Сәулет-өнері бұл барша адамзат тарихы мен өмірінің бір бөлігі ол есте жоқ ескі замандардан бері адамзатпен бірге жасап келеді.
Архитектр – гректің «архитектан» деген сөзінен алынған атау:
Алғашқы мән мағынасында іс жүзінде әлде қандай бір жаңа кәсіптің, оның ішінде құрылыс өнерінің бас шебері деген ұғымды білдіреді. Грек жазушылары «Архитектон» сөзінің орнына кейде қазіргі құрылысшы – инженер сөзіне жақын «Айкодоис» - «үй тұрғызушы» деген сөзді пайдаланды, ал Даль – архитектр деген терминге анықтама бергенде. Архитектр – «ғалым -құрылысшы», «суретші – құрылысшы» деп атайды.
Архитектура – бұл «пайда, беріктілік және сұлулық» заңымен материалдық тұрғыдан тиімді ұйымдастырылған, өмір сүруге қолайлы орта құру өнері.
Сәулет өнерінің мақсаты – кеңістіктегі ортада адам өмірімен қызметін материалдық құрылым – құрылыс конструкциялары арқылы ұйымдастырылып, іске асыру.
Инженер - құрылысшылар архитектураның негізгі техникалық мәселелерін шеше отырып, конструкциялық түзілімдер мен құрылысч әдістерінің өзінің өн бойында жасырып, бүгіп жатқан эстетикалық мүмкіндіктерін жақсы түсініп, ұғынуы тиіс