Педагогтың кәсіби қызметі адамның барша іс-әрекетіндегідей мақсат қоюдан басталады. Педагогтың балаларынмен жүргізіліп, жатқан ісінде мақсат болмаса, ол істі кәсіпқой маманның жұмысы деп бағалауға болмайды.
Мақсатты сезіну әрқандай іс-әрекетке қуат береді. Мақсатқа жету адам бағытының негізі болған терең де толық қанағатануының тудырады.
Тәрбие мақсаты - педагогика ғылымының өзекті категориясы. Оны нақтылау, жобалау, дайындау педагогикалық тұжырымдар жолдаудың арқауы.
Педагог балалармен оқу-тәрбие жұмыстарын нақты айқындаған мақсатсыз-ақ орындаған сияқты болады. Бірақ, сол бағыт-бағдарсыз бастаған ісінде қаншалықты сарсаңға түсіп, оңды-солды ұрынғанын, сарсаңға жете алмай шаршап шалдыққанда бір-ақ түседі.
Күнделікті мектептегі педагогикалық тәрбиеде болмыс көрсеткендей, мақсат проблемасы өте нашар шешілуде, кейде ол мәселе тіпті естен шығарылады, осында «мақсатсыз тәрбие» яғни жол-жөнекей тәлім етек алған құбылыс.
Осының салаларынан педагогтің кәсіби қызметінің өнімі жоқтығын қасы блалар мен ұстаздардың шығармашылық мүмкіншіліктері іске қосылмайды ал кәсіптік іскер не істерін білмей, ақырында тұныледі.
Тәрбиелік істің мұндай келеңсіз жағдайларының объективті себептері мақсаттың әлеуметтік - психологиялық табиғатынан туындайды.
Мақсат - субъект санасында оның қоршаған ортамен өзара ықпал байланысынан туындайтын әрекеттің нәтижесі туралы ой болжамы. Мақсат - жағдайлар себебті пайда болуынан, нақты болмыстан алынатындықтан - ол объективті құбылыс. М: өмірде домбыра ұстап, үніне зор тәрбие беруі мүмкін емес.
Мақсат объективті себептерден бастау алуымен бірге субъективтік те категория, себебі ол сана туындысы, ол адам ойында пайда болып, әр нақты тұлғаның сана-сезімдік ерекшеліктерінің көрінісін береді. Ертедегі латындар айтқандай : «Екі адам зат жөнінде бір әңгіме айтуы мүмкін, бірақ бірінің әңгімесі екіншісіне ұқсас».
Бір мақсатты жалау еткен педагогтар, сол мақсаттың өзін әртүрлі баламада түсінеді себебі олардың әр қайсысы кәсіби әрекеттің нәтижесінде өз сана деңгейінен баға береді. Педагогикалық жүйелер (мектепке дейінгі, мектептік, мектептен соңғы) жеке адамның қалыптасуы деңгейі мен сапаларын нақты көрсететін өзінің уақыттық мектептеріне ие болғандықтан, әр саты аяғында тәрбиелік нәтижелер жөнінде сөз қозғауы мүмкін.
Өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеу мақсаты – кең әлеумет пен ғылымның араласуымен тек мемлекет белгілейтін педагогикалық саясаттың басты құрылым бірлігі. Жарияланған тәрбиелік мақсаттардың экономикалық, құқықтық және ұйымдастыру шарттарын қамтамасыз ету мемлекеттің міндеті.
Құқық негізінде бекіген тәрбие мақсатының іске асуына қоғамның бар мүмкіндіктері бағытталуы қажет.
Өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеу мақсатының мзмұны қоғамның өркениеттілігіне оның демократиялық сипатына, экономикалық мүмкіндігіне, педагогикалық жүйелер дамуын болжастыратын және нақты жағдайларды үйлестіріп отыратын мекемелеріне байланысты.
Мақсат әрекеті адамның саналық өнімі болғандықтан өте құбылмалы, тез өзгеріске түседі, себебі ол үздіксіз ауыспалы дүниемен, сонымен бірге өзгерістегі тұлға мен де әрекеттік – қозғалмалы байланыста болады. Тәжірибе, білім оқиғ адамды байытып отырады, бірақ құбылмалы сана иесі – субъект сол байлыққа жету жолында өзінің де өзгеріп жатқанын байқай бермейді, не оған тіпті мән бермейді М: педагог «кеше» де, «бүгін» де өзін бір мақсат ұстағандай сезінеді, ал сырттан қарағанда, оның кәсіби педагогикалық ісінде өтпелі - ауыспалығы мақсаттың да бір қалыпта өзгеріссіз қалмауына ықпал жасайды.
Мақсаттың өзгермелі қозғалысы, педагогикалық прпоцесте өте айқын көрінеді. Себебі, баланың сыныптан – сыныпқа қарай, жастан – жасқа дамып өзгеруі қас қағымдай, сондықтан өсіп келе жатқан жеке адамның әлеумет ток – психологиялық жаңа құрылымдары бір мақсаттық ысырылып, орнына екіншісінің қойылуы табиғи талаптар дамуының нәтижесі болып есептеледі.
Мақсаттық қозғалмалылығы мен ауыспалылығы оның ешқашан шектелмейтінін көрсетеді. Мақсат өзін белгілейтін субъект – адаммен бірге дамып отырады, себебі ол сол субъектіде жасалады, сондықтан да субъектінің өрлеуімен мақсат та жоғарылай бастайды.
Мақсат жалпы ғана ол ілгеріленген сайын ұлғайып, іс-әрекетке бағыт – бағдар бола алады. Мақсат - бастау көзі, педагогтың кәсіби қызметінің 1 – элементі. Тәрбие жүйесі толығымен мақсатқа тәуелді, оған өз мән - мағынасына ие болады.
Мақсат болжау - бұл қазіргі заман өркениетінде жасап жаңартушы қабілетке ие осы дәуір жеке адамның қажетті даму деңгейін қамтамасыз ететін объектив, әлеуметтік қамтамасыз ететін объектив, әлеуметтік - психологиялық және мәдени жағдайларды түсіну, бұл сондай адамның жалпы идсал бейнесін керегінше нақтылайтын сөз жүйесін іздестіру, бұл тәрбие мақсатын қабылдауға мүмкіндік беретін шарттар ретінде болашақ табиғатына, жеке адам даму мәніне және даралық болмысына талдау, баға беру, бұл нақты бала жасалған нақты жағдайларды талдай отырып, оларды қойылған мақсат мазмұнымен орналастыру.