Глосари
1 . Кіріс – активтің көбейуін немесе пассивтің азаюын көрсетеді .
2 . Шығын – активтің азаюын немесе пассивтің көбеюін көрсетеді .
3 . Актив – болашақ уақытта қандай да бір банк операцияларын жүргізу нәтижесінде алынған экъономикалық пайда .
4 . Материалдық емес активтер – бұлар әкімшілік мақсатпен және басқа субъектілерге жалға берілуге , өндірісте ұзақ уақыт бойы ( бір жылдан астам) қолдануға немесе тауарларды өткізуге ( жұмыс , қызмет ) арналған , заттық мәні жоқ , ақшалай емес активтер .
5 . Пассивтер - өткен және болашақ кезеңіндегі өткізілетін банк операцияларын жүргәзу барысында туындаған , қазіргі жағдайда өз мойнына алған нақты шығындарды көрсетеді.
6 . Шоттар – шаруашылық құралдары мен олардың қорлану көздерін белгілі бір ұқсастықтарына және маңызы мен көрсеткіштеріне сәйкес жинақтап топтау құралдары.
7 . Баланс – белгілі бір сәттегі субъектінің мүлкі , міндеттемелері және капиталы туралы ақпаратты жинақтап қорыту мен экономикалық топтастыру тәсілі .
8 . Есеп беру – кәсіпорынның белгілі бір кезең ( ай , тоқсан , жыл ) ішіндегі шаруашылық қызметін сипаттайтын көрсеткіштер жүйесі .
9. Құжа ттар – жүргізілуі шаруашылық операцияларға заңды күш беретін жазбаша куәлік болып табылады.
10. Операциялық журналдар – анықталғанға дейінгі сомалар есептелінетін шоттар бойынша аналйтикалық есептің құжаты болып табылады.
11.Кассалық журнал – кассалық жоспардың белгісі мен сомасын, клйенттердің дербес шоты мен нөмірін көрсететін кассаның кіріс және шығыс құжатының жазбасын сақтайды.
12. Таза дебеттік немесе кредиттік позиция – бұл белгілі бір уақытта қатысушының пайдасына жіберілген барлық төлемдер сомасының арасындағы айырма.
13. Карточка – паспорт әрбір шаруашылық инвентормен арзан бағалы тез тозатын заттарға ашылады.
14. Инвенторлық карточкалар ( тугелдеу карточкасы ) әрбір ғимараттар бойынша ашылады.
15. Аналетикалық есеп – бұл әрбір банк операциясының бейнелеуін көрсететін нақтылы, түсінікті есеп болып табылады.
16. Синтетикалық есеп – бұлжалпылама есеп.
17. Клйенттердің банктік шоты – бұл банк пен шот иесі арасындағы банктік операцияларды жүргізу бойынша келісімдік қтынасты бейнелеу және депозит қабылдауға байланысты шот иесімен қатынас жасау әдісі.
18. Ағымды шот – бұл заңды және жеке тұлғалардың банкті шоты.
19.Аккредетив – бұл банктің шартты, ақшалай міндеттілігі.
20. Жабылған аккредетив – төлеуші банкінің (банк әлитент) төлеушінің меншікті қаржыларын немесе ұсынылған несиені жабдықтаушыны банкіне беру кезінде ашылған аккредитив.
21. Төлем тапсырмасы – мекеменің немесе шаруашылық ұйымның өзіне қызмет көрсететін банкінеөз шотынан қаржыларды аудару үшін берген тапсымасы.
22. Жабылмаган аккредитив – жабдықтаушы банкінде ашылды.
23. Қайтарылатын аккредетив – жабдықтушының келісімінсіз төлеуші банкімен өзгертілуі немесе жоққа шығарылуы мүмкін.
24. Қайтарылмайтын аккредитив – бұл төлеуші банкінің аккредетивтің барлық шоттарын орындау кезінде,төлемді жүзеге асыру үшін берген нақты міндеттемесі.
25. Бақылау құн (контрстоймостъ) – бұл бас банктегі немесе валюталық биржадағы валютаның артығы.
26. Ұзын валюталық позиция – банктің активтері міндеттемелерінен артық болған жағдайда.
27. Қысқа валюталық позиция – банктің міндеттемелері активтерінен артық болған жағдайда.
28. Корреспонденттік қатынастар – бұл екі немесе бірнеше несиелік мекемелер арасындағы төлемдер жүргізу және тапсырыс бойынша есеп айырысу туралы келісілген қатынастар.
29. Корреспонденттік шот - бұл бекітілген келісім негізінде басқа банктердің есебінен және тапсырысы бойынша бір банктің жүргізген есеп айырысуларын көрсететін шот .
30. Корреспондент - бұл басқа қаржылары есебінен және тапсырысы бойынша есеп айырысуды жүргізетін банк.
31. Респондент – бұл есеп айыру операцияларының жүзеге асырылуы үшін корреспонденттің көрсететін қызметтерін пайдаланатын банк.
32. Банкаралық крилинкг – Қазақстандық банкаралық есеп айыру орталығы мен жүргізілетін операциялардың жиынтығы.
33.Айлық есептік көсеткіш