Тақырып:Генератор приводтарының негізгі ақаулары және оның пайда
болуы.Редукторларды жөңдеу.
Жолаушылар вагондарында ось жанынан генераторға айналыс беру үшін У658(СССР); ФАТА-11(ГДР); РК,РК-1,РК-1А,РК-6(ПНР) редукторлы приводтары қолданылады.
Кондиционерлі қондырғылары бар вагондарда ось ортасында орналасқан ЕТНГ-3,524; ЕЮК-16-1М-28; (ГДР) "СТОУН"(ВНР) типті редукторлы- карданды приводтары қолданылады.Бұлардың тексеруін,жөңдеуін және сынауын техникалық нұсқаулардың талабына сай орындайды.Эксплуатацияда генератор приводтарының,редукторлардың негізінен шестерня венецтері,валдары,лабиринттері,майлау сақиналары,қақпақтары,аралық втулкалары,гайкілері,болттары,бекіту шайбілері,нығыздаушы прокладкілері желінеді және бұзылады.Кардан валдары,шестерня тістері,автоматты муфталардың бөлшектері желінеді.
Жолаушылар вагондары жөңдеуге тұрғанда редукторлы-карданды приводтардың барлық узелдері редукторден майлы ағызады,содан соң редукторды вагоннан шешіп алады.
Жөңдеу алдында редукторды,кардан валдарын жуу машинасында 60℃ температурада 2-3 процент каустикалық соды қосып жуады.Жуып болған соң редукторды,валдарды,муфталарды бұзады,ал подщипниктерді, шестерняларды,дискілерді сабынды эмулсиямен жуады.Бұл детальдерді салфеткамен сүртеді.Редукторлы-карданды ось ортасында орналасқан приводтар жыл сайын немесе 4 жылдық жөңдеуден арнайы құрал - саймандары оборудованиелері бар деполарда немесе вагон жөңдеу зауытында өтеді.Жыл сайынғы жөңдеуде төмендегідейжөңдеу жұмыстары атқарылады: редуктордан майды ағызып алады, пробкісінде темір қалдықтары болмауын тексереді,шестерня тістері жағдайларын тексереді,олардың ілінуін қарайды,сосын редуктор корпусын шешіп алады.Корпусынан кіші шестерняны алады,оны жуып бұзады.Фланецті алады,кіші шестернядан хвостовикті алады,подщипниктерді алады,фланецтерін тексереді.