Өндірісте алғашкы теориялық сабақтарды, кауіпсіздік техникасын және басқа да өнім шығару бойынша сабақтарды өткеннен кейін, біз ондірістік саяхатқа шығу барысында біз «ПКОП» өндірістік компаниясының барлық бөлімшелерімен толығымен таныстық. Ең алдымен біз «ПКОП» өндірістік компаниясының даму тарихымен таныстық. Бұл компания Шымкент қаласында мұнай өндеуші ең алдынғы қатарлы өндірістік завод болып табылады. Өндірістік саяхатқа шығу незізінде біз заводтың әрбір бөлімшелерінің (секцияларының) құрамымен, жұмыс персоналымен және де атқаратын жұмыстармен толық-қанды танысып шықтық.
Өнеркәсіп ішінде саяхатқа шығу алдында біз үстімізге арнайы баскиімдер (каска), арнайы жеңді көйлектер мен сымдарды, сондай-ақ аяққа арнайы аяқ киімдерді киіп завод бойынша саяхатқа дайындалдық. Саяхатқа шыққан кезде біз осы «ПКОП» -та мұнайөндейтін машиналар мен жабдықтардың негізгі параметрлерімен, атқаратын қызметімен, құрылымымен таныстық және де осы аппараттарды іске қосып, солармен бірқатар жұмыстар жасадық. Біз мұнда, болашақ механик ретінде аппараттардың негізгі сипаттамасын жасадық. Әрбір секция бойынша саяхат жасадық. Осы өндірістік саяхатта көріп білген білімдерімізді теориялық сабақтарда өткен білімдерімізбен ұштастыра отырып, секция ішінде жұмыс істедік. Іс-тәжірибеден өту барысында өндірістік саяхатқа шығудың мені зор. Саяхатта жүріп жасаған жұмыстарымызды біз есептік жазбаны дайындауға пайдаландық.
Зауыт төрт секциядан тұрады екен:С - 100 ( АҚ -ЭСТҚ) С-200(Риформит) С-300 (дизель және керосин отындарын депарафинизациялау) С-400 (газ фракциялау) осылардың ішінде ең маңыздысы әрі үлкені С-100 секциясы болып табылады. Бұл секция тоқтаса , онда бүкіл зауыт тоқтайды.
Бұл секция 2000 м жерді алып жатыр. Мұнда насостар (30) мен
жылу алмастырғыштардың (20), сақындатқыштардың (12) ең көп саны
орналасқан .
Секцияның өзіне тиісті сыйымдылығы 120 м3 екі резервуары бар, онда шикізат тікелей құбырдан келіп түседі.
Секцияда, сонымен бірге, 8 ЭСТҚ аппараттары бар. Олар қуаты 120 мың Вт болып келетін трансформатордан қоректенеді .
ЭСТҚ - дан соң орталық бөлікте 4 колонна орын тепкен : 1) бензинсіздендіруші 2) негізгі 3) буландырғыш 4) т^рақтандырғыш Жылу алмастырғыш құбырлы және қалқымалы басты болып келген, онда жылу беруші реагент - мұнай өнімі, ал жылу қабылдағыш - мұнай өнімі немесе мұнай.
Салқындатқыштар ауамен жұмыс істейтін қуаты күшті
компрессорлар.Онда салқындату қызметін ауа атқарады . Секцияның шетінде пештер орналасқан . Бұл пеш газбен жұмыс істейді . С-100 секциясының пеші мұнайды 350° С дейін қыздыра алады . Мұнай пештерге жылу алмастырғыштар арқылы өтіп келеді.
Зауыт толығымен автоматтандырылған. Керекті жерлерде
диафрагмалы шығын өлшегіштер, термапарлар монометрлер мен вакууметрлер орналасқан. Олардың жұмыс істеуі пневматикалық және электрлік принциптерге негізделген. Зауытта әр секцияның көмекші
оператторлық бақылау орындары және бүкіл заутқа тиесілі орталық операяюрлық орындары бар.
Әрбір колоннада, ЭСТҚ аппараттарында сақтандырғыш клапандар
кездеседі. Олар аталған аппараттарда қысым нормадан асып кеткенде іске
қосыдады.