Бұл бөлімде берілгендердің кең таралған реляциондық модельдері қарастырылады. Нақты реляциондық модельдер мінездемелері мен оның элементтері келтірілген. Оның даму тарихына тоқталайық.
60 – жылдардың соңында түрлі кестелік модельдерді қолдану жұмыстары қарастырылды. Реляциондық берілгендер моделі IBM фирасының қызметкері доктор Эдгар Кодданың (Codd E.F., A Relational Model of Data for Large Shared Data Banks. CACM 13: 6, June 1970), мақаласында «реляционды берілгендер моделі» атты термині алғаш рет қолданылды. Мамандығы болашақта математик Э.Кодд берілгендерді өңдеу үшін көптеген теориялық аппаратты (біріктіру, айырым, декартты туындыларын) қолдануды ұсынды. Ол кез келген берілгендер, математикадан белгілі releation – қатынасы түрінде негізгі екілік кесте жиынтығымен байланысады.
Берілгендер қорын ұйымдастыру кезінде қолданбалы жүйе қолданылатын мәліметтер берілгендер қорына жатады. Мысал ретінде серена немесе экспресс жүйелері, әуе немесе теңіз жол билеттерін сату үшін арналған берілгендер қорының келесі мәліметтері бар:
Иерархиялық
Желілік
Реляциондық
Объектілі реляциондық
Реляциондық берілгендер қоры бір-біріен байланысқан кестелерден тұрады. Бір кесте көмегімен берілгендер арасында қарапайым байланыстарды құру ыңғайлы, әсіресе кестеде сақталынатын мәліметі бар бір объектті көптеген объекттерге бөлу. Әр объеттердің қасиеті пен құрылымы бірдей болады. Мысалы кестеде бөлім қызметкерлердің келесі мәліметтері сақталынуы мүмкін: фамилиясы мен толық аты-жөні, жынысы мен ұлты, жасы мен білімі.
Бір кесте ішінде берілгендердің толық логикалық құрылымын көрсету мүмкін емес болса онда кестелерді байланыстыру әдісі қолданылады. Реляциондық берілгендердің физикалық сыйымдылығы қарапайым файлдар арқылы жүзеге асырылады.
Берілгендер қорын құрайтын кестелер қатты дискте орналасқан каталогта сақталады. Ал кестелер файлдарда сақталады. Әр бір кестелер үшін бірнеше файлдар құрылады. Яғни түрлі мәліметтер, кілттер, индекстер және т.б.
Ең аз реляционды берілгендер моделінің бірлігі – ол бөлек ыдыратылмайтын берілгендер мағынасының моделі. Бір облыста фамилиясы, аты жөні біріңғай мағына ретінде қарастырылса, ал басқасында – үшеуі әртүрлі мағыналар ретінде қарастырылады.[3]
Реляционды берілгендер қоры моделінің жетістіктері - ол берілгендерді өңдеудің қарапайымдылығы мен ыңғайлығында. Оның осы қарапайымдылы мен қолдану ыңғайлығы реляционды модельдердің кең қолдануына себеп болдды.
Ал оның негізгі кемшіліктері - ол жад қолданудың үнемді еместігі және берілгендердің өңдеу жылдамдығы кесте мөлшеріне байланыстылығы, иерархилық және желілік байланыстарды құрудың қиындылығы. Сонымен реляциондық берілгендер қоры берілгендер қорында сақталынатын бүкіл мәліметтерді қамтитын қатынастар жиынтығын анықтайды.
Кесте 1-Реляционды модельдің элементтері
Реляционды модель элементтері Ұсыныс формасы
Қатынас Кесте
Қатынас схемасы Кесте баған тақырыбы
Кортеж Кесте жолы
Маңыз Объект қасиетінің сипатталуы
Атрибут Кесте бағанының тақырыбы
Домен Атрибуттың мүмкіндік мағыналары
Атрибут мағынасы Жазылымдағы жолдың мағынасы
Алғашқы кілт Бір не бірнеше атрибуттар
Берілгендер типі Кесте элементтерінің типі
ЭЕМ-де шетелдік реляциондық БҚБЖ қолданылуы клесі түрдей: dBase III Plus және dBase IV (Ashton-Tate фирмасы), DB2 (IBM), R:BASE (Microrim), алғашқы Foxpro мен FoxBase (Fox Software), Paradox және dBase for Windows (Borland), FoxPro соңғы версиялары, Visual FoxPro және Access (Microsoft), Clarion (Clarion Software), Ingress (ASK Computer System) және Oracle (Oracle).
Ал отандық берілгендер қорын басқару жүйесіне келесі реляциондық типті жүйелер жатады: ПАЛЬМА (ИК АН УССР), және HyTeach (МИФИ) жүйесі жатады.
Соңғы реляцинды жүйелер объектілі-ориенттелінген жүйесінің кейбір қасиеттері бар. Ондай БҚБЖ әдетте объектілі-реляциондық деп аталады. Ондай жүйеге мысал ретінде Oracle8 өнімін келтіруге болады.
Сонымен барлық реляциялық берілендер қорында ақпараттар бір кестеде жинақталынып, қатарлар мен бағандар жазулар мен өрістер деп аталады. Бұл кесте реляция деп аталғандықтан модельдің аты реляционды деп аталынып кетті.