Демалыс

Скачать

Демалыс
Балалар мен ересек адамдар үшін демалыс деген екі түрлі мағынаны білдіреді. Ересек адамдар жиі белгілі бір уақытта дем алады, себебі белгілі бір уақытта сай жұмыс істеп шаршайды. Ал балалар аз ғана тынығып алып, қайта жүгіру үшін дем алады. Жасөспірім балалар демалысты маңызды деп санамайды, бірақ та қажет етеді. Ересек адамдар жасөспірімдердің жұмысын демалыс деп санайды. Мысалы, жасөспірім балалар күні бойы диван үстінен түспей жата алады. Ол кезде олар бос жатпай үнемі бір нәрсені, мәселелерді ойлайды, ой үстінде жұмсалатын энергия ересек адамның жұмыс істеген кезде жұмсайтын энергиясынан кем түспейді. Оқулық мәселесінен бөлек өмірлік мәселелерді шешу оңайға түспейді, себебі ол кезде жасөспірім өз балалық әлемін айырбастай бастайды. Ал сырт көзге мұның бәрі жай сергелдеңдік болып көрінетіндігін ұмытпаған жөн.
Адамдар не себепті шаршайды?
Жалпы адамдар ағзасы көп ауыртпалыққа, саналы және эмоционалды еңбекке, дене белсенділігіне төзімді болып келеді. Шынайы өмірде біздің бар күш жігерімізді жұмсап, сарқылуды қажет ететін жағдайлар өте сирек кездеседі. Дегенмен де адамдар өте жиі шаршайтындықтар жайлы айтады. Егер біз олардан неден шаршап жүрендіктерін сұрасақ, оның кез келгені бізге бір дегенде дәл, анық жауап бере алмайды.
Әдетте адамдар шаршайды:
Егер жұмыс қызықсыз, бірқалыпты болса (егер жұмыс басында қызықты болса да уақыт өте келе күнделікті бір жұмыспен айналыса беру жалықтырып жібереді).
Егер жұмыс қажетті нәтиже бермейтін болса немесе бір келеңсіз жағдайға соқтырса.
Егер адам бір мезгілде бірнеше жұмыс жасауға тырысса. Жұмысты орындау кезіңде ол адам оған көп күш жігер жұмсап, ерекше көңіл
бөлсе, ал нәтижесінде ол оған ештеңе бермесе де адам одан қатты шаршайды.
Қызықсыз жалықтыратын бір қалыпты жұмыстан шаршамай аулақ болуға тырысады. Ол үшін:
өз өзіне мықты болу керек;
сіздің көзіңізге түскен заттың барлығын кызықты жерлерін көре білу керек.
Ал ол қасиеттер әдетте адамда біртіндеп қалыптасады. Әйтседе бүгінгі күнді жеңілдетуге арналған амалдар да бар.
Бірінші амал: мезгіл-мезгіл шұғылданатын істі ауыстырып тұру керек. Ол дегеніміз математиканы оқынғаннан кейін шығарма жазуға отыра қалу деген ұғым емес, керісінше әрбір пәндер бойынша тапсырмаларды орындай шаршаған кезде арасында сыртқа шығып дүкенге, спорт алаңына баруға, досыңмен қызықты тақырыпқа әңгімелесуге болады.
Екінші амал: жұмысқа деген өз көзқарасыңды өзгерту. Ол дегеніміз ауызша маған кызықты, маған қызықты деп қайтала; емес. Әдетте жұмысқа деген қызығушылық біртіндеп келеді, мысалы сіз өзіңіз айналысып отырған іске көңіліңізді бөліп, зейініңізді қойып жұмыс жасасаңыз, соның өзі жеткілікті. Ал егер сіз алдын ала тапсырманы алмай жатып уақытында орындай алмаймын немесе ол ойдағыдай болып шықпай қалса қайтемін деп уайымдасаңыз, сіз ол жұмысты істемей жатып шаршайсыз. Сондықтан да кез келген жұмысты бастамастан бұрын оған алдын ала уайымдау қажет пе, жоқ па соны жақсылап ойланып алыңыз.
Үшінші амал: ешқашан екі жұмысты бір мезгілде жасамаңыз. Оның біреуін міндетті түрде кейінге қалдыруға болады. Екі істі қатар орындауға, мысалы, теледидар көре отырып жаратылыстану пәнін оқуға ешқашан болмайды.
Төртінші амал: топтаса отырып сабақ оқудың қажеті жоқ. Тиімді сапалы еңбек ету -ол жалғыз отырып жұмыс жасау. Егер сізді бір жағдайда қиындық туындаса жолдасыңызбен акылдас. Бірақ ақылдасудың соңы әңгімеге айналмау керек.
Бесінші амал: қала сыртына табиғатқа шығуға тырысыңыз. Көбірек серуендеп, футбол ойнап, бассейнге шомылу керек. Сапалы еңбекпен айналысатын адамдардың көпшілігі (мектептегі оқушылар да) аз қозғалады, яғни олар көбіне отырып жұмыс істейді.


Скачать


zharar.kz