Нағыз мұғалім үнемі ізденісте болуы - шарт

Скачать

Ізгіліктің дәнін сеуіп қадамына шәкірттің,
Ең ұлы іс-бала оқыту деп ұқтым.
Мұғалімдік-тек білім беруші ғана емес, ол болашақтың негізін қалаушы. Оған өз пәнін ғана жетік білу аздық етеді. Нағыз ұстаз-ол жан-жақты дамыған кез-келген сұраққа жауап бере алатын оқушы жүрегіне жол таба алатын ақылды да парасатты кең жүректі мамандық иесі. Әрине, мұғалімдік мәртебелі де, жауапкершілігі мол жұмыс.
Адамзаттың ең үлкен құндылығы ұрпақ деп саналса, сол ұрпаққа тәрбие беру мен білім беруді жүзеге асыратын мамандық иесі-ол мұғалім.
Кейде отырып осы өмірде немесе қоғамда не бітірдім деп ойланатын сәттерің болады. Мен атақты ғалым емеспін, не ақын болмадым, болмаса бір басшылық қызметте жасамадым. Олай болса, шынымен де менің мына өмірде түк бітірмегенім бе?-деген ойлар мені жиі мазалайды. Жо-жоқ мен қарапайым мұғалім болып жүріп-ақ, талай шәкірттің жүрегіне ізгілік нәрін сеуіп, солардың өмірде өз орнын табуына көмектесуге болатынын түсіндім.
Мен мұғалім болғанымды мақтан тұтамын. Әрбір оқушы жетістікке жетсе солармен бірдей қуану, өмірден өз орнын тауып жатса, соларға тілекші болу-менің маңдайыма жазылған бақыт десе де болғандай. Көбіне ел айтып жатады: Мұғалімдік жұмыс-рахметі жоқ, ең қиын жұмыс-деп. Жоқ, мен онымен келіспеймін. Ұстаздық-ол нағыз алғысы көп, жауапкершілігі мол жұмыс.
Ұстаздықта жеңіске жету үшін бірінші қағида-шәкірттеріңді сүйе білу. Әр оқушы, мен үшін-өзгеше бір әлем. Әрбір шәкірттің бойынан жақсы қасиет көре білу-ол нағыз ұстаздың ғана қолынан келетін дүние екендігін ұқтым және солай істеуге ұмтылдым. Шәкірттерім қиналған сәтте көмек сұрап менің кеңесіме сүйенетін сәттер жиі болады. Бала сұрағына жауап бере алмаған кезде немесе көмек қажет кезде көмектесе алмаған сәтте ойым сан-саққа жүгіреді. Оларға материалдық көмек бере алмасам да, рухани демеу бола алғаныма шүкіршілік ететін кездер де жиі кездеседі. Шәкірттің сеніміне ие болудан артық бақыт жоқ екенін түсінемін. Оқушылармен жұмыс істегенді өзімде рахаттанып, бойымда ерекше күш пайда болатынын сезінетін сәттер мен де көп болып тұрады. Ондай сәттерде менің бойымда мақтаныш сезімі билейді-ия, мен бекер өмір сүрмеппін
Көптеген зерттеулер мен ізденістер нәтижесінде біздің халқымыздың бүткіл құндылығы мен қасиеті ұлттық мәденетиеміз бен салт-дәстүрімізде екендігін ұқтым.
Олай болса, менің оқушыларым қазақ ұлтын сүйетін, ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген, өнерлі, жоғары білімді, кез-келген жағдайда өзі қатарлас өзге ұлт өкілдерімен тең дәрежеде қарым-қатынас жасай алатын тұлға болып қалыптасуы қажет.Олар қазақ екеніне мақтана алатындай болуы үшін, білімін тиімді қолданып,өз өмірлерінің шынайы қожасына айналдыру менің басты міндетім және соны қал-қадірімше атқарып келемін. Басқаға өзіңнің керек екеніңді, және сол адам сенің ақылыңа, соған арқа сүйетінін білу-қандай бақыт десеңізші.Ия, мұғалімдік ең мәртебелі мамандық.Мен мұғалім болғанымды мақтан тұтамын.
Нағыз мұғалім үнемі ізденісте болуы-шарт.Сондықтан да, қоғамда немесе мемлекетте болып жатқан жаңалықтардан еш уақытта тыс қалған емеспін.Тәжірибемді шыңдай жүріп, мектеп өміріндегі саяси және қоғамдық іс-шараларға белсене қатыстым. Мен, қазір, жаңа инновациялық технологияны жақсы меңгерген шығармашылықпен жұмыс жасайтын- жаңашыл ұстазбын.Интернет арқылы түрлі сайттардан өзіме қажетті дүниені ала аламын. Оларды өзіме лайықтап өңдеймін. Оқушыларыммен кез-келген тақырыпта пікір алмасамын. Электронды почтаны,түрлі саиттарды,соның ішінде ұстаздарға арналған, сайттардан қажетті материалдарды (тәжірибелер, зертханалар) үнемі қолданамын.

Болашақ-білімді ұрпақтың қолында.
Тіпті, білімді адамның қадірін білген білген аталарымыз Білімді –мыңды жығар-деген мәтелді тегін айтпаған.Білімді мемлекеттер-қарыштап дамитынын өмірдің өзі көрсетіп берді .Олай болса, біздің оқушыларымыз да өркениет дамуынан қалыспауы керек.
Мақсатым адал өмір-сүру үшін,
Балаларға білімді ұғындырсам.
Болашақ Қазақстан елі үшін ,
Пайдалы бір міндетке жұмылдырсам.
Бисеналиев А.К.


Скачать


zharar.kz