Өз нұсқаңыз бойынша төмендегі тапсырмаларды Паскаль тілінде орындаңыз
1-тапсырма.
Төмендегі есептердің Паскаль тілінде программасын құрыңдар:
1. Ойыншықтар туралы: ойыншықтар аттары, бағалары және олар арналған балалардың жас шамалары туралы деректер берілген. Бағасы 200 теңгеден аспайтын ойыншықтар атын және 5 жасқа дейінгі балаларға жарамды ойыншықтар атын шығарыңдар.
2. Оқушы фамилиясы, жасы өрістерінен тұратын жазбаның
а) “Жасы” өрісін кемуі бойынша реттеңдер
б) фамилиясы берілген әріптен басталатын оқушылар тізімін шығарыңдар.
3. Кондитерлік фабрика шығаратын конфет аттары, бағасы өрістерінен тұратын жазбаның
а) бағасы ең арзан 3 конфет атын
б) конфет бағасының жартысын табыңдар.
4. Студент фамилиясы, және 3 пәннен емтихан бағасы берілген.
а) топтың орташа бағасын
б) орташа бағасы ең жоғары 3 студенттің фамилиясын анықтаңдар.
5. Спортшы фамилиясы және оның 3 төреші бағалаған нәтиже көрсеткішінен тұратын жазба берілген.
а) бастапқы 3 жүлделі орынды алған спортшы фамилиясы мен көрсеткішін
б) нәтиже көрсеткіші барлық спортшылардың орташа көрсеткішінен төмен спортшылар фамилиясы мен санын табыңдар.
6. Оқушы фамилиясы, бойы, 3 сабақтан алған бағасы берілген.
а) жалпы кластың әр пәннен орташа бағасын
б) бойы ең ұзын және ең қысқа оқушы фамилиясын анықтаңдар.
7. Тауар қоймасындағы телевизор маркаларының аттары, бағалары өрістерінен тұратын жазба берілген.
а) бағасы ең қымбат телевизор маркасын
б) телевизордың бұрынғы бағасы мен 5%-ке қымбаттағаннан кейінгі жаңа бағасын шығарыңдар.
8. Студент аты және 3 пәннен емтихан бағасы берілген. “2” және “3” бағасы жоқ студенттер атын алфавит бойынша реттеңдер.
9. Фамилиясы, аты өрістерінен тұратын жазбаның фамилиясы дауысты дыбыстан басталатын оқушылар тізімін алфавит бойынша реттеңдер.
10. Студент фамилиясы, телефоны өрістерінен тұратын жазбаның телефоны берілген цифрдан басталатын тізімін табыңдар.
2-тапсырма
Төмендегі есептердің Паскаль тілінде программасын құрыңдар:
1. f1 мәтіндік файлы орыс алфавитінің кіші әріптерімен жазылған сөздерден тұрады. Әрбір сөздің бірінші әрпін бас әріпке түрлендіріп, нәтижені f2 файлына шығарыңдар.
2. f файлында квадрат матрица берілген. Матрицаның жұп элементтерінің орнына 0, тақ элементтерінің орнына 1 санын қойып, пайда болған матрицаны g файлына шығар.
3. Барлық элементі 0-ге тең А(5,5) матрицасы файлда берілген. Кездейсоқ тәсілмен одан әртүрлі 7 элементті таңдап, таңдалған элементтің орнына 3 санын қойып, шыққан матрицаны басқа файлда көрсетіңдер.
4. f1 файлында сөздер массиві берілген. Ең ұзын сөзді f2 файлына жазыңдар.
5. Файлдағы сөздерді алфавит бойынша реттеп, нәтижені басқа файлға жазыңдар.
6. Орысша сөздерден тұратын файл берілген. Бірдей әріптен басталатын және аяқталатын сөздерді басқа файлға шығарыңдар.
7. Оқушы аты және жасынан тұратын файл берілген. Оқушы жасын өсуі бойынша реттеп, оларды атымен қоса екінші файлға шығарыңдар.
8. Файлды кездейсоқ сандармен толтырып, ондағы тақ сандардың квадраттарының қосындысын табыңдар.
9. f файлын кездейсоқ бүтін сандармен толтырып, оның жұп элементтерін g файлына жазыңдар.
10. Кітап авторы, аты, шыққан жылы мәліметтерінен тұратын Bibl1 файлы берілген. Берілген жылдан кейін шыққан кітап авторы мен аттарын Bibl2 файлына жазыңдар.
3-тапсырма
Төмендегі есептердің Паскаль тілінде программасын құрыңдар:
1. Экранды көк түсті жұлдызшамен жиектеңдер де, рефераттың басқы бетін безендіріңдер.
2. Қызыл түсті экранға 0..9 аралығынан ақ түсті 500 кездейсоқ сан шығарыңдар. Сонан соң экранды жасыл түске, сандарды сары түске бояңдар.
3. Экранның мүмкін болатын 15 түсін 5 секунд кідіріспен көрсетіңдер. Экранның сол жақ жоғарғы бұрышына ағымдық түс нөмірін шығарыңдар.
4. Экранға әр жолға түрлі түспен жеті атаңның атын шығарыңдар.
5. Жұлдызды аспан суретін салыңдар.
6. Экранда кішкентай қызыл терезе салыңдар, сонан соң оны бірте- бірте үлкейтіңдер. Х координатасын үлкейту қадамы -3-ке, у -1-ге тең.
7. Экранда үлкен сары түсті терезе салыңдар, сонан соң оны бірте- бірте кішірейтіңдер. Х координатасын кішірейту қадамы -3-ке, у -1-ге тең.
8. Берілген сөзді экранның бойымен қозғалтыңдар.
9. Экранның 4 жағынан төрт сөзді шығарып, оны экран центріне дейін қозғалтыңдар.
10. Экранда бір түспен тест сұрағын және басқа түспен 4 жауабын шығарып, жауапты күтуді ұйымдастырыңдар. Енгізілген жауапқа байланысты экранға оның дұрыс не дұрыс еместігін шығарыңдар.