Сарқырама ауылының лауазымды азаматы

Скачать

Баянымыздың желісін жалғастырар болсақ, ол алдында Қалдыбай байдың байбатшасы атанған, кейін Ақатай сері болып ел аузынан қалған азамат.

Кәріпке қылған қайырдың,
Шуақты болар жауабы.
Көпке еткен шапағат,
Көп болады сауабы.

Тізбектеп айтатын болсақ, Шаян өңірінде 1920 жылдары жергілікті ірі байларды ауызға алғанда, Шаян өзен басындағы Бөрібек баймен Бөген өзен бойындағы Сарқырамалық Сыпатай- старшнұлы Қалдыбайды алдымен айтар еді. Осы байдың ұлы Ахатай жастайынан екі қыздың ортасында өскендіктен еркешора болып, ер жетті. Ол кездің байлары көктем шыға, ауыл малдарын өріске жайлауға айдайтын. Қалдыбай бай Талап асып, Қостұра тауының үлкен жайлауына шығып жүрген. Көршілес Амансайдан Байдос байда көршілес отыратын. Бір-бірін ерулікке шақыра жүріп, Құдандалы болып кетті. Қалдыбай бай ұлы Ахатайға Байдос байдың қызын әперген. Сол замандарда құда түскен қызға қалыңдық ойнап бару рәсімі болған.
Сонау Сарқырамадан Амансайдағы қалыңдығына жолдастарын ертіп, ай жарық кездерінде 3-жыл бойы қалындық ойнап жүрген. Қалдыбай бай інісі Нарбекпен қосып қалаға жатқызып Ахатайды да оқытқан. Нарбек жоғарғы оқуды бітіріп, Ташкенттке аусқанда Ахатайды да бірге ала кеткен. Олар Ташкентте қызмет атқарып жүрген кездерінде, ауылда байларды кәмпескелеу басталып кеткен. Қалдыбай інісі Қарымбай болыс екуі Оралға 3- жыл мерзімге жер аударылған.
1933-жылы Сталиннің тапсырмасымен партия қатарын жат мінезділерден тазалау науқаны басталды. Осы кезеңді пайдаланып, ауылдың қызғаншақ азаматтары, Нарбек пен Ахатайдың артынан; «бұлар бай құлақтың балдары, қалайша лауазымды қызметті атқарады» деген сұрақиен жоғарғы жаққа арызаны үйіп-төгіп жаза бастайды. Сол арызалардың кесірінен үлкен қызметтегі Нарбек ұсталып, Сібірге айдалады, Ахатай ұстаушылармен атысып, Тәжікстаннан асып, тұтқыннан құтылып кеткен. Ол жақта жаңадан ашылған Делберзін совхозындағы егігшілікпен мүліктерді қорғау жасағының бастығы болады. Құжаттарын ауыстырып, Көркембаев Перенбай атпен жұмыс істеген. Орыс тілін жатық білгнінің арқасында, сол кездегі басшылардың көбісі орыстар болатын, сондай басшылармен тіл табыса жүріп, Аққорған ауданына ауысады. Аудан жанындағы Әлімкент елді төңірегіндегі қазақтарды жиып, елден бұрын барған Орман би екеуі қазақ аулын құрап, мақта ектіргізіп халықтың жағдайын жөндеуге күш салысқан.
Ел тыныштанып, қапқа астық жинала бастаған кезде, Ахатай елді сағынып, Сарқырамаға келіп қайтады. Ол кезде ауылдың сиқы көңілді қобалжытар кез еді: құлаған үй, қаңыраған қора, малсыз жайлау, әр жерде бір-бір жертөле мен үйлер көрінетін. Ахатай өзімен бірге жасырын алып жүрген тапанша-маузер 7-оғымен ешкінің майына майлап, киізбен орап, екскі қораның бір бұрышына жанына 30-кг шамасында қорғасынды бірге көміп кеткен. Сол заттарын соғыстан соң-1946 жылы елге бала-шағасымен қыдырып келген кезде, көміп кеткен заттары табылмаған.
Түйетас деген жерде отырғанда көшиен бірге алып жүрген кезде, қызметкер кезіндегі қылышын мәдени ауылындаға Иманбай бақсы ұлын сүндетке отырғызып, қылышын қалап алып кеткен. Соңғы кезде қылышты іздестіріп, сұрағанда бақсы әйелімен дүниеден өткен, соңында ешкім, ешнәрсе қалмаған.
1947-жылы інісі Нарбек екуі аман-есен кездесіп, Шымкент қаласындағы Янги-Шахарға орнсласады. Осы жылдың күзінде ер Ахатай науқастан күліп отырып көз жұмды. Алла сәулесі түскен жанның: «Өмірімен өліміде жақсы» деген осы болар. Әруақты атаның артында ұлы менен қызынан тараған 15-немере, 10-шөбере, 7- шөпшектер өсіп өнуде.


Скачать


zharar.kz