Дене тәрбиесі

Скачать

Бүгінгі таңдағы өзекті мәселелердің бірі-мектепке дейінгі жастағы балалардың денсаулығын сақтау,нығайту,интеллектуалдық жеке басының дамуын қамтамасыз етуі,олардың эмоциялық көңіл-күй жағдайын көтеруге қамқорлық жасау.
Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында Мектепке дейінгі ұйымдар отбасымен қатар 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқыту,олардың дене және психикалық денсаулығын сақтап,нығатуды жүзеге асырады-делінген.
Қазақстан Республикасы Білім туралы заңында Балаларды міндетті мектеп алды даярлау мәселелелері туралы Қаулысы,оның ережесі және тұжырымдамасының ұсынылуы балалаларды мектепке даярлау бүгінгі таңдағы ең өзекті мәселе екендігін көрсетеді.
Соңғы жылдарда зерттелген көптеген ғылыми еңбектердің негізгі тұжырымдамасы бойынша осы мектеп жасына дейінгі балалардың дене шынықтыруын нақты бір мақсатты бағытпен дамытқанда ғана денсаулығы нығайып, жұмыс жасау қабілеті дамып жеке тұлға болып қалыптасуына тікелей әсері бар екендігі дәлелденуде.
Неміс ғалымы В. Зигердің дәлелдеуінше: Дене тәрбиесін қоғамдық құбылыс, мәдениет пен тұрмыс салтының құрамдас бөлігі, адамдардың нақты тарихи әлеуметтік топтарының тәрбиесі ретінде айтқанда, біз тәнді жетілдірудің әлеуметтік-мәдени жағдайларының, сонымен қатар белгілі-бір қозғалыстың дамуына дұрыс мән берілуі қажет екендігін Яяя.
Қозғалмалы ойындарды дене шынықтыру сабақтарына кеңінен пайдалануды орыс ғалымы П.Ф. Лесгафт ұсынды. Ол балаларды ауыр гимнастикалық жаттығулардячан сақтандыруды, оның орнына табиғи қозғалысты ойынды пайдалануды орынды деп дәлелдеді.
Лесгафт ойынның әлеуметтік -педагогикалық мүмкіншіліктерін бағалай отырып ойын арқылы тәрбиелеуді, балаларды өз бетімен жұмыс істеуге үйретудің жолы және қоғамдық пікірлердің маңызын бағалай білуге бір-бірімен жолдастық қатынас орнатуға, шындыққа баулуға, ойын барысында өздерін реттеп отыруы үшін ойын керек деді.
3-5 жас аралығындағы баланың денесін шынықтыру кезінде басты фактор оның қимыл әрекетінің қаншалықты дұрыс жолға қойылғандығымен байланысты себебі мақсатты орындатқан қимыл-қозғалыс жаттығулары бұлшық еттерге қан жүгіртіп, ағза қорегін арттырады.
Балалар үшін қозғалыс әрекеті үлкен мұқтаждық болып табылады. Қозғалыс бала үшін үлкен бір қуаныш көзі, сондықтанда қимыл күші оның денесін қатайтумен қатар психикалық дамуына үлкен әсерін тигізеді.
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. Астана, 1999.
2. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан – 2030. Алматы, Білім, 1997.
3. Мектепке дейінгі және мектеп жасыңдағы балалардың тәрбие тұжырымдамасы. Алматы. РБК. 1995 ж.
4. Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-мәдени этникалық дамуының тұжырымдамасы. Алматы: Қазақстан, 1993, 30 б.
5. Қазақстан Республикасының “Тәлiм-тұжырымдамасы”, Алматы, 1993
6. Мухина В.С. Возростная психология. Москва, 1997.
7. Зигер В.К. К определению понятий и признаков, характеризующих физическую культуру Очерки по теории физической культуры. -М: ФИС., 1984. -75 б.
8. Лесгафт П.Ф. Собранные педагогические сочинения.-Т.2. -М:Педагогика, 1962.-122 б
9. Жұмабаев М. Пидагогика . -Алматы: Рауан, 1992. -21 б.
10. Демеуов Ж.Д., Байназарова Б.Я., Алиакбарова З.М., Бекетаев А.М. Мектепке дейінгі балалардың анатомиясы физиологиясы және гигиенасы. -Алматы: Білім, 1995. -113 б.
11. Нурлыбекова А.Б. Физическое воспитание дошкольников на современном этапе Материалы Международной научно-практической конференции, посвященной 10-летию Независимости Республики Казахстан. -Алматы: 2001. -С. 273-279.
12. Мырзаханұлы Н. Педагогикалық валеология негіздері Валеология. Дене тәрбиесі. Спорт. 2002. №11. -9 б.
13. Д.А. Фарбер., В.И. Козлова. Физиология развития ребенка. -М. Педагогика, 1983. -296 с.
14. Жаңабердиева К.А., Әділханов Ә.С., Қайым Қ. Салауаттану Валеология. Дене тәрбиесі. Спорт. 2003 № 11. -55 б.


Скачать


zharar.kz