Дышқылды - жылу өңдеулер. Д.Ж.Ө.
Дымқылды - жылу өндеулер, киімнің қыртыстанған жерлеріне дымқыл ылғал жылу және қысым көмегімен, арнайы жабдықтарды пайдалана отырып жүргізілетін жұмыс. Киімнің сырт көрінісінің ішкі және сыртқы тігістерінің жатық болуы көзге әсем көрінуіне осы дықылды - жылу өңдеудің тигізетін әсері мол. Бірақ, тігін маталарының талшықтық құрамы, тоқылуы, қасиеті, әртүрлі болатыны бәрімізге белгілі сондықтан олардың дымқылды - жылу өндеулерді қабылдауы да әртүрлі болады нашар қабылдайды әсіресе химиялық талшықты маталар күйіп ойылады. Маталарды дымқылды-жылумен өңдеу барысында, әр уақытта мына режимдерді сақтауды естен шығармау керек: температура, дымқылдау мөлшері және матаға түсірілетін күш.
Дымқылды - жылу өндеулер - үтіктеу, престеу және булау түріңде болады. Престеу мен булау процестері жоғарғы қысымды талап ететіндіктен оларды киімді химиялық тазарту -орындары мең ірі тігін өнеркәсіптерінде қолданылады. Ал, үй- тұрмысында: дымқылды - жылу өңдеулер электр үтігі көмегімен жүргізіледі.
Дымқылды-жасау жұмыстарыүшін жұмыс орының ұйымдастыру
Дымқылды - жылу жұмыстарын орындауға арнайы үтіктеу үстелі қолданылады. Үстел, ағаштың қатты сортынан жасалынады да түрлі конструкцияда болады, ағаштан немесе металмен қиыстырып істелген жинамалы үстелдер неқұрлым қолайырақ келеді. Үстелдің бетін жұмсарту үшін жұқа киіз немесе сукно, бортовка маталарымен тартып қаптайды.
Тақтайға үтіктейтін киімді оңай кигізу үшін, оның бір жағын сүйірлеу етіп жасайды. Үстелдің оң жағында үтікті қоюға арналған металл қондырғысы болады. Үстелдің орташа өлшемі: ұзыңдығы шамамен - 110 см, ені - 30 - 35 см, биіктігі еденнен алғанда - 75 -90 см . Жең және т.б. ұсақ түйек заттарды үтіктеу үшін алмалы-салмалы қоңдырмалы және серіппелі қоңдырғылары болады.
Электр үтігімен жұмыс кезінде қауіпсіз
еңбек ету ережелері.
Үтіктеу жұмысы - тұтынушыдаң ептілікпен, мұқияттылықты талап етеді. Электр үтігімең жұмыс істеу барысында: қолды немесе матаны күйдіріп алмау үшін төмендегі ережелерді сақтаған жөн.
1. Үтікті электр жүйесіне қосқанға дейін оның бауы мен тұғырығын тексеру керек.
2. Үтікті, токпен қөректеніп тұрған кезінде саусақ ұшымен тексеруге болмайды.
3. Үтікті элекгр жүйесіне қосқанда және ажыратқанда, оның бауынан тартып шығармай тек қана айыр корпусынан ұстап ажырату керек.
4. Үтіктің қатты қызуына, құлауына, бауының түйілуіне жол бермеу керек.
5. Қатты қызған үтікті, су бүркіп немесе суға салып суытуға болмайды; мұңдай жағдайда қолды немесе бетті күйдіріп алу мүмкін. Сол себептен үтіктің қызған табанын дымқыл шүбірекпен қайта-қайта үйкеп суытқан жөн.
6. Үтікті өзінің электр бауының үстіне қоюға болмайды, өйткені баудың сыртқы, оқшаулаушысы нашар болған жағдайда қол күйіп немесе ток соғуы мүмкін.
7. Қызып тұрған үтікті, үстел үстін қатты қоюға болмайды, себебі оның ішкі бөлшектері өзара соққығы түсуі мүмкін. Мұндай жағдайда үтік тез істен шығады.
Дымқылды - жылу өңдеулердегі терминдер мен үғымдар.
Дымқылды-жылу өңдеулердің терминдер мен ұғымдар.
Жұмыстың
орындалу барысы
Іс жүзінде қолданылатын орыны
Айыра үтіктеу
Қайып тігілген тігіс тікті, екі жақтама қайырып үтіктеу
Киімнің екі иық, бүйір және ортаңғы тігістері айыра үтіктеледі
Қайыра үтіктеу
Бөлшектің тігістігін, шетін және қатпарларын бір жақтама қайырып үтіктеу бекіту
Киімнің иық, бүйір тігістері, қатпарлар қалтаның шеттері қайыра үтіктеледі
Бастыра үтіктеу
Бөлшектің шетін, бүкпені, тігістікті жұқартып үтіктеу
Қалта, өңір, жаға бастыра үтіктеледі
Жиыра үтіктеу
бүріп үтіктеу
Бөлшектің тұзу сызықты шетін бүріп қысқарту
Жеңнің алдыңғы сызығы бүкпе ұштары жиыра үтіктеледі
Созып үтіктеу
Бөлшектің түзу сызық шетін дөңес формаға келтіріп ұзарту
Шалбардың артқы бөлігінің ортаңғы сызығын, жеңнің шынтақ түсын соза үтіктейді
Дымқылды-жылу өңдеулерде сақталуға
тиісті техникалық шарттар
1. Бөлшектегі бор сызықтар дымқылды -жылу жұмысына дейін өшірілуі тиіс.
2. Киімнің тігістері, матасының қалыңдығына байланысты үтіктелуі тиіс.
3. Киімнің бөлшегін, бойлық жібінің башты бойымен оңнан солға қарай үтіктеу керек.
4. Үлкен көлемдегі бөлшекгі, енді жағынан енсіз жағына қарай үтіктеу керек.
5. Киімді ішкі жағынан дымқыл шүберексіз, ал оң жағынан тек қана дымқыл шүберекпен үтіктеу қажет.