ІІ. Аралық бақылау сұрақтарының тізімі:
1. Адам генетикасының негіздері:
1) Адам генетикалық зерттеулердің объектісі ретінде. Адам кариотипі. Адам хромосомасының идиограммасы, номенклатурасы.
2) Адам генетикасын зерттейтін әдістер: генеалогиялық, цитогенетикалық, егіздік, онтогенетикалық, популяциялық, молекулярлық-генетикалық әдістер.
3) Генеалогиялық әдіс және оның белгілердің тұқым қуалау сипатын зерттеудегі мүмкіндіктері.
4) Адам генетикасын зерттеуде егіздік және цитогенетикалық әдістерді қолдану.
5) Хромосомалық ауруларды емдеудегі цитогенетикалық әдістердің ролі.
6) Популяциялық әдіс және оны геногеографияда қолдану. Генетикалық жүк.
7) Онтогенетикалық әдіс және оның тұқым қуалайтын ауруларды алдын ала емдеудегі маңызы.
8) Адам генетикасында молекулярлы әдісті қолдану (ДНҚ гибридизациясы, секвенирлеу, ПЦР және т.б.).
9) Тұқым қуалайтын аурулар және олардың адам популяциясында таралуы.
10) Тұқым қуалайтын аурулар типтері: зат алмасу аурулары (фенилкетонурия, альбинизм, алкоптонурия), молекулярлық аурулар (талассемия, клеткалық анемия, пигментті ксеродерма, Фанкони анемиясы), хромосомалық аурулар (Шерешевский-Тернер синдромы, Кляйнфельтер синдромы, Дауна синдромы). Ерте диагностикалаудың маңызы.
11) Адам геномы. Адам геномын зерттеу әдістері. Адам геномы халықаралық бағдарламасы, оның мақсаты мен міндеттері.
12) Канцерогенездің генетикалық механизмдері.
2. Популяциялар генетикасы:
1) Даралар генотипі және популяция генофонды туралы түсініктер.
2) Еркін өсіп-өнетін популяциялар құрылымы, Харди-Вайнберг заңы.
3) Популяциялардағы генетикалық эволюцияның негізгі факторлары.
4) Гендер жиілігі мен генотиптер үлесіне табиғи сұрыптаудың әсері.
5) Популяция және таза линиялар. Таза линиялардағы сұрыптау туралы Иогансен ілімі.
6) Жануарлар мен өсімдіктердегі таза линиялар – табиғи және жасанды. Өздігінен тозаңдануда, инбридинг және лайнбридингтегі генотиптер үлесінің динамикасы.
7) Кіші популяциялардағы гендер жиілігінің динамикасы, С.Райт эффектісі.
8) Жануарлар популяциясындағы генетикалық жүк.
9) Популяциядағы генетикалық бейімделушілік пен генетикалық гомеостаз.
10) Гетерозистың және инбредтік депрессиясының себептері.
3. Селекцияның генетикалық негіздері:
1) Генетика селекцияның теориялық негізі ретінде. Зерттеу әдістері.
2) Мәдени өсімдіктердің пайда болуы, Н.И. Вавилов бойынша мәдени өсімдіктердің шыққан орталықтары.
3) Тұқымдар (порода), сұрыптар (сорт), штамдар туралы түсініктер. Будандастыруға қажетті материалдарды іріктеу принциптері.
4) Комбинативтік өзгергіштік. Жануарлар, өсімдіктер және микрорганизмдер селекциясында индуцирленген мутагенезді қолдану. Өсімдіктердің өнімділігін арттыруда эксперименталды полиплоидияның ролі.
5) Өсімдіктер мен жануарлар селекциясындағы будандастыру жүйелері. Инбридинг. Линиялық селекция. Аутбридинг. Жеке гибридизация.
6) Гетерозис және оның механизмдері.
7) Сұрыптау әдістері. Жеке және жаппай сұрыптау. Жеке сұрыптау селекция негізі ретінде. Сибселекция.
8) Сұрыптаудың тиімділігі үшін сыртқы орта жағдайының маңызы.
9) Декоративті және қызметтік үй жануарларының селекциясы.
10) Аборигендік және зауыттық породалар туралы түсінік.
11) Қазақстандағы жануарлар, өсімдіктер және микроорганизмдер селекциясының жетістіктері.
12) Микроорганизмдер селекциясы, оның өнеркәсіптегі маңызы.
4. Клеткалық және гендік инженерия:
1) Гендік инженерияның пайда болуы, даму тарихы.
2) Бактериялар, жануарлар және өсімдіктер гендік инженериясы. Гендерді бөліп алу әдістері.
3) Трансгенді ашытқылар. Вектор. Плазмида. Космидтер.
4) Трансгенді өсімдіктер. Трансгенді өсімдіктерді алу және талдау, олардың қасиеттері.
5) Трансгенді жануарлар. Трансгенді жануарларды алу жолдары. Вектор ретінде вирус ДНҚ қолдану (SV40 вирусы, ретровирустар, аденовирустар).
6) Тұқым қуалайтын ауруларды алдын алуда гендік-инженерлік әдістерді қолдану. Генотерапия.
7) Клеткалық инженерия. Бағаналы клеткалар және оларды қолдану.
8) Геномика және протеомика.
9) Гендік модифицирленген организмдер, олардың қоршаған орта мен адам денсаулығына жағымсыз әсері. Гендік инженерия қызметін мемлекет тарапынан реттеу. Биоқауіпсіздік және биоэтика.