Үкілі Ыбырай өлеңінің Қалдырған аталуына себепкер болған ойларды талдап жазыңыз.
Тезисі: Қалдырған әні – жасы қарттыққа жеткен, кәрілік тізгінін ұстаған, аппақ шұнақ шалдың өнерлі жасқа қалдырған аманаты.
Аргументтері: 1. Алпысқа келіп ән салып, Атын бір қойдым Қалдырған-дей отырып, бұл әннің жасы егде тарта бастағанда дүниеге келгені;
2. Қартайғанда дүние-ай, Қайдасың Ыбырай демедің-деп жетіп келген кәрілікке емес, алыстап кеткен жастыққа наз айтқандай;
3. Сендерге тізгін көшкен күн деп өкініш білдірсе де, Жастар гүлдеп өскен күн деп өз орнын басар жастарға тілек тілеп, бата бергендей;
4. Өлеңнің соңы:
Қалдырғанды тастадым,
Сұрағанға аманат-деп өнерді тастай салмай, жастарға аманат ретінде қалдырады.
Қорытынды: Аманатқа қиянат жасамайтын халықпыз, дәстүрлі өнеріміз, аманатымыз Мәңгілік Елмен бірге жасай бермек
Ыбырай Сандыбайұлы – халқымыздың теңдесі жоқ дарынды ақыны, сұлулық пен жастық шақтың жыршысы. Бас киіміне үкі тағып, жасынан серілік жолға түскендіктен Үкілі Ыбырай атанады. Әкесі Сандыбай да сегіз қырлы, бір сырлы өнерлі болғанмен кедейліктің мехнатын көрген. Ыбырай да ойын-тойда ән салып, серілік құрғанды тәуір көреді. Әйгілі әдебиет зерттеуші Е. Смайылов Ыбырайдың өмір жолын зерттей келе, Ыбырай—шын мәніндегі ұлы өнерпаз деп бағалады. Шындығында, сұлу қыз, құмай тазы, жүйрік ат пен қыран бүркіт - жастық шағының құмары болған. Үкілі Ыбырай алпыстан асқан шағында Қалдырған әнін шығарады. Қалдырған әні – жасы қарттыққа жеткен, кәрілік тізгінін ұстаған, аппақ шұнақ шалдың өнерлі жасқа қалдырған аманаты.
Қалдырған әнінің туу тарихына келсек ақын түс көреді. Түсінде сұлу келіншек күлім қағып, оң шырай білдіріп, әсем ән салады. Ояна келсе әлгі ән ойында сайрап тұр. Қолына домбырасын алып тартып көрсе ән сазына өлең иірімдері келе бастайды.
Өлеңнің Қалдырған аталуының бірнеше себебі бар секілді:
Біріншіден, Алпысқа келіп ән салып, Атын бір қойдым Қалдырған-дей отырып, бұл әннің жасы егде тарта бастағанда дүниеге келгенін, жас шағында серілік құрып, орта жүздің ішінде ән шырқап, Сарарқаны сайрандаған ақынды байқаймыз. Егде тартқан жасында серілік жараспасын біліп, серілігімен қош айтысқандай. Шынында алпыс жас сауық-сайран қуатын жас болмағандықтан, артына мұра ретінде қалдыруды ойлағандай;
Екіншіден, Қартайғанда дүние-ай, Қайдасың Ыбырай демедің-деп жетіп келген кәрілікке ренжігендей, өйткені дауысы қарлығып, бойыннан қуатттың кете бастағанын ақын өзі де мойындағандай. Бір сөзінде Қызығың дүние өткен күн дейді. Өкініш өткенді ешкім де қайтара алмайды, жастық алыста қалған арман, жастықпен бірге серілігі де алыстаған. Тек тәтті қиял ғана ақынмен бірге;
Үшіншіден, Сендерге тізгін көшкен күн деп өкініш білдірсе де, Жастар гүлдеп өскен күн деп өз орнын басар жастарға тілек тілеп, бата бергендей.
Өлеңнің соңы:
Қалдырғанды тастадым,
Сұрағанға аманат-деп өнерді тастай салмай, жастарға аманат ретінде қалдырады.
Ыбырайдың Қалдырған әнінің ерекшеліктері өмір сүрген ортасын, көңіл күйін, сезімін, ақыл-ой толғаныстарын санамалап, ретімен суреттеуінде. Еліміз даналар мен дараларға бай өлке. Сондықтан ұлыларды ұлағаттауға жалықпас ұландарымызға қалдырған аманаты, ұлттық дәстүрлі әндерімізде көрініс беруде. Аманатқа қиянат жасамайтын халықпыз, дәстүрлі өнеріміз, аманатымыз Мәңгілік Елмен бірге жасай бермек.