Емдеу эффектісі

Скачать

Хромотерапия - әртүрлі спектрде көрінетін сәулелермен емдеу түрі. Көрінетін сәулелердін бір бөліміне 15% жасанды көзі тең келеді. Тұрақты жағдайда біздің организм көрнегі сәуленің әсеріне түспейді , себебі оның лампа спектрінде инфрақызыл сәуле басым келеді. Осы себептен көркнекі сәуле организмде реакция пайда болады. Адам өміріндегі процесстерде көрнекі сәуле ролі үлкен: оның көмегімен организм сыртқы ортадан 90% информация алады. Эволюция процесінен жануарларда арнайы көрнекі сәулені қабылдаушы – көру органы пайда болады. Көрнекі сәуленің информациялық функциясы көптеген ғылыммен зерттеледі. Физиотерпаевті қызықтыратын емдеу эффекті тек өру органына емес сонымен қатар басқа органдармен тіндерде өтуі.
Көрнекі сәуле әр түстік гаммадан тұрады, олар қыртысты және қыртысасты нерв орталығының қозуына таңдамалы әсер етеді, яғни организмдегі психоэмоционалдық процесстерді модуляциялайды. 1910 жылы В.М. Бехтеров зерттеуі бойынша қызыл және сарғыш түстер қыртысты орталықты қыртыс асты құрылымды қыздырады, көк және күлгін тежейді, жасыл және сары түстер қозумен тежеуді мидың үлкен қыртысында тендестіреді және антидеперессивті әсері бар. Бұдан бұрын И.Р. Тарханов ақ жарықтын маңызыды ролін көрсеткен ол адамның қалыпты өмір сүруі және еңбек етуі үшін қажет. Күннін ұзақтығының төмендеуі мезгілдік эмоционалды деперессияға (seasond affective disorder) әкеледі, оның негізгі симптомдары болып, гиперсомния, анергия, булимия және анорексия табылады.
Көрнекі сәулелену толқын ұзындықтарының түрлі психофилиологиялық эффектісі адамның түстік көрушілігі адапциялық және биофизикалық ерекшеліктерімен байланысты. Оның негізінде торлық қабыққа сәулеленудің әр түрлі түстерінің бір келкі емес терең енуі жатыр. Ол қызыл сәулеленуге максималды болып табылады, себебі ол түгел склеродан өтіп торлы қабаттын көп мөлшердегі нейрондарымен қатынасқа түсіп, импульстің активтілігін өзгертеді. Керісінше, көк және күлгін түстердің сәулеленуін түгелімен көздің торлы қабатымен қамтылады, яғни қарастырылған психоэмоционалдық процесстер орлы қабат арқылы бір бөлігі ғана іске асырылады. Оптикалық фокусты жүйе арқылы көрінетін сәулелену бас миынын тереніне өитіп көз нервінің нервтік өткізгіштеріне және көз төмпешіктерінің ядроларына тікелей әсерін тигізуі мүмкін. Бұл ми бағанасының вегетативтік (парасимпатикалық) орталығының және қыртысты процесстердің активациясын қамтамасыз етеді.
Мезгілдік депрессия кезінде 5 рет төмендеген ақ жарық бас миында мелатониннін мөлшерін және эпифиздің адаптивтік функциясын жоғарлатады. Ол ми бағанасының серотонинэргиялық нейрондарын тежейді, ал адренэргиялық нейрондарды белсендіреді, нәтижесінде серотонин және адреналин мөлшері сонымен қатар науқастарда түс және ояу фазалары қалпына келеді. Көрнекі сәулеленудің сіңірген сайын теріде жылудың бөлінуі жүреді, ол терінің термомеханосезімталдық талшықтардың импульсті белсенділіг өзгертеді, микроцикуляторлы ағымның жергілікті және сегментарлы- рефлекторлы реакцияларын активтейді және сәулеленетін тіндерді метаболизмің күшейтеді. Көрнекі сәулелену тудыратын тері элементтерінің өзгеруі тері иммуногенезін және организмде алмасу процессінің гуморальды регуляциясын гипофиз гормонның индукция жолымен шығарылуы арқылы активтейді. Сонымен қатар билирубин құрамына кіретін гематопорфириннің фотобиологиялық бұзылуына көк және көгілдір сәулелену әкеледі.

Емдеу эффектісі. Психостимуляциялаушы, тонизерлеуші, гемодеструктивті.

Көрсеткіштері. Шаршағыштық невроздар, мезгілдік эмоционалды депрессия, ұйқының бұзылуы, ұзақ жазылатын жаралар, нәрестелердің сарғыштығы.

Қарсы көрсеткіштер. Фотоофтальмия, фотоэритема.

Параметрлері. Хромотерапияға SAD көрнекі сәулеленудің көздерін қолданады, олар 0,5 -0,7 м арақашықтықта беттін беткейінде 5000-10000 лк жарықтануын түзейді, сонымен қатар ақ , қызыл және басқа түстердің қосылыстарының кезінде арнайы сенсорлы бөлмелер пайдалынады. Сонымен бірге АСГТ-01 жасанды күн шамын, УЛОКС, медицналық рефлектор және әртүрлі фильтрлі шам- соллюкстер қолданылады. Нәрестелердің сарғыштануың емдеу үшін ВОД-9, ВОД-11, КЛА-21 сәулеленулерін қолданылады, оларда көгілдір шамдармен күндізгі жарық шамдары бар.

Методикасы. Зақымдалған дене бөліктерін сәулеленуге ұшыратады. Сәулеленудің рефлекторың сәулеленетін беткейде 30-100 см қашықтықта орналастырады. Нәрестелердің сәулеленуін дене бетінен 50-70 см қашықтықта жүргізеді.
Емдік процедураның дозалануын энергия ағынын тығыздығымен және науқастың әлсіз жайлы жылудың сезінуімен анықтайды. Хромотерапия процедурасының ұзақтығы 30 минуттан 2 сағатқа дейін, ал курс ұзақтығы 10 -12 процедурадан тұрады. Қайталамалы хромотерапия курсын 1 айдан кейін белгілейміз.


Скачать


zharar.kz