Зайнуллин Мұрат Рауилұлы Тұран – Астана университетінің
магистранты
Жергілікті деңгейдегі инновациялық қатынастардың даму ерекшеліктері
Инновация – көптеген қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін, идеялар мен жаңалықтарды қалыптастыратын енгізілімдер болып табылады. Инновацияның кәсіпорындардағы, әсіресе ауыл шаруашылығы кәсіпорындарындағы атқаратын қызметтері – нарықтарда сатылатын жаңа немесе аяқталған ғылыми зерттеулер мен әзірлемелердің жетілдірілген тауарлары, сонымен қатар, басқа да ғылыми – техникалық және идеялық жетістіктер нәтижесін өткізуге бағытталған үрдіс. Бұл жеке сұранысты және жалпы пайдалы жаңалықтарға қоғамның мұқтажын қанағаттандыру үшін пайдаланылады.
Жергілікті деңгейдегі кәсіпкерліктің инновацияларды қарастырғанда келесілерді ескеру қажет:
1) Шағын бизнестің дамуындағы инновациялық көзқарас;
2) Инновациялық идеялар көздері;
3) Инновация қағидалары;
4) Инновациялық қызметті ұйымдастыру.
Инновациялар - өндірістік, қаржылық, коммерциялық, әкімшілік және басқа да сипаттағы жаңа әлеуметтік – экономикалық шешімдер мен жаңа ұйымдық – техникалық шешімдер, жаңа өнім мен қызмет, технологиялар түріндегі жаңалықтарды қолдану. Инновация әрқашан өнімге емес тұтынушы үшін жаңа құндылық, сондықтан ол тұтынушылардың қажеттіліктеріне, талаптарына жауап беруі керек. Жаңа енгізулердің өлшегіші ретінде тұтынушыларға әкелетін пайдалылығы болады.
Жергілікті деңгейдегі кәсіпкерліктегі дамытуда инновациялар ролі биік. Инновациялық мүмкіндіктерді іздеу – бұл бәсекелестік жағдайда жеңіп шығу мен бизнесте табыстылыққа қол жеткізу шарты. Сондықтан инновацияларды іздеу – бұл кәсіпкерліктегі тұрақты қажеттілік.
Инновациялық стратегияның басты алғышарты – барлық қолда бар заттар ескіреді. Ағымдағы барлық өнім, технология, нарықтар бөлу арналары жоғарыға емес төменге бағытталады. Әр үш жыл сайын кәсіпорындарда өнімдердің, үдерістердің, технологияның, жұмыс орындарын аттестациялау, нарық пен бөлу арналарын талдау қажет. Басқаша айтқанда, бизнестің рентгенограммасын жүзеге асыру қажет.
Қазіргі уақытта инновация барлық салалар, оның ішінде жергілікті жердегі аграрлық кешен мамандарының қолданысына мықтап еніп жатқан түсінік. Өйткені онда ел экономикасы мен оның көптеген салаларының бәсекеге қабілеттілігін қалыптастырудың негізі жатыр.
Экономикалық дамудың жаңа деңгейінің айтарлықтай ерекшеліктеріне - әлемдік сауда ұйымдары нарықтарында тауарларды еркін сауда, әлемдік нарық сегментіндегі бәсеке және экономикалық қарым – қатынаста елдердің әлемдік қауымдастыққа жаһандануы жатады. Қазақстан Республикасы бұл қарым қатынастарда ең соңғы орында емес. Соңғы жылдардағы республика экономикасының дамуы жоғары экономикалық өсу қарқынымен, 10% - дан жоғары жалпы өнімді шығарумен сипатталады. Мұндай жағдайда аймақтық экономика тұрақтылығы, әлемдік нарықта бәсекеге қабілеттілікке табысты қолайлылық жағдай орнатуға тәуелді болады. Әр аймақ басқа аймақтарға қарағандағы өзінің жеке артықшылықтарын ұтымды пайдалануы керек және жекеленген экономикалық инновацияның тұрақты дамуына жол ашу қажет. Аймақ экономикасын дамытуда инновациялық бағытты қолдану жөнінен ғылыми басылымдар көздеріне шолу жүргізілгенде, ғылыми әдебиеттерде Қазақстан экономикасын дамытуда инновация түсінігі экономикалық категория есебінде және басқару объектісі ретінде жеткілікті дәрежеде зерттелмегендігін көрсетеді.
Аймақ тарапынан инновациялық даму технологияларын қолдану кәсіпорындар, мемлекет және білім беру ұйымдары ара қатынастарының тиімді жүргізу механизмі тетіктерін құруға бағытталуы мүмкін. Жұмыс нәтижесі аймақтық билік және басқару органдарына, ғылыми және білім беру ұйымдарына, сондай - ақ және аймақ кластеріне қатысуына мүмкін басқа да қатысушыларға бағытталады. [1]
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтің жүргізіп отырған экономикалық саясаты бәсекеге қабілетті ұлттық экономиканы қалыптастыруға, оны түбегейлі өзгертуге бағытталған. Ол өзінің халыққа Жолдауында: Алдағы уақытта Бүкіл дүниежүзілік сауда ұйымына кіруіміз, біз бұл мәселені талай мәрте талқылаған болатынбыз, отандық ауыл шаруашылығы өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігіне айрықша талаптар қоятын болады. Ендігі жерде ауыл шаруашылығы шикізатын өндірумен өңдеу саласында кластерлік бастамашылықты іске асыру арқылы аграрлық өндірісті индустрияландыруға айрықша назар аудару қажет деп санаймын. Жеке меншік сектордың назарын нақ осыған аудару керек, сондай - ақ кредиттерді де, атап айтқанда, агроиндустриалдық саясат арасында, осында тарту керек. Демек, ауыл шаруашылығындағы инновацияға деген қажеттілік, біріншіден, түптеп келгенде бәсекеге қабілетті сапалы өнім өндіруге деген ұмтылыстан туындайды. Оның арғы жағында еңбек ұйымдастыруды ширату, жауапкершілікті арттыру, жаңа технологияларды игеру. Өзінің тереңділігі мен күрделілігіне қарай кластерлер әр алуан түрге ие болады. Бірақ көп жағдайда дайын өнім өндіретін кәсіпорындардың, белгілі бір өнімді жеткізушілердің және сервистік қызмет көрсетушілердің басын біріктіреді. Инновацияға сондай - ақ өткізу каналдарымен жұмыс істейтін кәсіпорындар, қосалқы өнімдерді өндірушілер, тұтынушылар, мамандандырылған инфрақұрылым нысандары, арнайы оқу мен ақпараттық қызмет көрсетуді қамтамасыз ететін үкіметтік және басқа ұйымдар, бәсекеге қабілетті дайын өнім алуға ықпал ететін кәсіпорындар да қосылады.
Ауыл шаруашылығы инновациялық қызмет саласындағы консалтингтiк компаниялар шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне мынадай бағыттар бойынша қызметтер көрсетедi:
- құқықтық қамтамасыз ету:
- аудит және бухгалтерия;
- маркетингтiк зерттеулер;
- бизнес-жоспарлау;
- салық заңнамасы;
- кедендiк рәсiмдер және т.б.
Жергілікті жердегі инновациялық қызметін қолдау шаралары:
- жаңа технологияларға (технологиялар мен экономикалық ақпараттар ұсыну, консультация және оқыту) қол жетiмдiлiктi жеңiлдетуге;
- нарық капиталына (салық жеңiлдiктерi, амортизацияның ерекше нормалары, мемлекеттiк субсидиялар, рыноктiк және жеңiлдiктi кредиттi ставкалар арасындағы айырмашылықты қаржыландыру түрiндегi жеңiлдiкпен кредит беру) қол жетiмдiлiктi жеңiлдету;
- кәсiпкерлiктiң инфрақұрылымын дамытуға жәрдемдесетiн кластерлiк-желiлiк ұстанымды енгiзу арқылы шағын компаниялар мәселесi бойынша туындайтын проблемаларды шешуге бағытталған.
Инновацияның өмірлік кезеңі өзара байланысты үрдістердің және жаңалықтарды еңгізу сатысының жиынтығын көрсетеді. Инновацияның өмірлік кезеңі уақыт аралығы ретінде идеяның дүниеге келуінен өндірістік өткізуден алып тастағанға дейінгі инновациялық өнімінің негізінде анықталады. Жалпы инновацияның ұраны – жаңа және басқаша (өзгеше). Осы ұран, инновацияның сан тарапты мағыналағы мен ерекшелігін айқындайды. Шаруашылық субъектілері қызметіндегі инновациялық үрдіс, бұл өнімге емес, тұтынушы үшін жаңа құндылықтың қалыптасуымен сипатталады. Сондықтан да, осы үрдістің тұтынушылардың қазіргі заманғы қажеттіліктеріне, талаптарына жауап беретіндей бейнесі болуы қажет және де ол инновацияның қаншалықты жаңа әрі өзгеше екендігінің барометрі тұрғысында көрініс табуы ұтымды болып саналады.
Инновациялық қызмет туралы заңында инновациялық қызметті жетілдірудің басты бағыттары көрсетілген. Ендігі міндет осы басым бағыттарды жүзеге асыру механизімін жетілдіру болып отыр. Қазіргі кезеңдегі инновациялық қызметті жетілдірудің басты – жолы бұл нақты саясаттың алғышарттарын қалыптастыру мен шынайы инновациялық қызмет субъектілерін ұйымдастырылудан басталуы тиіс.
Жоғары оқу орындарында арнайы инновациялық бағыттағы мамандықтар ашу керек – ол инновациялық саясатты жетілдіру субъектілерін кеңейтуге жол ашады.
Инновациялық қызметтің дамуы ең алдымен, ғылыми – техникалық ақпараттанумен өзара байланысты, сондықтан кез келген мекемеде, оқу орындарында ақпараттық – технологиялық орталықтар жұмыс істеуі керек. Инновациялық қызмет негізінде ғылыми – техникалық прогресс жатыр. Ғылым мен техника адам өмірінің дамуымен қатар жүреді. Елімізде осы мәселені өркендету мен дамыту барысында көптеген заңдық – құқықтық актілерге қол қойылды, алайда бұл қабылданған құжаттар оны жүзеге асыру және орындау талаптарымен үндеспей жатыр, осы олқылықтың орнын толтыру шарт. Ол үшін жаңа кредиттік технология осы саясатты әрі қарай дамыту мақсатында жүзеге асырылуы тиіс.
Ғаламдық жаһандану үрдісінде болып жатқан жаңалықтар ағымында біздің еліміздің де көштен қалып қалмау немесе әлемнің алдыңғы қатарлы бәсекеге қабілетті мемлекеттердің қатарынан орын алу мақсатында бірқатар іс – шаралар атқарылып жатқанын айта кеткен жөн. Олардың қатарына, Қазақстан Республикасының 2003 – 2015 жылдарға арналған индустриалды – инновациялық даму стратегиясы мен 30 көшбасшы корпоративтер бағдарламасы және т.б. тиесілі етеміз. Осындай маңызды шаралар негізінде инновациялық қызметтің жандануына себеп болатын факторларды, инфрақұрылымдарды дамыту міндеті атқарылуда.
Базистік инновация техниканың даму бағыттары және жалғасымдығын қалыптастыру үшін негіз болатын ірі тапқыр ойларды іске асырады. Жақсартушы инновация ұсақ және орта тапқыр ойларды ендірумен және де ғылыми – техникалық циклдың тұрақты дамуы мен таралу стадиясында басымдылық танытады.Жалған инновация ескірген техника мен технологиялардың бір бөліктерін жақсартуға бағытталған.
Кәсіпкер экономика мен экономикалық өсімнің бәсекелік тұрғыдағы құрылымдық өзгерістерінің қайнар көзі. Жалпы инновацияларды өнім өндірудің кез – келген кезеңінде еңгізуге болады.
Инновацияларды шартты түрде екі деңгейде қарастыруға болады:
1. Өндіріске алғаш рет еңгізіліп отырған жаңалықтар, идеялар – ал бұларды еңгізіп отырған инноваторлар жоғарғы деңгейдегі бәсекелік артықшылықтарға қол жеткізе алады.
2. Имитатор – фирмалар еңгізіліп отырған қайталанбалы ноу – хау немесе жаңалықтар.
Бірінші деңгейдегі инновациялар мекемелердің барлығына жаппай қолданыс таба алмауы ықтимал. Екіншісі қатаң бәсеке талаптарына төтеп бергісі келетін фирмаларда қолданыс табу керек. [2]
Пайда болу себептеріне байланысты инновация екі түрге бөлінеді: реактивтік инновация – фирманың тіршілік етуіне бағытталған, және де бәсекелестермен іске асырылатын радикалдық инновацияның өзгерістеріне ықпал ретінде пайда болады. Стратегиялық инновация – ескертпелік сипатта болып, келешекте елеулі бәсекелестік басымдылық алуға бағытталады. Жалпы инновациялық саясат маркетинг жүйесінде де тауар саясатының негізі болып табылады. Шағын кәсіпкерліктің инновациялық стратегиясы басқалардан өзінің жаңашылдықтарымен, нарық сегменттеріне тауар мен технолнгияларды жылжытуы бойынша ерекшеленетін шағын бизнес субъектісінің мақсаты мен мұратына қол жеткізудегі маңызды құралдың бірі болып табылады. Төмендегі сызбада (1кесте) инновациялық қызметтегі жаңа енгізілімдердің жіктелінуі сипатталынған.
1 кесте Инновациялық қызметтегі жаңа еңгізілімдердің жіктелінуі
№
Жіктеліну белгілері
Жаңа еңгізілім түрлері
1
Түп негізділік (радикалдық) дәрежесі бойынша (жаңалығы, инновациялық әлеуеті, техникалық шешімдердің ерекшелігі және т.б.)
Түбірлік (пионерлік, базалық, ғылыми, т.б.), қарапайым (ойлап табу, жаңа техникалық шешімдер), жаңғыртылған (модернизация)
2
Қолдану сипаты бойынша:
2.1
Өнімділік
Өндіріске және жаңа өнімдерді қолдануға бағытталған
2.2
Технологиялық
Жаңа технологияларды қалыптастыру мен қолдануға бағытталған
2.3
Әлеуметтік
Жаңа құрылымдардың қалыптасуы мен қызмет етуіне бағытталған
2.4
Кешендік
Бірнеше өзгерістер бірлігін қамтамасыз етуші
2.5
Нарықтық
Жаңа нарықтарда өнімдер мен қызметтерге деген қажеттіліктерді қанағаттандыру
3
Пайда алу көздері бойынша
Өндіріс қажеттілігі, нарық қажеттілігі және ғылым мен техниканың дамуымен байланыс-ты жаңа еңгізілімдер
4
Қоғамдық өндірістегі ролі бойынша
Тұтынушылық және инвестициялық
5
Масштабы бойынша (кешендік)
Күрделі және қарапайым
6
Бағдары бойынша
Өндіруші не тұтынушы үшін, қоғам үшін, жергілікті нарық үшін
Жалпы инновациялық саясат маркетинг жүйесінде де тауар саясатының негізі болып табылады және түпкілікті тұтынушылардың нақты қажеттіліктерін, жаңа тауарлардың өндіріліп, нарыққа шығуын, жаңа идеяны іздеу, жаңа тауарды құрастыру және ынталандыру жүйесіне жаңалықтар еңгізу маңызды болып табылады.
Институттардың құрылымының функционалдық бағытына байланысты инфрақұрылымдар былай айқындалады:
- қаржы институттары;
- қоғамдық ұйымдар, салалық қауымдастықтар;
- бизнес-инкубаторлар, индустриялық және технологиялық парктер;
- ақпараттық-талдамалық маркетингтiк, консалтингтік, оқыту орталықтары;
- халықаралық институттар.
Шағын кәсіпкерліктің инновациялық стратегиясы басқалардан өзінің жаңашылдықтарымен, нарық сегменттеріне тауар мен технологияларды жылжыту бойынша ерекшеленетін шағын бизнес субъектісінің мақсаты мен мұратына қол жеткізудегі маңызды құралдың бірі болып табылады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Персианов В.А. Инновационный менеджмент -Москва, -2009- С 302-308.
2. Абрамов А.П.,.:Актуальные вопросы экономики инновационной отрасли Вестник ВНИИЖТ.2009. №3.С.16-22
Резюме
В статье рассматриваются виды инновации и его понятие, значительность и применение инновации в различных сферах экономики. А также, развитие инновационных отношений в Казахстане.
Summary
In the article the types of innovation and his concept, importance and application of innovation, are examined in the different spheres of economy. And also, development of innovative relations in Kazakhstan.
Зайнуллин Мұрат Рауилұлы
Тұран – Астана университетінің
магистранты
ЕҢБЕК НАРЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
Қазіргі ғылыми өндірістер еңбек ресурсына жаңа көзқараспен қарауды талап етуде. Бұл арақатынастар макро деңгейінде ұлттық жұмыс күнін ақы төлеуде кемшіліктерінің сақтау саясатын білдіреді. Аралық деңгейде жұмыс ету жағдайлары шартты, ақысы төмен аймақтарға мамандардың жұмыс ету қызығушылығын арттыру. Микро деңгейде ресурстар сапасын білімді жоғарылату жұмыстарын жүргізу керек. Халықаралық тәжірибеге сүйенсек, еңбек өндіргіштігі мен мамандарының бір жұмыс орнында жұмыс ету ұзақтығымен тығыз байланыста екендігін көрсетеді. Арнайы зерттеулер менеджер–маманның бір орында оптимальды жұмыс ету мерзімі – 4 жыл болатынына ккәгер бола алады. Психология осы уақытта өндірісті дұрыс түсіну және басқару жұмыстарын шешуде қажетті тәжірибеде жинақталатындығын көрсетті, алайда әрі қарай ізденісі кемігендіктен бұл білімдер көрсетілген мерзімнен бастап төмендей бастайды. Сондықтан тігінен (қызметтік өсу, карьерлік ауысу) немесе көлденеңі бойынша (жаңа міндеттер) маманның жұмысқа тұрақты белсенді қатынасын көрсетеді.
Сурет 1 - Еңбек ресурстарының тиімділігін қолдану шаралары
Елімізде жүргізіліп жатқан реформа мақсатты бағдарламаны жүзеге асыруға қарамастан біздің облыста жұмыспен қамту мәселесі өте актуальді екеніне екінші тарауда талдау нәтижесі бойынша шешім жасауға болады.
Ақмола облысы бойынша еңбек ресурстарын пайдалануды жақсартудың негізгі шаралары келесідей болуы керек:
- облыс тұрғындары үшін жалпы ұлттық деңейдегі бос тұрған жұмыс орындары мен жұмысшыларға қойылатын талаптар жөнінде ақпараттық жүйені қалыптастыру;
- болашақта еңбек нарығының тапсырысына еңбек ресурстарын қайта дайындау;
- елдің барлық аймақтарында оның ішінде ауылдық жерлерде еңбекке сұраныс пен ұсыныс бойынша инфрақұрылымды дамыту;
- жаңа жұмыс орындарын ашылуына қолдау көрсету;
- салааралық және кәсіпкерлік еңбек ресурстарын, еңбектің көші-қонын реттеп қайта орналастыруға өз үлесін қосатын іс-шараларын жасап қабылдау;
- мамандық, тұрақты кәсіп және алдын-ала сұраныс бойынша, орнынан босап қалған жұмысшыны қайта дайындау жүйесін және кәсіптік білім беру мониторингін жасау;
- еңбек ресурстар нарығындағы қажеттілікке қол жеткізу үшін басқару және қаржыландыру жүйесін жетілдіру қажет;
Енді өнеркәсібі дамыған елдердей еңбекпен қамту мәселесіне назар аударып, олардың жинақталған тәжірибесіне көңіл аударамыз. Мемлекет аралық айырмаларға көңіл аударғанда мемлекеттің араласуы тұрғысында ол елдерде де көп үрдістер белең алды, қателесу, одан сабақ алу кездесті. Қазақстанның нарықтық жағдайға көшуімен байланысты. Батыс елдерімен байланысы іс-тәжірибесіне үңілудің де өзіндік пайдасы зор. [1]
90-шы жылдардың басынан 2000-ші жылдардың оратасына дейін жалпы экономикалық жағдайда жұмыс күші жетіспеді, сол себепті батыс елдерінің алдында тұрған негізгі мәселе – адами ресурстарды жетілдіру, жұмыс күшін жинақтап, топтастырып, басын қосып, экономиканың құрылымды жақтарына ынталандыру, өндірістегі кезеңдік тербелістерге жете мән бере отырып, еңбек нарығы заңдарына еңбекшілерді жақындата түсті. Тұрақты еңбекпен қамтуды негізгі алғышарты етіп ала отырып, экономиканың барлық саласын өркендетуге күш – жігер салынды, салалық кәсіби – біліктілік және аймақтық қарқындылығын және техникалық, құрылымдық өзгерістерге бейімделу қабілетіне де назар аударды.
Осы кезеңді мемлекеттік реттеу құралдарын кеңейту мақсатында, ғылыми орталықтар құрылып, еңбек нарығы барысында дәрістер ұйымдастырылды, министрліктер, ведомоствалар – барлығы жұмылып, еңбекпен қамтудың тәжірибелік негіздерін жандандырды. Бір уақытта сонымен бірге арнаулы қорлар құрылу арқылы қаржылық базасы нығайып, қажеттілікті өтеу алғышартына айналды. Мемлекеттің араласуы арқылы бірсыпыра мәнді іс-әрекеттер атқарылды.
Терең мәнді экономикалық дағдарыстан кейін 90-ші жылдар ортасында және одан кейінгі жаппай жұмыссыздықтың белең алуында, бірінші алға қойылған мәселе – еңбекпен қамтуды қолдау, іске асыру, мемлекеттік тараптан осы іске жұмылу, жергілікті атқару органдарының рөлін көтеріп, де орталықтандыру жүйесіне назар аударылды. Бірнеше елдер өкіметі тарапынан жарық көрген бағдарламаларда еңбекшілердің еңбекақысы төмендеуі қысқартылған жұмыс күшіне байланысты екендігі анықталып, соған қатысты амалдар қолға алынды. Кең түрде назар аударылған жайт – мемлекеттік субсидия наймы, бірінші кезекте – жастар мәселесі, олардың еңбекпен қамтылуының реттілігін ұйымдастыру.
Мемлекеттің кадрларды даярлау, қайта даярлау әрекеттерінің арнасы кеңіді, өндірістер шығындарының біраз бөлігін оқу үрдісін ұйымдастыруға арнады, стипендиялар төлеу, біліктіліктен қайта өтушілер үшін төлем жолдары қарастырылды. Осы мен байланысты кәсіби оқыту мен қайта оқыту екі жақты бағаланды: жұмыс күші сапасын жетілдіру, еңбек нарығында бәсекелестікке төтеп беруін қамтамасыз ету, басқа жағынан, жұмыс күшінің икемділігін көтеру, еңбек нарығының динамикасының ыңғайына бейім болуын қарастырады.
Жұмыс орындарын құруды ерекше мәнге ие болған – жұмыссыздар үшін қоғамдық жұмыстар ұйымдастыру, әсіресе бұл үрдіс АҚШ, Дания, Норвегия, Нидерландыда белең алды.
90-ші жылдар басынан неоконсервативтін өзгерістер аясына негізгі мәселе болып – кіріс, пайда есептелінді, өндіріс бәсекелестіктері артып, жұмыс күшінің икемділігіне қатты назар аударылды. Еңбекпен қамтуды реттеудің маңызды мәнінің шаралары – жұмыс күшін уақытша еңбекпен қамту, зейнетақыға тез ауыстырып жіберу, шетел жұмыс күші ағынын қысқарту не тоқтату.
Еңбекпен қамтуды реттеу
Жаппай жұмыстан шығаруды тоқтату барысында жаңа жұмыс орындарын құру
Жұмыстың икемді түрлерін пайдалану және жұмыс мерзімі режимін реттеу, еңбекпен қамту мүмкіндігін кеңейту
Еңбеккерлердің біліктілігін көтеруде училище, колледж, жоғары оқу орындарын қайта программалау
Жұмыс күшін қайта бөлудің салааралық сауалдарын қарастыру, себепсіз шығаруға тосқауыл қою
Сурет 2 Еңбекпен қамтуды реттеудің шаралары
Еңбекпен қамтуды қолдау бағдарламасы жастардың жұмыссыздығына әкеліп соқты. Қоғандық жұмыстардың жұмыссыздық рөлінің үлестін салмағаның артуына байланысты қысқа мерзімді жұмыспен қамтуды нысан етіп алды, бұл жолда жоғары біліктілік талап етілмейді. Қайта даярлау курстары бағдарламаларында негізімен өндірістегі субсидия мәселесіне көңіл бөлінді. Еңбекпен қамту саясатында негізгі мәнге ие болатыны – шағын кәсіпкерлікті қолдау, оның ішінде жұмыссыздардың өз ісін құруларына қолдау беру, жергілікті билік, кәсіподақ кәсіпкерлер тарапынан жұмыстарды жандандыру.
Қазақстанда еңбекпен қамтудың жаңа моделін құру мәселесі бірінші орында тұр, бұл дамыған еңбек нарығы мен рның жалпы заңдылықтарына бағытталады. Осыдан келіп еңбекпен қамту саясатына жаңа талаптар енеді, ол талаптар 1998 – жылғы 30-шы желтоқсандағы Тұрғындарды еңбекпен қамту атты Қазақстан Республикасы заңында орын алған. Негізгі екеуін атап өтейік.
Біріншіден мемлекеттің реттегіштік рөлі экономикалық тиімдік талаптарына қайшы келмеуі тиіс, қайшы келетін жағдайда талассыз түрде жұмыссыздар саны арта бермек. Жұмыссыздардың жоғары деңгейі жаңа жұмыс орындарының құрылуымен, жұмыс орындарына деген сұраныстың артуымен ретін табады.
Екіншіден, жұмыс күшіне деген еңбек төлемі жағдайлары дұрыс болуы шарт. Оның ішінде маңыздысы, марапаттау, көтермелеу, сыйақы ұсыну еңбек тиімділігін арттыра түседі.
Жоғары нәтиже беретін, рационалды құрылымы бар, экономикалық тьиімді еңбекпен қамту орталықтарының іс атқаруы қазақстандық экономиканың әрі қарай өркендеуіне септігін тигізеді.
Еңбекпен қамтуды модернизациялау – бұл, бір жағынан белсенді элемент осы үрдіс тұтқасы. Басқа қырынан экономиканың нарықтық құрылымдарына ыңғайланған әдіс – амалдар жиынтығы және техника, технологиялық ерекшеліктері зор. Бұл өзгерістер нарықтық қатынастармен реттелініп және мақсатты бағытталған іс – шаралар арқылы шаруашылық саясатының барлық деңгейінде көрініс табады. Егер дамыған елдерде еңбекпен қамту іс – шаралар негізінде шешімін табатын болса, ал қазақстанда қазіргі жағдайда бұл үшін экономика құрылымында түбегейлі өзгерістер қажет. Сол үшін аларды шешу жағдайларын қалыптастыру міндеттері батыс елдеріне қарағанда бөлектеу. [2]
Еңбекті қамтудың жаңа моделі қаржылық тұрақталақ жағдайында ғана оңтайлы шешімін тобады, инвестициялық белсенділік ресурстарын молайту мен әлеуметтік мәселелерді шешу де маңызды жайлардың жандануына түрткі болады. Осы мақсаттарды іске асыруда міндетті түрде Экономиканың наруқтық құрылымын өркендетуді жалғастырып, әлеуметтік шығынды азайту керек. Өкінішке орай, мүмкіндіктері масштаб, қарқын осы құрылымдар пішіндері үнемі табиғи түрде емес, көбінесе басшылар ұстанымына лайықты, олардың халық шаруашылығы бағдарлау да сол себептен аса сенімді ойларды өрбітуге жол бермей жатады.
Сөзсіз, жұмыскерлердің, жұмыс берушілердің және мемлекеттік органдардың тиімді, өзара бірлесімді әрекеті қажет, осының нәтижесінде оң шешімдер көрініс табады. Осының негізінде Қазақстан Республикасы өкіметінің кәсіподақпен өнім өндірушілер бірлестіктерімен өнімді әрекеті қажет. Баса келісімшартқа сәйкес іс – шаралар жүйелі ерекшелікке ие етеді. Осындай өзара бірлесе әрекет ету нәтижесінде, дамыған және дамушы елдер істәжірибелерін нысанаға ала атырып ауыспалы экономика жағдайларында еңбекпен қамтудың әлеуметтік – экономикалық даму моделі құрылды. Осы негізде келесі ережелерді назарға алған дұрыс:
- әрі қарай тұрғындардың еңекпен қамту орталығындағы санын арттыра берудің мәні жоқ өндіріс орындарына шоғарландыруға байланысты әрекеттерді жандандыруы қажет. Жұмыскерлерді себебіз жұмыстан босату өндіріс орындарына ереже болмауы шарт, еңбек өнімділігін көтеруде де бұл жай ештеңені шеше алмайды.
- тұрғындарды еңбекпен қамту көрсеткіш динамикаларына қатысты және өндірістің экономикалық тиімділігі деңгейімен де байланысты. Артық жұмыскерлерді қысқарту салардың есебінен жұмыссыздарды арттыру өндірістенрде жасырын жұмыс күшін сақтауға Қарағанда тиімдірек; өндірістер елдегі жұмыссыздық деңгейі үшін жауап кершілік артпайды;
- тұрғындардың еңбекпен қамтылуын қамтамасыз ету(қоғамдық еңбектің тиімділігін көтеру)мемлекет пен бүкіл қоғам қызметі болуы қажет.
- еңбекпен қамту – экономикалық қана емес әліуметтік мәселе, оның шешілу жолдары бір – бірімен үндеспеуі мүмкін. Бұндай жағдайда дұрыс, төте жалын қарастырған абзал экономикалық өлшемдерден әлеуметтік мақсат та қатысты екенін естен шығармауымыз керек.
Осы міндеттердің барлығын шешу үшін мемлекет еңбек нарығының жағдайына бағдар жасайды халық шаруашылығындағы өсу нүктелерін назарға алады, лайықты құрылымдық, аймақтық және инвестициялық саясат жүргізіп, ішкі экономикалық байланыстарды реттейді, жұмыскерлердің еңбек нарығына төселуін қалыптастырады. Назарға алынатыны мемлекет мүмкіндіктері даңа жұмыс орындарын құруда жеке кәсіпкерлік белсенділікке де қатысты. Бұл алайда мемлекеттің рөлін төмендетпейді. Мемлекет міндетті түрде кәсіпкерлердің еңбек нарығындағы қадамдарына назар аударып аз қамтамасыз етілген тұрғындарды қорғауға ерекше көңіл бөлген жон және жұмыс күшіне қатысты күрделі жайлар шешімін табуға ат салысуы керек.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1 Социально-экономические аспекты развития села Кайранбеков Б.О -Тараз қ..2006.-Б.36-39
2 Еңбек потенциалы-еңбектің саны мен қалыптасуы Игембаев А.ПАлматы-2009 ж
Резюме
В статье рассматриваются теоритические аспекты социально-экономических моделей занятости в условиях переходной экономики. На примере промышленно развитых стран, их опыт – мы изучаем спектр сходных с этими странами проблем, для перехода Казахстана к рыночной экономики.
Summary
In the article teoritichiskie aspects of socio-economic models of employment in transitional economies. On the example of industrialized countries, their experience - we study the spectrum of similar problems with these countries for Kazakhstan's transition to a market economy.