Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министірлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
СӨЖ
Тақырыбы: Мінез түрлері мен типтері
Тексерген: Серікбаева Н.Б
Орындаған: Елекенова М.Н
Группа: ДЯ-405
2015 ж
Мінез түрлері.
Мiнез түрi өзiнiң құрамындағы бiтiстердiң жалпы сипатына тəуелдi келедi, ал бiтiстер негiзгi немесе жетекшi жəне қосалқы болып бөлiнедi. Негiзгiлерi адамның бағытбағдарын айқындауға ықпалын тигiзiп, яғни адамның тұрақты мiнезiнiң сипатын бередi де, қосалқылары мiнез қырларын толықтыра түседi. Мысалы, батылсыздық, қорқақтық жəне альтруистiк бiтiстердiң алғашқы екеуi жетекшi мəнге ие болса, онда адам секемшiл мiнездi келiп, бiреуге жақсылық, яғни альтруистiк қадамында жалтақшыл, күдiктi болуынан көздеген iсiне бара алмайды. Керiсiнше, альтуристiк қасиет басым келсе, алғы екi жағымсыз бiтiстердi қаймықпай басып, қайырымдылық iсiнде батыл мiнездi қадам жасайды.
Адам мiнезiнiң белгiлi түрде қалыптасуы оның қоршаған дүниеге қатынасына байланысты. Бұл қатынастардың мəнi адам араласып, байланысқа келген өмiрлiк объекттердiң маңызымен анықталады:
1. Басқа адамдармен қатынасына қарай (шыншыл өтiрiкшi, əдептi дөрекi т.б.).
2. Орындалатын iс қызметiне орай (еңбеккер — ерiншек т.б.)
3. Өз басына болған қатынасына байланысты (сыншылөзiмшiл т.б.).
4. Заттарға қатынасынан (сақи ашкөз, ұқыпты — салақ т.б.).
Аталған қатынастардың бəрiнiң де мiнез түрiнiң қалыптасуында үлкен маңызға ие екенi сөзсiз, дегенмен тұрақты, нақты мiнездiң орнығуы ең алдымен адамның адаммен, қоғамға араласып, қатынасу дəрежесiне тəуелдi. Ұжымнан тыс тұлғаның жолдастық, достық, махаббат, т.б. формаларда көрiнетiн iзгi ниеттерiнен бөлек мiнез түрi болмайды. Адамдар өзара ұзақ қатынасқа келе отырып, бiрi екiншiсiнiң мiнезiне таңбасын салады, осыдан кей адамдар əрекетқылығында өзара ұқсастыққа келедi немесе қарамақарсы, бiрақ бiрiнiң кемшiлiгiн екiншiсi толықтыратын бiтiстердi игередi. Алайда, еңбек, iсəрекет қатынастарында қалыптасқан мiнез бiтiстерi мəндiрек келiп, мiнез түрiнiң басқаларынан ажыралуына себепшi болады.
Мiнез əр тұлғада өзiнше көрiнiске ие, солайда болса, оның құрамында белгiлi топ адамдарына ортақ бiтiстердi бiрiктiруге болады. Осыдан, мiнез түрi (типi) адамдардың кейбiр тобына тəн қасиеттiң бiреудiң дара мiнезiнде нақты көрiнуi. Мұның түпкi себебi мiнез тума берiлмейдi, əр адамның белгiлi топ, қоғам өкiлi болуынан оның өмiр жағдайы мен iсəрекетiне сай қалыптасады.
Мiнезде жеке бiтiстер жəне сапалармен қатар тұлғаның қоршаған ортаға икемдесуiн қамтамасыз етушi жалпы қылық тəсiлi мiнез типтерiн ажыртуға болады. Мiнез типiн анықтауда нақты адамдар мiнезiнiң жалпы да мəндi, өмiрлiк қажеттi тараптары ескерiледi.
Осыған орай мiнез келесi типтерге бөлiнедi:
1. Үйлесімді (гармонический) мiнез типi қоршаған ортаға икемдiлiгiмен ерекшеленедi. Мұндай мiнездi адамда iшкi қарамақарсылықтар болмайды, ойлаған ойы мен iстеген iс бiрбiрiне сай келедi. Көпшiл, ерiк күшi мол, қайсар, бiр сөздi. Өмiрдiң барша қиын жағдайларында таңдаған бағытбағдарынан қайтпайды, көзқарас, талғамын ауыстырмайды. Мақсатмұраттары мен принциптерi үшiн күреске дайын. Бұл адамдардың өмiр сүру тəсiлi жағдайға бағыну емес, оны өз қалауына орай өзгерту.
2. Іштей қарамақарсылықты, бiрақ сырттай келісімді (внутренне конфликтный, но внешне согласованный) мiнез адамы. Бұл типтi адамның iшкi ниеттерi мен сырт əрекет қылығы арасында келiспестiк бола тұрып, өзiнiң қоршаған ортамен қатынасында əлеумет талаптарына ыңғай бередi, iсəрекетiн соларға бағындырып, үлкен күшпен орындайды. Өзiн ерiк билiгiнен бiрде босатпайды, жан, ой дүниесiн сырттай болмыс шындығынан ажыратпаудың жолдарын iздестiруге дайын тұрады.
Сыртқы дүниемен болған араздықты мұндай адамдар өздерiнiң ойпiкiрлерiн қайта қарастырумен, психологиялық қорғаныс iздестiру жəне əлеумет қолдамаған күнделiктi тұрмыс күйбеңiне берiлмеу жолдарымен шешуге бейiм келедi. Қоғам мүшелерi қабылдаған рухани құндылықтарды мойындайды, бiрақ сыртқы жағдайларды өзгертуге ынталы емес.
3. Икемі кем, қарамақарсылықты (конфликтный с пониженной адаптацией) мiнез адамы: көңiлкүй,
ниеттерi мен əлеуметтiк борыштары арасында үйлеспестiк орын алған, шамданғыш, ұнамсыз эмоциялары басым, тiлдесу қабiлетi нашар дамыған, iсəрекетiн ақыл сарабына сала бермейдi. Бұл мiнез
адамдарына тəн қасиет: қоршаған дүниемен арақатынасын нақты əрекетқылық жүйесiне келтiрмеген,
өмiр желiсi қарапайым бағытты тез өзгерiп тұратын қажеттерi, олар пiкiрiнше, қандай да күш жұмсамайақ
бiр сəтте қанағаттандырылуы тиiс.
Олар өмiр үшiн күреске дағдыланбаған, қажырсыз. Балалық шағында бұл адамдар шектен тыс мəпеленiп, төңiрегiндегiлердiң орынсыз артық қамқорлығынан дербестiк қалыпқа үйренбеген. Осыдан, əрқандай кедергiден қорқады, ойланып, жол iздестiруге шамасы жетпейдi. Қиыншылықтарды абыржумен қабылдап, ырықсыз психологиялық қорғаныстармен (шарбаялық, қыңырлық, нəтижесiз армандау) айналып өтуге тырысады.
4. Тиянақсыз (вариативный) мiнездi адам бағытбағдарының тұрақсыздығынан, принциптiк бостығынан
төңiректегi жағдайға ыңғайшыл келедi. Жеке адамдық деңгейi төмен.Тұрақты мiнез құлығы қаланбаған,
осыдан барша iсəрекетiнде қоршаған ортаға ыңғайлану, қатынас адамдарына жағымпаздану бұл
адамның бойына сiңген мiнездiк көрiнiс.
Мұндай адамдардың iшкi жан дүниесi дөрекi қарапайымдылыққа негiзделген; тiршiлiк үшiн болған əрекетқимылы тiке, бiрбеткей. Күнделiктi күйбең мүдделерiне жетуде ойланыптолғануды бiлмейдi, өз мүдделерiн шектей алмайды. Олар үшiн кедергi бiреуақ сыртқы; iшкi сапалық, жандүниелiк қиыншылықтарды өлшестiруге ақылы жетпейдi, бар көздегенi мол, оңай олжа, бiр мезеттiк игiлiк. Бұл адамдардың барша ынтаықласы, нақты, қалыпты жағдайды пайдаланумен қажеттерiн мейлiнше толық қамтамасыз ету. Ыңғайласу, жағымпаздықпен iшкi дүниесiн тысқы жағдайларға бағындыру мұндайлардың негiзгi мiнездiк болмысы.
Темперамент дегеніміз–жүйке жүйесінің тума қасиеттерінен туындайтын адамның жеке өзгешеліктерінің бірі. Ол адамдардың эмоциялық қозғыштығынан, қимыл–қозғалысынан, жалпы белсенділігінен жақсы байқалады. Темперамент–ағзаның физиологиялық өзгешеліктерімен, әсіресе жоғары жүйке қызметінің тума қасиеттерімен шарттас психикалық құбылыс. Темперамент адамның жалпы қозғалысын (мәселен, біреулер шапшаң қозғалады, тез қимылдайды, енді біреулер жай қимылдап, асықпай істейді), психиканың күші мен тереңдігінен де (мәселен, біреу өжет, алғыр болса, екінші біреу керісінше, сылбыр, жігерсіз болады), адамның көңіл күйінің ерекшеліктерінен де (салмақты, тұрақты, жеңіл, тұрақсыз т.б.) эмоция сезімдерінен де (біреуі сабырлы, екінші біреу күйгелек т.б.) жақсы байқалып отырады.
Темперамент туралы алғашқы ой–пікірлер ғылымда өте ерте кездің өзінде– ақ айтыла бастады. Ежелгі Грецияның белгілі ғалымы, дәрігер Гиппократтың (б.э.д. 460–356) еңбектерінде бұл жөнінде біраз пікірлер айтылған. Гиппократтың ойынша, әр түрлі темпераменттер адамдар мен жануарлардың денесінде төрт түрлі сұйық заттарға байланысты болмақ. Мәселен, ағзада қанның пропорциясы артық болса сангвиникалық (латынша “сангиус”-қан), ал шырын басым болса (грекше “флегма”-шырын), флегматик темперамент деп, ал организмде қара өт басым болса, меланхолик (грекше “мелайне- холе”)–қара өт, ағзада сары өт басым болса, холерик (грекше “холе-өт”) темпераменті деп аталған.
Девиантты мінез-құлық ( deviatio - ауытқу) - жалпыға ортақ ережелерден ауытқитын әлеуметтік іс-әрекет, осы ережелерді бұзатын адамдар мен әлеуметтік топтардың қылықтары; қабылданған құқықтық немесе моральдық нормаларды бұзған адамның мінез-кұлқы.
Кең мағынасында девиантты мінез-құлық кез келген әлеуметтік ережелерден (мысалы, оның ішінде жағымды: батырлық, аса еңбек-қорлық, өзін құрбан ету, аса үлкен рөл ойнау, жетістіктермен қатар, жағымсыз: қылмыс, қоғамдық тәртіпті бұзу, адамгершілік ережелерін, дәстүрді, әдет-ғұрыптарды аттап өту, өзіне-өзі қол жұмсау және т.б.) ауыт- қушылықты білдіреді.
Ал, тар мағынасында қалыптасқан құқықтық және өнегелік ережелерді тек белінен басып, аттап өту деп түсініледі. Мүндай девиантты мінез-құлық әлеуметтік өмірді ыдыратып, әлеуметтік аномияға әкеп соқтырады. Ол конформизмге қарама-қарсы. Девиантты мінез-құлық әлеуметтік себептері қоғамның мәдени құндылықтары мен оларға қол жет- кізудің әлеуметтік қолдау тапқан құралдарының арасындағы алшақтықта (Р.Мертон), әлеуметтік құндылықтардың, ережелердің, қатынастардың әлсіздігі мен қарама-қайшылықтығында (Э.Дюркгейм).
Девиантты мінез-құлыққа жауап ретінде қоғам немесе әлеуметтік топ арнайы әлеуметтік санкциялар қолданып, өз мүшелерін ондай қылықтары үшін жазалайды.
Девианттық мінез-құлық әлеуметтенудегі девиантты мінез-құлық тұжырымдамасын қалыптастырған француз әлеументтанушысы Эмиль Дюркгейм. Ол әлеуметтік девиацияны түсіндіру үшін аномия тұжырымдамасын ұсынды. Аномия термині француз тілінен аударғанда ұжымның, заңның болмауы. Ал, Роберт Мертон мінез-құлық ауытқушылығының себебін қоғамның мәдени мақсаттары мен оған жетудің әлеуметтік мақұлданған жолдарының арасындағы үйлеспеушілік деп түсіндіреді. Девиантты мінез-құлықтың сыртқы физикалық жағдайларына климаттық,геофизикалық, экологиялық факторларды енгіземіз. Мысалы, шу, геомагниттік, өзгеріс, таршылық, т.б жағдайлар үрей туғызып агрессивті және басқа да қажетсіз мінез-құлықтың көрінуінің бір себебі болады. Сонымен бірге әлеуметтік орта әсерлері де өз ықпалын тигізеді:
қоғамдық үрдістер (әлеуметтік-экономикалық жағдай, мемлекеттік саясат, салт-дәстүр, бұқаралық ақпарат құралдары, т.б.);
тұлға бар әлеуметтік топ мінездемесі (этикалық құрылым, әлеуметтік мәртебе, референтті топ,);
микроәлеуметтік орта (отбасының өмір стилі және деңгейлері, отбасындағы өзарақарым-қатынас типі, отбасындағы тәрбие стилі, достар, басқа да маңызды адамдар).
Девиация бірнеше типтен тұрады:
девиантты
делинквентті
криминалды мінез-құлық.
Девиантты мінез-құлық - әлеуметтік нормалар мен ережелерге сәйкес келмейтін мінез-құлықты айтады. Ол ауытқыған мінез-құлықтың бір түрі. Кейбір әдебиеттерде бұл типті антидисциплиналық деп те атайды.
Қорыта айтқанда: девиантты мінез-құлықты балалармен тәрбиелік жұмыстарын жүргізуде римдік философ Сенеканың: әрбір адам өмірінің тек кейбір жақтарын ойлап талдайды, бірақ ешкім жалпы өмір туралы ойланбайды деген ой-пікіріне сүйене отырып, девиацияға коррекция жасаушы әрбір маман ұстаз, баланың тек кейбір мінездік кемшіліктерін түзетіп қана қоймай, оларды, қоғамдық өмірдің талаптарымен ұштасқан дұрыс қарым-қатынас жолына қайтып әкеліп, ары қарай қалыптаса дамуына, әлеуметтенуіне көмектесуі қажет. Бұл педагогикалық іс-әрекеттер мазмұны, қоғам өмірінде бекіген адамгершілік қадір-қасиеттер мәнімен, талаптарымен тікелей байланыстыра, адамдар арасындағы қарым-қатынастар (достық, жолдастық, туыстық, сүйіспеншілік, махаббат т.б.) нормаларымен ұштастырыла жүзеге асырылғанда, балалар бойында девиантты мінез-құлықтың өріс алмауына және оларды мектеп қабырғасынан бастап әлеуметтендіруге мүмкідік жасалады.