jaksh— чтить (стр. 39), оно происходит от татарского якши — хороший4.
Біз де Н. Г. Чернышевскийдің осы пікіріне түгел қосыламыз. Алайда, Н. Г. Чернышевскийдің анбарды араб сөзі деуі жаңсақ айтылған, бұл сөздің түбірі анбар — амбар, албар парсы мен түркі тілдеріне ортақ болоа керек.
Зерттеуде – дәлелсіз долбарлау орын алуға тиісті емес. Олай деуімізгіе басқа да себеп бар.
1963 жылы Ғалымның көзімен (Глазами ученого) деген кітая шықты, көлзмі —737 бет. Осы кітаіьқа сайдың тасьшдай өңшең ірі галымдар ат оалысқан. Соның ішінде В.А.Амбарцумяп, А.П.Виноградов, А. Н. Ніесмеянов, В. Г. Фесенковтар бар. Айтылмыш ең-бектің кіріспе сөзін соват галымы, СССР Ғылым академиясының бұрынғы президенті, атақты академик А.Н. Несмеянов жазыпты. Сонда: Бұл кітапты жазу үшін ғалым авторларды сұрыптап, таңдап-ақ алдық, сонда да болса осы еңбек мүлде мінсіз дей алмаймыз. Өйткені, қатынасқан авторлардың көпшілігі ғылымды өз қолымен жасаушылар еді, бірақ сол ғылымның құнарлы маңызын жұртқа жайып түсіндіруге төселмеген адамдар болатын. Ендеше, еш бір кемшілігі жоқ мұнтаздай кітапты мүлде жазбай қойғаннан кері, азды-көпті міні бар кітапты ара-тұра жазып шығарған анағұрлым артық,— деген екен осы күнгі ағылшын ғалымы химик К.К. Ингольд. Ендеше, соның ойын біздің де медеу еткеніміз мақұл,5— депті академик А.Н.Носмеянов.
Өткен тарихи ұзақ сапарында қазақ халқы талай елді, талай жерді көргені хақ. Осылардың шытырман іздері қазақтың тілінде, ауыз әдебиетінде, әдеби мұраларында көрініп қалады.
Хялықаралық ауыс-түйіс тоқсан түрлі, оның ішкі байланысын бірден ұғына қою да оңай емес. Өйткені тарихи фактілер әр дәуірден ауысып, бірте-бірте құбылып,
4 Н. Г. Ч е р н ы ш е в с к и й. Полн. собр. соч. в 15-ти т., т. II. М., 1949, с. 202.
5 Глизішн учепого (от аемлн до галактикн, к ядру атома. от атома до молекулы, до организма). М., 1963, с. 9.
жаңара беруі де, сондай-ақ заман ағысына сәйкес көнере беруі де —өмір заңы.
Біздің бүгінгі атом заманында аспан алақандай, жер тебінгідей болды. Ел арасының шалғайлығы сонау көне замандағы мағынасын өзгертті. Алты айшылық жолды алты басатын—ақындар арман еткен Тайбуырылдардың жүйрік жүрісі реактивтік самолеттің шаңына да ілесе алмай қалды. Дүние жүзі қоян-қолтық алысып, ойларын бетпе-бет ортаға салысты. Бұл жәйт ежіелгі дүниеде болмаған еді. Сондықтан ол заманның ауыс-түйістері бүгінгінің өлшеміне сыймайды. Солай бола тұрса да, дүниенің төрт бұрышында сол кездерде тұрған, не тарихи, не географиялық, не діни байланысы жоқ елдердің аузында да біріне – бірі ұқсас ойлар айтылған екен, міне осының себебі неде? деген сұраққа жауап беруге беттеп отырмыз.
Әрине, ой ауысуының халықаралық процесі өте шытырман, әсіресе әлеуметтік көріністі көзге анық елестету қиын. Бір елдің екінші елге өтетін әсері қарапайым зат емес, ол өте шимайшатақ, бұраңдаған тоғыз жолдың торабы.
Г.Н.Потанин Европаның орта ғасырлық эпостарында шығыстың сарындары бар6 атты еңбегінде: Қазақтың бірталай ертегілерінің ертедегі дүние тануы мен байланысты туғандығын көрсетті,7— деген болатын академик М.О.Әуезов.
Біздің осы арада айтарымыз Г.Н.Потаниндей ғалым айтқан ойдың дұрыс, бұрысын шешуде емес, тек қана ауыс-түйістің әр елде, әр дәуірде болғанын, оның әлі де бола беретінін дәлелдеуде, сонда да болса күйіну, сүйіну тәрізді дерексіз толғаныстар: жақыны өлгенде жылау, бала туғанда қуану, ашуланғанда қамшы сілтесіп, төбелесу әр адам басынан кешеді, заманына сай өзгеріске ұшырап дамуы да ықтимал, неше алуан саққа жүгіріп құбылуы да мүмкін. Алайда, қаншама сырттай ұқсас болғанымен бұларды ауысудың нәтижесі деп ұғыну мүмкін емес.
Өмір шындығы жұрттың бәріне бірдей, бірақ оны әр халық өзіншіе ұғынады, өзінше атайды. Өзінің күн
6 Г.Н.П о т а н и н. Восточные мотивы в средневековом западно-европейском эпосе. М.,
1899.
7 Қазақ ертегілері. Алматы, 1957, IX бетінде (осы кітапқа М.0.Әуезов пен Е.Ысмайылов
жазган кіріспе сөзін караңыз).