Жаңа заман философиясы мен мәдениетінің да - муына Ренессанс (Жаңғыру) үлкен ықпалын тигізді

Скачать

Жаңа заман философиясы
Жаңа заман философиясы мен мәдениетінің да-муына Ренессанс (Жаңғыру) үлкен ықпалын тигізді. Ренес-санс дәуірінде білімнің қарқынды дамуы, антик мәдениетін қайта жаңғырту, жаратылыстанымдық ғылымдардың пайда болуы сияқты қүбылыстар орын алды. ХҮІ-ХҮІІ ғасырларда жаратылыстанымдық және математикалық ғылымдар белсенді түрде дами бастады. XVII ғасырға қарай классикалық меха-ника, жаратылыстанымдық ғылымдардың экспериментальдық негізі қалыптасып үлгерді. Сондықтан философияның ғылым-ға қатынасын анықтау көптеген философтардың маңызды ^ міндетіне айналды. Осыған орай философ-рационалистер *£, Декарт пен Лейбниц, философ-эмпиристерг Локк және Юм, трансценденталист Кант философия мен жаратылыстану ара-сындағы шекараны демаркациялау туралы мәселені шешу-мен айналысты.
Дәл осы Жаңа заман тұсында ғылым алдыңғы орынға шы-ғып, діннің беделі мен билігі мәдени кеңістіктің жиегіне қарай ығыстырыла бастайды. XVII ғасыр — бүл ғылыми рациона-лизмнің қалыптасу дәуірі. Ең алғаш рет дінді сынап және таби-ғатты экспеиментальды зерттеуді негіздеп, әлемге үстемдік ету-де рационализмді уағыздаған Жаңа заман философтары қатарына Ф.Бэкон, Т.Гоббс, РДекарт және т.б. жатады.
Ф.Бэкон жаңа философия методологиясының мынадай прин-циптерін үсынады:
1) табиғатты зерттеудегі объективтілік;
2) ғылыми және философиялық әдістің өзіндік қүндылығы;
3) табиғаттан технологиялық үстемдік;
4) табиғи әлемді зерттеудің индуктивті әдісі.
Бэконның пікірінше ғылым адамның табиғаттан үстемдігін қамтамасыз етеді және бақытты қоғам қүрудың алғышартта-рын қалыптастырады. Ал ол үшін философия әлемді тану жо-лындагы гносеолоігиялық схемалар мен стереотиптерді таза-лауы қажет. Кедеріілрр түріндегі мүндай идолдар қатарына ол тектік идолдарды,1 ийцивидтік идолдарды, алаң идолдары мен театр идолдарын ж^тқызады. Бүл идолдар ескі философиялық дәстүрлер әсерінеія қалыптасқан. Ф.Бэкон адамдарды ағарту мен надандыққа және стереотипке қарсы күресу бағдарлама-сын ұсынады. Ол үшін Бэкон адамдарға санадағы тосқауыл-дардан құтылып, нағыз танымға жол сілтеуге мүмкіндік беретін педагогиканы дайындады. Сонымен қатар ол идеалдық мем-лекеттің платондық теориясына өзінің саяси утопиясын қар-сы қойды. Бэконның пікірінше адамзат қоғамы өзгеріп отыра-ды және бүл дамудың өзегі адамның табиғатты пайдалану қабілеті мен үстемдігі болып табылады. Қоғам алға жылжиды және тарихты қүдай емес адамның өзі қозғайды — міне, Бэ-конның идеясы. Ал бұл тұжырымның негізін бэкондық ин-дукция теориясы қүрайды. Дәл осы индукция теориясы адам-ға табиғатқа билік жүргізу үшін қажет білімді береді жөне ғы-лымның көмегімен адам жаңа қоғам — аспанда емес, жерде жұмақ орната алады!
Ағартушылық дәуірі Еуропаның мәдени дамуына үлкен ықпалын тигізді. Ағартушылық идеялары шенеуніктер мен бур-жуазияның санасында және ойында, әрекетінде берік сақта-лып қалды. Ағартушылық идеялары Батыс Еуропаның универ-ситеттерінің өміріндегі белсенділіктің артуына, неміс мәде-ниетінің жоғары өрлеуіне ықпалын тигізді.


Скачать


zharar.kz