,
Алдында командирі тартып барад.
Дауысын жануардың естігенде ,
Елжіреп бойым еріп,балқып барад.
Ойыма мұны көріп жас та келді ,
Нақақсыз жазық жала басқа келді.
Мендағы туған елге барам ба деп,
Көзімнен бұршақ-бұршақ жас та келді.
Зар жылап қалып еді менің анам ,
Қасында қоса жылап қатын ,балам.
Аңсаған ақ ананың мауқын басып ,
Мендағы туған елге қашан барам.
Жарықтық Сарыарқаға барады-ау деп,
Еліме Қазақстанға айттым сәлем.
Ойладым мен де осындай қашан қайтам,
Байпаңдап қара жерді басып байпаң.
Туған жер өскен елге барады-ау деп,
Жеріне Сарыарқаның айттым сәлем.
Қаңқылдап қанат қағып өте шықты ,
Дегендей сәлемімді айтам-айтам.

Осы өліңінде азамат Бәлдік өзінің өлең хаты арқылы туған жеріне деген шексіз сағынышын білдіреді.
Бәлдіктің әрбір өлеңі болған жерінің, көрген азабының, қиянатты өмірінің айғағындай.Барлық шындық ашық та анық айтылған.Ол бір өлеңінде өздері жұмыс істейтін учаскеде он төрт орыс, он бір қазақ бірге болғанын айтады.Демек әр учаскеде бес-алты қазақтан болғанның өзінде (орташа есепппен) ол жақтағы түрмеде қазақтар үлесі де аз болмағанын көрсетеді.Бұл сол жақта қаншама қазақ баласының елге оралмай қалғанын дәлелдейді.
Бәлдік Байтоғайұлын канвоймен әкетіп бара жатқан кезде, бір калошын шешіп кетсе керек,оған таң қалған әйелі Бәдиша калошын үйге әкеліп қараса ,ұлтарақтың астына бір парақ хат жазып жіберген екен.Хатта Ежов ұсталынды, енді ізденуге жол ашық.Мына статья бойынша ізденіңдердеп статьяның номерін жазыпты.Артында қалған көзіашық азамат-інілері Балқай мен Қартпайдың сол кездегі ізденуінің арқасында ақталып,25-жылға кеткен Бәлдік,төрт жылдан кейін аман-есен елге оралды.Бірақ темірдей денсаулығы сыр беріп,көрген қорлық зомбылықтан мүгедектік халге жетіп еді.Бәлдіктің барлық өмірі-поэзиясында.Ақын ел ішіндегі әлеуметтік ,қоғамдық өмірге белсене араласады.Соларға ақындық үн қосып отырады.Бәлдіктің өлеңдері негізінен Отанға,халқының ел жұртының тағдырына бағышталған.

Бәлдік ұстанылар алдында сол аудан орталығында жер мекемесінде қызмет еткен.Өте сыпайы,жаны таза және ел аузында айтылып жүретін өлеңдерімен ақын атанған кісі.Ал,негізгі туып-өскен ата мекені-Аманкелді ауданымен іргелес жатқан Жангелді ауданы Қызбел совхозы,Сарықопа мен Қоңыраулы өзенінің бойында.Сарықопа бір кездері мал мен жанға сая,құт-береке мекені болған.Бәлдік туған жер,өскен елін шексіз сүйген адам.Оның бұл қасиетті сезімі әрбір өлеңіне арқау болады.Ата мекен,туған жер туралы жазылған өлеңдеріне қарағанда дүниеде бұл жерден артық жер жәннаты болмағанға ұқсайды.Және әрбір тау-тасын,өзен-бұлағын,асу-қырқасын жадына сақтап,солардың бәрін қазірде естіле бермейтін көне аттарымен жырға қосқан.
Колымада жүргенде туған жерін сағынып елге жолдаған өлең-хаты күні бүгінге дейін бүкіл жұрт аузында жүр:

Сарыарқаға шығарған өлеңі
(1940 жыл . Калимада)
Сәлем де Сарыарқаның алабына,
Бұрылып бөлек шыққан танабына.
Жасымнан қоныс қылып мекен еткен,
Ақсуат Толтан түбек аралына.
Кіндігі қоңыраулы сағасы еді,
Бас қосса үш Апайдың адамына.
Мәжіліс ойын тойы жарасушы ед,
Жеткендей көңілге алған талабына.
Мен туған сол алапта бір жан едім,
Сағынып сөз түседі қаламыма.
Жас жетіп жер ортаға таянғанда,
Кез болды нақақ жала таланыма.
Ісімді әділ үкімет адал шешіп ,
Ақталып туған елге барамын ба ?
Болмаса бір күн басқа ажал жетіп,
Көміліп бір шұңқырда қаламын ба?
Болжаусыз мұның бәрі тағдыр ісі
Көңілдің кімдер жеткен қалауына
Аз емес мойнымдағы артылған жүк
Жетпестей қалған өмір санауыма.
Өмірі адамзаттың тегіс болмас,
Көңілдің кім жетіскен қалауына.
Әуелі туып -өскен жерге сәлем.
Сол жерді мекен еткен елге сәлем
Ел үшін ықыласымен қызмет еткен
Ақ ниет ,адал жүрек ерге сәлем.
Мекені Қазақстан Сарыарқада
Көк орай, айдын- шалқар көлге сәлем.
Үн қосып анасына жамырасқан
Төрт түлік малдан туған төлге сәлем.
Өсірген төл анасы малға сәлем,
Жоқ емес, осы күнгі барға сәлем.
Ауруды шипа қылып сауықтырған
Сары қымыз сапырулы балға сәлем
Ертеңін жазған хаттай айтатұғын
Қария көп жасаған шалға сәлем
Бірге өсіп, туған жерді білетұғын
Сұраған мені еске алып жанға сәлем.
Сарқопа, буың шығып мұнарланған,
Айнала көк бетеге шұбарланған.
Кей жылы қамытшылық қыс болғанда,
Саған кеп паналауға құмарланған.
Ақпанның қалшылдаған аязында
Жып-жылы буың шығып тұмандаған.
Жүрмейтін қара боран қалың дүлей
Қыстаушы еді шаруалар құралданған.
Қыс болса бетке жылы буың шыққан
Мал жанға бірдей жайлы нұрың шыққан
Колхозшы қаза басып балық алып
Әпәнда қаушты суың шыққан
Ішінде таусылмайтын аң мен балық
Шаруа қуанушы еді балық алып.
Қазыны майландырып күлімсіреп,
Тұрушы ед Нұрмағамбет қапқа салып.
Үйшіктен сүзекімен лақтырғанда
Шортандар бұлқып жатыр мұзға барып.
Аралас ақ балықпен алабұға,
Көргенде бұл да қызық көзің қанып.
Мұз бетіне ойран салып асау шортан,
Бұлқиды өзі-өзімен ылаңданып.
Атады дәу табанды қолсандықтай
Нүрекең сүзекені суға малып.
Қоймайды ізге түссе қандай аңды,
Ақ тиын, түлкі, күзен -бәрін қағып
Еңбекпен атақ алған екпінді ердің,
Ісіне таң қалушы ед көрген халық.
Қызығы Сарқопаның сондай еді,
Жасымнан туып- өсіп көрдім анық.
Қамысы қарағайдай қызулы отын,
Шаруа маздатушы еді отқа салып.
Таусылса алып келу қиын емес,
Т үгелдей қазір барып шауып алып.

Шөп жемей жайылыммен мал шығушы еді,
Қаз аты ,сүйрік саусақ барын шалып.
Осылар еске түссе сағындырып.
Өртейді өзегіңді күйіп- жанып.
Қар еріп жазғытұрым су болғанда,
Күн жылып жердің беті бу болғанда
Бұл дағы мезгілінде қызық еді.
Ән салып түрлі құстар шу болғанда,
Айдынға келіп қонып аққу мен қаз.
Сыңқылдап әнге салып қылады мәз.
Келуші еді мекеніне жануарлар
Қыс өтіп, күн жылынып болғанда жаз.

Көк теңіз қопа толды құла суға,
Жер жібіп, шөптер өсіп жылы буға.
Жасаған табақтай қып ұя салған ,
Жыл құсы жұмыртқалай қалғанында.
Екі өзен -Теке менен Қоңыраулы,
Сай -сала толып жатыр аты даулы.

Таласып Сарықопаға құюшы еді,
Еткендей бір ауыздан бәрі қаулы.
Сарыарқа, Сарықопа осылардың арнасы еді,
Өзен сай бұл қопаның баласындай.
Толтырып Шүмектіден құятұғын
Мұқырым сен де айтылмай қаласың ба-ай.
Алабы Сарықопаның көрінуші еді,
Шыққанда Қарекеңнің обасын-ай.
Даярлап еңбекшілер салып қайық,
Айдынның кемеріне қақпан жайып,
Құспенен жұмыртқаны қатар алып
Қалушы сол уақытта бір тоғайлып.
Қайықпен қалың нуды тіліп жарып ,
Қай жерде ұя барын біліп алып.
Әуелі жұмыртқаға тимей тұрып,
Кетеді ұясына қақпан салып.
Аралап келесі күн сыпырады,
Құсымен жұмыртқаны қатар алып.

Қайықты толы қылып кешке таман,
Нұрекең қайтушы гүлдей жанып.
Әкеліп замандасқа беруші еді,
Азырақ шаттықпенен күліп алып.
Бір емес талай адам кәсіп еткен,
Қылады таусылмайтын құс пен балық.
Жылдарда күйзеушілік көмек болып,
Күнелтіп кетуші еді талай халық.

Су тасып Қоңыраулы сағасына
Өзеннің асып шығып жағасына.
Көк шалғып ұлы байтақ өсуші еді,
Шегініп су қайтқанда сабасына.
Колхоздар ие болмай көп шабынға,
Шабылмай қалушы еді даласында.
Үйіліп мая, шошақ үсті-үстіне
Қарасаң көз сүрінеді қарасына.
Мол жетіп қол ұзарды айдауына
Биенің құлыны өсіп байлауына.
Шарабас, Қызбелімнен аққан бұлақ,
Ел қонып отырушы еді жайлауына.

Қызбелім,қызбел десе белің қандай,
Көк адыр сұлап жатыр тартқан сымдай.
Төгіліп екі жаққа мөлдір бұлақ,
Таласып ағып жатыр бір күн тынбай.
Қызығың еске түссе қайран Қызбел,
Зарығын сағынамын сабыр қылмай.
Көк шалғын көк бетеге шөбің шүйгін
Жұпардай таза ауа шықса бигің,
Қатыр мен Қыземшектің адырына.
Шаңқылдап көк қаршыға қонар тұйғын
Жайлаудың жанға рахат қайран Қызбел
Келеді сағынғанда қыздай сүйгім.
Қызбелім сұлу қыздай керіліп тұр,
Үстіне қыпша белдің шыққан кезде
Аңғары Қарт пен Күйік көрініп тұр.

Көкорай шалғын өскен жиегіне ,
Мұздай су жұтсаң өтер сүйегіңе.
Наурыз алабымен көрінуші еді,
Шыққанда Тоңқайманың биігіне.
Бұлдырап бұлақтары жетіп жатыр,
Жетелен алып барсаң Күйігіңе.
Қабағы Тоңқайманың сондай биік,
Төрелер бағынғандай басын иіп.
Наурзым алабымен Бозқасқаны,
Көзіңе көрсетеді бәрін жиып.

Бозқасқа бұған қарай мұнаратын,
Айту мен шақырғандай көңіл сүйіп.
Мен сенен аласа емен дегендейін,
Шоқтығың кербезденеді бөркін киіп.
Қасында қарсы қарап есен -аман
Қара жол жортып жатыр соған таман.
О дағы үш адырдың бірімін деп,
Мұнартып қабақ түйіп қарақ бұған.
Алабы Қартпен Күйік жатқан байтақ,
Көк шабын малға жайылым көрсең байқап.
Колхозшы машинемен сыпырушы еді,
Көкорай шалғын кезде шауып жинап.
Жұпардай ауа жақсы салқын самал.

Түлкімұрт ,көк бетеге, жоңышқалы.
Шайлайды семіздіктен жайылған мал.
Сағынып сені жоқтап тұрмын бүгін
Таусылмас айта берсе көп қызығың.

Жаз күнде жанға рахат қайран Қызбел,
Болмаушы еді ызыңдаған маса –шыбын.
Құттыбай ағып жатыр Қартқа қарап,
Тұрмайды ағысына тас домалап.
Қыс болса буы шығып қатпай ағып,
Колхозшы егін салады сені қалап.
Дұрыстап бөгеп алса аққан суың,
Салсада неше гектар жатыр жарып.
Көлімізгемалды жайып айдағанда,
Биені желі тартып байлағанда,
Ойын-той көп қызығың түседі еске,
Ел қонып Жалғыз көлге жайлағанда
Мейірі құлағыңның қанушы еді,
Айдынға аққу қонып сайрағанда .

Көк адыр таусылмайтын бойың ұзақ,
Қақ жарған қара жолды жатырсұлап.
Зулатып қара жолмен жүргеніңде ,
Түсуші еді Айтбайдан ойға құлап
Лекер мұнда кел деп шақырып тұр,
Арасы жүргендерге емес жырақ.

Алабы жыландының малға тебін,
Тұрса да қысты күні қарлы боран
Шыққанда Лекердің қабағына,
Көз жетпейді Сарықопаның алабына.
Қара жол тартып жатыр күн батысқа,
Андағұл,Шеңбербұлақ ,Талдықұдық,
Жайлаған шаруалық малды құдық.

Аунаушы ем жас күнімде шаңдағыңа,
Жат болды енді менен қалғаны ма?
Жартыбас күн ыстықта суың тастай,
Жұтқанда мейірің қанады ішкен астай.
Жүргенде қара жол мен ерсіл-қарсыл,
Кетпейді бір жолаушы сені баспай.
Түседі сағынғанда жер есіме ,
Келмейді жерден бұрын ел есіме.
Саласы Талдысайдың көрінуші еді
Шыққанда Есенбике төбесіне.
Бәрі де енді жат боп қалып барады,
Тағдырдың салғанына көнесің де.
Аршалы аңырайып бұлдырап тұр,
Көк майса жекесінде ылбырап тұр.
Аршасы, тобылғысы ұшқаттары
Жел соқса ызың қағып сылдырап тұр.
Мекендеп арасында қызыл түлкі
Аулаған екпінді ердің болар мүлкі
Тазысын қосарына ертіп алып,
Аңшылар салушы еді ойын- күлкі.

Қызығың толып жатыр еске тұтар,
Зарығып сағынғанда көңіл мұңар.
Ашашы алып келіп отқа жақсаң,
Аңқиды үй ішіне иісі жұпар.
Қайран жер туып өскен Сарыарқада
Өлгенінше қызығыңды кім ұмытар
Шарабас Қызбеліммен бір тұтасқан
Көк шалғын мөлдір бұлақ жер ұнасқан
Мұнартып күн шығста Қотыр тұрса
Екідің едірейеді күн батыстан
Бұдағы кербезденіп керіледі
Менсінбей төбелерді жерлерді
Болғандай Сарқопаның мұнарасы
Алыстан атой беріп көрінеді
Иіріліп Теке жатыр нақ қасында
Бәрінде аралаушы ем мен жасымда
Сеңгірі Құлбекемнің көрінуші еді
Шыққанда үлкен Діңнін қақбасына
Шаруа күн көретін жер едің сай
Тебуші еді бауырыңды жабағы тай
Азықты еңбекшілер мол алатын
Сарыоба бейнеттенген егінге жай
Наурызым,Сыпсың менен шөбің шүйгін
Сағынып қызығыңды еске түйдім
Жазықсыз жерден ауып кеткен кезде
Осындай туған жерді нағып қидым
Қимасқа өз басыңда еркің бар ма
Кетерде жүрек жанып от боп күйдім
Ақырында сабыр етіп болған іске
Көзімнің бұршақтаған жасын тыйдым
Аман мен Қазанбасы қалың орман
Айнала шалқыған көл сол мен оңнан
Өседі өрім ағаш сый даланың
Кәдімгі шығарғандай егін қолдан
Даласы егінге жай көк бетеге
Қап-қара топырағы дымқылданған
Көсілітіп трактормен бұйралатып
Колхоздар жазғытұрым егін салған
Егіннің көптігіне көз жетпейді
Бұрылып жүре алмайсың қара жолдан
Кей жылдар бітік шығып бере қалса
Колхозшы үш жылдығын бірақ алған
Көз жетпейтін өсіп тұрған көк егінге
Арқаның бәрі де бай шөп егінге
Жайқалып пісер кезінде толқынданады
Жеткенше ұлы тобыр кемеріне
Арал мен Обағанның бары солай
Арқаның таусылмайды жері талай
Көк есіл,Көкшетау мен Әпеш ,Тобыл
Жер едің еңбекші елге ағылған май
Май емей бұл немене ойлап тұрсаң
Маялап жиналатын қызыл бидай
Табысы жалғыз ғана егін емес
Мыңды айдан әр түлектен колхозы бай
Бұл жерлер нағып мені сағындырмас
Болады ойлағанда көңіліме жай
Сарықопа кеттің қайда сенен бастап
Айтамын көрген қызық жерді растап
Өлкеаяқ,қабырға мен Қошалақты
Кетуге жарамайды айтпай тастап
Қошалық қысты күні қатпайды қалың
Шөп бермей жайып шығар көп жұрт малын
Ұядай боран жүрмес шұңқырлары
Мал келіп паналаса шиі қалың
Арыққа шөбі жемнен қем болмайды
Жоңышқа,көк бетеге щалулары
Құдығы белден қазса суы тастай
Шегендеп қысты күні бетін ашпай
Колхозға мал өсірген жер ұнамды
Қалмайды күйек алсаң тоқты қашпай
Отарлап малын салып қосын,қосып
Колхозшы кетуші еді көңіл қошын
Атыңды қалмақ қылша май деп қойған
Айтылмай қаласыңба ұлы Тосын
Қыс болса боран жүрмес панаң биік
Еңбекті ел қостаушы еді сені сүйіп
Тобылғы,арша жидек қатар өсіп
Отынға жер қорада алар жиын
Жауған қар арасында борамайды
Секілді түндіксіз үй тұрған тұйық
Жайылса мыңдаған мал бір шұңқырда
Жайланып арасында жатар сыйып
Арасы толып жүрген түлкі қарсақ
Жетелеп ізге түсіп тазы салсақ
Байлайды қанжығаға бұлаңдатып
Екпінді ер ел ішінде болған аңшы ақ
Артықша семірет деп Тосын шалы
Мақтайды бір мен емес елдің бәрі
Қалмақтан ер Жәнекең таңдап алған
Деп айтып отырушы еді қариялар
Ортасын ұлы Торғай жарып жатыр
Батысқа бұлдыр қағып ағып жатыр
Мақал сол су аяғы құрдым деген
Түк шықпас ұлы сорға барып жатыр
Жер бар ма Сарыарқаның даласындай
Өзен ,құм,орман,Қопа панасындай
Айнадай атпен шапса жері тегіс
Көз жетеді алыстағы қарсындай
Бәйгеге жүйріктерді қосушы еді
Үстіне мінгізгенді баласын бай
Арғымат Ұлытаудан ағып жатқан
Жер қайда ен Торғайдың саласындай
Қабағы аққан бұлақ айнала өзен
Шың ,құз боп кездеседі тау мен кезең
Тебінде жабағы тай өсіп шыққан
Жер еді аралаған бәрін сезем
Түбегі борап жүрмес қалың қияқ
Тебіннен боран шығар салсаң тұяқ
Шарасыз ерік бар ма тастап кеттім
Неғылып қызығыңды көзім қияд.
Колхоздар мыңдап малды айдаған жер
Мақтауға сені Торғай сөзге сияд.
Өзіңе қалың тоғай паналадық
Отардың алшақ салып араларын
Жаз күні колхоз малын семіртуші еді
Торғайдың жайлап жайын салаларын
Табаны таусылмайтын ұлы шабын
Оралып жүре алмайтын шөбі қалың
Көсіліп машинаға мен сыпырады
Көкорай піскен кезде биік шалғын
Бір жылда, жыл жарымдық шөбін шауып
Малына мол жететін азық алып
Үйілген маяларға көз сүрінеді
Қандай жұт болсадағы жоқ қой қауым
Жолдама Торғайдың бір саласы еді
Ел қыстап мекен еткен жамасы еді
Қыр егін өсіп шабын таусылмайтын
Басқадан берекесі тамаша еді
Құйылысы Жолдаманың Батпаққара
Шөп, қамыс қалың жері пана
Малға бай мекен еткен елі қалың
Айдаған колхоздары мыңдап қара
Бет алып Сүліктіге шыға келсең
Малға орын,салсаң егін беткей дала
Қаратып 15 ауыл бағып елді
Мекендеп малға жайлы байтақ жері
Геройдың атыменен атақтанып
Гүлденген аудан болып Аманкелді
Көз салсаң құр қуыстың алабына
Таусылмас ұлы шабын табанында
Көк шалғын аққан бұлақ қызыл қайың
Дәмдінің шығып көрсең қабағына
Отырсың арасында курорттай
Жұпардай салқын ауа самалына
Осылар ойға түссе сағынасың
Қайғырып жалғыз өзің қамығасың
Төзесің сабыр етіп амалың жоқ
Тағдырдың тәртібіне не қыласың
Екеулеп ақыл,сабыр жеңіп шығып
Соларға ақырында бағынасың
Ісімде әділ өкімет адал шешіп
Ақталып бұл жаладан көңілім өсіп
Дүниеге жаңа шығып туғандай боп
Көремін сонда сені болса нәсіп.

Бұл сол заманның мұңы, зары,шындығы емес пе?Соны азамат Бәлдік,ақын Бәлдік тамаша да шынайы көрсете білген.Сол уақыттың тыныс-тіршілігін паш еткен.Кейінгі ұрпаққа мәңгі ұмытылмастай жазып кеткен.Артына өлмес жыр қалдырған.
Сол кездері Бәлдік Байтоғайұлын құрметтеген.Ішіп отырған астарын жерге қойып оны аса зор ілтипатпен еске алатын көрінеді.Білдіктің ел үшін еткен еңбектерін баян ететін.
-Шіркін,ел қамын жеген азамат еді ғой,әлі есімде сонау ашаршылық жылдары Бәкең басшы болып арнай бригада құрып,астық іздеп Қараөткелге дейін барып қайтқанбыз,-дейді Сабыр қария.-Ауыс –түйіс артық кімде бола қоюшы еді.Ол жақта да өзіміз сияқты шықпа,жаным,шықпамен әрең отырған халық.Түнемелік келіп есік қаққанды кім жаратсын.Қайсыбір шайпау әйелдердің тілі тиген кездер де болған.Бірақ соған Бәкең қабақ шытып реніш білдірмейтін.Біз сонысына қайран қалып,рәі риза болатынбыз.Соңынан соның бәрі өлең болып шығатын.Қараөткел сапарынан құр қол қайтқамыз жоқ.Халыққа талғажау боларлық азық-түлік жинап қайттық.
Бәлдік Байтоғайұлы адамгершілік биік қасиеті,елге жасаған азаматтық қызметтері жұртшылық аузында көп айтылатын.Соның бірін өз құлағымнан естіп едім,-деп бастады Уаш ағай Бәлдік туралы естелік бір әңгімесін.-Ауылға алғаш мұғалім болып келген кезім.Мен Жангелді ауданының шеткері ауылдарының бірі-Жолшараға мұғалімдікке жіберді.
Кешкілік жатқан үйіме бір ақсақал келіп,отырған баршамызға дауыстап сәлем бере кірді.Есік алдында тұрған бойда:
-Осында мұғалім болып келген Бәлдікке туыс бала қайсысың?-деді.
Мен орнымнан ұшып тұрып,ол кісінің қолын алып жылы сәлемдестім.
Ол мені бауырына басып ұзақ тұрды.Арқамнан қайта-қайта қағып,әлдене ойына түскендей көңілі босап,орамалымен көзін сүртті.
-мен Бәлдікпен тар жерде бірге болған адаммын.Көз тірісінде тағдыр бізді қайта жүздесуге жазбапты.Ол менен бұрынырақ кетті.Менің Бәкеңнің алдында өтей алмай кеткен қарызым бар еді.Ең болмаса бір жақынын кездестірсем –ау деп жүруші едім.Жақсы келдің,балам Ағаңның қандай адам болғанын мен жақсы білем.Дүниеге ондай адам келе бермес.Келсе де сирек келер.Адамның адамгершілік қасиеті таршылықта,қысылтаяң шақта анықталады.Мен Бәкең болмағанда осылай еліме келіп ,жер басып тірі жүрген болар ма едім.Ол екі талай.Әлде сол жақта,түрмеде сүйегім қурап,бір шұңқырда қалар ма едім.Бәкең турмеден ақталып шығып,сол түрменің маңайында 4-5 айдай жұмыс істеді.Сол жерде жүріп,ол менен басқа да талай қазақтың баласына қол ұшын берді.Таршылықта жүрген талай адамның сауабын алған-ақ шығар.
Кайран,Бәлдік-ай!Азаматтың асылы еді ғой!Мен оны өмір бойы ұмытпаспын,ұмытуға хақым да жоқ.
Сен, бала,бүгіннен бастап біздікінде боласың.Бұл үй оған ренжи қоймас.Кеттік кәне!
Оқу жылы аяқталғанша мен сол үйде болдым.Өз туған үйімнен кем болмады.Бәлдіктің інісі деп ерекше құрмет көрсетті.Демалыс күндері үйге қатынауға астыма атын да беріп қойды.Мен кейін білдім,Жүнісхан ақсақал тегін кісі емес екен.Ол Марал ишанның баласы болып шықты.1937 жылы жер түбіне айдалып,түрмеде Бәлдікпен бірге болғанмын-деп аяқтады естелік әңгімесін Уаш ағай.

Майдандағы ұлы Жарасханға .1942 жылы жазылған.
Қалқам, Жарас, сағынып.
Хат жазамын мен саған
Жеті жылдай көре алмай
Болып жүрмін күнде алаң
Тәрбиелеп жасыңнан
Өсірген сені мен ағаң
Өнер ғылым білсін деп
Білімді адам болсын деп
Тілеуші еді ата-анаң
Жасыңнан баулып қарағым
Тілегіңді тіледім
Көптен бері көре алмай
Сағынды сені жүрегім
Ғылым өнер білуге
Мектепте оқып жүр едің
Өсірген баулып кеңестің
Жайнаған жаңа гүлі едің
Білім алып жүргенде
Жасың толып міндетке
Отанды қорғар ұлы едің
Толған соң жасың міндетке
Отанды кеттің қорғауға
Мен де тілеп тұрамын
Жамандық саған болмауға
Қайраттанып қарсы тұр
Қастық қылған сұм жауға
Қорқақтық қылып майданда.
Қылма өзіңе жан сауға
Геройлық етіп атақ ал.
Тырыс артта қалмауға
Қан кешкен қызыл майданда
Төзіп үйрен талмауға.
Беті қайтты жаулардың,
Геройлардың күшімен.
Төзіп-шыдап тұра алмай,
Айрылды дұшпан күшінен.
Біздің қызыл қырандар
Уралап алға ұрандар.
Бұл сияқты бақытпен
Келсең аман ағаңа,
Тірі көріп сүйгізсең,
Үйдегі қарт анаңа.
Кім тілектес болмайды
Отанды қорғар балаға?
Советтің жаңа жастары
Отан үшін туғансың.
Толған соң жасың міндетке
Майданға белді буғансың.
Советтің қызыл әскері,
Отаншыл герой жастары
Басын кесіп дұшпанның
Қылышын қанға суарсын.
Жеңіліп жаудың әскері,
Отаншыл герой жастары
Басын кесіп дұшпанның
Қылышын қанға суарсын.
Жеңіліп жаудың әскері,
Тас-талқан болып күштері
Қызыл тумен тулансын.
Жауды жеңіп герой боп,
Атақ алған герой көп,
Сен секілді жастардан
Тілегі солай ағаңның.
Сау қайтсаң жауды қиратып,
Қуып шығып Отаннан.
Қамалын бассаң күйретіп,
Апарып таста шұңқырға
Арам тәнін сүйретіп.
Тілегі солай ағаңның.
Қош боп тұр қалқам, көргенше,
Сау-саламат көрісіп
Амандық қол бергенше,
Жатсам тұрсам сол тілек,
Сағынады шын жүрек
Аман-сау қайтып келгенше.
Бәлдік бұл өлеңінде бауырына деген сағынышын,Отанға деген патриоттық сезімін білдіреді.
Хатпенен жөнелтіп жатқан бұл өлеңдер отанды қорғар балаға үлкен рух беріп, патриоттық қадам жасауға баулыса, әрбір жазған өлеңдері өзіне де кәдімгідей күш –қуат беретін.Көңіліне сенім ұялататын.
Бәлдік Байтоғайұлы науқасынан айығып кете алмайтынын сезген соң,балаларымен де жүздесе алмайтынына көзі жеткеннен кейін Айдарын сағынып шығарған өлеңі. Айдарын көре алмай дүниеден өтті.22 ақпан 1944 жыл.

Айдарға.
Қарағым, айналайын, Айдарым-ай!
Көре алмай дидарыңды қалғаным ба-ай.
Еркелетіп өсірген ағаң едім,
Кетем бе жете алмастан арманыма-ай!
Бір көру сені ,қалқам, арман боп тұр,
Сағынып ауру жеңіп талғаным-ай.
Мінеки 10 жыл болды көрмегелі,
Көрісіп амандық қол бермегелі.
Жан қиып Отан үшін жүрсің, қалқам,
Болмаса сағынасың сен де мені.
Балалық қызығыңды көрдім ,қалқам
Соңымнан қара болып ердің ,қалқам
Жарасхан екеуіңді қатар ұстап,
Кеңестің тәрбиесіне бердім, қалқам.
Бір жақтан атқа мініп келгенімде,
Жүгіріп қанат қағып келдің ,қалқам.
Мінгізіп біріңді артқа,біріңді алға,
Болғанша аттан түспей тұрдың, қалқам.
Бұл күнде ауру жеңіп,қуат бітіп,
Тағдырдың тәртібіне көндім қалқам.
Тәннен етім артылып,
Дем алысым тарылып,
Күні-түні жөтелден
Дауысым бітті қарлығып.
Қуат кетіп тәнімнен,
Кеміп тірлік сәнімнен.
Ажал көзге елестейді,
Айырам деп жаныңнан.
Қауіпке ауру айналды,
Мүгедек болған жай қалды.
Сөйлегенім сыбырлап,
Қатты дауыс байланды.
Қош бол енді,Айдарым,
Көре алмай сені қалғаным.
Тағдыр басқа таянып ,
Кетеді іште арманым.
Қош бол, қалқам ,Айдарым,
Осылай болды жайларым.
Құшып ,қалқам ,сүйюге,
Болмас па нәсіп дидарың.

Армандаған армандар да әр-түрлі болады екен.Бейбіт өмірдегі армандар бір басқа.Бәлдік Байтоғайұлының арманы зілзала заман әкелген қасіреттен туындаған арман еді.Өзі айтқандай,көп арманы орындалмай ішінде кетті.
Ағайын-туыстың,жанашыр жандардың қаумалаған ортасында оларға деген шексіз ризашылығымен 52-жасында Бәлдік Байтоғайұлы дүние салды.Өзінің талай мәрте сағынып,аңсап жырлаған Сарықопасына келіп,Қоңыраулының сағасынан,туған топырағынан мәңгіге орын тепті.
Қарт анама
(1940 жыл)
Қарт ана, қалың қалай,тірімісің
Жандардың қайғы тартқан бірімісің?
Қайғымен қартайғанда жүдеді-ау деп,
Аузында сөйлескеннің жырымысың.

Жазықсыз айыпталып балаң кетті,
Алды арты жарық емес, қараң кетті.
Қамаған қарулының ортасында,
Басында ерігі жоқ таран кетті.

Кеткенде анасына сүйгізе алмай,
Көңілінде балаңның алаң кетті.
Қайғырып көп жылыма менің үшін ,
Мендағы төзе алмаймын сенің үшін.

Сабыр ет ,тілек тіле жасағаннан,
Келеді онан артық неге күшің?.
Тілегі ата-ананың қабыл деген,
Перзенттің мерейі үстем болу үшін,
Жолдас көп бірге жүрген, жалғыз емен,
Ұлы той көппен көрген менің ісім.
Аса көп қайғырмаймын соның үшін.
Шешер деп әділ заңы үкіметтің,
Жастық та қол қатпаушы ең ойыныма,
Мінгіздің еркелетіп мойыныңа.
Келгенше он жасыма, әлі есімде,
Жатқаным апа-еркелеп қойыныңда.
Аналық еңбегіңді ақтаған жоқ,
Кеше гөр қарыз қылмай мойыныма ... (жалғасы бар)

Өмірде төрт бірдей ұлынан айырылып,ауыр қайғы кешіп,бәріне төзген қарт анасының бейнесі қандай!
Туған жер,оған деген сағыныш,ата-ана,оның қадір қасиеті,бала,оны әлдилеген ана,достық,ынтымақ-бірлік,не айтары бар Байтоғайұлы Бәлдіктің өлеңдерінің тақырыбы жан-жақты,жанға жайлы жырлар.
Байтоғайұлы Бәлдік жаны таза,рухы биік,ақын адам ғой.Ұзақ мерзімге жер тубіне сотталып кетіп бара жатса да келешектен үміт үзбеген.Сонау Қостанайдан итаппен аттанған күннен бастап,жолдағы әрбір күнін,басып өткен әрбір қаласын,орман-тауын,өзен-көлін өлеңмен суреттеп жазып отырған.Ол өзінше бір поэма дерсің.
Осылайша Ресейдің Омбы,Новосибирск,Иркутск,Хабаровск сияқты ірі калалары мен атақты Обь,Енисей,Лена,Анкара өзендері мен Байкал көлін басып өтіп,33 тәулік болғанда Владивосток қаласына келіп жеткен.Бұл жерде оларды пароходқа мінгізіп,жолда 7 тәулік жүріп,Магадан қаласына апарады.Одан әрі Колымаға жібереді.Ешқайда қашып құтыла алмайтын жер түбіне әкеп тастады.Ұшқан құс болмаса ,адам баласы бұл жаққа аяқ басып келе алмас.Өлсе де өтеуі жоқ тұтқындар.

Бәлдіктің жүрген жолға арнаған сөзі
(1939 жыл)
Өмірім ау бұл жалғанның көрдің несін
Қызығын мехнатын сездіресің
Өткен күн көрген түстей бәрі бұлдыр
Келмейді кетсе қайтып құп білесің
Кейде шат,кейде қайғы тегіс емес
Бәріне тап болғанда кездесесің
Жол тарттың сергелдіктің сапарына
Ақырын жаратушы оңға десін
Қайтармыз аман болсаң сайран етіп
Әділ заң ісімді ақтап етсе шешім
Бұл да бір тіршіліктің дауыры ғой
Айтайын жүрген жолдың әңгімесін
Біз шықтық Қостанайдан түнге қарай
Тар қыспақ этап арба жоқ кең сарай
Секілді қараңғы түн қалың тұман
Белгісіз алдағы өмір болар қалай
Қоштасып ата-ана ,жар мен бала
Бауырымдай туысқандар қалды жылай
Жазықсыз тірі айырылған жақынымнан
Жандар көп біз секілді талай-талай
Бәрінеде не болса да төзіп кеттім
Төзбеске амал бар ма тұрдық шыдай
Қоштастық Сарыарқаның сарайынан
Иа көргенше қайта келіп мұнан былай
Шешпесе әділ өкімет ақ ісіңді
Болжаусыз көру көрмес екіталай
Бұршақтай көздің жасы төгіліп тұр
Сүрткенде орамалмен бетін сулай
Жетпестей қалған өмір срок ұзақ
Ойласаң қайғы өртейді жүректі улап
Таласып темір тордың тесігіне
Қоштасып қалғандарға қолды бұлғай
Көл қылып көздеріңнің жасын бөгіп
Қош-қоштап жылаған жұрт қалды шулап
Күрсілдеп жер сілкініп екпінінде
Паравоз вагондарды тартты тулай
Түскенде қараңғылық мұнарытып
Жөнелді алға қарай арба зырлай
Тоқтамай түні бойы тартып келеді
Темір жол жатыр сұлап тартқан сымдай
Белгілі Троицкі бет алысы
Дамылсыз жүрді арба сол түн тынбай
Таң ата Тоғызақта тоқтанқырап
Тағы да жүріп кетті ұзақ тұрмай
Келген соң Троицкі қаласына
Болмайды Челябі ге бетті бұрмай
Айналып Челябіге бетті бұрдық
Аз,аздан станциада жолда тұрдық
Кеш жақын Челябігежетіп келіп
Ол жерде ұзақ тұрмай тағы жүрдік
Мысалы тозаққа да үйренгендей
Әңгіме, арба ішінде кеңес құрдық
Кішкене темір торлы терезесі
Қарайтын ашық жер жоқ,есікте құлып
Дәретті арба ішінде сындырамыз
Алдыңа одеялды перде қылып
Жататын,тамақ жейтін,жуынатын
Бәрі сол жар орынды мекен қылып
Күн ыстық,таза ауа жоқ,сасық иіс
Тұрады өкпеңді атып, бұлықтырып
Үш мезгіл есік ашып ас береді
Ұсынып мылтықпенен қарап тұрып
Бой жазып жүретұғын орының жоқ
Денеде қатқан қанды тараттырып
Төрт мезгілсөткесіне тексереді
Адамды мезгіл сайын санап тұрып
Сайраны бостандықтың сағындырды
Жазықсыз қойғаннан соң абақты қып
Түскен соң бұл сияқты ауыр халға
Қиындық келді ғой шыбын жанға
Бәріне не болса да төзіп тұрмыз
Еркің жоқ төзбесіне амал бар ма
Өткен соң Челябіден кешке таман
Шығысты бетке қойып жөнелді арба
Қорғанға сол түн келіп біраз тұрып
Айдады бұрқылдатып тағы да алға
Зулатып ұзақ күнге тынбай жүріп
Қонуға келіп жетті Қызылжарға
Сол күні Қызылжарға тұрды тоқтап
Жаңалап паравозды алды баптап
Эшелонға тағы сонан тіркеді арба
Айдаған олда тұтқын көрсе анықтап
Таң ата Қызылжардан өтіп кетті
Қоштастық Сарыарқаның жерін жоқтап
Суреттен жүрген жолды көргендерін
Кейбіреу шығарады өлең жоқтап
Тірі адам бұл жалғанда не қөрмейді
Шаттықпен ешкім кетпес өмірді ақтап
Болжаусыз алдағы өмір қалың тұман
Тұрмыс тұр келешекте нені сақтап
Амал жоқтан кездескенге көнеміз ғой
Көнбеске ерік бар ма кетер аттап
Шұбалған ұзын эшелон тізбектеліп
Паровоз айдап келеді жолды таптап
Құла су ағып жатыр терістікке
Үстінен темір көпір салған мықтап
Гүрсілдеп жер солқылдап екпінтіке
Айқайлап келеді арба зырлап,тоқтап
Орнатып су ішінетастан баған
Бекітіп темір көпір салған соған
Төбесі екі жағы решетке
Қауыпсыз құламастай еткен қорған
Қатар тұр келіс,қайтыс екі есігі
Соқпастай бірбіріне жолы тарам
Алдында қарауылда күзетші тұр
Жүрмейді ұлықсатсыз бөтен адам
Шұбалған көп вагоны тіркеуменен
Паравоз келді айғайлап соған таман
Тоқтамай су үстінен жүріп кетті
Қауіпсыз көпір мықты жоқ қой алаң
Бұлдырап астында өзен ағып жатыр
Қарасаң бас айналып кетер мазаң
Қаншама ауыр жүкпен басқаныма
Қайыспас қара жерде көпір ағаш
Шұбалған көп эшелонмен өте шықты
Жан-жағы решетке екі арадан
Бұлдырап астымызда Ертіс жатыр
Дегендей енді сенен қейін қалам
Өзеннің өттік арғы жағасына
Көпірдің көз тоймайды бағасына
Шұбалған этап арба тұрды тоқтап
Станция Омскидің арасында
Қарауға тамашалап кең тесік жоқ
Таластық темір тордың арасына
Кездестік нақақ жала жазасына
Бұл жерде бір күн тоқтап тағы жүріп
Біз келдік Новосибирск қаласына
Жарқырап ойдың суы ағып жатыр
Тасқыны түскен қайтып сабасына
Ұзыны қанша екенін кім біледі
Ені бар бір шақырым шамасында
Тамаша темір көпір қойған салып
Тасбағаны су ішінен қалап қағып
Таласып темір тордың тесігінен
Бұған да өттікбіраз қайран қалып
Шұбалған қара жолда керуендей
Поезбен өтіп жатыр қанша халық
Қапалап қайғы менен күйінесің
Сығалап тар тесіктен көрмей анық
Қаланың келіп тұрдың ортасына
Адам жоқ амандасар бізді танып
Күн ыстық ауа сасық булықтырып
Отырмыз тар орында күйіп жанып
Жүре алмай бұл қалаға екі қондық
Білмейміз неге тоқтайтыны бізге танық
Көшеде ерсіл-қарсыл жүріп жатқан халық
Белгілі ерікті адам көзге қашық
Бізге арман,сондай болып жүрермедік
Көргенде өз өзімнен қайғыланып
Таң ата бұл қаладан кетті жүріп
Белгілі шығыс жаққа бетті бұрып
Ұзайды эшелонымыз арба тіркеп
Келеміз тұтқын ғой деп кеңес құрып
Тоқтамай арба зулап жүріп кеткен
Белгілі бетке қытып шығыс бетті
Арада біраз жүріп көп тоқтамай
Лена мен Енисейді басып өтті
Красноярскийдің жағасында
Бұлдағы үлкен қала көрдік көпті
Беті ашық дала жер жоқ қалың орман
Айнымай тартады арба салған жолдай
Ну ағаш бір тау,бір сай тегіс жер жоқ
Сығалап қарап тұрсаң темір тордан
Атақсыз қанша қала қалып жатыр
Кездесіп ұзын жолда оң мен солдан
Қарауға көпшіліктен кезек алсаң
Сығалап тар тесіктен көзің салсаң
Темір жол екі қатар жатыр сұлап
Күрсілдеп өтеді арба ерсіл-қарсаң
Біраз күн көп тоқтамай жүріп кеттік
Арада неше қала басып өттік
Шамасы 20 күн таянғанда
Иркуттың қаласына барып жеттік
Атақты Иркут деген үлкен қала
Келеміз шет жағынан көзді сала
Әуелі біеуіне тоқтаңқырап
Екінші келіп түстік станцияға
Келген соң станцияға тұрды тоқтап
Түсірді арбамыздан бізді топтап
Моншасы алыс емес жақын екен
Конвойлар айдап жүрді екі жақтап
Әкелді моншасына түсіруге
Адам көп кезек күтіп тұрған самсап ... .(жалғасы бар)

Енді осы суретті елестетіп көріңіз.Қандай аянышты көрініс.Қиындықты көп көріп;өмір атты дарияда қайғы тереңіне бір батып,бір шығып ауыртпалықтың бәріне төзген азамат Бәлдіктің бейнесі қандай!
Байтоғаев Қартбай Бәлдіктің інісі 1942 жылы,неміс басқыншыларына қарсы ұрыста қаза тапты. Қартбай 1938 жылы Москвадағы Ломоносов атындағы университетін бітірген. Петропавл қаласында пед. институтқа тарих сабағынан беретін еді. Үйленбей оқудың соңында жүріп 31 жасында дүниеден өтті.Сол інісіне арнап Байтоғаев Бәлдіктің өлеңі.(Бәлдік інісінің өлімін ауылға келгенде естиді)

Қартбайға
Түн қатып келдім ауылдан
Асығып үйге жетерге
Амандықты білгенше ,
Көңілден алаң кетер ме
Майданға жүрген бауырың
Бір қабарын күтерге
Қат келмесе кешігіп
Ашылмас көңіл есігі
Шыдап сабыр етерге
Кіріп келсем үйіме
Жабырқап отыр қарт анам
Жас аққандай көзінен
Бетінде із бар сораң
Бетіме тура қарамай
Ішкені бойға тарамай
Көзіме менің көрінет
Зар тартқандай бір адам
Жабығып мен де отырдым
Не болды деп ойланып
Қайғының уы жайылып
Шымырлатып бойды алып
Көрші көлем аймақтан
Көп кешікпей жан-жақтан
Үлкендер келді жайланып
Сөз бастауға ымдасып
Бір-біріне сыбырлап
Жаманатты сезгендей
Бойым тұрды шымырлап
Сабыры кетіп жүректің
Соғып тұр қатты жыбырлап
Маған қарап үлкендер
Айтатын сөзін бастады
Кешігіп жүрген хабарды
Жаманат қылып растады
Қайырылыпты қалатың
Кешігіп асыл болатың
Қартбайың қаза тапты деп
Жаныңа қатты батты деп
Қайғымен жауып тастады
Қайраттанған жүрегім
Бордай болып егілді
Үміттенген тілегім
Қабыл емес делінді
Қол қанатым,тірегім
Қара жерге көмілді
Бауырласқа шыдамай
Көзден жасым төгілді
Ойыма түсіп қылығы
Сабырлы салмақ сылығы
Баса алмадым көңілді
Жыйналып көрші жанашыр
Тоқтау айтты көңілге
Сабыр етіп шыда деп
Ауыр қайғы өлімге
Болған іске болат бол
Азып,жүдеп жеңілме
Өлген қайтып келмейді
Бір түскен соң қабірге
Артың тіле қайырын
Деп жұбатты мені де
Сабыр етіп тоқтадым
Бұда дұрыс дедім де
Қайғыға қарсы қайрат қыл
Жүрегім сенде егілме
Пайдасы жоқ көп жылау
Көздің жасым төгілме
Көпке болған жұмыс қой
Алла қайғы емес қой
Құрбан көп мұндай елімде
Ерлікпенен жан қиған
Берген антын орындап
Отан үшін жан қиған
Шат қой інің сенің де
Осыларды ойлап бекініп
Сабыр етіп тоқтадым
Келсе де қайғы қабындап
Көңілді берік сақтадым ... ... (жалғасы бар)

Қартбайдың қазасынан кейін, Бәлдік ағайдың денсаулығы қурт төмендеп кетті.Іштегі жайлаған қайғы-зар қалайда сыртқа шыуы керек қой.Сол қайғы-зары Бәлдіктің көкірегін қарсы айырып,өлең болып ағылса керек.Ет бауыры езіле,көзінің жасы төгіле отырып,жан бауыры Қартпайға арнап жазған өлеңі кейінел арасына тарап кетті.Бұл сол кездегі ер азаматтары соғыста шәһит болған әр шаңырақтың қайғы-мұңын шертетін көпке ортақ зар еді.
Бәлдіктің түрмеге дейінгі жазған көп өлеңдері өзімен бірге тәркіленіп, қолды болып кетті.Бұл түрмеде жүргенде және түрмеден шыққаннан кейінгі жазған өлеңдері.
ІІІ.2 Текті де биік тұлғалар.
Байтоғаев Балқай-Совет Социалистік Республикасының Одағының сіңірген мұғалімі атағын иеленген Балқай көптеген методикалық оқулықтар жазды.Ақмола облысында мектеп директоры болып жұмыс істеген ол соңғы жылдары Облонода аға инспекторы қызметін атқарды.Ұзақ жылдар педагогика қызметі үшін көптеген наградалармен марапатталған.Сол кездегі бүкіл Ақмола ордасының азаматтары оны қазақ тілінің -құдайы деп атаған.Қызбелде болған оқиғаны жазып құрдасы белгілі жазушы Сәбит Мұқановқа қолжазбасын берген.С.Мұқанов солжазбалар арқылы Мөлдір махаббат кітабын шығарды.Бұл тарих шындығы.

Байтоғаев Абай Балқайұлы-Қазақстанның халық әртісі.1928 жылы Ақмола қаласында туған.Байтоғайдың тұқымында 2 саланы да бірдей дамыта білген.Біріншісі мұғалімдік,екіншісі ақындық,әншілік.Абай Балқайұлы 1937 жылы КазГу –дың тарих факултетіне түсіп, жақсы аяқтап,Ақмола қаласының мектебінде тарих пәнінен дәріс берген.1938-39 жылдары Москвадағы Гнесин атындағы музыка училищесіне түсті.Өмірінің соңғы жылына шейін Алматының Қазақ мемлекеттік театырында опера әншісі болып жұмыс істеді.Халқымыз ол кісінің ерекше даусын аңсайды. Сағыныш дауыстар, Қайталанбас тұлға рубрикасынан,радиодан жиі беріп тұрады.

Мырқы –ұзын бойлы ақын,сал сері жігіт болған.Ел аузында Мырқының жыры әлгі күнге шейін айтылып жүр.Жасында бір қыз бен жүріп,сол қыздың ауылына барам деп,күз айында судан жүзіп өткен екен,кейіннен салқын тиіп- кеміс болып қалады.Ол өлгенше жырларын айтып жүрген
.
Байтоғаев Мирасхан -1929 жылы туған. Алматыдағы КазГудың математика факултетін аяқтап ,Қызылқозы поселкасында мұғалім боп жұмыс істеді.Соңғы жылдары Қырғызстанның Бішкек қаласында математика пәнінен пед. институтында оқытушы болып жұмыс істеді.

Ханзипа Бәлдікқызы тарлан Торғай, қазыналы Қостанай өңіріне етене таныс,белгілі есім.Қаламы қарымды,ойы өрісіті,тілі шешен,даусы келісті,ұлт жанды,кез-келген көкейкесті мәселені дер кезінде тауып көтере біліуімен танылған әрі қаламгер,әрі жүргізуші,әрі диктор,бір сөзбен айтқанда ,сегіз қырлы, бір сырлы талантты журналист.Облыстық радионың ірге тасын қаласқан.Сонау 1971 жылы қарт Торғай, дана Торғай өз алдына шаңарақ көтеріп облыс болғанда соның алғашқы жетістігін,табысын,жаңалығын бүкіл жұртшылыққа жүрегі жарыла қуанып жар сала хабарлаған диктор.Әр сөзді мәнімен ,сәнімен оқып,әр журналисттің жазған очерк,суреттемесінің бағын ашқан жан.Туған өлкеде,атамекенде жұмыс істеп ,көпшілік құрметіне бөленіп жүргені жанын жадыратып,көңілін көктем ететін.
Кейін жолдасы Әулиехан Кәкімжановтың қызмет бабына байланысты Қостанай облысы Лисаков қаласына қоныс аударады.Әрине,өз мамандығына орай ханзипаға бұл жерден қызмет таба қою қиын еді. Адамның табиғат ана бергенқаілеті,кез-келген жағдайда көзқарасы ерекше болса жеңбейтіні ,алмайтыны бар ма?Ханзипа Бәлдікқызы Лисаков қаласындағы радио хабарларының қазақша бөлімін аштырып,оны бес жыл бойы үзбестен өзі жүрргізеді.Хабарларды жазатын да,жүргізетін де,дайындайтын да өзі.Кейіннен басқа жұмысқа ауысып,облыстық газетке тілші болған сәтте ұжымымен қимай қоштасқан.
Қалалық радиода жұмыс істегенде де ,Қостанай облыстық газетінің тілшісі болған жылдарда да қазақтың мұңын мұңдап,Жоғын жоқтаған.Қазақ балалар бақшасы мен мектебін аштыру, Ұлттық рухтағы тыныс-тіршілікті өркендету Ханзипа Бәлдікқызы қаламына негізгі арқау болған.Ұлт жандылығымен,сол жолда күрескерлігімен танылған.Қаптаған сары орыстың ортасында жүріп тіл үшін,қазақ әдеп-ғұрып,салт-дәстүрі үшін,оның биік рухы үшін күресу ол жылдары әйел түгілі ердің ерінің қолынан келе бермейтін.Ал Ханзипа Бәлдікқызы күресті.Жемісті,жеңісті істер тындырды.Текті де биік тұлға екенін танытты.Тілші болып жүріп Рудный радиосында қазақ тілінде хабар беруіне ықпал етті.Василий Петрович радио қалалық редакторы-наша Ханзипа Балдикова – второй Алтынсарин деген.Талант,тектілік қанмен келеді.Ұрпақтан ұрпаққа жалғасады деген сөз бар атамыз қазақта.Сол өмірден алынған.Бәлдіктің қызы Ханзипа да күнделікті журналисттік жұмыстан қолы қалт еткен сәтте көкейдегі көрікті ойын жыр етіп ақ қағаз бетіне түсіріп қоятын.Өлең жазуды кәсіп етпеген.Соңына түсіп қумаған.Тек өлең шіркін өзі сұранып,көкейден құйылған сәтте ғана жазуға отыратын.Ханзипа Бәлдікқызы өлеңдерінің тақырыбы кең.Жан-жақты,жәңе жүрекке жылы,жанға жайлы жырлар.Қарапайым да нәзік,сазды да нұрлы,айтары бар, өзгені ойландыратын,мұңға батыратын,қуанышқа бөлейті дүниелер.

Аңсау
Әкемді айтсам есіме ел түседі,
Сағыныш екеуіңе тең түседі.
Бұлт астынан мұнартып қол бұлғаған,
Көзге ыстық көлбеген бел түседі.

Әкем де жыр арнаған ата-мекен,
Қызбелім, қызбел десе қыздай көркем.
Сағынышым жеткенде құс боп ұшып,
Шарқ ұрып тау-тасыңды шарлап өтем.

Аңсаған мендағы балаңмын бір,
Жол түсіп өзіңе бара алсам бір
Етегіңде мөлдір бұлақ суларыңа,
Көз айна ғып шашымды тарасам бір.

Қырқаларға жүгірсем белден асып,
Қуанышын көңілдің нұр ғып шашып.
Әке-шешем көзіндей әжелердің,
Бауырына тығылсам мауқым басып.

Бауырына тығылсам мауқым басып,
Шаттығынан көңілдің асып-тасып.
Туған жердің топырағы қандай ыстық!
Иіскейінші кеудеме басып –басып.

Қызбелім,қызбел десем белің қандай,
Көңіл хошын келтірер атың жырдай.
Алыстан аңсағанда елім бар деп,
Айта аламын өзіңді сағым сынбай.

Әкемді айтсам есіме ел түседі,
Сағынышым екеуіңе тең түседі.
Бұлт астынан мұнартып қол былғаған,
Көзге ыстық көлбеген бел түседі.
1987 жыл.
Дейді Ханзипа Аңсау деген өлеңінде.Шындық па,шындық.Сағыныш па, сағыныш. Әдемі де шынайы жыр.

Арман тауым
Қайырылып бір қарағанда артыма
Жеткендеймін өмір сенің парқыңа.
Тек тіршілік сәнін құрғым келмейді,
Осы тұрған қара дүрсін қалпымда.

Қызықтырған қызыл түлкі дүние-ай
Кейбіреуге өмірдің өз сайындай.
Кейбіреуді арман болып алдайсың,
Желмен ұйтқып жеткізбейтін құйындай.

Байлық та емес,бақ та емес мақсатым,
Ойымда жоқ шықсын деген жақсы атым.
Жетпесем де бағдар түзу көксеген,
Арман тауым алыстағы асқақ тым, -
1987 жыл.
- деп аяқтайды.Неткен тазалық,неткен шынайылы Ағынан ақтарылып.жан дүниесін жайып салады.

Какимжанова Жарқын,Ханзипа Бәлдікованың тұңғыш баласы.Жарқын Арқалық қаласының №2 Джержинский атындағы мектепті үздік бітіріп, Мәскеудің химика-технолог. факултетін аяқтаған.Кәзіргі кезде Шветцариядағы Женева қаласында, дипломаттық қатынас жөнінде бас өкіл боп жұмыс істейді.Ағылшын тілінде Қазақстанның сыртқы экономикасы атты 2 кітабы шықты.

ІV.1 Қызылқозының алғашқы мектебі.
Бәлдікұлы Батырхан 1923 жылы Қызбел жерінде туған.Әкесі Бәлдік сотталып кеткенен кейін біраз қиыншылықтарды көрген. Жеті жасында Бәлдіктің інісі Балқай Байтоғаев Алматыға алып кетті.Пед. училищеде оқып жүргенде соғысқа аттанды.Курск қаласында соғысқан.1943-ші жылы аяғынан қолынан жараланып Иванов қаласында госпитальда жатты.Жауынгер қатты жараланғаннан кейін екі жетіге отпускіге жіберілді.Ресейден Қазақстанға пойызбан келген,ал елге арбамен жетеді.Бір ауылдан бір ауылға тоқтаған кезде танымайтын адамдар болса да,киімге,тамаққа,атын ауыстыруға көмек көрсетіп отырды.Ауылға да хабар жетеді: Бәлдіктің ұлы келе жатыр деген.Он үшінші күні ауылға жеткенде қалғаны бір ақ күн болған екен.Батырхан жақсарып,емделгенен кейін соғысқа қайтадан бармақшы болады,бірақ дәрігердің шешімімен соғысқа жарамсыз деген қағазды ұсынады.Сөйтіп мұғалімдік жұмысты 1943 жылдың аяғында 1944 басында Аманкелді жерінде бастапты.Мектепте география мен тарих пәнінен дәріс берді.1944-1950 жылдары Аманкелдіге інісі Мирасхан да мұғалім боп жұмыс істеді.1950-51 жылдары Арқалық қаласы салынады деп көптеген жұмыскерлер,студенттер,мұғалімдер жиналды.Кенді зерттеу мекемесінде,Арқалық рудникінің экспедициясында,забойда көптеген жұмыскерлер істеді.Сол жылдары Бәлдікұлы Батырхан Геологиялық Солтүстік кен барлау экспедициямен бірге Қызылқозы жеріне келеді.Ескі бір үйді (почтаның орнын) жөндеу жұмыстарын өткізіп Қызылқозы поселкасындағы ең алғашқы мектепті ашады. Ол мектеп Торғай қазақ мектебі деп аталды.1957ж.бастапУкраинадан,Херсоннан,Ростовтан,Россиядан, Белоруссиядан путевкамен адамдар келіп,палаткаларға орналасты.Мына суреттен Торғай орта мектебіндегі ұстаздар коллективін көруге болады:
Сол жағынан бірінші қатарда Валентина Василевна,Себастяна,Пешков,Ыбырай Қиқымов,физика пәнінің мұғалімі Мажитов,Мирасхан Бәлдікұлы,Отаршов Сабыржан,бастауыш сыныбының мұғалімі (енді оң жақтан) Бәлдікұлы Батырхан, Денисова, Тамара,Алпыс Алшынбаев , Ахметов Араш,Тән,Әнуар Боранбаев(бугалтер). (№ 1 фото)1959ж.Ұстазы жайлы шәкірті былай баяндайды.Батырхан ағай ат жақты, денелі, ақкөңіл, халыққа инабатты кісі болған.Үлкенге іні, кішіге аға бола білген. Батырхан ағай өте сыпайы, ақжарқын,турашыл, айтар сөзін айта білген, елге сыйлы,қатарына үлгілі кісі болған.Өтірікті жек көретіндеп еске алады Досжанов Хамит ағай ұстазы Батырхан Бәлдікұлы туралы.
Торғай орта мектебі 1950-56 жылдары 10 жылдық мектеп болып ашылды.Алғашқы директоры Бәлдіков Батырхан 1950-55-56 ж. басқарды.Ал сол мектептің-Алшынбаев Алпыс болған еді.Мектеп қазақша-орысша сыныптарды қамтыды.Барлығы 20-сынып болды.Оқушылар таңертеңгі, түскі және кешкі смендерде оқыды.Сабақ 8-00де басталып, сағат кешкі 10-да аяқталатын.Бұл мектептің алғашқы мұғалімдері: Бәлдіков Батырхан, Қанапия Әбдбібеков, Отаршев Сабыржан, Боранбаев Мінайдар, Жаненова Алма, Бәлдіков Мирасхан, және т.б.Сол мектептің алғашқы түлектері:Аяпов Таймас,Досжанов Хамит,Рүстемов Сейтжақпар,Маханова Тұрсын,Жусупов Аяхан,Жиенбаев Қайрден,Рамазанова Мырзекен,Хамзин Ақмолда,Абдрахманов Қайдауыл,Балдикова Ханзипа,Омаров Уаш т.б.Арқалық қаласының мектебі 1961 ж. Ш.Уәлиханов атында ашылды.
Сол мектепте болашақ жары да оқыды.Махамбетова Клара 7-сыныпта оқығанда Бәлдіков Батырхан мектеп директоры жұмысын атқарған.Бәлдіков Батырхан Махамбетова Клара Махамбетованың сөз айтқан кезде сіздің жасыңыз үлкен деп жауап береді де,Клара апай семья жағдайымен Атбасарға кетіп қалады.1952 жылы 1 жыл Клара Махамбетова Атбасарда оқиды.Бәлдікұлы Батырхан Атбасарға Клара апайды іздеп барады.1954 жылы Клараның әкесі Ағайдар Махамбетов жұмыс бабымен Қызылқозыға қайтадан оралады.Сөйтіп екі жас бір –бірімен қайтадан қауышуға мүмкіндік алады.Екі жылдан соң 10-сыныптың емтиханын аяқтамай Бәлдікұлы Батырхан Махамбетова Клараны алып қашады.Махамбетова Клараның жасы ол кезде 17-18 де болған,ал Бәлдікұлы Батырхан болса 31-дегі азамат еді.
Сенен білдім, шын сүюдің не екенін
Жалыныңмен жүрегімді өртедің
Сенен менен бақ баяным,өркенім
Сенсің менің келешегім,ертеңім
Сен бар жерде жүрек оты маздайды
Сенсіз маған бақыт қолын созбайды.
Сенің үшін шекпедім мен аз қайғы
Сенсіз менің атым өрге озбайды
Енді нағыз кедергілер басталады.Оқушысын алып қашты деп сотқа шақырып,жазаланады.Сондағы Батырхан ағайдың айтқан сөзі Жұмыстан шығарсаңдар шығара беріңдер, тек партия билетімді алмасаңдар болды деген.Мектеп директорынан босатылып,партия билетін қалдырады.1-2 ай жұмыссыз жүріп,кешкі мектепке сабақ беруіне сұранады.Содан 8 ай кешкі мектебінде сабақ береді.Бір жылдан кейін Батырханды қайтадан сотқа шақырылады.Сотта ол кездерде, қазақтың ұл қыздары оқуға кешігіп барған,қыздың жасы кәмелетке келді деп ,ақтап шығады.1961 жылы Арқалық ауданында Қайыңды совхозына мектепке басшылыққа жіберілген.Бәлдікұлы Батырхан жұбайы Махамбетова Кларамен және Қызылқозыда туған екі ұлы Бейбіт,Нұрланмен Қайыңдыға көшіп барады.Жан-жақтағы шағын ауылдардың балалары осы Қайыңды орта мектебінде оқиды.Балалардың жататын жерлері болмағандықтан мектеп –интернатын салдырады.Батырхан жұмыс істеп жүріп 1948-49 -50 жылдары сырттай КарГудың (Қарағанды университеті) тарих факултетін аяқтайды.Ол балаларды жанындай жақсы көретін,бір балаға қатты дауыс көтерген емес. Ол кісінің көзімен қарағаны да жететіндеп айтады зайыбы Клара.
-Клара апай сізге Батырхан ағай бестік баға қойды ма?
-Жоқ,ол кісі бағаға сараң болатын.Тіпті менімен оқыған кластас-құрбыларым ,ағайға айтшы,бір үш қойып бергізсеңші деп жалынатын.
Жұмыс істеп жүріп,ән айтып ,мектеп театр үйірмесіне қатысты.Мектеп театрландырылған қойылымда Абай рөлін сомдады.Ол ескі әндерді,күйлерді сүйсініп тыңдайтын,және домбыраға қосып айтатын.Қазанғаптың күйлерін ерекше жақсы көретін.Тұңғыш немересіне есімін Жарас деп ,ағасының есімін берді.Ал қарындасы Ханзипа Бәлдікқызы ер баласын Айдар деп ,ағасының есімін берді.Батырхан өмір жолында көптеген наградалармен Қазақ СССР-і және КСРО оқу ағарту ісінің үздігі медалімен марапатталды.Батырхан үшін ең басты байлық бала еді.Клара зайыбы бес ұл,екі қыз дүниеге әкелді.Бейбіт,Нұрлан ,Нұржан,Қанат,Марат, Жанат,Жанар.Баласының бесеуі де әке жолын қуып,мұғалімдік жоғарғы оқу орнының тарих,география,биология факултеттерін аяқтады. (Бәлдікұлы Нұрланның 3-сыныпта оқыпжүргендегі жазған шығармасы)
Менің кімге еліктегім келеді.
Менің папам мұғалім,тарих пәнінен сабақ береді.Мен папама еліктеп тарих пәнінен сабақ берсем деп армандаймын,балаларға тарих жайын түсіндіріп,және не туралы баяндайтынын білдірсем,соларға тарихты үйретсем деймін.
Балдиков Нұрлан.
Заманымыздың бейбітшілік кезеңінде яғни,1988 жылы Бәлдікұлы Батырханның кенже баласы Марат Балдиков Ауғанстан соғысына аттанады.Сол қан майданды соғыста ерлік көрсеткені үшін Отблагодарного авганского народа, 70 лет вооруженных сил, 15 лет вывода советских воискмедальдармен марапатталды.
Балдиков Мараттың соғыста жүріп үйіне жазған хатынан үзінді. Кабул 04.05.88.
Теплыйстан-
Здравствуй папа!Как у тебя дела?Как здоровье?Как дома?Как здоровье мамы?У меня все хорошо,на здоровье не жалуюсь,служба идет своим чередом.Потихоньку готовимся к выводу,через несколько дней, а может и завтра,уезжаю в командировку.Да чуть не забыл Папа я поздравляю тебя с днем Победы!Победы над фашисткой Германией. Ведь есть и твоя доля в этой победе, как и многих других советских людей. Вы наши отцы и деды ценой своей жизней отвоевали эту Победу.А мы должны ее сохранить.Ведь для того,мы здесь и находимся.Защищая южные рубежи нашей Родины.Желаю тебе папа всего самого наилучшего,
доброго,светлого,и мирного неба над головой.
Досвидания Сп твой сын Марат! 1988 г.
Сексен жасында 2003 жылы 25 сәуірде Бәлдікұлы Батырхан дүниеден өтті.Шәкірті Сабыр Қармановтың Бәлдікұлы Батырханның рухына арнап шығарған өлеңі.
Батырхан Бәлдіков рухына.
Ұстазым,сені ойласам толғанамын
Шабытпен қағаз-қалам қолға аламын
Өзіңді шын жүректен сүйгендіктен,
Таңдайдан құйылады сорғалап үн.
Жырлаған елтірлігін дала таңын,
Мен сенің қолыңда өскен балапаның,
Анамның жылуы мол кең құшағы,
Сияқты сенің ыстық алақаның.
Ұстазым асқақ жанды,дауыл үнді.
Білмейсің білім десе жалығуды.
Мен саған қарыздармын сондықтанда,
Арт маған көтерейін ауырыңды.

Тағдыр-ай,айыратын ерін елден.
Елім деп ет жүрегі еміренген.
Сонау жыл мен мектепті бітіргенде,
Алдыңда аға осылай тебіренгем.

Даланың самалындай аңқылдаған
Адам ең жаны жомарт жарқылдаған
Баулыған балапанын биіктерге
Қырандай зеңгір көктен саңқылдаған

Ұғындырдың алтын бесік,ел деуді
Берік байлап бекіттің де белддеуді
Ел басына күн туғанда кешегі,
Отан үшін отқа тостың кеудеңді

Жас ұрпағым өссің дедің жалынды,
Бағаладың баптай білдің дарынды
Ұл өсірдің ,қыз өсірдің қырмызы
Балаларға бердің барлық нәріңді

Нұрға бөлеп,гүлге бөлеп төскейді
Бағбаны жау десе де гүлдер өспейді,
Қош бол аға, жаның болсын жанатта
Шәкіртіңе жаққан отың өшпейді.

Жанбасыңы жайлы болсын жербесік
Жербесігің тұрар мәңгі тербетіп.
Ұрпақты ұрпақ жатады ғой алмасып,
Біз де өтеміз бұл өмірден селдетіп.

Сабыр Қарманов.

Біз жақында қаламыздың 50 жылдық мерей тойын атап өттік.Мейрамда алғашқы құрылысшылармен,экспедициямен бірге келген азаматтармен кездесуде болдық.Кеш өте қызықты өтті.Өкініштісі, Арқалық қаласының алғашқы директоры Бәлдікұлы Батырхан ағайдың еңбегі ақталмай қалғаны.Өйткені Арқалық қаласының қызыл кітабында алғаш мектеп директоры Боранбаев Мінайдар деп жазылған.Ал мына деректерге сүйенсек, 50-56 жылдары Қызылқозы жерінде (Арқалықтың алғашқы есімі) жөндеу іс шараларын жүргізіп, ең алғаш мектепті ашып, сол мектепте директор болып жұмыс атқарған Бәлдікұлы Батырхан ағай.Яғни, Амангелді ауданының Торғай орта мектебін ашқан.Оған сол кездерде мұғалім болып жұмыс істеген Бәлдікұлы Батырхан ағайдың інісі, сол мектепте оқыған жұбайы және Ұстаздың аты өшпес дегендей, мектептің алғашқы түлектері куә.Олар: Аяпов Таймас, Досжанов Хамит, Жиенбаев Қайрден, Жусупов Аяхан, Хамзин Ақмолда, Маханова Тұрсын т.б.Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айтқандай ,кең байтақ Отанымыздың әр жерінде, әр түкпірінде ел мен жердің өткен тарихын зерделеп, болашаққа ізгі қадам жасау қажеттілігі тұр.Қазіргі кезде біздің қаламыздағы кейбір мектептер Совет уақытындағы аттармен аталады.Мысалы, №2Джержинский, №4бұрынғы Ленин атындағы, ал қазір есім жоқ мектеп, №8, №10 мектептер.Соны жаңартып,осы кісінің есімін сол мектептердің біріне неге бермеске?Менің ойымша ол кісі осындай құрметке лайық.

V. Корытынды.

Текті әулеттің тарих шежіресі осылай шертіледі.Аталар өткен өмір белестері нәубетті жылдардың шытырман шырғалаңана толы. Мезгілсіз сан гүлдер солды.Сұм соғыс зұлматты жылдар олардың жастығынан, ақ жүрек адалдығын қараған жоқ.Алайда біздің аға ұрпақтың бұл ерлігі отан үшін елін ,жерін жаудан қорғап жас жанын қиюлары нағыз хас батырлықтың,қайсарлықтың ерен үлгісі еді.

Біздің батыр аталарымыз,ағаларымыз кейінгі жас ұрпақтың бақытына өмір сүруі үшін осылай өз өмірлерін ажалдың қанды шеңгейіне салды.Сол арқылы елін,отанын ,өсер ұрпағын,келешегін сақтап қалды. Осы орайда бұл еңбегімізге арқау болған Бәлдік бабамыз да оның отты жылдарда опат болған бауырлары, бауыр ет балалары да, әке кіндігінен қалған Батырхан да ұмытылмас ұлы тұлғалар деп айтуға болатын асыл азаматтар екендігі мәлім.

Өңірге өнімді еңбегін қалдырған ұлағатты ұстаз Батырханның әулеті қазір қанат жайып текті аталар тарихының тереңінен өстіп нәр алуда.Өсіп өнген бейбіт елмен бірге өркен жайған әулет Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай Жаңа әлемде-жаңа Қазақстанның одан әрі гүлдене беруін тілейді.

Мазмұны

І . Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...1

ІІ Негізгі бөлім.

ІІ 1. Әулеттің шығу тарихы (зерттеу материалдары) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .2-3

ІІ 2. Белгісіз есімдер.(зерттеу материалдары) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4

ІІІ Практикалық жұмыс.

ІІІ 1. Өмір поэзиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5-26

ІІІ 2 .Текті де биік тұлғалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27-29

ІV 1 Қызылқозының алғашқы мектебі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 30 -33

V 1. Арманына жетіп -өркен жайған әулет.(қорытынды) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...34

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі.
Ыбырай Алтынсарин атындағы гимназия.

Сексембаева Әлия
9а сынып оқушысы.

Аталар алдындағы парыз

Бағдарламасы: Тарих

Ғылыми жетекшісі: Балдикова Жанар Батырхановна

Арқалық- 2007 жыл.

Пайдаланылған әдебиеттер.

1)Ханзипа Бәлдікқызының Мөлдір тамшылар атты кітабы,

Алматы:Дайк-Пресс, 2003. (12-13,32-33 беттер).

2)Байтоғаев Бәлдіктің араб тілінде шығарған өлеңдері,1939-1941 жыл.

3)Байтоғаев Бәлдіктің күнделігі,6 шілде 1946 жыл

4)Бәлдіков Батырханның күнделігі,1941-1955 жылдар.

5)Ханзипа Бәлдікқызының Зобалаң заман іздер-ай кітабы,

Астана:Дәме,2007 (23,27,17,20,26 беттер).

Ы.Алтынсарин атындағы гимназияның
9 А сынып оқушысы Сексенбаева Әлия
Серікқызының Аталар алдындағы парыз
тақырыбындағы ғылыми жобасына.

Сын-пікір.

Сексенбаева Әлия Серікқызының Аталар алдындағы парызыоның ішінде Бәлдік Байтоғайұлы жайлы жазылған ғылыми жобасының мақсаты,міндеті толық ашылған.Б.Байтоғайұлы жайлы ғылыми,тарихи деректер аз кездесетіндіктен жұмыстың ғылыми жағына көп көңіл бөлу қажет.Соның ішінде жұмыстың өзектілігіне оның ғылыми жаңашылдығына тоқталу қажет.Жұмыстың құрылымы көрсетілмеген,сонымен бірге сілтемелер көрсетілмеген.
Жалпы,бұл тақырып зерттелмеген тың тақырып болғандықтан жұмыстың жазылу деңгейін жақсы деп бағалаймын.

Сын пікір білдіруші АрқМПИ-ның оқытушысы

А.Н Қарынбаева
А.Н. Қарынбаеваның куәландырамын


Скачать


zharar.kz