$$$1 Жиырылғыш вакуолі болмайды:
А. Тек теңіз қарапайымдыларында
В. Еркін өмір сүретін теңіз қарапайымдылары мен паразиттік қарапайымдыларында
С. Тек паразиттерде
D. Біржасушалы тұщы су қарапайымдыларында
Е. Барлығында да жиырылғыш вакуолі болады
$$$2
Қоректену кезінде қарапайымдылар:
А. Асқорыту вакуолін түзеді
В. Қоректік заттарды бүкіл денесімен сіңіреді
С. Органикалық заттар түзеді
D. Қоректі жұтқыншағы арқылы сіңіреді
Е. Қоректі жасушалы аузы арқылы сіңіреді
$$$3 Араларға аяқ-қолдардың(конечности) қай типі тән:
A. Жүгіргіш
B. Жинағыш
C. Қазғыш
D. Жүзгіш
E. Ұстап алғыш
$$$4 Қоғамдық бунақденелілер бір-бірімен қалай араласады:
A. Химиялық заттардың әсерінен
B. Арнайы тіл арқылы
C. Би қимылдарымен көмегімен
D. Мұртшалар арқылы
E. Ауыз органдарының көмегімен
$$$5 Қорытылмаған қалдықтар саңылау арқылы шығады:
А. Тек инфузорияларда ғана
В. Инфузориялар мен кірпікшелілерде
С. Барлық қарапайымдыларда
D. Амебада
Е. Жасыл эвгленада
$$$6 Кірпікшелілер қалай қореқтенеді:
А. Өсімдіктер сияқты автотрофты
В. Жануарлар сияқты гетеротрофты
С. Автотрофты және гетеротрофты
D. Паразиттер сияқты
Е. Жыртқыштар сияқты
$$7 Қай қарапайымдыларда жасуша қабығы болмайды:
А. Барлық қарапайымдыларда
В. Тамыраяқтыларда
С. Паразиттік қарапайымдыларда
D. Сапрофиттерде
Е. Амебаларда
$$$8 1892 жылы вирусты ашқан ғалым:
А.Р.Гук
В.Д.И.Ивановский
С.В.А.Ковалевский
D.Ж.Б.Ламарк
Е.И.И.Мечников
$$$9 Кірпікшелі кебісшенің қозғалу аппаратын атаңыз:
А.Түктер
В.Талшықтарымен
С.Кірпікшелер
D.Қылтан
Е.Жалғанаяқтар
$$$10 Ішекқуыстыларға асқорытудың қандай типі тән:
А.Жасушаішілік асқорыту
В.Асқорыту қуысы
С.Ішек асқорытуы
D.Жасушаааралық және асқорыту қуысының үйлесімділігі
Е.Ауыз қуысындағы асқорыту
$$$11 Гидра жазда қалай көбейеді:
А.Көлденең бөліну арқылы
В.Бүршіктену жолымен
С.Ұзына бойына бөліну жолымен
D.Аталық және аналық жыныс жасушалары арқылы
Е.Партеногенетикалық
$$$12 Медузаларға қандай қоректену типі тән:
А.Өсімдікқоректі
В.Жыртқыштық
С.Бактериофактар
D.Өсімдік пен жануарлар қалдықтарымен қоректену
ЕСапрофиттік
$$$13 Қай паразиттік құрттарда өмір циклі қожайын ауыстырумен өтеді:
А. Острицада
В. Бауыр сорғышта
С. Сұлама
D. Аскаридада
Е. Жауын құртында
$$$14 Паразиттік құрттардың қайсысында бір ғана қожайыны болады:
А.Сүт планариясында
В.Таспа құртта
С.Бауыр сорғышында
D.Аскаридада
Е.Гидрада
$$$15 Буылтық құрттардың зәр шығару процесінің жалпақ және дөңгелек құрттармен салыстарғандағы ерекшелігі:
А.Алмасу өнімдері бүкіл денесі арқылы шығарылады
В.Алмасу өнімдері арнайы клеткаларда жиналады
С.Алмасу өнімдерін дене қуысынан шығаратын арнайы түтікшелі шығару органы түзіледі
D.Шығару процессі жиырылғыш вакуольдің арқасында жүреді
Е.Шығару процессі бүйрек арқылы жүреді
$$$16 Буылтық құрттардың тыныс алуындағы басқа құрттармен ұқсастығы:
А.Бүкіл денесімен тыныс алады
В.Желбезектің көмегімен тыныс алады
С.Өкпе арқылы тыныс алады
D.Ішек арқылы тыныс алады
Е.Желбезек саңылаулары арқылы тыныс алады
$$$17 Моллюскалардың құрылысының құрттардікінен айырмашылығы:
А.Кірпікшелермен қапталған ұзарған дене
В.Денесі кутикуламен қапталған
С.Денесі сигментті, сезім органдары болатын басы бар
D.Денесі қабыршақпен қапталған және оның астында мантия орналасқан
Е.Денесі бунақталған
$$$18 Жалпақ құрттарға тән:
А.Радиальды симметрия
В.Аналь тесігі
С.Паренхима
D.Қан айналу жүйесі
Е.Жасыл без
$$$19 Дөңгелек құрттарға тән қасиетті тап:
А.Алғашқы қуыс
В.Паренхима
С.Қан айналу жүйесі
D.Желбезек
Е.Гермафродитизм
$$$20 Шошқа цепені ненің нәтижесінде пайда болды:
А.Араморфоздың
В.Идиоадаптацияның
С.Дегенерацияның
D.Биологиялық прогресстің
Е.Регресстің
$$$ 21 Ішекқуыстылардың эктодермасында болмайды:
А.Безді жасушалар
В.Жыныс жасушалар
С.Аралық және жүйке жасушалар
D.Аралық жасушалар
Е.Жүйке жасушалары
$$$22 Полиптер мен медузаның арасындағы ерекшелікті атаңыз:
А.Дененің жасушалық құрамы
В.Қозғалу сипаты
С.Қоректену тәсілі
D.Көбею жолы
Е.Жүйке жүйесінің құрылысы
$$$23 Тек буын аяқтылардың дамуына тән қасиеттер:
А.Ұрықтық кезеңсіз даму
В.Дамуы өлшемдердің біртіндеп үлкеюі немесе өсумен жүреді
С.Жануар түлеу кезінде ғана өседі
D.Жануар хитинді жамылғысына байланысты дамымайды
Е.Дамуы қуыршақ кезіңінсіз
$$$ 24 Буынаяқтылардың қайсысында тіршілік әрекетінің өнімдерін организмнен шығаратын жасыл безі болады:
А.Өрмекшілерде
В.Бунақденелілерде
С.Шаянтәрізділерде
D.Кенелерде
Е.Қоңыздарда
$$$25
Бунақденелілердің қайсысында алдыңғы қатты қанаттары мен артқы жарғақ қанаттары бар:
А.Шыбындарда
В.Көбелектерде
С.Қоңыздарда
D.Ара мен соналарда
Е.Бөгелекте
$$$26 Бунақденелілер қалай тыныс алады:
А.Қарынның жиырылуы мен тартылуы әсерінен кеңірдектегі ауа жаңарып отырады
В.Дененің негізінде орналасқан өкпе қабы арқылы
С.Аяқта дамитын желбезектер арқылы
D.Терісімен белсенді ауаны тасымалдау арқылы
Е.Өкпе арқылы
$$$27
Қосқанатты қансорғыштарға тән ауыз органдарының типі:
А.Кеміргіштерге
В.Шанышпалы-сорғыш тип
С.Тұмсықша (хоботок(сорушы тип))
D.Қармалағыш тістері бар астыңғы ерін
Е.Жалағыш ауыз аппараты
$$$28 Көбелектерді қанатына қарап басқа бунақденелілерден қалай ажыратуға болады:
А.Екі жұп қанаттары бар
В.Бір жұп қанатты, екіншісі редуцияланған
С.Бір жұп қанаттары – қатты, екіншісі жарғақты
D.Қанаттары майда қабыршақтармен қапталған
Е.Қанаттары жоқ
$$$29 Өзен шаянының қай мүшесі ауыз органдарына өзгерген:
А.Бас
В.Кеуде
С.Құрсақ
D.Құйрық
Е.Қысқаштары
$$$30 Асқорыту жүйесінің қандай белгілері өзен шаянына тән:
А.Ішегі үш бөлімнен тұрады: алдыңғы, ортаңғы, артқы
В.Асқазаны екі бөлімнен тұрады: және сүзетін
С.Жұтқыншақ, өңеш, жемсау, асқазан, алдыңғы және артқы ішектен тұрады
D.Тұйықталған, тармақталған ішек
Е.Асқазаны төрт бөлімнен тұрады
$$$31 Өрмекші тәрізділердің құрсақ аяқтары қандай органға өзгереді:
А.Жүргіш аяқтарға
В.Жүзгіш аяқтарға
С.паутиновые бородавки
D.Капулятивті ақтарға
Е.Сезім мүшелеріне
$$$32 Кене қай класқа жатады:
А.Бунақденелілерге
В.Шаянтәрізділерге
С.Өрмекші тәрізділерге
D.Екіжақтыларға
Е.Бауыраяқтыларға
$$$33
Ланцетниктің қандай белгісі омыртқасыз жануарларға тән емес:
А.Метанифридиальды типтің бөліп шығарушы жүйесі
В.Алдыңғы және артқы аяғының болмауы)
С.Бірқабатты жабын эпителийі
D.Фильтрлі жолмен пассивті қоректенуі
Е.Жүрек пен мидың жоқтығы
$$$34 Қарапайымдыларда цистаның түзілуі қандай маңызға ие:
А.Сыртқы орта жағдайларының күрт өзгеруіне реакциясы
В.Мимикрия
С.Циста көбеюге қатысады
D.Қарапайымдылардың өлгеннен кейінгі өзгеруі
Е.Жасыру (маскировка)
$$$35 Дизентерия амебасының кәдімгі амебадан айырмашылығы:
А.Теңізде өмір сүреді
В.Ағынды өзендерде өмір сүреді
С.Адамның ішіндегі паразиттік тіршілік етеді
D.Өсімдіктерде паразиттік тіршілік етеді
ЕТопырақта тіршілік етеді
$$$36 Кірпікшелі кебісшенің жыныстық процессінің басқа қарапайымдылардан айырмашылығы:
А.Бірдей екі дараның қосылуы
В.Әртүрлі екі дараның қосылуы
С.Жыныс жасушаларының қосылуы (аталық және аналық )
D.Жыныс ядроларының қосылуы
Е.Ұрықтанбаған аналық ұрық жасушасынан дамуы
$$$37 Гидраның құрылысының қарапайымдылардан айырмашылығы:
А.Біржасушалы құрылым
В.Колониальды құрылым
С.Көпжасушалы құрылым
D.Екіқабатты жасуша
Е.Көпқабатты жасуша
$$$38 Қарапайымдылар прокариоттардан немен ерекшеленеді:
А.Ядросы болмайды
В.Ядросы болады
С.Митохондрийдің болуы
D.Пластидтердің болмауы
Е.Кірпікшелерінің болуы
$$$39
Қарапайымдыларға қандай ұйымдастыру деңгейі тән:
А.Тіндік деңгей
В.Жасушалық
С.Көпжасушалы
D.Жасушаға дейінгі
Е.Мүшелер тобы
$$$40 Эвглена қандай типке жатады:
А.Кірпікшелілерге
В.Плазмалылырға
С.Бунақденелілірге
D.Сорғыштарға
Е.Талшықтыларға
$$$41 Қарапайымдылардың көпжасушалы жануарлардың жасушасынан ең басты айырмашылығы:
А.Жасушасы прокариотты
В.Тіршілік әрекеттерінің барлық процесстерін орындайтын дербес организм
С.Көбеюі бөліну арқылы жүреді
D.Фагацитоз бен пиноцитозға қабілеттілігі
Е.Микроскопиялық өлшемдері
$$$42 Жасыл эвглена қай экологиялық топқа жатады:
А.Топырақты форма
В.Су қоймаларының түбінде тіршілік ететін бентосты форма
С.Судың ағынымен тіршілік ететін планктонды форма
D.Өсімдіктерде тіршілік ететін – паразит
Е.Жануарлар мен адамдарда тіршілік ететін – паразит
$$$43 Атмосферадағы ауаны тірі организмдер не үшін қолданады:
А.Қоректенуге
В.Тыныс алуға
С.Көбеюге
D.Фотосинтез үшін
Е.Пластикалық алмасу үшін
$$$44 Жиырылғыш вакуольдер не үшін қажет:
А.Асқорыту үшін
В.Газ алмасуға
С.Сыртқы отрадан суды сіңіру үшін
D.Тотығудың еріген өнімдеріндегі артық судан құтылу үшін
Е.Қоректік заттарды қорыту үшін
$$$45
Қосқанатты қансорғыштарға тән ауыз органдарының типі:
А.Кеміргіштерге
В.Шанышпалы-сорғыш тип
С.Тұмсықша (хоботок(сорушы тип))
D.Қармалағыш тістері бар астыңғы ерін
Е.Жалағыш ауыз аппараты
$$$46 Жануарлар организімінің қоректенуіне тән:
А.Тірі организмдермен қоректену
В.Жарықта органикалық заттардың түзілуі
С.Ауадан көмірқышқыл газын сіңіру
D.Минералды заттарды сіңіру
Е.Дайын органикалық заттармен қоректену
$$$47 Тірі организмдердің барлық функцияларын атқаратын жасуша қай организмде болады:
А.Көпжасушалы организмдерде
В.Қарапайымдыларда
С.Барлық тірі организмдерде
D.Өсімдік организмінде
Е.Жануарларда, микроорганизмдерде
$$$48 Қарапайымдылардың жасушасындағы ядро саны:
А.Бір ғана ядро
В.Кейбіреулерінде ядросы болмайды
С.Екі ядродан кем
D.Екі ядродан астам
Е.Барлығында бір ядро
$$$49
Буынаяқтылыр типі қандай тип тармақтарға бөлінеді:
А.Tracheata
В.Clitellata
С.Chelicerata
D.Branchiata
E.Aclitellata
$$$50
Шаянтәрізділердің денесі қандай бөлімдерден тұрады:
А.бас,кеуде,құрсақ
В.бас,тұлға,аяқ
С.бас,сегменттелген тұлға,пелидий
D. баскеуде,құрсақ
E.тұмсық,жаға,тұлға
$$$51 Амеба қалай көбейеді:
А.Тек жыныссыз
В.Жынысты және жыныссыз
С.Тек жынысты
D.Вегетативті
Е.Спора арқылы
$$$52 Дұрыс жауабын тап:
А. Тоспа ұлу бүкіл денесімен тыныс алады
В. Тоспа ұлу желбезектері арқылы тыныс алады
С. Тоспа ұлу өкпесі арқылы тыныс алады
D. Тоспа ұлу аяғының көмегімен тыныс алады
Е. Тоспа ұлу мантияның көмегімен тыныс алады
$$$53 Дұрыс жауабын тап:
А. Айқұлақтар – гермафродиттер
В.Айқұлақтар қосжынысты, бірақ аталығы аналықтан пішіні мен мөлшеріне қарай өте қатты ерекшеленеді
С.Айқұлақтар қосжынысты, бірақ жанастық диморфизм байқалмайды
D.Айқұлақтар бірде аналықтың қасиеттерін көрсетсе, бірде аталық қасиеттерін көрсетеді
Е.Айқұлақтар – гермафродиттер, бірақ жыныстық диморфизм байқалмайды
$$$54 Қай паразиттік құрттарда өмір циклі қожайын ауыстырумен өтеді:
А. Острицада
В. Бауыр сорғышта
С. Сұлама
D. Аскаридада
Е. Жауын құртында
$$$55 Маржандар қайда тірршілік етеді:
А.Өзенде
В.Ағынсыз суларда
С.Тұщы суларда
D.Теңіздерде
Е.Топырақта
$$$56 Дөңгелек құрттарды жалпақ құрттардан қалай ажыратамыз:
А.Денесі созылыңқы, көлденеңінен жалпақ
В.Денесі созылыңқы, көлденеңінен домалақ және құйрық жаққа қарай біртіндеп сығылған
С.Денесі жалпақ, жапырақ тәрізді
D.Денесі мөлдір ішектермен жоғарыдан төмен қарай майысқан
Е.Денесі домалақ
$$$57 Өрмекші тәрізділердің құрсақ аяқтары қандай органға өзгереді:
А.Жүргіш аяқтарға
В.Жүзгіш аяқтарға
С.паутиновые бородавки
D.Капулятивті ақтарға
Е.Сезім мүшелеріне
$$$58 Буылтық құрттардың асқорыту жүйесінің басқа құрттардан айырмашылығы:
А. Асқорыту жүйесі редукцияға ұшыраған
В. Тармақталған соқыр ішек
С. Ішегі алдыңғы, ортаңғы, артқы ішектерден тұрады
D. Асқорыту жүйесі – ауыз, жұтқыншақ, өңеш, жемсау, асқазан, ортаңғы және артқы ішектерден және артқы қуыстан тұрады
Е. Ішегі алдыңғы және артқы ішектерден тұрады
$$$59 Буылтық құрттардың жүйке жүйесіне тән ерекшеліктер:
А.Жүйке жасушалары өрмелер құрайды
В.Жүйке сақинасы жұтқыншақ айналасында
С.құрсақтық жүйке тізбегі
D. көмекей маңы жүйке сақинасы
Е.Жүйке жасушалары бүкіл денеде шашыранды орналасқан
$$$60 Тоспа ұлу өмір сүруіне байланысты қандай жануарларға жатады:
А.Тері – бұлшықет қапшығы көмегімен еркін жүретін
В.Субстратқа бекінген, аз қозғалатын
С.Еркін жүзетін
D.Денесінің құрсақ бетіндегі бұлшық ет аяқтарының көмегімен
Е. Жерді қазады
$$$61 Ұлулардың қай түрін асқа қолданады және су қоймаларында жасанды өсіріледі:
А.Тоспа ұлуларды
В.Шырышты ұлуларды
С.Корабельные құрттарды
D.Мидиялар мен устрицаларды
Е.Сегізаяқтыларды
$$$62 Сиыр цепеніне эндопаразит ретінде қандай белгілер тән:
А. Жүйке жүйесінің қарапайымдылығы
В. Қармалауыш
С. Ас қорыту жүйесінің болмауы
D. Ауыз қуысы
Е. Сезім мүшелерінің болуы
$$$63 Гидраның энтодермасында қандай жасушалар орналасқан:
А.Атпа
В. Жүйке
С. Асқорыту
D. Жыныс
Е.Жабын(покровные)
$$$64 Қай бунынаяқтыларда мальпиги түтігі шығару органына жатпайды:
А.Шаянда
В.Өрмекшіде
С.Зауза қоңызында
D.Тарақанда
Е.Арада
$$$65 Ұлуларда асқорыту жүйесінің қай бөлімі астың қорытылуына қатысады:
А.Ауыз
В.Ішек
С.Өңеш
D.Бауыр
Е.Асқазан
$$$66 Адам және жануарлар паразитті – бауыр сорғышының сүт сұламасынан айырмашылығы:
А. Денесі жалпақ
В. Бүкіл денесімен тыныс алады
С. Ауыз және құрсақ емізікшелері бар
D. Асқорыту жүйесі тармақталған соқыр ішектен тұрады
Е. Тері – бұлшықет жабынының болуы
$$$67
Қай құрттарда зәр шығару мүщелері түтікше тәрізді болып, зат алмасу өнімдерін сыртқы ортаға шығарады:
А. Буылтық құрттарда
В.Жалпақ құрттарда
С. Дөңгелек құрттарда
D. Таспа құрттарда
Е. Паразиттік құрттарда
$$$68 Жалпақ құрттарға тән қозғалу аппараты:
А. Дене өсінділері
В. Тері – бұлшықет жасушалары
С. Кірпікшелі жабын
D. Кірпікшелі жабын және бұлшықеті: сақиналы, ұзына бой, арқа-құрсақ
Е. құйрық қауырсын көмегеімен
$$$69 Құрсақаяқты ұлулар немен қоректенеді:
А. өсімдіктермен
В. планктондармен
С. жәндіктердің личинкаларымен
D. қарапайым жануарлармен
Е. құрттармен
$$$70 Жалпақ құрттарға тән жүйке жүйесі:
А. диффузды
В. түтікшелі
С. тарамдалған
D. Жүйке жүйесі жоқ
Е. Бас миы және жұлын
$$$71 Шекаралық және қозғалыс функцияларын атқаратын гидраның жасушасы:
А. Безді жасушалар
В. Талшықты және асқорыту жасушалары
С. Тері – бұлшықет жасушалары
D. Жүйке жасушалары
Е. Бас миы және жұлын
$$$72 Жалпақ құрттардың ішек қуыстылардан ең негізгі ерекшелігі:
А. Көпжасушалы
В. Жасушаның әр түрлі типтеріне дифференциациясы
С. Жүйке жасушасының дамуы
D. Үшқабаттылық – эктодерма, энтодерма және мезодерманың болуы
Е. Екіқабатты – эктодерма және энтодермадан тұрады
$$$73 Жұмыр құрттың бауыр сорғыштан айырмашылығы:
А. Денесі сегменттелген
В. Билатеральды
С. Құрсақ және бас присоскасы бар
D. Денесі бастан, мойыннан және бунақталған денеден тұрады
Е. Жыныс жүйесінің құрылымы бойынша – гермафродитті
$$$74 Гидраның эктодермасы қандай жасушалардан тұрады:
A. Тері – бұлшықетті
B. Стрекательные
C. Жүйке
D. Асқорыту – бұлшықетті
E. Пигментті
$$$75 Медузаның жүйке жүйесі:
А.Болмайды
В.Диффузды
С.Түтікшелі
D.Ганглиясы болмайды
Е.Бағанды
$$$76 Гидраның қай жерінде атпа (стрекательные) жасушалар көп жиналған:
А. Ауызда
В. Ауызда және қармалауышта
С. Ауызда және табанда
D. Бүкіл денесінде
Е. Энтодермада
$$$77 Гидраның жыныс жасушалары мына жасушалардан түзіледі:
A. Эктодермадан
B. Энтодермадан
C. Ішек қуысы
D. Аналық жасушалары – сыртқы, аталық жасушалары – ішкі қабатта
E. Мүлдем түзілмейді
$$$78 Қоректену сипатына қарай медузалар:
A. Жыртқыш
B. Талғаусыз қоректі жануар
C. Фильтраторлар
D. Автотрофты
E. Паразит
$$$79 Атқыш жасушалар, оны қолданғаннан кейін:
A. Өледі, атқыш жасушалар саны кемиді
B. Сақталады және атқыш жіпшелерді тартып алады
C. Өледі, ал жаңа атқыш жасушалар аралық жасушалардан құралады
D. Тірі қалады
E. Жасушалар саны өзгеріссіз қалады
$$$80 Буынаяқтылардың қайсысында екі жұп мұртшалары болады:
A. Бунақденелілерде
B. Шаян тәрізділерде
C. Өрмекші тәрізділерде
D. Кенелерде
E. Қабыршақ қанаттыларда
$$$81 Тыныс алу органдарының қайсысы шаян тәрізділерге тән:
A. Өкпе
B. Мантия
C. Желбезек
D. Артқы
E. Қысқыштар
$$$82 Бунақаяқтылардың қайсысы адамдар үшін улы болып табылады:
A. Крабтар, шаяндар
B. Ақ бүйі
C. Қарақұрт, тарантула, сарышаян
D. дала кенелер
E. Зауза қоңыз
$$$83 Шаян тәрізділердің қайсысы энцефалитті таратушыларға жатады:
A. Сарышаян
B. Тайгалық кенелер
C. Қотыр кенесі
D. Ұсақ қызыл кенесі
E. Есекқұрт
$$$84 Бунақаяқтылардың қайсысы ірі қара, жылқы және түйелердегі қан ауруын таратушы болып табылады:
A. Өрмекшілер
B. дала кенелер
C. Сарышаяндар
D. Шаяндар
E. Тайгалық кенелер
$$$85 Зауза қоңызға бас құрылысының қай типі тән:
A. Баскеудесі екі бөліктен тұрады: бас және кеуде, бас бөлімінде алдынан өткір қылқаны болады және екі жұп жіңішке мұртшалар мен көздерден тұрады
B. Бас капсуласы бір жұп бұнақмұртшаларынан, күрделі көздерден және ауыз органынан (жоғарғы, төмеңгі ерін, жоғарғы және төмеңгі жақ) тұрады
C. Баскеудесі мұртшаларсыз 4 жұп көзі бар екі жұп ауыз органдарынан тұрады
D. Басы дұрыс жетілмеген
E. Тиісті көздері, жалағыш ауыз аппараты, астыңғы еріннен тұратын жұмсақ тұмсықшадан тұрады
$$$86 Бунақаяқтыларға тән қан айналу жүйесі:
A. Қан айналу жүйесі болмайды
B. Қан айналу жүйесі ашық
C. Қан айналу жүйесі тұйық
D. Қан айналу жүйесі капиллярлы
E. Қан айналу жүйесі өзгеріске ұшыраған
$$$87 Шыбындарды басқа бунақденелілерден қалай ажыратамыз:
A. Екі жұп жарғақшалы қанаттары болады
B. Бір жұп қанаты жарғақшалы, екінші жұбы редукцияланған
C. Бір жұп қанаты қатты және екінші жұбы жарғақшалы
D. Бір жұп қанаты жартылай қатты, жартылай жарғақшалы, ал екінші жұбы жарғақшалы
E. Қанаттары болмайды
$$$88 Бунақденелілер үшін қорғаныш реңі не:
A. Мінез-құлықтың ерекше түрі
B. Қоректенудің ерекше түрі
C. Түсі немесе формасы жағынан қоршаған ортамен ұқсастығы
D. Бунақденелілердің даму типі
E. Қатерлі рең
$$$89 Бунақденелілерде қан қандай қызмет атқарады:
A. Оттегін тасымалдайды
B. Қоректік заттарды тасымалдайды
C. Көмірқышқыл газын сіңіреді
D. Кез келген газдарды тасымалдайды
E. Тыныс алуға қатысады
$$$90 Энтомология нені зерттейді:
A. Балықтарды
B. Бунақденелілерді
C. Жалғанаяқтыларды
D. Өрмекші тәрізділерді
E. Құрсақаяқтыларды
$$$91 Ересек зауза құрты немен тыныс алады:
A. Өкпемен
B. Желбезектерімен
C. Трахеямен
D. Өкпемен және трахеямен
E. Мантияның құысымен
$$$ 92 Өзен шаянының аяқ-қолдарының қай жұбы жақсы дамыған қармалауыштардан тұрады:
A. Жоғарғы жақ
B. Төменгі жақ
C. Аяқ – жақтар
D. Кеуде аяқ – қолдарының бір жұбы
E. Дұрыс жауабы жоқ
$$$93 Өзен шаянының жүрегінің құрылысы қандай:
A. Арқа тамырларын көрсетеді
B. Жүрекшеден және қарыншадан тұрады
C. Көп камералардан тұрады
D. Бесбұрышты қап ретінде көрсетілген, одан қан тамырлары өтеді және олар ауыз қуысына ашылады
E. Үш камерадан тұрады
$$$94 Өрмекші тәрізділерді шаян тәрізділерден қалай ажыратамыз:
A. Екі мұршасы бар зауза құрт
B. Басы мұртшаларсыз, екі жұп ауыз органы бар
C. Бес жұп кеуде аязтарынан тұрады
D. Төрт жұп аяғы бар
E. Үш жұп аяғы бар
$$$95 Қай қоңыздар санитарлар болып есептеледі:
A. Зауза қоңыз
B. Мешінқоңыз
C. қоңыздар
D. Қызыл қоңыз
E. Колорад қоңызы
$$$96 Үй шыбындары қай аурудың таратушылары болып табылады:
A. Маляриялар
B. Құрсақ тифі және дизентерия
C. Қан ауруы
D. Тері ауруы
E. Нерв жүйесінің ауруы
$$$97 Жалпақ құрттарға тән жүйке жүйесі:
А. Диффузды
В. Түтікшелі
С. Тарамдалған
D. Жүйке жүйесі жоқ
Е. Бас миы және жұлын
$$$98 Жарғақ қанаттыларды басқа бунақденелілерден қалай ажыратамыз:
A. Кеміргіш немесе жалағыш типті ауыз органдары бар
B. Тескіш-сорғыш аппаратының болуы
C. Бір жұп қанаты бар
D. Пішіндері әртүрлы екі жұп қанаты бар, алдыңғысы артқы қанаттардан үлкенірек
E. Жұмыртқа салатын жері жоқ
$$$99 Араларға аяқ-қолдардың(конечности) қай типі тән:
А.Жүгіргіш
В.Жинағыш
С.Қазғыш
D.Жүзгіш
E.Ұстап алғыш
$$$100 Қоғамдық бунақденелілер бір-бірімен қалай араласады:
A.Химиялық заттардың әсерінен
B.Арнайы тіл арқылы
C.Би қимылдарымен көмегімен
D.Мұртшалар арқылы
E.Ауыз органдарының көмегімен