Есепті шығар

Скачать

№2 тапсырма

1. Қабырғалары АВ = 10 см, ВС = 6 см и АС = 8 см болатын үшбұрыш сыз. Оның ауданын әр түрлі тәсілмен тап.
2. Қабырғалары 35 мм, 45 мм және арасындағы бұрыш болатын үшбұрыш сыз. Үшбұрыштың периметрін әр түрлі тәсілмен тап.
3. АВ=5 см, САВ= және СВА= болатын үшбұрыш сыз.
4. ЕК = 4 см 7 мм кесіндісін сыз. Оны циркульдің көмегімен екіге бөл.
5. Есепті теңдеу құру арқылы шығар:
Пәтерді жөндеу үшін бірдей 6 орам тұсқағаз сатып алынды. Бөлмелерге 28 м жапсырғаннан кейін тағада 20 метр қалды. Әр орамда неше метр тұсқағаз болған?
6. Есепті шығар:
Бөлменің ұзындығы 10 м, ені 8 м, ал биіктігі 3 м. Әр бөлме қабырғаларын 1 метр биіктікте ақ сырмен, ал еденді қызыл сырмен бояу керек. 1 м2 ауданға 200 г сыр жұмсалса, осы бөлменің еденін бояуға неше килограмм қызыл сыр, ал қабырғаларын бояу үшін неше килограмм ақ сыр сатып алу керек?
7. Чертеж жасап есепті шығар: Арасы 240 км екі қаладан бір мезгілде бір бағытта жеңіл машина және автобус шықты. Жеңіл машинаның жылдамдығы 80 , ал автобусттың жылдамдығы 56 . 2 сағаттан кейін олардың ара қашықтығы қандай болады?
8. Есепті шығар:
(кестенің көмегімен).
Ғалым, Жабай, Алтай, Ерлан және Әсетте бір бірден балалар тренажёры бар. Олардың біреуінде Ат үстінде, екіншісінде - Ескек, үшіншісінде - Жүгіру жолы, төртіншісінде - Толқынмен жүгіру, бесіншісінде - Штангілі орындық тренажерлері бар. Жабайда, Ерланда, Әсетте Ат үстінде және Жүгіру жолы емес, Ғалымда - Ескек, Жүгіру жолы, Штангілі орындық емес, Алтайда Ат үстінде, Ескек, Штангілі орындық емес. Ерлан мен Әсетте де Штангілі орындық емес. Сондай - ақ Әсетте Ескек тренажері жоқ. Сонда олардың қайсысында қандай тренажер бар?
9. Есепті шығар:
(графтың көмегімен).
Балалар спорт мектебінде жеңіл атлетикадан және гимнастикадан дайындық өтті. Әлфия Болатқа шпагатқа отыруға көмектесті. Лена Юляны 100 метрге жүгіруге дайындады. Гүлнәрмен Болат айналысты, ал Юля Жаннаға көмектесті. Шпагатты дұрыс жасауды Әлфияға Нұржан үйретті, ал Ленамен Олеся айналысты. Балалардың ішінен гимнастикаға ең мықтысы кім, ал жеңіл атлетикадан әлсізі кім?
10. Есепті шығар:
Лагерге үш дос келді: Марат, Бақыт және Қанат. Олардың әрқайсысы мына фамилиялардың біреуі екендігі белгілі: Имашев, Саматов, Ғаниев. Марат Ғаниев емес, Бақыттың әкесі инженер. Бақыт 6 сыныпта оқиды. Ғаниев 5 сыныпта оқиды. Имашевтың әкесі слесарь. Балалардың әрқайсысының фамилиясы қандай?


Скачать


zharar.kz