ОРТАША ДАУЫС БЕРУШІ КОНЦЕПЦИЯСЫ

Скачать


21. ОРТАША ДАУЫС БЕРУШІ КОНЦЕПЦИЯСЫ. ЛОГРОЛЛИНГ

Көптеген саяси-эконмикалық шешімдер көп дауыс жинау нәтижесінде қабылданады. Кез келген мәселе бойынша айтарлықтай санаулы адамдардан құралған топта ортақ шешімге келу қиын процесс. Белгілі бір топта дауыс беру арқылы шешілген мәселе ешқашан да толық болмайды. Біреулердің мүддесі аздау, екіншілердің мүддесі көбірек ескеріліп шешіледі, барлығының мүддесі толық немесе бірдей есепке алынып шешім қабылдануы мүмкін емес.
Орташа дауыс берушінің моделі деп аталатын концепцияға жүгінсек, онда белгілі бір саяси-экономикалық мәселенің онды шешімін тауып, оны занды түрде бекіту үшін көпшіліктің мүддесіне ең жақын тұрған дауыс берушіні танып алып, мәселені соның мүддесіне сәйкестендіріп анықтап, дауысқа салуға болады екен. Сонда, біріншіден, мәселенің өзі дұрыс анықталады, екіншіден, көпшіліктің мәселені қолдап, оған дауыс беруі оңды шешім қабылдануын қамтамасыз етеді екен. Бірақ дауыс беру арқылы қабылданған шешім, нарық жүйесіндегі қабылданатын шешімге қарағанда, экономикалық тиімділік принципін ең жалпылама, макроэкономикалық деңгейде ғана ескере алады. Жалпыэкономикалық деңгейде белгілі бір саяси-экономикалық мәселе дұрыс, ең оңтайлы түрде анықталып, шешім қабылдануы мүмкін. Бірақ, мемлекет тарапынан дұрыс қабылданған шешімді, мысалы, үкімет қаулысын, енді нақты әлеуметтік экономикалық өмірде іске асыру проблемасы тұрады. Экономикалық саясаттың ең маңызды және ең қиын кезеңі - қабылданған шешімді тиімді түрде іске асыру және анықталған мақсатқа қол жеткізу болады.
Қөпшіліктің қолдауымен шешім қабылдау - негізгі демократиялық принцип екені белгілі. Бірақ нақты саяси-экономикалық өмір өте күрделі екені де белгілі, сондықтан саяси-экономикалық жағдай осы демократиялық принципке қайшы қалыптасуы мүмкін. Басқаша айтқанда, қоғамда демократиялық принципке сәйкес шешім қабылдау мүмкін болмайтын саяси-экономикалық жағдай қалыптасуы мүмкін.
4. МЕМЛЕКЕТ МОНОПОЛИСТ БОЛМАУЫ ҚАЖЕТ

Мемлекет инфрақұрылымдық, әлеуметтік сипаттағы қызметтерді және басқа да қоғамдық өнімдерді қамсыздандырушы монополист болған жағдайда, ол өзінің қызметін жақсы атқара алмайды. Сонымен бірге, тсхнологиялық және ұйымдық жаңалықтар бұрын мемлекеттің қолында болып келген қызметтерді жеке компаниялардың жүргізуіне мүмкіндік беріп отыр. Мемлекеттің шектеулі қорларын үнемдеу мақсатыида әлемнің коптеген елдерінде мемлекет инфрақұрылымдық обьектілерді салу мен тікелей қызмет көрсетудің орнына оларды қаржыландыруға көбірек назар аударып отыр.
Бұған қоса көптеген елдерде энергия қуатын тасымалдау жүйесін және тұрмыстық қызмет көрсету шаруашылығын монополиядан тазарту процесі жүргізілуде. Реформаларды жақтаушылар әлеуметтік сақтандыру бағдарламаларын әлеуметтік қамсыздандыру бағдарламасынан бөліп алып жеке-дара жүргізуге күш салуда. Әлеуметтік сақтандыру бағдарламасына кепілді мемлекеттік, тегін медициналық жәрдем беру мен еңбек қатынастары жүйесіндегі жұмыскерлердің құқығын қорғау жатады. Ал, әлеуметтік қамсыздандыру бағдарламасына тек қана тұрмысы төмен топтарды қорғау іс-шаралары жатады.


Скачать


zharar.kz