Бекболат ТІЛЕУХАН

Скачать

2006 жылдың 13 қарашасында Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесі мәжілісінде жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде бірнеше мәселе қаралған болатын. Сонда Елбасы Н.Ә.Назарбаев жол-көлік оқиғалары салдарынан болып жатқан жағдайларды атап көрсетті. 2003 жылдан бергі мәліметке қарағанда, 57 мың жол-көлік оқиғалары тіркеліп, осының салдарынан 13 мыңға жуық адам қаза болып, 69 мыңы жарақат алыпты. Жол апаттарының себебін зерттеу нәтижесі негізінен алғанда оларда адам факторы бірінші кезекке шығатынын көрсеткен. Сонымен қатар, жол апаттарының тағы бір басты себебі еліміздегі автокөлік жолдарының тарлығында жатыр.
Автокөліктердің жол апатына ұшырауын азайту мақсатында нақты шаралар қолдану қажет.
Мәселен, дамыған елдерде тіке соқтығысуларды болдырмас үшін бір жақты қозғалыс ережесі енгізілген немесе кең жолдарды сызықтармен, көгалдармен, ағаштармен, т.б. белгілермен бөліп қою үдерісі қалыптасқан. Бұл тәжірибе Қазақстанда болғанымен, анағұрлым аз мөлшерде қолданылады.
Нормативтік және техникалық құжаттардың жобасын жасауда жолдарды қайта жөндеу, бөліп тұратын белгілерді орналастыру, бір жақты жолды немесе кең жолдарды бөліп тұратын (қалаішілік, облысаралық, т.т) жолақтарды сызу мәселелерін қарастыру қажет деп білемін.
Жаяу жүргіншілер жолы ыңғайлы жерге орналастырылуы тиіс. Жер асты жолдарын салудың да маңызы зор. Еліміздің басқа қалаларына қарағанда, Алматы мен Астанада автокөліктердің көптігіне байланысты бірінші кезекте бір жақты қозғалыс ережесін енгізу және кең жолдарды белгілі бір сызықтармен, көгалдармен, ағаштармен бөліп қою, сонымен қатар, жаяу жүргіншілер жолын жер астынан не жер үстінен қоршау арқылы салу керек деп есептеймін.


Скачать


zharar.kz