Сақтандыру құқығының негізгі түсініктері

Скачать

Сақтандыру құқығы онда арнайы түсіндіруді талап ететін терминдердің елеулі қолданылатын құқықтық салалардың біріне жатады. Түсіндіру түсініктері (терминдер) қолданылатын нормаларды талқылаған кезде оларды әртүрлі түсіну қаупімен қорғайды. Сонымен бірге түсініктерді анықтау бұл қазіргі құқықта кең қолданылатын тәсіл, ол нормативтік актілерді заң техникасы козқарасынан жіктеу қылуға мүмкіншілік береді (материалды артық қайталамауға мүмкіншілік береді). Сақтандыру құқығының негізгі түсініктері Қазақстан Республикасының "Сақтандыру қызметі туралы" Заңының 3,4-баптарында, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 817-820-баптарында, Қазақстан Рсспубликасының Азаматтық кодексінің 817-820-баптарьшда жәтіе т.б. а ашылады.
Сактандыру сақтандыру шартымен анықталған, сақтандыру ұйымының жеке активтері есебімен тікелей сақтандыру төлемдерін қалыптастыратын сақтандыру жағдайы немесе басқа жағдайлардың пайда болуындағы заңды және жеке тұлғалардың заңды қызығушылығын мүліктік қорғау жөнінде қатынастар кешенін ұсынады.
Сақтандыру кызметі — Қазақстан Республикасы заң, талаптарына сәйксс мемлекеттің өкілетті органының лицензиясы негізінде қалыптасатын сақтандыру шарттарын орындау және бекітумен байланысты сақтандыру ұйымдарының қызметі.
Сақтандыру жағдайы — сақтандыру шарты сақтандыру төлемін төлеуді қарастыратын жағдай. Сақтандыру жағдайы — табиғи әсер, техногендік сипат және нақты адам әрекеті ретінде өз пайда болу себебін иемденетін жағдай. Сонымен қатар, сақтандыру жағдайы ретіндегі қарастырылатын жағдай кездейсоқтылық және ықтималдық белгілеріне имденуі қажет. Сақтандыру жағдайының түсу ықтималдығының деңгейі шарт жақтарымен өз бетінше бағаланады, сонымен қатар жағдайдың ықтималдылығы болмай қоймайтындыққа жақын болмауы қажет, соңғысы орын алса мұндай жағдай кездейсоқ болмайды. Жағдай орын алудың ықтималдылығы мен кездейсоқтығының талаптары жинақтау сақтандыру шарттары бойынша қарастырылатын фактілерге (оқиғаларға) қолданылмайды (ҚР АК 817 бабы, 3 т.).
Сақтандыру жағдайларының түрі заң актілерімен (сақтандыру міндеті болып келген кезде) және шарттарымен (сақтандыру ерікті болып келген кезде) анықталады.
Актуарий — сақтандыру (кайта сақтандыру) ұйымының қажетті төлем қабілеттілігі мен қаржылық тұрактылық деңгейін қамтамасыз ету мақсатында сақтандыру және қайта сақтандыру шарттары бойынша міндеттемелер мөлшерінің экономикалық-математикалық есептеулерін жүзеге асыруға байланысты қызметті атқаратын жеке тұлға;
Сатып алу сомасы — жинақтаушы сақтандыру шарты қолдану мерзімінен бұрын тоқтатылған кезде сақтанушының алуына құқығы бар ақша сомасы.
Сақтандыру ережелері — белгілі бір сақтандыру түрі бойынша сақтандыруды жүзеге асыру талаптарын айқындайтын сақтандыру ұйымының құжаты.
Қайта сақтандырушы (цедент) - езі қабылдаған сақтандыру тәуекелдерін қайта сақтандыруға беруді жүзеге асыратын сақтандыру немесе қайта сақтандыру ұйымы.
Қайта сақтандыру — сақтандыру шарты бойынша сақтандыру ұйымы қабылдап, кейіннен өздерінің арасында жасалған қайта сақтандыру шартына сәйкес қайта сақтандыру ұйымына сақтаңдыру тәкеуелдерінің бәрін немесе бір бөлігін беруге байланысты қызмет және соған байланысты туындайтын қатынастар.
Сақтандыру сыйақысы - сақталдырушының сақтандыру шарты мен аннуитетте анықталған мөлшерде сақтанушыға сақтандыру төлемін жүргізудің соңғы міндеттемелерін қабылдау үшін төлеуге міндетті ақша сомасы. Сақтандырушыдан алынған сақтандыру сый ақылары сақтанушының меншік құқығына жатады.
Сақтандыру сомасы — сақтандыру объектісі сақтандырылған және сақтандыру жағдайының пайда болуындағы жауапкершіліктің, шектеулі келемін ұсынатын ақша сомасы.
Сақтандыру төлемі — жинақтаушы сақтандыру шартында анықталған, сақтандыру жағдайының келіп түсуінде немесе мерзімнің келіп түсуіндегі сақтандыру сомасы мөлшерінде сактандырушы мен сақтанушыға төленетін ақша сомасы. Сөйтіп сақтандыру төлемі сақтандырушы іс жүзінде төлейтін ақшалай сома болып келеді. Осыдан сақтандыру төлемінің сақтандыру сомасынан айырмашылығы көрінеді.
Сақтандыру шарты - Сақтандыру шарты бойынша бір тарап (сақтанушы) сақтандыру сыйлық ақысын төлеуге міндеттенеді, ал екінші тарап (сақтандырушы) сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтанушыға немесе шартта белгіленген сома (сақтандыру сомасы) шегінде өзінің пайдасына шарт жасалған өзге түлғаға (пайда алушы) сақтандыру төлемін төлеуге міндеттенеді.
Сақтандыру шарттық қатынастарының ерекшелігі: сақтандырушы шығаратын ережелерде көрсетілген жағдайларға сақтанушы қосылу керек. Өз кезегінде сақтандырушы занның барлық 2000ж. IX желтоқсаидағы ҚР Заңындаіы ред. К.Р АК 8036., 1 гарм. талаптарының және оның қызметін тұтынушылардың мүддесін сақтау бойынша міндетін атқарады. Егер сақтанушының қызметін бақылайтын өкілетті мемлекеттік орган заңның бұзылуын ережелерде көрсе, онда ол сол немесе басқа сақтандыру қызметін жүргізуге лицензия (рұқсат) бермеудің негізі болып есептеледі.
Сақтандыру ережелері сақтандырушымен сақтандырудың әр түрі үшін бөлек дайындалады және сақтандырудың тиісті түрін жүргізуі үшін лицензияны (рұқсатты) беру құқығы өкілстті мемлекеттік органымен келісуге жатқызылады. Шартта қарастырылмаған жағдайларға байланысты даулар пайда болса, онда басшылыққа сақтандыру ережелеріңдегі жағдайлар алынуы тиіс.

Сақтандыру ережелері мыналарды қарастыруы керек:
1) сақтандыру объектілерінің тізімін;
2) сақтандыру сомаларын анықтаудың тәртібін;
3) сақтандыру тәуекелдерді;
4) сақтандыру жағдайларының қатарынан алып тастаулар және сақтандыруға шек қоюлар;
5) сақтандыру шарты қолданылуының мерзімі мен орнын;
6) сақтандыру шартын жасаудың тәртібін;
7) тараптардың құқықтары мен міңдеттерін;
8) сақтандыру жағдайы орын алғандағы сақтанушы жасауы тиіс әрекеттерді;
9) сақтандыру жағдайынын орын алғанын анықтайтын құжаттар тізімін;
10) сактандыру төлемдерін жасаудың жағдайлары мен тәртібін;
11) сақтандыру төлемі немесе сақтандыру төлемінен бас тарту жөнінде шешім қабылдау мерзімін;
12) сақтандыру шартты жағдайларының тоқтатылуын;
13) дауларды шешудің тәртібін;
14) сақтандыру тарифтерін және оларды экономикалық негіздеу;
15) ерекше жағдайлар.
Сақтандыру ережелеріндегі жағдайларды сақтандырудың әдет ғұрып нормаларына жатқызуға болады деп айта аламыз. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 825-1-бабы-ның 4-тармағының мазмұны осыны дәлелдейді. Келісім бойынша сақтанушы мен сақтандырушының арасында қосымша жағдайлар үш еседен көп қайталанса, сақтандырушы заңнама қарастырған тәртіпте сақтандырудың белгілі түрі бойынша ережелерді өзгертуге міндетті. Яғни, бұл жағдайлар сақтандырушының тұрақтанған тәжірибесінің бөлігі ретінде қарастырылады.
Сақтандыру шартының сипаттамаларын қарастырайық. Заңнамадағы анықтамасына сәйкес сақтандыру шарты консенсуалды болып қаралады. Бірақ, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 827-6. сәйкес, сақтандыру шарты сақтанушы сақтандыру сыйлык ақысын төлеген кезден бастап, ал оны бөліп-бөліп төлеу қарастырылса, бірінші сақтандыру жарнасы төленген кезден бастап күшіне енеді және тараптар үшін міндетті болады. Осыны ескерсек іс жүзінде жалпы тәртіп бойынша сақтандыру шартының салдары болып келетіні түсінікті. Сақтандыру шартына консенсуалдық мінез тараптардың келісімімен нсмесе жеке заң актілерімен берілуі мүмкін.
Сақтандыру шарты өзара шарт, оны сақтанушы мен сақтандырушының негізгі құқықтары мен міндеттеріне назар аудара отырып көруге болады. Сақтанушы сақтандыру сыйлықақыларын төлеу керек, ал сақтандырушы олардың төленуін талап етуге құқылы. Тиісінше (өз кезегінде) сақтанушы сақтандырушыдан оның сактандыру төлемін жасау бойынша міндетінің орындалуын талап ете алады.
Сақтандыру шарты - ақылы шарт, тараптардың әрқайсысы берілгеннің орнына мүліктік қанағат алады. Сақтандырушы тарапы сақтандыру сыйлық ақылары түрінде мүліктік қанағат алады, ал сақтанушы тарабы болса немесе пайда табушы сақтандыру төлемін алған ретте мүліктік қанағаттандыруға қол жеткізеді. Сақтандыру шартының ақылығы сақтандыру төлемі барлық жағдайларда жасалмайтынына қарамастан сақтала береді. Оның орналасуы мен алынуы сақтандыру шартын жасау кезінде тараптардың ниетімен қамтылады.


Скачать


zharar.kz