ПРОГРЕСШІЛ ПАРТИЯ, БОЛАШАҚТЫҢ ПАРТИЯСЫ

Скачать

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев “Нұр Отан” партиясы төрағасының міндетін атқарушы Бақытжан Жұмағұловты қабылдады.
Б.Жұмағұлов Президентті “Отан” РСП-ның өткен Х съезі, партия Жарғысына және Саяси кеңестің құрамына енгізілген өзгерістер туралы хабардар етті.
– Бүгінгі таңда елдің жетекші саяси партиясы – ендігі жерде “Нұр Отан” халықтық демократиялық партиясы” деп аталатын партия. “Халықтық” деп аталады – өйткені, Конституция “Біз – Қазақстан халқы” деген сөздермен басталады. “Нұр Отан” партиясы біздің елімізде тұратындардың баршасына, барлық ұлт және конфессия азаматтарына қайырылып, бүкіл Қазақстан халқына қызмет ететінін айтады. “Демократиялық” деп аталады, өйткені біз саяси реформалар кезеңіне қадам басып отырмыз, сондықтан да бұл жұмыстардың бәрін қазір “Нұр Отан” партиясы жүргізетін болады. “Нұр Отан” сөздері біздің еліміз өз жасампаздығында жарқыраған шыңдарға көтерілуі жөніндегі “Нұр Отан” партиясы мүшелерінің мұң-мүддесін білдіреді деп санаймын. Сондықтан “Отан”, “Асар”, Азаматтық және Аграрлық партияларының бірігуі – бұл Қазақстанның болашағы жолындағы топтасу.
Атап айтайын, Үкіметтің болашақ экономикалық бағдарламаларының бәрі Парламенттегі “Нұр Отан” фракциясымен және “Нұр Отанның” Саяси кеңесімен талқыланатын болады. Президенттің Жолдауы алдымен партияның Саяси кеңесімен, фракциясымен талқыланып, “Нұр Отанмен” бірлесіп әзірленетін болады. Біз партиялық құрылыс жолында дұрыс жолда келеміз, сол жолмен әрі қарай да жүру керек деп ойлаймын. Барлық облыстарда, ал біртіндеп аудан орталықтары мен қалаларда жер-жерде “Нұр Отанның” әкімшілік ғимараттары салынатын болады және “Нұр Отан” партиясының өзі ең алдымен жастар партиясы болуы тиіс. Мен бүкіл әлемдегі университеттерге оқуға жіберген “болашақшылардың” үздіктері, үздік студенттер “Нұр Отанда” жұмыс істейтін болады. Болашақта солардың арасынан, “Нұр Отанның” мүшелерінен ауылдардың, қалалардың, аудандардың, облыстардың әкімдері ұсынылатын болады. “Нұр Отан” партиясы арқылы біз елді болашаққа бастайтын саясатшыларды әзірлейміз. “Нұр Отан” саяси партиясы тұрақтылықты, біздің елімізде тұратындардың бәрінің арасындағы достықты, өзара түсіністікті сақтауы тиіс. Екіншіден, “Нұр Отан” партиясы елді ілгерілететін, әлемнің бәсекеге қабілетті елу мемлекетінің қатарына кіру ұмтылысы арқылы біздің барлық азаматтар үшін өркенділік пен берекені қалыптастыратын саясатты талдап жасауы тиіс. “Нұр Отан” саяси партиясы – бұл прогресшіл партия, болашақтың партиясы. Әлемнің өзі сияқты партияларымен ынтымақтастықта болатын, тәжірибе жинақтап, біздің халқымыз тілейтін нәрселердің бәрін атқаратын партия. Халықты бастау емес, қайта халықтың ортасында жүру, халықтың мұң-мұқтажын біліп, қорғау, қарапайым адамдарды қорғап, олардың жақсы тұруына жәрдемдесу – бұл партияның басты тезисі, – деді Президент.
– Партия атының “Нұр Отан” болып өзгеруі біздің қоғамда оң қабылданды. Бүгінде партия шын мәнінде жалпыұлттық партия болып табылуына байланысты оның болашаққа бағытталған демократиялық идеологиясы бар, біздің партия “Нұр Отан” халықтық-демократиялық партиясы” деп аталады. Мен көтерген мәселелердің бәрі Мемлекет басшысынан қолдау тапты. Сондықтан партияның алдына Нұрсұлтан Әбішұлы парламенттік фракцияны күшейтуге, сайлау алдындағы кезеңде партия жұмысын белсенді етуге байланысты нақты міндеттер қойды. Партия біз адал да әділ күресте сайлауда жеңіп шығу үшін оған әзірленуі тиіс, – деді Б.Жұмағұлов журналистерге арналған брифингте.


Скачать


zharar.kz