Түр критерийлері

Скачать

Өсімдіктердің тіршілік формаларын жіктеу тәжірибелері мынадай болған:
Гемикриптофиттер – жер бетіндегі өркендері қыста үсіп қалатын, ал пиязшықтары сақталатын өсімдіктер (көптеген шөптесін өсімдіктер).
Криптофиттер немесе геофиттер – топырақтың терең қабатында тамыр түйнектері, пиязшықтары, тамыр сабақтары сақталып қалатын көп жылдық өсімдіктер (шалқан, аңдыз, ашкөк).
Терофиттер – жер асты, жер үсті мүшелері тегіс үсіп немесе қурап қалатын бір жылдық өсімдіктер (эфемерлер).
Фанерофиттер – жер бетінде өсетін барлық ағаштар, бұталар мен шөптесін өсімдіктер.
Хамефиттер – өркендері жер бетіне төселіп өсетін көп жылдық өсімдіктер.
Эпифиттер – топырақта тамыры болмайтын, ағаштарға жабысып, шырмалып өсетін өсімдіктер (қынлар, мүктер, шырмауықтар).

Ылғалдың әсеріне байланысты өсімдіктердің экологиялық топтары былай жіктеледі:
Бентос – судың түбін және топырақта тіршілік ететін су ағзалары. Олар фитобентос (бекініп өсетін балдырлар және жоғары сатыдағы өсімдіктер) және зообентос (шаянтәрізділер, былқылдақ денелілер, теңіз жұлдыздары) деп бөлінеді.
Гигрофиттер – ылғалы мол жерде өсетін өсімдіктер. Оларға ылғалды тропиктік орманда өсетін өсімдіктер жатады. Мысалы: қамыс, қоға, күріш, тұңғиық
Гидрофиттер – төменгі бөлігі суда болатын, грунтқа бекініп өсетін су өсімдіктері. Оларға элодея, балдырлар жатады.
Ксерофиттерге – ылғал тапшы аймақтарда өсетін (шөл, шөлейт, дала) өсімдіктер жатады. Ксерофиттердің жапырағы, сабағы түрін өзгертуге бейімделген (сексеуіл, жүзген, қылша, теріскен, селеу, күйреуік).
Мезофиттер – ксерофиттер мен гигрофиттер арасындағы аралық топ; ылғалы жеткілікті топырақта өсетін өсімдіктер. Мысалы, беде, атқонақ, інжугүл, саумалдақ, қайың, алмұрт.
Нектон – судың орта қабатында белсенді түрде қозғалып тіршілік ететін ағзалар.
Перифитон – су өсімдіктерінің сабақтарына және жапырақтарына жабысып тіршілік ететіндер.
Планктон – негізінен су ағынымен пассивті түрде орын ауыстырған ағзалар. Планктонда фитопланктон (біржасушалы балдырлар) мен зоопланктон (біржасушалы қарапайымдар) ажыратылады.
Суккуленттер – ксерофиттер типі. Олардың жапырақтары, сабақтары етжеңді юолып жұмырланып немесе тікенектерге айналған. Мысалы, алоэ, агава, кактус.

Қоректік тізбек:
Консументтер – дайын органикалық затпен қоректенетіндер. Органикалық заттың соңғы бір бөлігі бейорганикалық қа, ал екінші бөлігі органикалық заттарға айналады.
Продуценттер – автотрофтар, яғни бейорганикалық заттардан органикалық зат құраушылар. Бұл өнімдер кезектегі барлық организмдердің қорегі болып табылады. Оларға балдырлар, жабық тұқымды және ашық тұқымды өсімдіктер, хемосинтездеуші бактериялар жатады.
Редуценттер – гетеротрофты организмдер. Негізгі қызметі – органикалық заттарды бейорганикалық заттарға айналдыру. Лоарға бактериялар, саңырауқұлақтар, көзге көрінбейтін ұсақ организмдер жатады.

ЭКОЛОГИЯ
Адам экологиясы – адамға қатысты биосфера шегіндегі барлық мәселелерді және антропогендік экожүйелерді зерттейді. Адам - қоғам - табиғат арасындағы жеке адамның қоғамдағы орнын, табиғаттағы рөлін қарастырады.
Аутэкология жеке организмдердің (дара, түр) тіршілігін табиға ортамен байланыстырып зерттейді.
Әлеуметтік экология адам қауымдастығы мен табиғат арасындағы байланыстарды қарастыра отырып, адамның тіршілік ортасын салауаттандыруды зерттейді. Табиғатты тиімді пайдалану мен оны қорғаудың ғылыми-практикалық негізін салуды және жүзеге асыруды көздейді.
Биосфера – барлық табиғаттағы өзгерістерді, оның даму заңдылықтарын биосфера деңгейінде ең жоғары жүйе ретінде қарастырады.
Биоэкология – тірі организмдер биологиясын, оның тіршілік ортасындағы өзгерістерін, адамның іс-әрекетімен байланыстырып зерттейтін экология саласы.
Геоэкология жер қабығының даму заңдылықтарын, онығ барлық тіршілік ырғағын біртұтас организм ретінде әлемдік деңгейде қарастырады.
Популяциялық экология популяциялардың арақатынасын, даму заңдылықтарын табиғи ортамен үйлесімдік жағдайында зерттейді.
Синэкология популяция, бірлесткітер мен экожүйелер арасындағы қарым-қатынастар жиынтығын зерттейді.

Ағзалар арасындағы арақатынастар түрі
Амесализм – бір түрге жататын дараның басқа түрге жататын дараға басымдылық көрсетіп, бірақ өзі екінші дарадан теріс әсер алмауы.
Бәсекелестік – ағзалардың бір-бірімен сыртқы ортаның ортақ ресурстары үшін бәсекеге түсуі.
Жыртқыштық – бір ағзаның (жыртқыштың) басқа бір ағзаны (жемтікті) өлтіріп, қорек етуі.
Комменсализм – бірлесіп өмір сүрудің нәтижесінде бір түрдің дарасы пайда табады, ал екінші түр бейтарап болады. Комменсализмнің екі түрін ажыратады: сииойкия (пәтершілік) және трофобиоз (нансоғарлық).
Мутуализм (симбиоз, кооперация) – әр түрге жататын ағзалардың бір-біріне пайда әкеліп, селбесіп тіршілік етуі. Мутуализм түзетін ағзаның біреуі немесе екеуі де бір-бірінсіз тіршілік ете алмайды.
Нейтрализм – бір аймақта тіршілік ететін екі түрдің (популяция) бір-біріне не оң, не теріс(зиян) әсер етпеуі. Мысалы: тиіндер мен бұғылар бір-біріне айтарлықтай бір әсері жоқ.
Паразитизм – бір ағза (паразит) басқа бір ағзаны (қожайынды) өлтірмей, ұзақ уақыт бойы қорек және тіршілік ортасы ретінде пайдалану.
Протокооперация кезінде ағзалардың бір-біріне пайдалы әсер ететін, бірақ бірге тіршілік етуі міндетті емес арақатынас түрі.

МИКРОЭВОЛЮЦИЯ
Түр критерийлері
Түрлер бір-бірінен белгілер жиынтығы бойынша ажыратылады, бұл белгілер жиынтығы түр критерийі деп аталады.
Биохимиялық критерий бойынша түрлердің алуан түрлі болуы ақуыздың құрылысы мен құрамының түрліше болуына байланысты.
Генетикалық критерий әр түрдің өзіне тән хромосомаларының саны, пішіні, мөлшері болады. Сондықтан бір түр мен екінші түр даралары бір-бірімен шағылыспайды.
Географиялық критерий түрдің тіршілік ету кеңістігін анықтайды.
Морфологиялық критерий бір түрге жататын даралардың сыртқы және ішкі белгілерінің ұқсастығы.
Физиологиялық критерий – тіршілік процестерінің және көбею мүмкіндіктерінің ұқсастығы.
Экологиялық критерий әр түрдің тіршілік ететін ортадағы барлық факторлердің жиынтығын анықтайды.
Этологиялық критерий ағзалардың мінез-құлқының айырмашылығын айқындайды.

Бейімделушілік
Бейімделушілік – ағзаның нақтылы орта жағдайларына тіршілік етіп ұрпақ қалдыруын қамтамасыз ететін арнайы қасиеттердің пайда болуы.
Бейімделушіліктің түрлері:
Еліктеуші рең (Мимикрия) – қауіпсіз, жәндіктердің пішіні, реңі, мінез-қылығы тұрғысынан улы, шағатын қауіпті жәндіктерге ұқсастығы.
Қауіп төндіруші рең. Кейбір жануарлар қауіп төнген кезде айбар шегіп, денесін әр түрлі пішінге келтіре қалады.
Қызықтырушы рең. Бұл рең, әсіресе көбейер кезде пайдалы. Қызыл орденді көбелектер, көгілдір қанатты шегірткелер, қосаяқтар, құстардың аталықтарының әдемі реңері өз дараларына көбею кезінде айқын көрінеді.
Сақтандырушы рең – көбінесе улы және шағатын жәндіктерге тән белгі. Реңдері есте сақталып қалатын өте ашық, көзге түсетін, түрлі түсті айқын бояулы.

Аналогтық мүшелер деп – құрылысы мен шығу тегі әр түрлі, бірақ ұқсас қызмет атқаратын мүшелерді айтады.
Гомологтық мүшелер деп – ұрық бастамасынан дамитын құрылысы мен шығу тегі бірдей, ал атқаратын қызметі әр түрлі мүшелерді айтады.

Биологиялық эволюцияның бағыттары
Академиктер – Алексей Николаевич Северцов пен Иван Иванович Шмальгаузен биологиялық эволюцияның прогреске әкелетін 3 бағытын анықтады.
1. Ароморфоз (Арогенез)
2. Идиоадаптация (Аллогенез)
3. Дегенерация (Катагенез)

Ароморфоз – организмнің құрылысы мен қызметін күрделендіруге, құрылымы мен тіршілік етуге қабілетінің жалпы деңгейін көтеруге әкелетін эволюциялық өзгеріс.
Идиоадаптация – биологиялық құрылым деңгейін күрделендірмей, өзгертпей тіршілік үшін күресте организмдердің өзіне пайдалы белгілі бір орта жағдайына бейімделушілігі.
Дегенерация – организмдердің құрылысы қарапайымданады, бірақ өлімге апармайды.

Эволюцияның негізгі заңдылықтары
Дивергенция деп туыс формалардағф белгілердің ажырауын айтады. Ол табиғатта ұдайы жүретін процесс.
Конвергенция деп организмдердің туыстық жағынан алыс болғанымен мекен (тіршілік) ортасы бірдей, сыртқы пішінінің бір-біріне ұқсас болуын айтады.
Параллелизм деп туыстық жағынан өте жақын организмдердің ұқсас белгілерінің бір-біріне тәуелсіз дамуын айтады.


Скачать


zharar.kz