Шындық пен өтірік

Скачать

23.12.2018ж
Сынып: 1
Тақырып: Шыншылдық – адамдықтың белгісі
Құндылық: ақиқат, дұрыс әрекет.
Қасиеттер:шындықты айту, өтірік айтпау, адалдық
Сабақ мақсаты: оқушыларға шындықты айту, өтірік айтпау, адалдық туралы түсініктерін кеңейте отырып, ақиқатқа көз жеткізіп, дұрыс әрекет құндылығын дамыту.
Міндеттері:
Білімдік: шындық пен өтірікті ажырата білуге үйрету.
Дамытушылық: шыншылдық, адалдықтың мәнін түсіндіру арқылы, ақиқат пен дұрыс әрекет құндылығын дамыту.
Тәрбиелік: шыншыл, адал болуға тәрбиелеу
Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)

Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңi. Жағымды күйге келу. Нұрға бөлену.
Сұрақтар:
Қандай күйде болдыңыздар?
Жаттығу қалай әсер етті?
Ішкі тыныштыққа келе алдыңыздар ма?
Қорытынды:
Олай болса, бір-бірімізге жақсы тілектер тілейік. Осы тыныштық күйімізді сақтап қалайық.
Үй тапсырмасын тексеру.
Ә.Табылдиевтің Ағайынды екі қыз әңгімесі оқуға берілген болатын.
Сұрақтар:
1. Әңгіме не жайында?
2. Екі қыздың қайсысымен дос болар едіңдер?
3. Шыншылдық дегенді қалай түсінесің?
Сеніңше шыншыл бала қандай болады?
Шындық не үшін керек деп ойлайсыңдар?
Балалардың жауаптары тыңдалып, түйінделеді
- Жарайсыңдар, балалар! Өте дұрыс айтасыңдар! Жақсы бала әдепті, сыпайы, қамқор, қайырымды, жауапкершілікті болады.Сондай жақсы қасиеттердің бірі - шыншыл болу, өтірік айтпау.
Сабақ барысын талдау:
1. Дәйексөз.
Шыншылдық жақсылыққа жетелейді. (Халық даналығы)
- Өтірік айтып ұятқа қалғанша, шындықты айтып қатеңді мойындаған дұрыс. Мұндай әрекет адамдықтың белгісі. Халықтың Шыншылдық жақсылыққа жетелейді деген даналы ғынан, шыншыл адамның ары таза, жүзі жарқын болып, қуанышқа бөленіп, бақытқа кенелетінін түсінуге болады. Тіпті шындықты айтудың өзі адамға жақсылық жасауды білдіреді.
Сұрақтар:
1. Шындық неге жеткізеді?
2. Ал өтірік ше?
Қорытынды:
Ендеше балалар, тек шындықты айтып, өтірікке жол бермей, дұрыс ірекет жасайық.

2. Әңгiмелеу. Аңыз әңгіме: Асығыс үкім. (Оқушыларға әңгіменің мазмұнын эмоциялық тұрғыда әсерлі етіп әңгімелеп беру).
     Шындық пен өтірік
Қоян мен түлкі дос болыпты. Бір күні қоян дүкенге бара жатып, анасы берген ақшаны жоғалтып алады. Ал түлкі ақшаны көріп тұрса да айтпайды. Қоян басы салбырап үйіне кетеді. Түлкі ақшаны алады да өзіне қажет нәрсені сатып алмақшы болады. Бірақ досының көңілсіз күйі есіне түсіп, түлкі ақшаны досына әкеліп береді. Қоян қатты қуанып, досын құшақтай алады.
Сұрақтар:
1. Әңгімеде не туралы айтылған?
2. Қоянды қуантқан түлкі өзі де қуана ма?
3. Түлкі ақшаны қайтармаса не болар еді?
4. Түлкінің орнында сен болсаң не істер едің?
5. Шындық неге жетелеп отыр?
Қорытынды:
Балалар, ақиқатқа көз жеткізе отырып, дұрыс ірекет жасайық. Ешқашан өтірік айтпайық.

Шығармашылық жұмыс.
Оқушыларды үш топқа бөліп, топтық тапсырма беру.
Дәптермен жұмыс
Тапсырманы орындау уақыты белгіленеді.
Тапсырмасының тұсаукесерін тыңдау.
Қорытындылау:
Шындыққа көз жеткізе отыры, өтірік айтпайық, дұрыс әрекет жасайық.

3. Топпен ән айту.
Балдырғандар әні
Сөзін жазған: О.Әубәкіров Әнін жазған: Ш.Қалдаяқов
Қуанышқа бөленген әр күніміз,
Бақыттымыз балалар барлығымыз.
Қайырмасы Өмір тым жайдары
Қызықтың қайнары
Мектебіміз жайнады \рет\
Біз Отанның балдырған ұлдарымыз,
Әдептілік, шыншылдық ұранымыз.
Қайырмасы
Қорытынды:
Әрқашан да әдептілік, шыншылтық біздің ұранымызға айналсын.

4. Үй тапсырмасы.
1. Жауапты іс деген мәтінді оқу;
2. Дәптерде берілген Мақал мәтелдерді оқыңдар. Олардың мағынасын түсініп, жаттап алыңдар деген тапсырманы орындау ұсынылады.

5. Соңғы тыныштық сәті.
Баяу әуен қою.
Ал, балалар, қолымызды, аяғымызды айқастырмай, арқамызды тік ұстап, терең демалайық. Көзімізді жұмамыз. Бугін сабақта өткен құндылықтар мен қасиеттерді еске түсірейік. Қиянат жасамау,жақсы мінез-құлық, ешкімге зиян келтірмеу, өзіне-өзі есеп беру, өзін-өзі дамыту туралы ойымызды кеңейттік. Осы құндылықтар мен қасиеттерді жүрегімізде сақтайық. Енді көздеріңді ашсаңдар да болады. Сабақ аяқталды, сау болыңдар!


Скачать


zharar.kz