Мәтіндік құжаттарды құру
Excel-де күрделі мәтіндік құжаттарды құруға мүмкіндік мол. Бұл үшін қаріптерді таңдау, туралау, жақтауларды, штрихтарды таңдау секілді құралдар арналған.
Кестені рәсімдеудегі кез-келген өзгертулер тек ағымдағы ұяшыққа немесе ұяшықтардың тобы ерекшеленген болса – ерекшеленген топқа ғана әсер етеді.
Қаріптерді өзгертуді форматтау тақтасындағы пиктограмманы пайдаланып жүзеге асыруға болады: қаріпті және оның өлшемін, жартылай қанық (полужирный), қиғаш (наклонный), және асты сызылған (подчеркнутый) қаріптерді таңдау.
А. Мәзірді пайдаланып қаріпті таңдау:
– қаріптері өзгертілетін ұяшықты немесе ұяшықтар диапазонын ерекшелеу;
– Формат Ұяшықтар Қаріп (Формат Ячейки Шрифт) мәзірін таңдау;
– қажетті қаріпті таңдап, сосын ОК батырмасын басу.
Б. Құрамында төрт пиктограммасы бар форматтау тақтасының көмегімен ұяшықтардағы мәліметтерді туралау:
– мәтінді ұяшықтың сол жағына ығыстыру;
– мәтінді ұяшықтың ортасына орналастыру;
– мәтінді ұяшықтың оң жағына ығыстыру;
– мәтінді ерекшеленген бірнеше ұяшықтарда ортасына орналастыру.
В. Мәзір көмегімен ұяшықтардағы мәліметтерді туралау:
– Формат Ұяшықтар Туралау (Формат Ячейки Выравнивание) мәзірін таңдаймыз;
– қажетті позицияны таңдау;
– ОК батырмасын басу.
Г. Кестелерді жақтауларының сызықтарын орнату:
Кестелерді баспаға шығарған уақытта жұмыс парағындағы кестенің торларының сызықтары басылмайды. Сондықтан кестелердің жақтау сызықтарын орнату қажет.
Excel-де ерекшеленген ұяшықтардың жақтауларының сызықтарын орнатуды форматтау тақтасындағы Жақтаулар (Рамки) пиктограммасы орындайды.
Егер, тышқан сілтемесімен сілтемеге шертсе, онда ашылған тізімде таңдалған ұяшық үшін жақтаулар шаблондары ұсынылады. Олардың ең біріншісі жақтауларды алып тастау шаблоны.
Кестелердің жақтау сызықтарын орнату үшін қажетті әрекеттер:
– жақтау орнату қажетті ұяшықтарды ерекшелеу қажет;
– Формат Ұяшықтар Жақтау (Формат Ячейки Рамка) мәзірін таңдаймыз;
– жақтаулардың, сызықтардың, сызықтардың түсін таңдау;
– ОК батырмасын басу.
Торды экраннан алып тастау үшін қажетті әрекеттер:
Сервис Шамалар Түр Алып тастау (Сервис Параметры Вид Снять) мәзірін таңдап, сосын Тор (Сетка) өрісіндегі белгіні алып тастау.
Д. Ұяшықтар фоны.
Ұяшықтар фоны ұғымына штрихтау шаблоны, алдыңғы жоба (план), фонның түсі енеді. Пиктограмманы қолданып таңдалған ұяшықтарды түрлі түстермен бояуға болады.
Мәзір көмегімен таңдалған ұяшықтарды бояу үшін жасалатын әрекеттер:
– фоны өзгертілетін ұяшықтардың диапазонын ерекшелеу қажет;
– Формат Ұяшықтар Түр (Формат Ячейки Вид) мәзірін таңдаймыз;
– фонның түсін, штрих үлгісі мен түсін таңдау;
– ОК батырмасын басу.
Е. Мәліметтерді бейнелеу стилі.
Стиль дегеніміз – сандар форматы, қаріп типі мен мөлшері, туралау типі, жақтау түрлері, штрихтар мен ұяшық қорғанысының жиынтығы. Әдетте, үнсіз келісім бойынша барлық ұяшықтар кәдімгі стильде болады.
Excel-де баспаға шығару.
А. Алдын-ала қарап шығу.
Алдын-ала қарап шығу кезінде құжаттың баспаға басылып шығатын бейнесі экранға шығады.
Алдын-ала қарап шығу әрекетін орындау үшін Файл Алдын-ала қарап шығу (Файл Предварительный просмотр) мәзірін таңдау қажет. Алдын-ала қарап шығу режимін қосу жұмыс парағында ең болмағанда бір символ енгізілген жағдайда ғана мүмкін.
Алдын-ала қарап шығу режимінде жұмыс барысында жүзеге асыруға болатын әрекеттер:
– келесі (алдыңғы) беттерді қарап шығу;
– экранға ұлғайтылған бейнені шығару;
– баспаға шығару;
– беттің параметрлерін баптау;
– парақта өрістерді көрсету және орістерді қолмен өзгерту;
– жұмыс кітабына қайта оралу;
– анықтама.
Б. Беттің параметрлерін орнату.
Беттің параметрлерін орнату Файл Беттің параметрлері (Файл Параметры страницы) немесе Файл Алдын-ала қарап шығу Бет (Файл Предварительный просмотр Страница) мәзірлерін таңдау қажет.
Бұл әрекетті орындағанда экранда төрт енгізу мәзірі пайда болады: Бет, Өріс, Колонтитулдар, Парақ (Страница, Поля, Колонтитулы, Лист).
Бет (Страница) енгізу мәзірі бетті вертикаль бойынша, горизонталь бойынша бағыттап, масштабтау, яғни, түпнұсқаға қатысты баспаны %-дық мөлшерде ұлғайтыпкішірейтеді.
Өріс (Поля) енгізу мәзірі парақ шеті мен мәтін шетіне дейін шегіністерді, қағаз шетінен ара қашықтықты, парақ шетінен колонтитулдарға дейін ара қашықтықты, ортасы бойынша, горизонтальдівертикальді орналастыруды жасауға мүмкіндік береді. Шегіністер өрісін (Поля отступа) алдын-ала көріп шығу режимінде жылдам өзгертуге болады: Файл Алдын-ала көріп шығу Өріс (Файл Предварительный просмотр Поля).
Шегіністер өрісін тышқан көмегімен сәйкес шектеу сызығын жылжыту арқылы өзгертуге болады.
Колонтитулдар – әрбір терілген мәтін бетінің жоғарғытөменгі жақтарында шығарылатын ақпарат.
Колонтитулдарды жасау үшін Жоғарғы колонтитулды құруТөменгі колонтитулды құру (Создать верхний колонтитулСоздать нижний колонтитул) командасын таңдау керек.
Колонтитулдар үш секциядан тұрады: сол жақ, оң жақ және орталық (центр). Мысалы, жоғарғы колонтитулда жұмыстың аты ортасында, беттің нөмірі оң жақ бөлікте, ал ағымдағы дата сол жақта болуы мүмкін.
Парақ қосымшасы мәліметтердің ерекшеленген аймағын ғана баспаға шығаруға, әрбір парақта ерекшеленген жатық жолдарды тақырыпша түрінде басып шығаруға, тордың сызықтарын, мәтінді, ұяшықтардағы ескертпелерді баспаға шығаруға мүмкіндік береді.
Құжатты баспаға шығару үшін келесі командалық мәзір қолданылады:
Файл Баспаға шығару (Файл Печать)
Құрамында қажетті принтерді таңдау, файлда немесе принтерде баспа нышандарын орнату, көшірме мөлшерін көрсету, беттің бағытын көрсету мүмкіндіктері бар терезе пайда болады.
Егер құжаттың барлық бетін емес, тек таңдалған беттерін ғана баспаға шығару керек болса, онда қажетті беттердің диапазонын көрсету керек.
В. Құжаттарға қолданылатын операциялар.
Кестелік құжатты дискіге жазу үшін келесі командаларды орындау керек:
Файл ... деп сақтау (Файл Сохранить как ...)
Сақталған файлды дискіге қайта жазу үшін жасалатын әрекет:
Файл Сақтау (Файл Сохранить)
Сақталған кестелік құжатты экранға шақыру үшін жасалатын әрекеттер:
Файл Ашу (Файл Открыть)
Егер файлмен жақын арада жұмыс жасалған болса, онда Файл мәзірінің төменгі жағынан шақыртуға болады.
Жаңа кестелік құжатты құру үшін жасалатын әрекеттер:
Файл Құру (Файл Создать)
Бір уақытта жүктелген құжаттар арасында бірінен екіншісіне алмасу Терезе (Окно) командасы көмегімен жүзеге асады.
Барлық ашылған құжаттарды экранға шығару үшін қолданылатын командалар тізбегі:
Терезе Орналастыру (Окно Расположить).
Сосын, орналастыру терезесінен қажетті вариантты таңтаймыз (жанына, жоғары төмен, оң жақ сол жақ, каскадпен).