Қарсылықты сабақтас құрмалас

Скачать

Қазақ тілінің теориясы мен әдістемесі кафедрасы 5 В 020500 - Филология: қазақ тілі мамандығы үшін
Қазіргі қазақ тілінің құрмалас сөйлем синтаксисі пәні бойынша
2-межелік бақылау тапсырмалары

I. Өзің таңдаған бір тақырып бойынша эссе жаз.

А). А.Байтұрсынұлының құрмалас сөйлем синтаксисі бойынша көзқарастары
Ә). Н.Сауранбаевтың құрмалас сөйлем синтаксисі бойынша көзқарастары
Б). С.Аманжоловтың құрмалас сөйлем синтаксисі бойынша көзқарастары
В). Қ.Жұбановтың құрмалас сөйлем синтаксисі бойынша көзқарастары
С). Б. Шалабайдың құрмалас сөйлем синтаксисі бойынша көзқарастары
Д). Қ.Есеновтың құрмалас сөйлем синтаксисі бойынша көзқарастары

II. Төмендегі сөйлемдерге синтаксистік талдау жаса.

А). Нұрғали әбігерленгенмен, Әлжан әзір байсалды қалпын бұза қойған жоқ-ты, аяғын жай басып, бәріне байыпты қарап келе жатып, жалпақ ала сиыр ұстаған біреудің қасынан өте бере, кілт бұрылды.
Ә). Болыс әмірін естісімен, атығай-қарауыл жігіттері ордаңдап, қорбаңдап кеп, байлаулы жатқандарды ашулы аюларша жұлмалап, тұрғыза бастады.
Б). Билер мен ояз отырған үлкен үйге Абай табалдырықтан аттап кіргенде, сол үйді әлденеше жүзден асқан қара халық еңсере қамап, басып кетті.

III. Тест тапсырмаларын орындаңыз.
1. Шартты бағыныңқы сабақтастың жасалу жолын анықтаңыз.
А) -са, -се.
В) –ғандықтан, -гендіктен.
С) –ғанда, -генде.
D) –мақшы, -мекші+болып.
E) –ғанмен, -генмен.
2. Себеп бағыныңқы сабақтастың жасалу жолын анықтаңыз.
А) –а, -е, -й.
В) –у үшін.
С) –ғандықтан, -гендіктен.
D) –са, -се.
E) –са да, -се де.

3.Мезгіл бағыныңқы сабақтастың жасалу жолын анықтаңыз.
А) –қанмен, -кенмен.
В) –са, -се.
С) –ып, -іп, -п.
D) –қанда, -кенде.
E) –у үшін.

4.Қарсылықты бағыныңқы сабақтастың жасалу жолын анықтаңыз.
А) –са, -се + жіктік жалғау.
В) –мақшы болды, -мекші болды.
С) –ғанмен, -генмен.
D) –ғанша, -генше.
E) –ып, -іп, -п.

5. Мақсат бағыныңқы сабақтас құрмаластың жасалу жолын анықтаңыз.
А) –ғанмен, -генмен.
В) –у үшін.
С) –ғандықтан, -гендіктен.
D) –са, -се+жіктік жалғау.
E) –са да, -се де.

6. Бірақ, дегенмен шылауларымен жасалатын сөйлемнің түрін анықтаңыз.
А) Ыңғайлас салалас құрмалас.
В) Қарсылықты салалас құрмалас.
С) Себеп-салдар салалас құрмалас.
D) Кезектес салалас құрмалас.
E) Түсіндірмелі салалас құрмалас.

7. Бірде, біресе шылауларымен жасалатын сөйлемнің түрін анықтаңыз.
А) Ыңғайлас салалас құрмалас.
В) Қарсылықты салалас құрмалас.
С) Себеп-салдар салалас құрмалас.
D) Түсіндірмелі салалас құрмалас.
E) Кезектес салалас құрмалас.

8. Себеп-салдар салаластың шылауын табыңыз.
А) және, әрі.
В) бірақ, дегенмен.
С) өйткені, себебі.
D) бірде, біресе.
E) не, немесе.

9. Шартты бағыныңқы құрмалас сөйлемнің жұрнағын анықтаңыз.
A) –ған, -ген.
B) –са, -се.
C) –ып, -іп,-п.
D) -у.
E) –қан, -кен.

10. Және, мен, пен шылауларымен жасалатын сөйлемнің түрін анықтаңыз.
А) Қарсылықты сабақтас құрмалас.
В) Қарсылықты салалас құрмалас.
С) Ыңғайлас салалас құрмалас.
D) Кезектес салалас құрмалас.
E) Шартты бағыныңқылы сабақтас.

Әзірлеген, ф.ғ.к., доцент: Самекбаева Э.М.


Скачать


zharar.kz