2-шептік бақылау тапсырмасы
Кешенді сатылай морфологиялық талдау жаса
Осы сегіз үй ішіндегі ең бүтіні және үлкендеуі – ортада тұрған жалпақтау бес қанат үй. Талдан таяқ жас бала таянбайды, Бала бүркіт түлкіден аянбайды. Өңшең жалбағай тымақтылар тұс-тұстан қалың қолға қосылып кетті. Бір мезгілде қасына Көпей келді. Арыстанның екі көзі ауыл маңында. Бір жолы алдыңғы шептегі жермен танысып, көршілес дивизияның бір батальонының бақылау пунктіне кірдім. Құйма құлақ, зерек жігіт білімін бірталай кеңейтіп алған. Бұл жерден үш жұрт өтіпті, төртіншісі – біз. Соңғы бір жарым айда екеуі күн сайын кездесіп тұрды. Мен біріншімін, сен – екінші, ол –үшінші.