СӘКЕН БАЛАЛАР ӘДЕБИЕТІНІҢ НЕГІЗІН САЛУШЫ

Скачать

Сәкен Сейфуллин қазақ совет балалар әдебиетінін, негізін қалаушы, балалардың сүйікті жазушысы. Оның «Маузер» (1929), «Бандыны қуған Хамит» (1922), «Бұлшық ет» (1923), «Балалар» (1925), «Келіншектің бесік жыры» (1926), «Пионерлер» (1929), «Октябрь күні» (1929), «Біз комсомол» (1935); «Ананың хаты» (1925), «Анаға жауап» (1926) деген социалистік реализм әдісімен жазылған өлең-әңгімелері совет өкіметінің алғашқы орнаған жылдарынан бастапақ өзінің жаңашылдығымен балалардың сүйіп оқитын шығармаларына айналды. Сәкеннің бұл шығармалары — балалар әдебиетінің социалистік реализм жолымен қайта дамыған жаңа дәуірі-
нің бет ашары болды.
Октябрь революциясының жеңісі жайында Сәкен Сейфуллин жас өспірімдерге арнап жеңіл де әсерлі тілмен олардың сахналарда тақпақ етіп айтуына лайықтап «Октябрь күні» (1929) деген өлең жазды. Қолға қызыл туын алып, Қараңғыны қылған жарық — Қымбатты күн — Октябрь.
Арпалысып залымдармен,
Теңдік бізге алып берген,
Талай жалшы соңына ерген,
Жолбасшы күн — Октябрь.
(«Өлеңдері мен поэмалары», 1957 жыл, 305-бет). Караңғылық бұғауынан азат етіп, тендікті өз қолдарына әперген Октябрь революдиясының жеңісін жас өспірімдерге ұқтыру, түсіндірудің үлкен тәрбиелік мәні болды. Өйткені, езілген шаруа балаларының оқуға, өнер-білімге: тен правслы болып қол жеткені тек Октябрь революция сының жеңісі арқасында ғана екенін жас өспірімдерге түсіндіре білудің өзі совет балалар әдебиетінің басты міндеттерінің бірі болып есептелетін.
Сәкен «Бұлшық ет» деген өлеңінде еңбек еткен адамдардың енбегінің табысын сүйсіне жырлайды. Соны жас өспірімдерге үлгі етіп ұсынады.
Боянған түрлі шырайлы
Сұлу емес сырлы бет.
Ширатылған түйіндей,
ШЫРТ сұлу күшті бұлшық ет.
Балғын білек балтыр да,
Ширатылған түйіндей.
Бұлтылдаса бұлшық ет,
Кім турады сүйсінбей.
Көк темір құрыш болатпен,
Асусыз асқар тау кешкен.
Тас қопарып, жер үгіп,
Шыңырау қазып, жер тескен
(С. Сейфуллин. Өлеңдері мен поэмалары, 1957 жыл 126-бет). Кайда жүрсе де біздің елде енбек еткен адам сыйлы да болды, құрметке де бөленді. Отанын да, халкын да сүйсіндіріп, әрқашан даңққа бөлеп отырғанын жас өспірімдерге үлгі-өнеге етіп көрсетті. Енбекке жаңа көзқарас 20 шы жылдар әдебиетінің колға алған ең күрделі де ұтымды бет алысы болды. Осыған орай мектептерде енбек тәрбиесін қолға алу совет педагогикасының басты міндетіне айналды. Коммуналар мен интернаттарда және шаруа жастар мектептерінде политехникалық оқудың іске асуына байланысты балаларды еңбекке социалистік көзқараста болуын үйретті. Ол кездеғі политехникалық оқудың міндеті балаларды өндіріс нен ауыл шаруашылық ісіне негізделген еңбектін түрлі салаларымен таныстырып, үйретіп отыру көзделген еді. /Сәкен «Қалаушылар жыры» деген өлеңінде: Қолда калақ, шот аяқ, Сұрғылт балшық үстіміз Жігерлі сұр қалаушы — Жігерлі сұр түстіміз өлең-жыр, әңгіме-ертегілерге деген құмарлық сезімінің ерте оянуына көп әсер етеді.
Сәкен бастапқыда ауыл молдасынан оқып, тезақ хат танып кетеді. Баласының окуға алғырлығын, зейінділігін, ойталабының күштілігін байқаған Сейфулла Сәкенге орысша білім бергісі келеді. Осы мақсатпен 1905 жылы оны Успенск (Нілді) мыс заводындағы мектепке береді. Сәкен мұнда үщ жылдай оқыды. Онан кейін Ақмоладағы бастауыш орыс мектебіне (приходскаяді қолаға) түседі. Мұны бітірген соң, үш кластық училйщеде оқиды. Сәкеннің жастайынан екі тілде бірдей білім алуы, оның орыс әдебиетінің көрнекті қаламгерлерінің шығармаларымен, сондай-ақ өз халқының әдебиетімен молынан танысуына мүмкіндік береді.
1913 жылы Сәкен Омбы қаласына барып, оқытушылар семинариясына түседі. Семинарияны ол үш жылдан кейін, 1916 жылы бітіріп шығады. Сәкеннің ақындық, жазушылық талабы ерте кезден байқалады. Ол — Успенск мен Ақмолада оқып жүрген кезінде-ақ өлең шығара бастайды. Омбы қаласында оқып жүрген кезінде студенттердің «Бірлік» атты әдеби үйірмесіне қатыса жүріп, өзінің алғашқы өлеңдер жинағын құрастырады. Бұл жинақ 1914 жылы «Өткен күндер» деген атпен Қазан қаласында басылып шығады. Бұл кітап Сәкеннің ақындық талабының зор екендігін жалпы жұртшылықка танытады.
Сәкен оқытушылар семинариясын бітірісімен, Акмола төңірегіндегі бір ауылдық мектепке мұғалім болып орналасады, Бұл кез (1916 жыл) патша өкіметінің майдан жұмысына қазақтан солдат алу жөнінде жарлық шығарып, халықтың оған қарсы наразылығы ұлт-азаттық күресіне үласқан уақыт болатын. Қазақ қоғамының таптық жігі айқын ашылып, халық ашық күреске шыққаи бұл шақта Сәкен түгелдең еңбекші бұқара жағында болады. Ұлт-азаттық күресіне қолынан келген жәрдемін береді. Көтеріліске қатысушылармен байланыс жасап, оларға ауыл арасынан күш-көмек жинау ісіне көмектеседі. Қөтерілісті қолдаған бірнеше өлеңдерін жазады.
1917 жылғы февраль революциясы тұсында Сәкен Ақмола қаласына келіп, алғашқы Совдеттерді құру ісіне араласады. «Тіршілік атты бұқаралық бағыттағы газетті ұйымдастырып. бетіне халықтың қас дұшпандары — ел жуандады жақтаушыларды әшкерелейді Сәкеннің «Кел, жігіттер», т, б. осы сияқты резолюциялық мазмұнды өлендері осы тұста жазылады.
1913 жылы Сәкен Омбы қаласына барып, оқытушылар семинариясына түседі. Семинарияны ол үш жылдан кейін, 1916 жылы бітіріп шығады. Сәкеннің ақындық, жазушылық талабы ерте кезден байқалады. Ол — Успенск мен Ақмолада оқып жүрген кезінде-ақ өлең шығара бастайды.(Домбы қаласында оқып жүрғен кезінде студекттердің «Бірлік» атты әдеби үйірмесіне қатыса жүріп, өзінің алғашқы өлеңдер жинағын құрастырады. Бұл жинақ 1914 жылы «Өткен күндер» деген атпен Қазан қаласыкда басылып шығады. Бұл кітап Сәкеннің ақындық талабының зор екендігін жалпы жұртшылықа танытады .
Сәкен оқытушылар семинариясын бітірісімен, Ақмола төңірегіндегі бір ауылдық мектепке мүғалім болып орналасады. Бұл кез (1916 жыл): патша өкіметінің майдан жұмысшна қазақтан алу жөнінде жарлық шығарып, халықтың оған қарсы аразылығы ұлт-азаттық күресше ұласқан уақыт болатыы. Қазак коғамының таптық жігі айкын ашылып, халық ашық күреске шыкқан бұл шақта Сәкен түгелдей еңбекші бұқара жағында болады. ¥лт-азаттық күресіне қолынан келген жәрдемін береді. Кетеріліске қатысушылармен байланыс жынап, оларға ауыл арасынан күш-көмек жинау ісіне көмектеседі. Кетерілісті қолдаған бірнеше өлеңдерін жазады.
1917 жылғы февраль революциясы тусында Сәкен Ақмола қаласына келіп, алғашқы Советтерді құру ісіне , араласады«Тіршілік» атты бұқаралық бағыттағы газетті ұйымдастырып, оның бетіне халықтын қас дұшпандары — ел жуандарын, оларды жақтаушыларды әшкере-дастарының көмегімен қашып шығып, жасырын атпен бетпақдаланы басып өтіп, Түркістан жаққа барып, ондағы Совет өкіметінің жұмысына қатысады. Сәкен айдауда, қуғында жүрген кезінде де өлең жазуын бір тоқтатқан емес. Ол өлеңдерінде ақын өзінің халық үшін, оның жарқын келешегі үшін күреске бел буғандығын ашық айтады. Әсіресе осы тұстың туындысы — «Жас қазақ марсельезасы» өлеңі қазақ жастарының революциялық гимніне айналды.
1920 жылы Сәкен Ақмолаға келіп, жаңа кұрылған совет өкіметінің оқу-ағарту, баспасөз жұмысын басқарады. Сол жылы ол Қазақстан Орталық Атқару Комитетінің президиум мүшесі болып сайланады. Коғамдық қызметпен қатар, жазушылық еңбегі өрлеу үстінде болған Сәкен сол 1920 жылы «Қызыл сұңқарлар» атты әйгілі пьесасын жазады. Сонымен бірге оның совет тақырыбына жазған көптеген өлеңдері осы кезде жарық көреді.1922 жылы Сәкен Қазақстан Халық ағарту комиссарының орынбасары болды. Сол жылы советтердің III съезінде Қазақстан Халық комиссарлар советінін председателі болып тағайындалды. Одан кейін «Еңбекші қазақ» «Социалистік Қазақстан» газетінің редакторы болды. 1924жылдан 1937 жылға дейін республикамыздың көптеген мәдени-ағарту мекемелерінде жауапты қызметтер атқарады. Жоғары оқу орындарында қазақ әдебиеті тарихынан лекциялар оқиды. «Әдебиет майданы» (қазіргі «Жұлдыз») журналының редакторы міндетін атқарады. Сәкен Сейфуллин қызмет бабында осыншалықты аса жауапты, сан-салалы жұмыстарды атқару үстінде де жазушылық еңбегін эсте доғарған емес. Жиырмасыншы жылдарда Сәкеннің"" «Асау тұлпар», «Домбыра», «Экспресс» атты өлеңдер жинағы, оның өз өміріне байланысты жазылған «Тар жол, тайғақ кешу» атты романы жарық көреді. Бұдан кейінгі жылдарда ол «Жер қазғандар», «Бандыны куған Хамит» повестері мен кептеген әңгімелерін, «Советстан», «Қызыл ат», «Көкшетау», «Маузер» поэмаларын жазды. 1936 жылы бүкіл Қазакстан жұртшылығы Сәкен Сейфуллиннің әдеби қызметінің жиырма жылдығын тойлады. Жазушының қазақ совет әдебиетіндегі зор еңбегін жоғары бағалаған партия мен үкімет оны «Еңбек Қызыл ту» орденімен наградтады. С. Сейфуллин 1938 жылы қайтыс болды.


Скачать


zharar.kz