Ы. Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гимназиясы
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Өліп біткен балықтар және саусаққанаттылар
Орындаған: Нұрланова Дария
Қабылдаған: Берниязова Мөлдір
Шымкент қаласы
Саусаққанаттылар — өте ескі, әрі толығынан дерлік құрып біткен балықтардың ерекше тобы. Девон мен карбон дәуірінде кеңінен таралып, мезозойда олардың түрлері азайып, тараған ауданы да қысқарған.
Бұл таңғажайып балықты ең бірінші рет 1938 жылы 70 м тереңдіктен Үнді мұхитынан Африканың оңтүстік жағалауынан, Халумна өзенінің сағасына жақын жерден ұстады. Бұл ұзындығы 150 см, салмағы 57 кг болатын ірі түрі болатын. Оны латимерия (Lаtimегіа Сһаlиmпае) деп атады.
Екінші данасында 1952 ж. сол Үнді мұхитының Анжуан аралына жақын маңнан жағадан 200 метрдей қашықтықтан 15 м тереңдіктен ұстаған. Кейін де осы ауданнан бірнеше рет саусақ қанатты балықтар ауланған.
Саусаққанаттылардың қос тынысты балықтар сияқты желбезектерімен қатар өкпелері де болған, бірақ олар өзгеріске ұшыраған ішкі танау тесіктері жоқ. Олардың мезозойда тіршілік еткен саусақ қанаттылардан айырмашылығы ауадағы оттегімен тыныс ала алмайды. Қос қанаттарының құрылысында өздеріне сәйкес өзгешеліктері бар. Олардың табан жағында етті жалпак қалақшасы болады, соның ішінде қанат қаңқасының негізгі бөлімдері жатады. Кейбіреулерінің қанат қаңқалары бес саусақты алақан сияқты болып келеді. Дене пішіні ромб немесе дөңгелек келген қалың сүйек пластинкаларымен — космоидты қабыршақтармен қапталған. Саусақ қанаттылардьщ қос тынысты балықтарға жакын екенінде ешқандай күмән жоқ және олар бір түбірден тараған болуға тиіс. Олар алғашқы кезде тұщы суларда тіршілік еткен және онда әрдайым оттегі жеткіліксіз болған болу керек. Соның салдарынан қос тыныс жолы пайда болып, оттегі жетіспеген кезде бұл балықтар да қос тыныстылар сияқты әлсін-әлі су бетіне көтеріліп, атмосфералық ауамен өкпесі арқылы тыныс алған. Мезозойда саусаққанатты балықтар теңізде тіршілік етуге көшкен. Осындай саусаққанатты балықтар тобының қалдықтары осы кездегі латимериялар болып саналады.