Португалия Оңт.Бат. Европаның оңт. бат. Шетіндегі мемлекет. Пириней
түбегінің бат. бөлігінде және Азор, Мадейра аралдарында орналасқан.
Территориясы – 92,1мың кв.км, оның ішінде 3мың кв.км аралдар үлесінде.
Астанасы - Лиссабон қаласы.
Ірі қалалары Лиссабон, Порту.
Мемлекеттік тілі - португал
Діні - католицизм
Мемлекеттік құрылысы:
Португалия - республика
Мемлекет басшысы - президент
Атқарушы өкімет орны - премьер министр басқарған уақытша үкімет. Сонымен бірге мемлекеттік советте құрылған.
Халқы -10,56 млн.
Халқының 99%-іпортугалдықтар, еңбек ететін халқы- 3,5 млн
Орташа тығыздығы -1км-ге 100 адамнан. Кала халкы 47,5%.
Тарихы
Португалия территориясын адам баласы палеолит дәуірінде мекендеді. Мезолит дәуірінде аңшылар мен терімшілердің алғашқы қауымдық тайпалары мекендер тұрғызды.қола ғасырында солтүстігінде металлургиялық өндіріс дамыды.
1974 жылы фашистік тәртіп құлатылғаннан кейін, Португалия үкіметі бұрынғы отарларға тәуелсіздік берді. Гвинея, Бисау республикасының тәуелсіздігі танылды. 1974ж. 21 апрельдегі төңкерістен кейін құрылған жаңа конституция жасалып қабылданғанға дейін елді басқаратын уақытша мемлекет өкіметі органдарының құрылымын белгілеген қаулы қабылдады. Қазір сол қаулыға сәйкес басқару жүйесі жұмыс атқарады.
Экономикасы
Батыс Европадағы экономикалық жағынан мешеу дамыған елдердің бірі. Елде фашизмнің көп жылдар бойы сақталуы, экономикасының жетекші салаларына кедергі жасады. Португалия ұзақ уақыт дамыған капиталистік елдердің агр.шикізаттық базасы болып келді. Аграрлы индустриялды мемлекет. Батыс елдері арасында өндірітен 21-орын алады.
Өнеркәсібі
Өнеркәсібі өте жақсы дамыған. Қара және түсті металлургия Сейшал, Баррейру қалаларында; қалайы құю зауыты Лисабон, Порту кәсіпорындары бар. Машина жасау және металл өндіру өнеркәсібінің ішінде кеме жасау және жөндеу салалары ерекше орын алады. Басты орталығы Үлкен Лисабон, Маргейреде.
Ауыл шаруашылығы
Ауыл ш. Жерінің 4370мың га. өнделетін, 530мың га. Шалғын мен жайылым, орманды бұталы алқабы 2500мың га. Ауыл ш. Товарлы саласы , негізінен экспорт үшін жүзім, бақша шаруашылығы және зәйтүн ағашын өсіру.