Жетім балалармен әлеуметтік жұмыс - өзекті мәселе

Скачать

ӘОЖ 37 Накипова А.Б. Қ.А. Ясауи атындағы ХҚТУ
Ғылыми жетекшісі: п.ғ.д., профессор Торыбаева Ж.З.

ЖЕТІМ БАЛАЛАРДЫ ӘЛЕУМЕТТЕНДІРУ - ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРОБЛЕМА РЕТІНДЕ

Қазақстан Республикасында білім берудің ұлттық моделін жасау және дамыту жайындағы құжаттарда, білім беру жүйесін модернизациялауға арналған тұжырымдамаларда өскелең ұрпақтың әлеуметтенуіне ықпал ететін мектеп пен ата-аналардың бірлескен іс-әрекетін мәнін арттыруға ерекше талаптар қойылып отыр. Сонымен қатар қоғамнан ауқымды орын алып отырған ең өзекті мәселелердің бірі – жетім балалар мәселесі. Олардың өмірге даярлық процесі тар шеңберде өтетіндіктен, бұл балалардың әлеуметтенуі де өзіндік ерекшелікке ие.
Әлеуметтену – (латын сөзінен шыққан socialis - қоғамдық) тұлғаның қалыптасу үрдісі, индивидтң тілді меңгеруі, әлеуметтік құндылықтар, тәжірибесі. Сонымен, әлеуметтену: индивидтің әлеуметтік топқа, қоғам өміріне араласуы; адамның әлеуметтік тәжірибені меңгеруі; әлеуметтік доктринаға сай адамдардың әлеуметтік рөлдерді атқаруы және т.б. Осы анықтамаларға сүйене отырып, біз өзіміздің жетім балаларды әлеуметтендіру анықтамамызды ұсындық. Жетім балаларды әлеуметтендіру дегеніміз олардың әлеуметтік қасиеттерді, тәжірибені меңгеру барысында өздері әлеуметтік тәжірибеге ене отырып, өзіндік жеке өмірде әрекет етуге бағытталған көпқырлы күрделі үдеріс.
Әлеуметтендіру ұғымы көбінесе әлеуметтенудің негізгі механизмдері арқылы да түсіндіріледі. Атап айтқанда, психологиялық және әлеуметтік-психологиялық механизмдер (импринтинг, еліктеу, самоопределение, персонализация, идентификация, индивидуализация, идентификация, рефлекция), әлеуметтенудің әлеуметтік-педагогикалық механизмдері (әлеуметтенудің дәстүрлі механизмі, әлеуметтенудің институционалды механизмі, әлеуметтенудің стильді механизмі, әлеуметтенудің тұлға аралық механизмі).
Жетім балаларды әлеуметтендірудің негізгі жоғары рухани ұлттық сезімі оянған, өз бетімен ғылыми тұрғыдан ойлауға қабілетті, адам құқығын құрметтеудің маңызын түсінетін, өздігінен денсаулығын нығайтуға, эстетикалық талғамын қалыптастыруға, әрдайым әлеуметтік белсенділік танытуға дайын, нарықтық қатынастар жағдайындағы әр қилы өмірде өз бетімен іс істеуге мүмкіндігі мол интеллекті, мақсат-мұраты және мүдделері, адамгершілік пен мінез-құлық мәдениеті толық жетілген дүниеге берік көзқарастағы өзін де, өзгені де құрметтейтін, өзіне-өзі сенімді жеке тұлға үлгісіндегі жаңа ұрпақты даярлау.
Бұл міндеттің ойдағыдай іс-жүзіне асуы үшін, қажетті шарттар туындайды және оны іске асыру қажет.

Жетім балаларды әлеуметтендіру бүкіл дүние жүзі тәжірбиесі бойынша кең өріс алып отырғаны белгілі, балалар әлеуметену қызметінің өзіндік қағидаттары бар, олар:
Жетім балалардың қамқоршысы ретінде білім беру орындары жүйелі жұмыс жасауы. Қорғансыз қалған балаларға барынша мейірбандықпен қарайтын, білім беру және тәрбиелеуші мекемелердің қызметтері жүйеленеді;
Тәрбиеші қажетті оқу бағдарламасын меңгереді, әдіс-тәсілдерді қолданады;
Жетім балалар жас мөлшері әр түрлі балалар тәрбиеленіледі, ағайынды балалар ешқашан бөлінбейді;
Әр отбасы шаруашылығын жеке жүргізе отырып, жеке үйде тұрақты тұрады.
Қорытындылай келе, біз, жетім балалар мәселесі қаншалықты өткір мәселе екендігіне, соның ішінде әлеуметтік жетімдердің санының артып отырғандығына қандай жағдайлар себеп болып отырғандығына көз жеткіздік.
Жетім балалардың мәселесін тиімді шешу үшін, жетім балалар туралы бұқаралық ақпарат көздеріне айдарларды көбейту, халықты дұрыс ақпараттандыру; отбасылық жетім балалардың қамқоршыларын көбейту; сонымен қатар жетім балалармен әлеуметтік жұмыс жасау технологиясын дамыту.

Пайдаланған әдебиеттер:
1. Қазақстанда жетім балалармен әлеуметтік жұмыс жүргізу мәселесінің құқықтық негіздері. – Алматы: Ұлт тағлымы, 2005. – № 4. – Б.314-318.
2. Дубровина И.В., Лисина М.И. Особенности психического развития детей в семье и вне семьи Возрастные особенности психического развития детей. - М., 1982.
3. Жетім балалармен әлеуметтік жұмыс – өзекті мәселе. – Алматы: Қазақстан жоғары мектебі, 2005. – № 4. – Б.233-235.
4. Жетім көрсең, жебей жүр. – Алматы: Ізденіс, 2005. – № 4. – Б.130-135.
5. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 2005 жылғы 15 шілдедегі шығыс № 2166-741502-4-1 хаттамасынан.
6. Интернет желісі: www.google


Скачать


zharar.kz