Салық төлеушілер

Скачать

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі

Қ.А. Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік Университеті
Шымкент институты

Қаржы және несие кафедрасы

Экономикалық мамандық студенттеріне арналған Салық және салық салу пәні бойынша оқу-әдістемелік құрал

ӘДІСТЕМЕЛІК БАҒДАРЛАМА

Қаржы және несие мамандығына арналған

Шымкент - 2006ж.
Құрастырғандар: э.ғ.к. С.Ж. Қалықов
Оқытушы: Б. Т. Нұрмағамбет

ISBN – 99-65-516-09-Х

Экономикалық мамандық студенттеріне арналған салық және салық салу пәнінен семинар және лекциялық сабақтарын өткізуге арналған әдістемелік нұсқау.

Шымкент, 2006ж., 50 бет
Қаржы және несие кафедрасының мәжілісінде талқыланды
Хаттама __________________________
Кафедра меңгерушісі э.ғ.д. профессор Ә.М. Жұманов

Рецензия беруші: М. Ауезов атындағы ОҚМУ-нің
каф. Меңгерушісі: э.ғ.к. – Т.Д. Кенжалы
Аға оқытушы: - Т.У. Сапаралиев

ISBN – 99-65-516-09-Х

ХҚТУ ШИ-нің оқу әдістемелік кеңесіне
талқыланды
Хаттама _____________________

Әдістемелік кеңестің төрағасы __________________________

Шымкент, Қ.А. Яссауи атындағы ХҚТУ ШИ, 2006ж.

МАЗМҰНЫ

1. Алғы сөз
2. Тақырыптық жоспар
3. Курстық бағдарламасы
4. Семинар және практикалық сабақтардың жоспары
5. Семестрлік бақылау
6. Тест сұрақтары
7. Бақылау сұрақтары
8. Курстық жұмысты жазу бойынша әдістемелік нұсқаулық
9. Курстық жұмыстың тақырыптары
10. Дипломдық жұмыстың тақырыптары
11. Негізгі әдебиет

АЛҒЫ СӨЗ

Салық туралы ғылым қаржы ғылымының арнайыландырылған бөлімі ретінде. Қаржы және мемлекет туралы білім – салық және салық салу механизмін үйренудің теориялық негізі.
Салықтарды оқудың қажеттілігі және оны ұйымдастыру. Салықтар және салық салу оқудың тарихи және логикалық маңызы.
Салық және салық салу Оқу пәні ретінде, оның жалпы экономикалық және арнайы құрылымы. Мемлекеттік салық қызметі мамандарын дайындауға салық және салық салу оқу пәні маңызы.
Әдістемелік нұсқаулар студенттерді Қазақстанның салық салу жүйесіне қорытынды көрсеткішін есептеуге, талдауға, олардың дамуындағы заңдылықтарды айқындауға үйренуге бағытталған. Әдістемелік нұсқауларда курстың әр тарауына арналған бағдарлама есептер, семинар сұрақтары, тақырыптары, қолдануға ұсынылатын әдебиеттер тізімі, өзін-өзі бақылау сұрақтары бар.
Әдістемелік нұсқаулар семинар сбақтарына өз бетімен орындалатын, жұмыстар мен экономикалық бағыттардағы оқу – орындарына күндізгі және сырттай оқу бөліміндегі студенттеріне, оқытушыларға арналған.
2. ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАР

Тақырыптар атауы
Лекция саны
Практикалық сабақтар

І. Тарау. Салықтардың экономикалық табиғаттық және салық салу негіздері
4

1
Салықтардың экономикалық мәні
4
4
2
Салықтарды құру негіздері және салық салу
4
4
3
Салық саясатты және салық жүйесі
4
4
4
Салықты реттеу
4
4

ІІ. Тарау. Мемлекеттік салықтар; міндетті төлемдер меналымдар
4
4
5
Заңды тұлғалардың табысына салынатын салық
4
4
6
Жеке тұлғалардың табысына салынатын салық
4
4
7
Қосылған құнға салынатын салық
4
4
8
Акциздер
4
4
9
Жер қойнауын пайдаланушылардың арнайы төлемдері мен салығы
4
4
10
Бағалы қағаздар эмиссиясын тіркеу үшін алым
4
4
11
Жер салығы
4
4
12
Заңды және жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық
4
4
13
Көлік құралдарына салынатын салық
4
4
14
Әлеуметтік салық
2
2
15
Аукциондық сатудан алым
2
2
16
Заңды тұлғалары және заңды тұлға құрмай кәміккерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғаларды тіркегені үшін алым
2
2
17
Қазақстан Республикасының радиожелілерін құралдарының кіргені үшін төлем
2
2
18
Қазақстан Республикасының радиожелілерімен қолданғалы үшін төлем
2
2

ІІІ. Тарау. Мемлекеттік салық қызметі, оның функциялары

19
Мемлекеттік салық қызметін ұйымдастыру
4
4
20
Салық органдарының заңды тұлғалардың салықтарды есептеу және төлеу тәртібіне бақылау жасауы
4
4
21
Салық органдарының халықтан алынатын салықтарды есептеу және төлеу тәртібіне бақылау жұмысы
4
4
22
Салықтар бойынша есеп беру
4
4

Барлығы:
82
82

3. КУРСТЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫ

І ТАРАУ. САЛЫҚТАРДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТАБИҒАТЫ. САЛЫҚ САЛУ НЕГІЗДЕРІ

Тақырып 1. Салықтардың экономикалық мәні мен мазмұны

Қаржы қатынастары жүйесіндегі салықтардың рөлі. Салықтардың экономикалық мазмұны. Салықтардың қызметі. Салықтардың айқындайтын белгілері және олардың анықтамасы. Салықтардың ұйымдастырушылық формалары.
Салықтардың объективті қажеттілігі. Салықтардың қолданылуының жағдайы. Салықтардың пайда болуы, дамуы және қолданылуындағы мемлекеттік рөлі. Салықтардың дамуының эволюциясы. Ұлы октябрь революциясына дейінгі Қазақстандағы салықтар.
Салықтар функцияларының қолданылуы. Ұлттық табысты бөлудегі салықтардың рөлі. Салықтардың фискалдық маңызы.

Тақырып 2. Салық және салық салуды құру негіздері

Салық элементтеріне түсінік. Салық объектісі, субъектісі және салықты тасушы. Салықтық оклад және салықтық квота. Салықтарды төлеу көзі. Салық салынбайтын минимум. Салықтық ставка, оның түрлері және салық салу жүйесіндегі маңызы. Салық ставкаларыныңтүрлерінің қолданылуының экономикалық жағдайы. Салық салу жүйесінде прогрессивті ставкаларды қолданудың ерекшеліктері. Лоренц қисығы.
Салықтарды төлеу әдістері, оларды қолдану тәртібі. Табыс көзінде салық салудың ерекшеліктері. Салықтардың патенттік және декларациялық әдістері бойынша алынуы. Салықтардың алынуының кадастрлық әдісі және оған мінездеме.
Салық жеңілдіктері. Салықтық несие және оның түрлері. Өндірісті ынталандыру және табысты реттеудегі салық жеңілдіктерінің маңызы.
Салық салу жүйесін құрудағы принциптер. А. Смиттің классикалық принциптері. Салық салу теориясындағы концепциялар. Нарық экономикасында салық салу принциптерін жүзеге асыру.

Тақырып 3. Салық саясаты және салық жүйесі.

Салық саясаты және оның мазмұны. Салық саясаты – мемлекеттің қаржы саясатының құрамдық бөлігі ретінде. Салық саясатының экономикалық қатынастарға негізделуі. Салық саясатын құруда және жүзеге асырудағы мемлекеттің рөлі. Салық саясатының типтері.
Қазіргі кездегі Қазақстан Республикасының салық саясаты. Салық саясатының негізгі бағыттары.
Салық механизмі және оның құрылымы. Мемлекеттік салық саясатын жүзеге асырудағы салық механизмінің рөлі.
Салық жүйесінің түсінігі. Салықтардың жіктелуі. Әр түрлі салықтардың салық жүйесінде ұштастырылуы. Қазақстан Республикасының салық жүйесін реформалау этаптары. Қазақстан Республикасының салық жүйесінің дамуының заңдылық базасы.
Қазақстан Республикасының қазіргі салық жүйесінің мінездемесі. Тікелей және жанама салықтар, олардың қатынасы. Табысқа және мүлікке салынатын салықтар. Заңды және жеке тұлғалардан алынатын салықтар.
Салықтарды бюджет жүйесінің буындары бойынша бөлу. Салық салу жүйесіндегі республикалық және жергілікті басқару органдарының қызметі. Бюджеттің табысын құрудағы салықтардың рөлі.
Тақырып 4. Салықтық реттеу
Нарық жағдайындағы мемлекеттік реттеу. Мемлекеттік реттеудің формалары және әдістері.
Салықтық реттеу – мемлекеттік қаржылық реттеудің құрамды бөлігі ретінде. Салықтық реттеудің мазмұны, мәні және мақсаты. Экономиканы реттеу механизмінде салықтық тетіктерді қолдану. Салықтың объектісі салықтық тетіктерді қолдану. Салықтың объектісі салықтық реттеудің негізігі құралы ретінде. Салық ставкаларының, салық жеңілдіктерінің, салық санкцияларының заңды және жеке тұлғалардың қызметінің нәтижесінне және мемлекеттік бюджеттің табысына әсері. Лаффер теориясы.

ІІ ТАРАУ. МЕМЛЕКЕТТІК САЛЫҚТАР, МІНДЕТТІ ТӨЛЕМДЕР ЖӘНЕ АЛЫМДАР
Тақырып 5. Заңды тұлғалардың табысына салынатын салық
Заңды тұлғалардың табысына салынатын салықтың экономикалық мазмұны және қажеттілігі. Қазақстан Республикасында заңды тұлғалардың табысына салық салу жүйесін дамыту. Бюджеттік табысын құрудағы заңды тұлғалардың табысына салынатын салықты құру негізі. Салық салу объектісі. Заңды тұлғалардың табысына салынатын салықты анықтау тәртібі.
Жылдық жиынтық табыс және оның құрамы. Сатудан тыс операциялардан алынатын табыстар.
Заңды тұлғалардың жылдық жиынтық табысынан салық салынатын табысты анықтау үшін шегерістер.
Амортизациялық аударымдар және оларды салық тәртібі. Салықтық есеп және оны жүргізудің әдістері.
Заңды тұлғалардың табысына салынатын салықтың ставкалары. Заңды тұлғалардың табысына салынған салық бойынша жеңілдіктер және оларды қолдану мехнизмі.
Заңды тұлғалардың табысына салынатын салықты есептеу механизмі.
Шетел заңды тұлғаларына салық салудың ерекшеліктері. Таза табысқа салық салу және оны анықтау тәртібі. Қазақстан Республикасының көздерінен алынатын табыс бойынша шетел заңды тұлғаларына салық салудың ерекшеліктері.
Табыс салынған есептеу тәртібі және төлеу мерзімдері. Заңды тұлғалардың табасына салынатын салық бойынша авансалық тлемдердің мөлшерін анықтау тәртібі. Салықты төлеу мерзімдері және есеп беру, декларация табыс ету тәртібі.
Салық төлеушілердің салықты уақытылы және толық бюджетке төлеу бойынша және жауапкершілігі.

Тақырып 6. Жеке тұлғалардың табысына салынатын салық
Жеке тұлғалардың табысына салынатын салықтың әлеуметтік – экономикалық мәні және халықтан алынатын салықтар арасындағы рөлі. Жеке тұлғалардың табысына салынатын салықтың республикалық және жергілікті бюджеттердің табысын құрудағы рөлі.
Жеке тұлғаларджың табысына салынатын салықты құру негіздері. Салық төлеушілер. Салық салынатын объект. Салық салынатын табысты анықтау тәртібі. Жеке тұлғалардың табысына табысты анықтау тәртібі. Жеке тұлғалардың табысына салынатын салықты алу әдістері және олардың мазмұны.
Жеке тұлғалардың жылдық жиынтық табысы, оның құрамы мен құрылымы. Салық салынатын табыс. Салық салынатын табысты анықтау үшін жылдық жиынтық табыстан шегерістер. Кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғаларға салық салу ерекшеліктері. Қазақстан Республикасының көздерінен табыс алатын шетел азаматтарына салық салу тәртібі.
Жеке тұлғалардың табысына салынатын салықтың ставкалары және оларды құру ерекшеліктері. Салық салынбайтын минимум. Жылдық есепті көрсеткіш және жеке тұлғалардың табысына салынатын салықты анықтау кезінде қолданылуы. Салық жеңілдіктері және оны қолдану тәртібі. Жеке тұлғалардың табысына салынатын салықты анықтау кезінде қолданылады. Салық жеңілдіктері және оны қолдану тәртібі. Жеке тұлғалардың табысына салынатын салықты есептеу механизмі.
Салықтық есеп ережелері. Нақты алынған табыс және шегерістер бойынша декларацияның мазмұны. Декларацияны толтыру және табыс ету тәртібі, мерзімі. Жеке тұлғалардың табысынан салынатын салық бойынша әкімшілік ережелр.

Тақырып 7. Қосылған құнға салынатын салық
Қосылған құнға салынатын салықтың экономикалық мәні. Қосылған құнға салынатын салықтың кемшіліктері және артықшылықтары. Қосылған құнға салынатын салықтың ерекшеліктері және функциялары. Республикалық бюджеттің табысындағы қосылған құнға салынатын салықтың рөлі.
Қосылған құнға салынатын салықты құру негіздері. Салық төлеушілер. Салық салынатын объект. Салық салынатын айналымды анықтау. Салық салынатын айналымды түзету. Импорт бойынша қосылған құнға салынатын салықтың объектісін анықтау тәртібі. Кеденде қосылған құнға салынатын салықты есептеудің ерекшеліктері. Қосылған құнға салынатын салық бойынша жеңілдіктер. Қосылған құнға салынатын салықтың ставкалар және оларды қолдану тәртібі.
Бюджетке төленуге тиіс қосылған құнға салынатын салықтың сомаысн анықтау тәртібі. Авансалық төлемдер және салықты төлеу тәртібі. Қосылған құнға салынатын салық бойынша декларация толтыру және табыс ету мерзімі. Салық санкцияларын қолдану механизмі.
Салық төлеушілердің салықты уақытылы бюджетке төлеуі бойынша жауапкершілігі.

Тақырып 8. Акциздер
Акциздердің экономикалық мәні және жанама салықтар жүйесіндегі рөлі. Мемлекеттің акциздік саясаты және оның дамуы. Акциздің құру негіздері. Салық төлеушілер. Салық салу объектісі. Акцизделетін товарлар тізбесі және оларды бекіту тәртібі.
Салық салынатын айналымды анықтау. Отандық акцизделетін товарларды өндірушілер және ойын бизнесіне акциз салығын салу ерекшеліктері. Акцизделетін товарларды акциз маркалары мен таңбалау тәртібі. Импортталып акцизделетін товарлар бойынша акциз сомасын анықтау. Акциз жеңілдіктері. Жеке тұлғалармен акцизделетін товарларды импорттау кезінде акциздік және бажсыз өткізу нормасы. Отандық және импортталатын акцизделетін товарлар бойынша акциз ставкалары, оларды қолдану ерекшеліктері. Акциздерді төлеу тәртібі және мерзімі. Ағымдағы төлемдер және бюджетпен есеп айырысу тәртібі. Акциз салығы бойынша декларация толтыру тәртібі және табыс ету мерзімі.

Тақырып 9. жер қойнауын пайдаланушылардың арнайы төлемдері және салықтары
Жер қойнауын пайдаланушылардың арнайы төлемдері және салықтарының экономикалық мәні және қолдану сферасы. Жер қойнауын пайдаланушылардың төлемдерін дамыту жүйесі. Жер қойнауын пайдаланушылардың арнайы төлемдері мен салықтарын құру ерекшеліктері және инвестициялық процесі ынталандырудағы рөлі.
Салық салу объектісі. Салық төлеушілер Бонустар, роялти, үстеме пайдаға салық және тарихи шығындарды қайтару төлемдері бойынша салық салу тәртібін бекіту.
Ішкі пайда нормасы және үстеме пайдаға салықтың ставкаларын құру ерекшеліктері.
Бонустар, роялти және үстеме пайдаға салықты төлеу формалары.
Жер қойнауын пайдаланушылардың арнайы төлемдері мен салықтары бойынша есеп беру және төлеу тәртібі.
Жер қойнауын пайдаланушылардың арнайы төлемдері және салығының бюджеттік табысындағы рөлі және мазмұны.

Тақырып 10. Бағалы қағаздардың эмиссиясын тіркеу үшін алым
Бағалы қағаздардың эмиссиясын тіркеу үшін алымның экономикалық мәні мен мазмұны. Алымды құру негіздері. Алым салынатын объект. Төлеушілер. Алым ставкалары және оларды қолдану тәртібі. Жеңілдіктері.
Бағалы қағаздардың эмиссиясын тіркеу үшін алымның төлеу мерзімі және тәртібі. Алымды уақытылы төлеушілердің жауапкершілігі. Салық органдарының бақылауы.

Тақырып 11. Жер салығы
Жер салығының экономикалық мәні және рөлі. Жер салығының төлеушілер. Салық салынатын объект. Салық салу мақсатында жерлерді әртүрлі категорияларға бөлу. Әртүрлі категорияларға жер салығының ставкаларын құру ерекшеліктері және есептеу тәртібі. Жер салығы бойынша жеңілдіктер. Түзету коэфмценттігін қолдану тәртібі.
Қосымша есептелінген және төмендетілген салық слмасын есептеу тәртібі. Жергілікті бюджеттердің табысын құрудағы жер салғының рөлі.
Жер салығы бойынша есептерді тексеру тәртібі. Жер салығын есептеу және төлеу тәртібі. Шағын бизнес субъектілерінің жер салығын төлеудегі ерекшеліктері.
Жер салығын дұрыс және уақытылы есептеп төлеудегі салық төлеушілердің жауапкершілігі. Бірыңғай жер салығын төлеу тәртібі.

Тақырып 12. Заңды және жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық
Мүлікке салықсалудың экономикалық мазмұны. Мүлікке салық салу жүйесінің пайда болуы және дамуы. Мүлікке салынатын салықтың төлеушілері. Салық салынатын объект. Салық ставкалары. Заңды тұлғалардың және кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғалардың мүлікке салынатын салықты есептеу және төлеу тәртібі. Жеке тұлғалардың үлкіне салық салу ерекшеліктері.
Мүлік салығы бойынша декларация: толтыру тәртібі және табыс ету мерзімі. Мүлікке салынатын салық бойынша салық төлеушілердің жауапкершілігі.

Тақырып 13. Көлік құралдарына салынатын салық
Көлік құралдарына салынатын салықтың экономикалық мазмұны және құру негіздері. Салық төлеушілер. Салық салынатын объект. Көлік құралдарына салынатын салықтың ставкаларын құру ерекшеліктері.
Көлік құралдарын пайдалану мерзіміне байланысты түзету коэфиценттерін қолдану тәртібі.
Заңды және жеке тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салықты есептеу және төлеу тәртібі.
Көлік құралдарына салынатын салық бойынша жеңілдіктер. Көлік құралдарының иелерінің салық төлеу бойынша жауапкершілігі.

Тақырып 14. Әлеуметтік салық
Әлеуметтік салықтың экономикалық-әлеуметтік мазмұны және құру негіздері. Салық төлеушілер. Салық салынатын объектіні анықтау ерекшеліктері. Дифференциалды салық ставкаларының экономикалық мәні.
Әлеуметтік салық бойынша жеңілдіктер. Әлеуметтік салықты есептеу және төлеу тәртібі. Салықты төлеу мерзімі.
Салық төлеушілердің салықты уақытылы және дұрыс толық есептеп, бюджетке төлеу бойынша жауапкершілігі.

Тақырып 15. Аукционның сатудан алым
Аукционның анықтамасы. Аукционды жүргізу тәртібі және әдістері. Аукциондық сатудан алымды төлеушілер. Алым салынатын объект. Аукционда сатудан алымның сомасын анықтау. Алымды төлеу мерзімі және тәртібі.
Алым төлеушілердің алым сомасын уақытылы бюджетке төлеу бойынша жауапкершілігі. Аукциондық сатудан алым бойынша декларация табыс ету.

Тақырып 16. Заңды тұлғаларды және кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғаларды тіркегені үшін алым
Заңды тұлғаларды және кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғаларды мемлекеттік тіркеу. Мемлекеттік тіркеуді жүргізуші органдар.
Тіркеу үшін алымды төлеушілер. Заңды тұлғаларды тіркегені үшін алымның ставкалары. Кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғалары тіркегені үшін алымның ставкалары. Қайта тіркеу және куәліктің дубликатын алу үшін алым сомасын анықтау.
Тіркеу үшін алымды есептеу және төлеу тәртібі. Алымды төлеу көзі. Алым жеңілдіктері.
Шағын бизнес субъектілері – заңды тұлғалар және жеке кәсіпкерлерді тіркеудің жеңілдетілген тәртібінің ерекшеліктері.

Тақырып 17. Базарларда товарларды сату құқы үшін алым
Базарларда товарларды сату үшін алымды құру негіздері. Алымды төлеушілер.
Алым ставкаларын бекіту тәртібі. Алым жеңілдіктері. Алым сомасын есептеудің ерекшеліктері. Базарларда сату құқы үшін алымды төлеу тәртібі.

Тақырып 18. жекелеген қызмет түрімен айналысу құқы үшін лицензиялық алым
Лицензиялық алымды құру тәртібі. Алым салынатын объект. Жекелеген қызмет түрімен айналысу құқы үшін лицензия беру тәртібі. Алым төлеушілер.
Алым сомасын анықтау тәртібі. Алым сомасын есептеу бойынша жеңілдіктер. Жекелеген қызмет түрімен айналысу құқы үшін лицензиялық алымды төлеу тәртібі.
Тақырып 19. Қазақстан Республикасының аумағына көлік құралдарының кіргені үшін алымдар
Қазақстан Республикасының аумағына көлік құралдарының кіргені үшін алымды құру негіздері. Алымды төлеушілер. Алым салынатын объект.
Алым сомасын есептеу және төлеу тәртібі.

Тақырып 20. Қазақстан Республикасының радиожелілерін қолданғаны үшін төлем
Қазақстан Республикасының радиожелілері. Радиожеліні қолданушылар – салық төлеушілер. Төлем салынатын объект.
Төлемді есептеу және төлеу тәртібі.

Тақырып 21. Алматы қаласының белгісін Қазақстан, ұлттық, Республика заңды және жеке тұлғалар товарларында, қызмет көрсету белгілерінде қолданғаны үшін алым.
Алым төлеушілер және алым салынатын объект. Алым ставкасы
Алымды есептеу және төлеу тәртібі.

ІІІ ТАРАУ. МЕМЛЕКЕТТІК САЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ; ОНЫҢ ФУНКЦИЯЛАРЫ
Тақырып 22. Мемлекеттік салық қызметін ұйымдастыру
Салық қызметін ұйымдастыру принциптері. Салық органдарының құрамы мен құрылымы. Салық комитеті – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігінің құрамды бөлігі ретінде және оның функциялары.
Салық комитетінің жергілікті органдары және олардың қызметінің ерекшеліктері.
Жергілікті салық органдарының құрылымы және қызмет атқаруы. Салық қызметі органдарының қызметкерлерінің міндеттері мен құқықтары.
Тақырып 23. Салық органдарының заңды тұлғалардың салықтарды есептеу және төлеу тәртібіне бақылау жасауы
Салық комитетінің бақылау жұмысын ұйымдастыру. Салық төлеушілерді тексеруді жүзеге асыруды жоспарлау. Салық органдарының қызметкерлеріне міндеттерді бөліп беру.
Заңды тұлғалардың табысына салынатын салықты тексеру тәртібі.
Заңды тұлғалардың салықтар және басқа да міндетті төлемдерді төлеуін тексерудің ерекшеліктері. Камералды тексеруді жүргізу және мерзімі тәртібі.
Құжаттық тексеру, оның мақсаттары және бағыттары. Құжаттық тексерулерді жүргізу мерзімі және тәртібі, оның нәтижесін дайындау. Тексеру нәтижелері бойынша жұмыс жүргізу. Салық санкциясын қолдану механизмі.

Тақырып 24. Салық органдарының халықтың төлейтін салықтарының есептелуі мен төлеуіне бақылау жасауы.
Жеке тұлғалардың табысына салынатын салықтың дұрыс есептеліп, табыс көзі бойынша төленуін тексеру. Бюджетке төленген салық бойынша жеңілдіктер мен шегерістердің дұрыс қолданғанын уақытылы және толық төленуін анықтау.
Азаматтардың салық декларациясын дұрыс және нақтылы мәліметтер арқылы толтыруына бақылау жасау. Салық декларациясын тексерудің ерекшеліктері. Басқа құжаттар мен мәліметтерді тексеру. Кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғаларды анықтау. Олардың табыстарын есепке алу және тексеру жүргізу әдістері. Халықтың төлейтін басқа салықтарына бақылау жасау. Салық санкциялары және оларды жеке тұлғаларға қолдану механизмі.

Тақырып 25. Салықтар бойынша есеп беру
Салықтар және басқа да міндетті төлемдерді төлеушілерді есепке алу. Салықтық түсімдерді және басқа да міндетті төлемдерді есепке алуды ұйымдатыру.
Салықтық түсімдер дұрыс есепке алудың маңызы. Әртүрлі салықтық төлемдер бойынша есептік операциялардың ерекшелігі,
Салық төлеушілердің жеке есеп-шоттары. Жеке есеп-шоттарды ашу, оларды салықтардың түрлері бойынша жүргізу тәртібі.
Жеке есеп-қоттардағы операциялардың жүргізу тәртібі. Құжаттардың дұрыс және уақытылы тіркелуіне қадағалау жасау. Салық органдарының салықтар және басқа да міндетті төлемдер бойынша есеп беруі.

4. СЕМИНАР ЖӘНЕ ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТАРДЫҢ ЖОСПАРЫ
І ТАРАУ. САЛЫҚТАРДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТАБИҒАТЫ. САЛЫҚ САЛУ НЕГІЗДЕРІ
Тақырып 1. Салықтардың экономикалық мәні мен мазмұны
Сабақ 1.
1. Салықтардың экономикалық мәні мен мазмұны
2. Салықтардың ерекшелік белгілері
3. Салықтардың функциялары
Сабақ 2.
1. Қаржы қатынастары жүйесіндегі салықтар
2. Салықтардың қолданылуының себептері және жағдайы
3. Ұлттық табысты бөлудегі салықтарды рөлі
Тақырып 2. салық және салық салуды құру негіздері
1. Салық салуды құру негіздері. Салық элементтері.
2. Салық салуды құру принциптері, олардың мінездемесі және нарық экономикасында қолданылуы
3. Салық салу ставкаларының түрлері және оларды құру ерекшеліктері

Тақырып 3. Салық саясаты және салық жүйесі
Сабақ 1.
1. Салық жүйесіне түсінік және салық классификациясы.
2. Қазақстан Республикасының салық жүйесіне мінездеме
3. Қазақстан Республикасының салық жүйесін реформалау этаптары
4. Салықтарды бюджет жүйесінің деңгейлеріне бөлу
Сабақ 2.
1. Салық саясаты және оның мазмұны, салық саясатының типтері
2. Қазіргі кездегі салық саясатының негізгі бағыттары
3. Салық механизмі және оның құрылымы

Тақырып 4. Салықтық реттеу
1. Нарық жағдайындағы мемлекеттік реттеу, нысандары және әдістері
2. Салықтық реттеудің мақсаты және мазмұны
3. Нарықтық тепе-теңдікке салықтардың әсері. Лаффер теория. Фискалды саясатының кейнсиандық модель

ІІ ТАРАУ. МЕМЛЕКЕТТІК САЛЫҚТАР, МІНДЕТТІ ТӨЛЕМДЕ ЖӘНЕ АЛЫМДАР
Тақырып 5. Заңды тұлғалардың табысына салынатын салық
Сабақ 1.
1. Қазақстан Республикасында заңды тұлғалардың табысына салынатын салық жүйесінің дамуы
2. Заңды тұлғалардың табысына салынатын салықты құру негіздері
3. Салық төлеушілер. Салық салынатын объект. Салық салынатын табысты анықтау тәртібі.
Сабақ 2.
1. Жылдық жиынтық табыстың құрамы
2. салық салынатын табысты анықтау мақсатында жылдық жиынтық табыстан шегерілетін шегерістер
3. Заңды тұлғалардың табысына салынатын салықтың ставкалары және жеңілдіктері
4. Салық салынатын табысты анықтау бойынша есеп шығару
Сабақ 3. 1. Резидент емес заңды тұлғаларға салық салу ерекшеліктері
2. Таза табысқа салық салу, оны анықтау тәртібі
3. салықтық есеп бойынша зиянды ескеру механизмі.
Сабақ 4.
1. Амортизациялық аударымдар және салық салу мақсатында анықтау тәртібі.
2. Заңды тұлғалардың табысына салынатын салық бойынша авансалық төлемдердің мөлшерін анықтау тәртібі.
3. Салықты төлеу мерзімі және есеп беру тәртібі.
4. Салық төлеудегі міндеттері және жауапкершілігі
5. Есеп шығару

Тақырып 6. Жеке тұлғалардың табысына салынатын салық
Сабақ 1.
1. Жеке тұлғалардың табысына салынатын салықтың әлеуметтік-экономикалық мазмұны және халықтан алынатын салықтардың арасындағы оөлі.
2. Жеке тұлғалардың табысына салынатын салықты құру негіздері
3. Жеке тұлғалардың табысына салынатын салықты алу әдістері және оның сипаттамасы.
Сабақ 2.
1. Жеке тұлғалардың жылдық жиынтық табысы және оның құрамы мен құрылымы.
2. Жеке тұлғалардың жылдық жиынтық табысын түзету.
3. Салық салынатын табысты анықтау мақсатында жылдық жиынтық табыстан шегерілетін шегерістер.
4. Кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғалардың табысына салық салу ерекшеліктері.
Сабақ 3.
1. Жеке тұлғалардың табысына салынатын салықтың ставкалары және оларды құру ерекшеліктері.
2. Салық жеңілдіктері және оларды қолдану тәртібі
3. Жеке тұлғалардың табысына салынатын салықты есептеу механизмі.ү
4. Салықтық есеп ережелері
5. Жеке тұлғалардың табысына салынатын салық бойынша табыс көзінде төленетін салықты есептеу бойынша есеп шығару.
Тақырып 7. Қосылған құнға салынатын салық
Сабақ 1.
1. Қосылған құнға салынатын салықтың экономикалық мәні және мазмұны
2. Қосылған құнға салынатын салықтың кемшіліктері және артықшылықтары
3. Қосылған құнға салынатын салықтың ерекше сипаттамасы және функциялары.
4. Республикалық бюджеттің табысындағы қосылған құнға салынатын салықтың рөлі
Сабақ 2.
1. Қосылған құнға салынатын салықты құру негіздері. Салық төлеушілер. Салық салынатын объект.
2. Салық салынатын айналымды анықтау. Салық салынатын айналымды түзету.
3. Импортталатын товарлар бойынша салық салынатын айналымды анықтау тәртібі.
4. Қосылған құнға салынатын салық бойынша жеңілдіктер
5. Есеп шығару
Сабақ 3.
1. Қосылған құнға салынатын салықтың ставкалары және оларды қолдану тәртібі.
2. Бюджетке төленетін қосылған құнға салынатын салықтың сомасын анықтау тәртібі.
3. Ағымдағы төлемдерді төлеу мерзімі және тәртібі
4. Қосылған құнға салынатын салық бойынша салық санкцияларын қолдану механизмі.
5. қосылған құнға салынатын салық бойынша декларация толтыру бойынша есеп шығару.
Әдебиет.
1. Қазақстан Республикасының Президентінің Салықтар және басқа да бюджетке төленетін міндетті төлмдер туралы 1995 жылы 24 сәуіріндегі Заңы.
2. Қосылған құнға салынатын салықты есептеу және төлеу тәртібі туралы МСК-нің 1997 жылы 14 қаңтарындағы бұйрығы.
Тақырып 8. Акциздер

Сабақ 1.
1. Акциздердің экономикалық мәні және жанама салықтар жүйесіндегі рөлі
2. Салық төлеушілер, Салық салынатын объект.
3. Салық салынатын айналымды анықтау
4. Акцизделетін товарлар импорты
Сабақ 2.
1. Акциздерді есептеу және төлеу тәртібі
2. Акциздердің ставкалары және жеңілдіктері. Қазақстан Республикасының неден шекарасынан акцизсіз товар импорттау нормасы.
3. Салық төлеушілердің акциз салығын уақтылы төлемегені үшін жауапкершілігі.
Тақырып 9. Жер қойнауын пайдаланушылардың арнайы төлемдері және салықтары
1. Жер қойнауын пайдаланушылардың арнайы төлемдері және салықтарының мазмұны
2. Жер қойнауын пайдаланушылардың арнайы төлемдері және салықтардың пайдалану сферасы. Салықтық режимнің модельдері.
3. Жер қойнауын пайдаланушылардың арнайы төлемдері және салықтарының түрлері.
4. Салық салу объектілері. Салық төлеушілер.
5. Жер қойнауын пайдаланушылардың арнайы төлемдері және салықтарын төлеу тәртібі және мерзімі.
6. Есеп шығару.
Тақырып 10. Бағалы қағаздардың эмиссиясын тіркеу үшін алым
1. Бағалы қағаздардың анықтамасы және түрлері. Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар нарығын дамыту.
2. Алым төлеушілер. Алым салынатын объект.
3. Алымның ставкалары және оларды қолдану тәртібі. Жеңілдіктері.
4. Қазіргі кезде қолданылып жүрген алымды алу тәртібі және төлеу мерзімі.
5. Есеп шығару
Тақырып 11. Жер салығы
Сабақ 1.
1. Жер салығының экономикалық мазмұны және жер салығын салу принциптері
2. Салық төлеушілер, жердің категорияларына байланысты жер салғының объектісі.
3. Жер салығының жеңілдіктері
Сабақ 2.
1. Жер салығын есептеу және төлеу тәртібі
2. Жер салығының ставкаларын құру ерекшеліктері және түзету коэфиценттерін қолдану.
3. Жер салығының базалық ставкаларын, бонитет балын және түзету коэфиценттерін қолдану бойынша есеп шығару.
Сабақ 3.
1. Жер салығының есебін тексеру тәртібі
2. Әртүрлі шаруашылық субъектілерінің және халықтың жер салығын төлеудегі ерекшеліктері
3. Жер салығының дұрыс есептеліп, уақтылы бюджетке төленуіне салық төлеушілердің жауапкершілігі.
4. Есеп шығарй.
Тақырып 12. Заңды және жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық
1. Мүлікке салық салудың экономикалық мәні. Салық төлеушілер және салық салынатын объект.
2. Мүлік салығының ставкалары. Заңды және жеке тұлғалармен салықты есептеу және төлеу тәртібі,
3. мүлік салығының жеңілдіктері. Салық төлеушілердің жауапкершілігі.
4. Есеп шығару.

Тақырып 13. Көлік құралдарына салынатын салық
1. Көлік құралдарына салынатын салықтың экономикалық мәні мен және құру негізі
2. Салық төлеушілер, салық салынатын объект және салық ставкалары
3. Көлік құралдарына салынатын салықтың жеңілдіктері
4. Көлік құралдарын пайдалану мерзіміне байланысты салық сомасын есептеудің ерекшелігі.
5. Есеп шығару.
Тақырып 14. Әлеуметтік салық
1. Әлеуметтік салықтың әлеуметтік-экономикалық мәні мен және құру негізі.
2. Салық төлеушілер және салық салынатын объект.
3. Салық ставкалары және оларды қолдану ерекшеліктері
Әлеуметтік салықты есептеу және төлеу тәртібі
Тақырып 15. Аукциондық сатудан алым
1. Алым төлеушілері және алым салынатын объектісі анықтау
2. алымды есептеу және төлеу тәртібі. Алым төлеушілердің жауапкершілігі.
3. Есеп шығару.

Тақырып 16. Заңды тұлғалары және заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғаларды тіркегені үшін алым.
1. Тіркеу үшін алымды төлеушілер
2. Заңды тұлғалардың құрылу формалдарына байланысты тіркеу үшін алымның ставкалары.
3. алымды есептеу және төлеу тәртібі
4. Жеке кәсіпкерлерді тіркеу бойынша қысқартылған тіркеу тәртібін қолданудың ерекшеліктері
5. Есеп шығару.
Тақырып 17. Базаларда товарларды сату құқы үшін алым.
1. Базаларда товарларды сату құқы үшін алымды құру негіздері
2. Алым төлеушілер және алым ставкасын бекіту тәртібі
3. Алым сомасын есептеу және төлеу тәртібі
Тақырып 18. Жекелегені қызмет түрімен айналысу құқы үшін лицензиялық алым
1. Лицензиялық алымды құру тәртібі
2. Лицензия беру тәртібі
3. алым сомасын есептеу және төлеу

Тақырып 19. Қазақстан Республикасының аумағына көлік құралдарының кіргені үшін алымдар
1. Алымды құру негіздер
2. Алым төлеушілер және алым салынатын объект
3. Алым сомасын есептеу және төлеу тәртібі
Тақырып 20. Қазақстан Республикасының радиожелілерін қолданғалы үшін төлем
1. Салық төлеушілер және салық салынатын объект
2. Төлем ставкалары
3. Төлемді есептеу және төлеу тәртібі
Тақырып 21. алматы қаласының белгісін заңды және жеке тұлғалар товарларында, қызмет көрсету белгілерінде қолданғаны үшін алым
1. Алым төлеушілер және алым салынатын объект
2. Алым ставкасы
3. алымды есептеу және төлеу тәртібі

ІІІ ТАРАУ. МЕМЛЕКЕТТІК САЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ, ОНЫҢ ФУНКЦИЯЛАРЫ
Тақырып 22. Мемлекеттік салық қызметін ұйымдастыру
Сабақ1.
1. салық қызметін ұйымдастыру принциптері
2. Салық органдарының құрамы мен құрылымы
3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігінің салық комитеті
4. Салық комитетінің функциялары
Сабақ 2.
1. Жергілікті салық органдары. Жұмыс жүргізудің ерекшеліктері
2. Жергілікті салық органдарының құрылымы және атқаратын функциялары
3. Салық қызметкерлерінің құқықтары және міндеттері
4. Салық қызметкерлерін құқықтық және әлеуметтік қорғау
Тақырып 23. Салық органдарының заңды тұлғалардың салықтарды есептеу және төлеу тәртібіне бақылау жасауы
Сабақ 1.
1. Салық қызметінің бақылау жұмысын ұйымдастыру
2. Салық қызметкерлерінің арасында міндеттерді бөлу
Сабақ 2.
1. құжаттық тексерулер. Құжаттық тексерулерді жүргізу мерзімі және төлеу тәртібі
2. Тексеру қорытындысын бекіту. Тексеру бойынша актілер
3. Есеп шығару

Тақырып 24. Салық органдарының халықтың төлейтін есептелуі мен бақылау жасауы
Сабақ 1.
1. халықтан алынатын салықтардың дұрыс есептелуіне салық органдарының бақылау жасауы
2. Халықтан алынатын салықтар бойынша жеңілдіктер.
Сабақ 2.
1. Азаматтардың табысы бойынша декларациялардың дұрыс толтыруына бақылау жасау.
2. Басқа да халықтың төлейтін салықтарына бақылау жасау.
Тақырып 25. Салықтар бойынша есеп беру
Сапбақ 1.
1. Салық төлеушілерді есепке алу
2. Салықтар және басқа да бюджетке төленетін міндетті төлемдерінің бюджетке түсуін есепке алуды ұйымдастыру
3. Салықтық және басқа да түсімдердің есебінің дұрыс жүргізілуінің маңызы
4. Салықтың түрлері бойынша есеп жүргізу операциялары бойынша ерекшеліктері.
Сабақ 2.
1. Салық төлеушілердің жеке шоттары, оларды салықтардың түрлері бойынша ашу және жабу тәртібі
2. Жеке есеп шоттардағы мәліметтердің дұрыстығына тексеру
3. Бірінші құжаттардың дұрыс және уақтылы жүргізілуіне таңдаулы тексеру жүргізу
4. Салық органдарының есеп беруі
5. Есеп шығару

5. СЕМЕСТРЛІК БАҚЫЛАУ

Реттік саны Түрі Тақырып саны

1. Бақылау жұмыс 1-4 (қоса алғанда)
2. Бақылау жұмысы 5-6
3. Тесттер және есеп шығару 7-10
4. Тесттер және есеп шығару 11-13
5. Тесттер және есеп шығару 14-16
6. Тест 17-20

6. ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ
І ВАРИАНТ
1. Салықтың экономикалық мәні неде?
2. Салық салудың классикалық принциптерін көрсетіңіз
3. Ерекшелік белгілері бойынша салықтарды жіктеңіз (белгілер тізімі)
4. Есептік көрсеткіш дегеніміз не?
5. Салық жүйесінің анықтамасын беріңіз
6. Салық элементтерін атаңыз және салық ставкасының мәнін атаңыз
7. Салық алу тәсілін атаңыз
8. Жанама салықтың қандай нышандары бар?
9. Салықтың ерекше белгілері мен нышандарын атаңыз
10. Салық қызметі қызметкерлерінің құқықтарын атаңыз
11. салық салу мақсаты үшін товарлы материалдық құндылықтар есебі мен салық есебінің әдістері
ІІ ВАРИАНТ
1. Салықтардың өзге төлемдерден айрықша ерекшелігін көрсетіңіз
2. Салық функцияларын атап, сипаттаңыз
3. Салық салу принципін атаңыз
4. Қайта қаржыландыру ставкасы дегеніміз не?
5. Салық элементтерін талдап, салық ставкаларының мәнін ашыңыз
6. Тікелей салықтардың нышандары
7. Ерекшелік белгілері бойынша салықтарды жіктеңіз (белгілер және жіктелу тізімі)
8. Салық комитетінің құрылымын көрсетіңіз
9. Салық алу тәсілін атап, олардың мәнін ашыңыз (тізімін келтіріңіз).
10. салық қызметі қызметкерлерінің міндеттерін атаңыз
11. Есептік көсеткіштің мәнін сипаттап, оның 1998 жылғы мөлшерін көрсетңіз
12. Салық жүйесінің мәнін ашып, салық қатынасын реттейтінактілерді көрсетіңіз.
7. БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ
1. Салықтың экономикалық мазмұны және оның функциялары.
2. Салықтардың бағытталуы
3. Салық салу элементтері
4. Салық салу принциптері (классикалық, қазіргі)
5. Салық саясаты және оның мазмұны
6. Салық саясатының негізгі бағыттары
7. Салық механизмі және оның құрылымы
8. Салық жүйесі ұғымы. Салықтардың жіктелуі
9. Салықтық реттеу – мемлекеттік қаржылық реттеудің құрамдыс бөлігі,
10. Жер салығының экономикалық мазмұны және алу механизмі
11. Заңды және жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық. Есептеу және алу тәртібі.
12. Көлік құралдарына салынатын салық. Есептеу және алу механизмі
13. Жергілікті адамдар
14. Заңды және жеке тұлғалардан алынатын: табыс салығы. Экономикалық мазмұны, құру негізі және алу механизмі.
15. ҚҚСС-тың экономикалық мәні. Есептеу және алу тәртібі
16. Акциздердің экономикалық мазмұны және алу механизмі
17. Жер қойнауын пайдаланушылардың арнайы төлемдері мен салығының экономикалық мазмұны мен қолдану сомасы.
18. Бағалы қағаздар эмиссиясын тіркегені үшін алынатын алым.
19. Мемлекеттік салық қызметін ұйымдастыру.
20. Салықтарды есептеу мен төлеуге салық қызметінің бақылауы
21. Салық санкцияларын қолдану механизмі
22. Салықтар бойынша есеп және есеп беру.

8. КУРСТЫҚ ЖҰМЫСТЫ ЖАЗУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛЫҚ.
Жалпы жағдай
Салық және салық салу пәні бойынша курстық жұмыс лекциялық сабақ пен практикалық сабақ процесінде алынған білімдерді бекіту әдісі.
Курстық жұмыс бюджеттік қатынастар мен салықтың нақты бір түрін пайдаланудың практикалық тәжірибесі мен нақты мәліметтердің дербес, жалпылама аяқталған материалдарды білдіреді.
Жұмыстың мақсаты салықтың экономикалық мазмиұны мен оның қызмет етуі механизміне дербес талдау жасау қабілетін дамыту. Курстық жұмысты дайындау барысында мемлекеттік қаржы қаражат қорын құру, бөлу, пайдалануға байланысты мемлекет пен заңды және жеке тұлғалар арасында туындайтын қаржы қатынастарын, бюджет және салық жүйесініңқызмет ету механизмін ашуды, өз пікірін тұжырымдау үшін сандық және қолданбалы мәліметтерге талдау жасауды оқып танысу керек.
Курстық жұмысты Салық және салық салу мамандарының студенттері Салық және салық салу пәні бойынша дайындайды. Курстық жұмыстың тақырыбын студент мүддесі мен кейін дипломдық жұмыс шеңберінде зерттеуді жалғастыру мақсаты мен дербес таңдауы мүмкін.
Жұмыс 3 бөлімнен тұруы тиіс: біріншіде – проблеманың теориялық бағыты, екінші бөлімде іс жүзіндегі механизмгі талдау жасалынған практикалық мәліметтер, үшінші бөлімде салық алу әдістемесін жетілдіруге байлансыты ұсыныстар мен тұжырымдар келтіріледі немесе шетелдік тәжірибені қолдану мүмкіндігіне талдау жасау.
Жұмыстың титуалды парағы, жұмыс жоспары, кіріспесі, қорытындысы мен пайдаланылған әдебиеттер тізбесі болуы қажет. Жұмыс қолмен не баспа машинасымен, әрбір беті белгілей отырып, 30-40 бет көлемінде жазылып, студент оған тапсырылған күні мен қолын қояды.
Курстық жұмысты жұмысқа рецезензия беретін кафедра оқытушылар тексеріп, жұмыс қорғалған соң бас балдық жүйеде бағаланады.
Жұмыстың теориялық бөлімі мемлекеттік кіріс жүйесіндегі қаржы қатынастарының таңдап алынған сұрақтағы рөлі мен мәнін, ҚР-ның қазіргі салық саясатындағы экономиканы салықтық реттеу мәселелерін, бюджет қаражаттарын жұмылдырудағы пайда болатын проблемалар, перспективалар, даму тарихын ашып көрсетуі керек.
Жұмыстың практикалық бөлімін дайындау барысында тиісті салық түрі бойынша салық комитетінің тоқсандық, жылдық есеп мәліметтері, кәсіпорынның статистикалық, бухгалтерлік мәліметтері: тоқсандық, жылдық, есебі мен балансы, бюджетке төленуге тиіс төлемдер есебі қолданылады. Практикалық мәліметтерді жинақтау барысында курстық жұмыс процесіне бірден-бір жетекшілік ететін Салық және салық салу секциясының оқытушылары көмек көрсетеді.

Курстық жұмысты орындауға байланысты әдістеме
1 Тақырып. Саылқтың экономикалық мәні
Мұнда экономикалық категория ретіндегі салықтың мәнін, қаржы қатьынастары жүйесіндегі оның орнын ашу қажет. Салықтың ерекше белгілерін салықтың қызмет ету шарты мен себептерін, салық рөлі мен нарқыты экономика жағдайындағы салықтың реттеуші функциясын, ұлттық табысты қайта бөлудегі салық рөлі мен нарықты экономика жағдайындағы салықтың реттеуші функйиясын толығымен көрсету керек. Осы мақсатпен кірісті реттеу мен өндірісті ынталандырудағы салық жеңілдіктері мен ставкаларының мәнін қарастыру қажет.
2. Тақырып. ҚР-ның салық жүйесі және оның даму перспективалары
Мұнда салық -жүйесі ұғымының мазмұнын ашу қажет. ҚР-ның қазіргі таңдағы салық жүйесін сипаттап, салық жүйесінің құрамдас бөліктерін, салықтарды жіктеп, ҚР салық жүйесінің қалыптасу кезеңдерін, салық реформасының негізгі мақсаттарын қарастыру қажет. Сондай-ақ, жұмыста салық жүйесіндегі түрлі салықтардың ара қатынасын, бюджет звенолары бойынша олардың бөлінуін де ашу керек.
3. Тақырып. Қосылған құнға салынатын салық және оның ҚР салық жүйесіндегі рөлі
Мұнда жанама салық ретіндегі ҚҚСС-тың экономикалық мазмұнын, ҚР-да бұл аалықтың енгізілуінің тарихи алғы шарттарын қарастырып, салық есептеу механизміне: салық салынатын айналым мен бюджетке төленуге тиіс ҚҚСС сомасына көңіл болу қажет. Курстық жұмысты орындау барысында практикалық мәліметтерді пайдаланып, ҚҚСС-ты төлеу тәртібі мен мерзімін көрсету керек. Республикалық бюджет пен салық комитеті материалдары бойынша бюджеттегі ҚҚСС-тың рөлін көрсету қажет.
4. Тақырып. ҚР-да жеке тұлғаларға салынатын табыс салығын құру және алу принциптері.
Мүнда жеке тұлғалардан алынған табыс салығының әлеуметтік-экономикалық мәнін, оның халықтан алынатын салықтағы рөлін ақарстыру қажет. Жеке тұлғаларға салынатын табыс салығын есептеу механизмі, салық есебінің ережесін нақты практикалық мәліметтермен қарастыру керек. Жұмыс барысында соңғы жылдардағы мәліметтерін бюджет кірісіндегі аталған салық рөлін анықтау мақсатымен талдау жасаукерек.
Жұмыста төлем көзінен, декларация және патент бойынша алынатын салықтар және оның төленуі мене алынуына жасалатын бақылау көрініс табуы тиіс.
5. Тақырып. Салықты реттеу
Жұмыстың бірінші бөлімінде нарық жағдайында экономиканы мемлекеттік реттеудің экономикалық мазмұнын қарастырып, мемлекеттік реттеудің түрлері мен әдістерін бөліп, салықтық реттеудің мақсаты мен міндетіне тоқталып, эконмиканы салық тұтқалары арқылы реттеу механизміне көңіл бөлу керек.
Қазіргі таңдағы салық жүйесіндегі салық ставкасы, жеңілдіктері, санкцияларының заңды және жеке тұлға қызметінің нәтижесіне тигізетін әсері мысал түрінде қарастырылып, Лаффер теориясын қолданылуы мүмкін. 6. Тақырып. Акциздер және оның ҚР салық жүйесіндегі орны
Мұнда акциздердің экономикалық мәні, оның қазіргі таңдағы есептелу механизмі, акцизделетін товарлар тізімі көрсетілуі керек. Сондай-ақ, отандық акцизделетін және импорт бойынша салық алынатын айналымды анықтау ерекшелігі, акциз ставкасы қарастырылады. Талдау жасау барасында бюджет кірісіндегі акциз рөлі, тиісті салық комитетіндегі бақылау қызметіне талдау жасап, оны жетілдірудегі өз пікірін тұжырымдау.
7. Тақырып. Заңды тұлғаларға салынатын табыс салығы
Мұнда заңды тұлғаларға салық салу жүйесінің дамуы, аталған салтты құру негізі, жылдық жиынтық табысты салық салынатын табысты анықтаудың қазіргі таңдағы механизмі қарастырылады. Табыс салығын есептеу тәртібін нақты бір кәсіпорын деңгейінде қарастырған дұрыс, сонымен бірге мұнда амортизациялық аударым, дивиденд бойынша салық есептеу, залалды ауыстыру да көрініс табуы қажет. Тиісті бюджеттегі аталған салықтың рөлін анықтау үшін соңғы 3-5 жыл мәліметтерін қолданып, заңды тұлғалардың табысына салық салу тәжірибесін жетілдіруге байланысты пікір ұсынып, тиісті салық бойынша салық комитетінің бақылау қызметінің нәтижесінде талдау жасау керек.
8. Тақырып. Жер қойнауын пайдаланушылардың арнайы төлемдері мен салғы және оның ҚР салық жүйесіндегі рөлі
Мұнда жер қойнауын пайдаланушылардың арнайы төлемдері мен салығының қолдану сомасын қарастырып, әрбір төлем бойынша төлеушілерді, салық салу объектісін, есептеу тәртібін сипаттап, бонус белгілеу, үстеме пайдаға салықты анықтау, арнайы төлем төлеу нысанын анықтау ережелерін қарастыру керек.
Арнайы төлемдері енгізудің қажеттілігін анықтап, республикалық бюджет кірісін қалыптастырудағы рөлін ашу қажет.

9. Тақырып. Жер салығы және оның жергілікті бюджеттерді қалыптастырудағы рөлі
Жер салығының экономикалық мазмұнын, бағытталуын, төлем және есептеу тәртібін ашып көрсетіп, жерге салық салудың қазіргі таңдағы механизмін қарастыра отырып, жердің категориясына байланысты жерге салық есептеу мен ставканы құру негізін, сер салығы бойынша есептерді тексеру тәртібін, уақытылы төленбеген салықтар үшін төлеушілердің жауапкершілігін көрсету қажет. Жергілікті бюджет кірісіндегі жер салығы бойынша бірнеше жылдық түсімдерді талдау қажет.
10. Тақырып. Жергілікті салықтар мен алымдар және оның аймақтық бюджет кірісін қалыптастырудағы рөлі
Мұнда жергілікті салықтар мен алымдардың экономикалық мазмұны, есептеу және төлеу тәртібін қарастыру қажет. Аумақтық бюджеттердегі жергілікті салықтар мен алымдардың рөлін анықтау мақсатымен соңғы 3-5 жылдағы түсімдеріне талдау жасап, оны жетілдіру бойынша мәселер көрініс табуы қажет. Жергілікті алықтар мен алымдарды есептеу механизмін нақты мысалдар арқылы қарастыру керек.

9. КУРСТЫҚ ЖҰМЫСТЫҢ ТАҚЫРЫПТАРЫ
1. Салықтың экономикалық мәні мен табиғаты
2. ҚР-ның салық жүйесі, оның даму перспективалары
3. ҚР салық жүйесінің қалыптасуы мен дамуы
4. Салықтық реттеу
5. ҚҚСС және оның ҚР салық жүйесіндегі рөлі
6. Жеке тұлғаларға салынатын табыс салғының құру және алу принциптері
7. Заңды тұлғалардың табысына салық салу және оның ҚР-дағы дамуы.
8. Жер қойнауын пайдаланушылардың арнайы төлемдері: экономикалық мазмұны және қызмет ету механизмі.
9. Жер салығы және оның жергілікті бюджет кірісін қалыптастыру рөлі
10. Меншікке салынатын салық және оның ҚР салық жүйесіндегі рөлі.
11. Жергілікті салықтар мен алымдар, оның аймақтық бюджет кірісін қалыптастырудағы рөлі мен маңызы
12. Акциздер экономикалық мазмұны және оларды есептеу ерекшелігі.
13. Жанама салықтар экономикалық табиғаты, мәні мен ҚР салық жүйесіндегі рөлі
14. Кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғаларға салық салу
15. Шетелдік заңды тұлғаларға салық салу ерекшелігі
16. Кеден төлемдері экономикалық мазмұны және есептеу механизмі
10. ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫСТЫҚ ТАҚЫРЫПТАРЫ
1. Салық механизмі және оның қазіргі таңда қызмет ету
2. Салықтық реттеу және оның экономиканы мемлекеттік қаржылық реттеудегі орны
3. ҚР салық жүйесі қалыптасу кезеңдері
4. ҚР салық жүйесі қалыптасу кезеңдері және қаржыландыру проблемалары
5. Салық жеңілдіктері жүйесінің экономикалық маңызы және оның өндірістің дамуына тигізетін әсері.
6. Мемлекеттің фискалдық саясаты және оның нарықө жағдайындағы ерекшеліктері
7. Салық санкциялары қолдану механизмі мен маңызы
8. Салық жеңілдіктері және оның реттеушілік рөлі
9. Кәсіпкерлік қызметті салықтық реттеу
10. Жер, мүлік, қозғалмайтын мүліктерді мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру жағдайындағы салықтар
11. Салық жүйесін басқару
12. Заңды тұлғалардан алынатын табыс салығы және оны жетілдіру бағыттары
13. Шетел инвестициясы бер кәсіпорындар мен ұйымдар табысына салық салу.
14. Шағын бизнеске салық салу проблемалары
15. Жер қойнауын пайдаланушылардың салық төлемдері және олардың түсіміне салық қызметінің бақылауы
16. Қолайлы инвестициялық климат құрудағы салық механизмінің маңызы
17. ҚР салық жүйесінің реформасы, оның даму кезеңдері
18. ҚР салық саясатының негізгі бағыттары. Қазіргі кезең
19. Жанама салықтар және оның даму перспективалары
20. Салықтар мен алымдар есебінің негізгі әдістері мен тәсілдері, оларды жетілдіру жолдары
21. Жанама салықтар тобындағы акциздердің рөлі мен маңызы
22. Салық жүйесіндегі акциздердің орны
23. Салық қызметінің қосылған құнға салынатын салықты есептеу және алынуына бақылау
24. Аймақтар бюджетінің кірісін қалыптастырудағы жергілікті салықтар мен алымдардың рөлі
25. ҚР жеке тұлғаларының табысына салықты құру және алу принциптері
26. Салық алу тәсілдері және оны жэетілдіру жолдары
27. Шетелдік заңды тұлғаларға салық салу қазіргі жағдайы және жетілдіру проблемалары.
28. Жер салығы, ҚР салық жүйесіндегі оның рөлі мен маңызы
29. Мүлікке салынатын салық және оның салық жүйесіндегі рөлі
30. аумақтық салық қызметінің жұмысын ұйымдастыру және оның жетілдіру жолдары
31. Салық және басқа да төлемдердің бюджетке түсуін юақылаудың маңызы мен тәртібі.
32. Жеке тұлғалардан алынатын салықтардың есептелуі мен түсуін салық қызметінің бақылауы
33. Салық есептеудің декларативтік әдісі және оны қолдану проблемасы.
34. Меншікке салынатын салық және оның аумақтық бюджетті қалыптастырудағы рөлі.
35. Заңды тұлғалардың табысына салық салу қалыптастыру кезеңдері және дамыту бағыттары
36. Заңды тұлғалардан алынатын салықтардың есептелуі мен түсуіне салық қызметінің бақылауы.
37. Халықтан алынатын салықтар және оның ҚР салық жүйесіндегі рөлі
38. Салықтан жалтару прлоблемалары және оны шешу жолдары
39. Салық қызметінің бақылау экономикалық қызметі: қазіргі жағдайы және тиімділік бағасы
40. Кеден төлемдері және оның бюджет кірісіндегі рөлі
41. ҚР-дағы кеден ісін ұйымдастыру проблемасы
42. Кәсіпкерлік қызметпен ұйымдастыру айналысатын жеке тұлғалардың табысына салық алу
43. Ауылшаруашылық өндірушілеріне салық салудың ерекшеліктері
44. РЕспубликалық бюджет кірісін қалыптастырудағы салықтардың рөлі
45. Қазақстанда ҚҚСС-тың қызмет ету проблемалары.

11. НЕГІЗГІ ӘДЕБИЕТТЕР

І. Нормативтік және заңдылық актілер
1.Қазақстан Республикасының Конституциясы, 1995
2. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі
3. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі, 1997
4. Қазақстан Республикасының Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы Заңы 24.05.1995.
5. Қазақстан РЕспубликасының Президентінің Заң күші бар Жарлықтары:
- Лицензия беру тәртібі туралы;
- Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы;
- Шаруашылық серіктестіктер туралы;
- Мемлекеттік кәсіпорындар туралы;
- Товар биржалары туралы;
- Заңды тұлғалардың тіркеу туралы
- Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі туралы Заңы, наурыз, 1999.
ІІ Оқулықтар және оқу құралдары
1. Мельников В.Д., Ілиясов, Қ.Қ. Қаржы, Алматы, 1994
2. Ермекбаева Б.Ж. Жалпы мемлекеттік салықтар. Алматы, Экономика, 1997.
3. Ермекбаева Б.Ж., Бурабаев О.Б., Құлжабаева М.Т. Жергілікті салықтар мен алымдар. Алматы, Экономика, 1998.
4. Исахова П.Б. Мемлекеттік бюджет. Алматы, Экономика, 1997.

Құрастырушылар: э.ғ.к. С.Ж. Қалықов,
оқытушы: Б.Т. Нұрмағамбет

Салық және салық салу пәні бойынша оқу-әдістемелік бағдарламасы

Шымкент, 2006жылы, ХҚТУ.

Қалықов С.Ж., Б.Т. Нұрмағамбет
Экономикалық мамандық студенттеріне арналған Салық және салық салу пәнінен семинар лекциялық сабақтарын өткізуге арналған әдістемелік бағдарлама

Редакторы – Е. Мырзайұлы
Техникалық редакторы – Л. Байырбекова, Н. Абылаев

Дайын түпнұсқа макет бойынша Қ.А. Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік Университеті Шымкент Институты шағын баспаханада басылады.
Көлемі 2,5 баспа табақ, таралымы 100 дана

186008, Шымкент Байтұрсынов көшесі 13


Скачать


zharar.kz